Асан мен Мәди
Асан мен Мәди сырғанақ теуіп жүрді. Мәди Асаннан үлкен болатын. Асан қолғабын жоғалтып алды. Қолы тоңған Асан жылады. Мәди оған өз қолғабын берді.
(23 сөз)
Жоспар.
Балалардың сырғанақ тебуі.
Мәдидің қайырымдылығы.
Немересі мен атасы
Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды.
Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады.
Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты. (34 сөз)
Жоспар.
1 .Немересі мен атасы.
Саматтың атасына көмектесуі.
Атасы алғыс айтты.