Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымды терең меңгеру, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік



бет14/15
Дата14.09.2022
өлшемі1.02 Mb.
#460723
түріМазмұндама
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
мазмұндамалар жинағы 1-4

Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағалы-інілі Ақан мен Асан да бар. Беттері қызара бөртіп, сырғанақ ойынынан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Балалар шананы қайта әкелу үшін екеуі ерегесті.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып, төмен түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды. Ақан енді не істерін, кіммен ойнарын білмей, тау басында қаққан қазықтай кақшиып тұрып қалды.
Бір-бірінің тілін алғысы келмеген ағалы - інілі Асан мен Ақанның ойыны осылай аяқталмай қалды. (98 сөз)
М. Төрежанов
Жоспар

  1. Сырғанактың жасалуы.

  2. Асан мен Ақанның ойыны.

  3. Екеуінің ерегесі.

  4. Ойын неге аяқталмай қалды?

Батыр қыз
Қараңғы түн. Ұрыс басталды. Әлия командирінен барлау жұмысына жіберуді өтінді. Әлияның тілегі орындалды. Ол бір топ жауынгермен дү-шпан шебіне өтті. Жаудың минометі тұрған жерге жетті. Бірнеше граната лақтырды. Минометті жоқ қылды. Бір жау офицерін штабқа әкеліп тапсырды. Таң атты. Ұрыс қайта басталды. Жау шабуылға шықты. Жауынгерлер дұпшанның шабуылын тойтара берді. Гитлершілдер жеңе алмады. Олар шегінді.
Келесі күні біздің адамдар жаңа шабуылға шықты. Ұрыс қыза түсті. Жау өздерінің басты күштерін жіберді. Бір минаның сынығы Әлияның қолын жаралады. Әлия оны ескермеді. Жарасын өзі таңып алды да , жауға оқ жаудыра берді. (88 сөз)
«Қазақстан батырлары» кітабынан Жоспар
1.Әлия барлау жұмысына жіберілді.
2. Барлауда қандай тапсырманы орындады?
З. Жау шабуылға шықты.
4.Әлияның ұрыстағы ерлігі.
Шипалы су



Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуендеуге шықты. Олар таудың етегіндегі шоқ ағашқа келіп, біраз демалып отырды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін аралап кетіп еді. Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары ерледі. Көп ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты. Екеуі судың дәмін қайта-қайта татып, тамсана түсіп, біраз отырды. Бұлақтың басына серуендеп жүрген балалар түгел жиналды. Судың дәмін бәріде татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.
Оның суы асқазан ауруын емдейтін аса қадірлі, шипалы су болып шықты. Бұл суды ішіп, талай адам жазылды. (93 сез)
Н.Ғабдулин
Жоспар
1 .Оқушылар тауға серуендеуге шықты. 2.Бұлақтың көзі табылды.
З.Шипалы судың қандай қасиеті бар?


Ақбауыр





Бұл өте сүйкімді кірпі. Денесінің бәрі қара сұр. Бауыры ғана ақшыл. Жаздан бері біздің үйдің тұрғыны ...
Демалыс кезі, аулада отыр едім. Он-он бес метрдей жерден бірдеңе кыбырлады. Алғаш шөжелер шығар деп, мән бере қойған жоқпын. Қыбыры басылмаған соң, анықтап қарасам, кірпінің баласы екен. Мені кере сап, жиырылып, домалана қалды. Үйге әкеліп, тамақ бердім. Қолға үйренетін түрі бар.
Кірпіге «Ақбауыр» деп ат қойдық. Тышқандар түн ішінде ас үйде серуендеп жүруші еді. Ақбауыр келгеннен бері керінбей кетті. Кірпі үйге үйреніп алды.
(79 сөз)

Жоспар

  1. Кірпі қандай еді?

  2. Бала кірпіге қамқорлық жасады.

  3. Ақбауыр кірпінің пайдасы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет