Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


-тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік



бет30/43
Дата21.05.2023
өлшемі0.78 Mb.
#474056
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Қазақ тілінің сөзжасамы

-тық, -тік, -дық, -дік, -лық, -лік. Өнімді СТТ ретінде тілде белсенді жұмсалады. Мынадай семантикалық парадигмалық байланысы бар:

  • мол, көп семасы: кісілік, балалық, жастық, байлық, молдық, жақсылық;

  • өлшем семасы: арқандық, перделік, үйлік, көйлектік, шайлық, асымдық,

  • белгілі нысанға тәндік, қатыстылық семасы: қалалық, далалық, оқулық, көрегендік, білімділік, сезімдік, өткірлік;

  • тең, барабарлық сема: айлық, жылдық, апталық, түстік, күндік т.б.

  • қатыстылық семасы: жаңалық, ыстықтық, суықтық, саулық т.б.

  • ұқсату семасы: инелік, кездік, қымыздық, т.б.

  • сипаттау семасы: сұлулық, асылдық, әдемілік, кеңдік, тарлық, қызықтық, т.б.

  • кісі семасы: қалыңдық ;

  • сандық мағынадан атау туғызу: бірлік, екілік, бестік, жетілік, тоғыздық, ондық, жүздік, мыңдық т.б.

-ыл, -іл, -л.

  • сындық мәннен жаңа сема туғызады: шикіл (сары), қатал, т.б. Мұндағы -ыл, -іл жұрнағының туғызатын семантикалық қыры тарихи “қызыл, жасыл” сөздерінің мағыналық қалыптасу жолымен сабақтас деуге болады.

  • еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден атаулық сема туғызады: тарсыл, тырсыл, сартыл, сыртыл, ызыл, ысыл, бұрқыл, пырыл, сырыл, жарқыл, жырқыл т.б.

-кер, -гер – сөз тудырушы тұлғасы –шы, ші тұлғасымен бір парадигмалық байланысқа түседі, өйткені жаңа сөз жасаудағы сөзжасамдық мағынаға қосатын семалық үлесі бірдей. -Кер, -гер тұлғасы “қар” (қолдың қары) сөзімен мағыналас, мәндес. Қол, қар – адамның іс-істейтін негізгі мүшесі. Сондықтан лексикалық мағына грамматикалана келіп, іс-әрекет иесі мағынасын білдіретін жұрнақ қалпына түсуі ықтимал деп есептейміз.
Мысалы: суреткер, іскер, заңгер, жауынгер, сазгер, балгер, саяткер, сайыскер, жұмыскер, табыскер, даукер, саудагер, кәсіпкер, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет