Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты. Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді. Екеуі сәл ілгері жүгіріп
келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары ерледі. Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты. Екеуі судың дәмін қайта-қайта татып, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар түгел жиналды.
Судың дәмін бәріде татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.
Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты.
Бұл суды ішіп, талай адам жазылды. (93 сез)
Н.Ғабдулин
Жоспар
1 .Оқушылар тауға серуендеуге шықты. 2.Бұлақтың көзі табылды.
З.Шипалы судың қандай қасиеті бар?
Ақбауыр
Бұл өте сүйкімді кірпі. Денесінің бәрі қара сұр. Бауыры ғана ақшыл. Жаздан бері біздің үйдің тұрғыны ...
Демалыс кезі, аулада отыр едім. Он-он бес метрдей жерден бірдеңе кыбырлады. Алғаш шөжелер шығар деп, мән бере қойған жоқпын.
Қыбыры басылмаған соң, анықтап қарасам, кірпінің баласы екен.
Мені кере сап, жиырылып, домалана қалды. Үйге әкеліп, тамақ бердім. Қолға үйренетін түрі бар.
Кірпіге «Ақбауыр» деп ат қойдық. Тышқандар түн ішінде ас үйде серуендеп жүруші еді. Ақбауыр келгеннен бері керінбей кетті. Кірпі үйге үйреніп алды.
(79 сөз)