Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет7/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Әл-Фараби – атау Әлемдік ғылымда өзіндік

теориясы туралы маңызы мен орны бар,

қасиетті Отырар топыра-ғынан шыққан ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидың тіл ғылымы туралы айтқан ғылыми ойлары мен тұжырымдарының тағылымы мол.

Әл-Фараби “Слово о классификации наук” атты трактатының бірінші бөлімін “Наука о языке” деп атайды да, тіл ғылымын екі бөлікке бөліп қарайды. Бірінші: белгілі бір халықтың дүниетанымын айқындайтын сөздердің танылуы және олардың әрқайсысын айқындайтын білім; Екінші: сөздерді бағындырып тұрған заңдардың ілімі. Әл-Фараби тіл білімінің ішкі заңдылықтарын әмбебап, жалпы пікірді айқындайтын заңдар ретінде зерделейді. Сол кезеңдегі араб тілінің ғылыми деректеріне, ғылымның даму дәрежесіне сәйкес, әр халықтың тіл білімі ғылымын жеті ірі бөлікке бөліп, олардың ерекшеліктері мен ішкі заңдылықтарын айқындайды. Аталған трактаттың екінші “Логика” атты бөлімінде сөздің ішкі мәніне, ойлаумен арасындағы байланысқа терең үңіліп, ғылыми тұжырымдар айтады.

Ғұлама “сөз – ойдың көрінісі, бейнесі” деген тұжырым айтады: “Слово становится внешним благодаря голосу, а то, благодаря чему человек подтверждает для себя мнение, – это речь, расположенная в душе; то же, благодаря чему человек подтверждает свое мнение в других, – это речь, выходящая (наружу) посредством голоса” деп жазады (Избранные трактаты, 1994, 39-бет).

Яғни сөз – дыбыстық жамылғышқа ие болған белгілі зат не құбылыстың атауы, ал сөйлеу (лебіз) – екінші біреуге белгілі ойды, хабарды жеткізуде дыбыс арқылы таңбаланатын пікір деп танылады. Сөйлеу – адамның жан дүниесінде (душа) жататын, дыбыс арқылы сыртқа шығатын ой деп тұжырым жасайды. Көне ғылымда сөйлеуді силлогизм деп атаған. Ғалым логика мен тілдің арасындағы жақындық пен байланысты терең ашады. Сөздердің барлық халық тілдеріне ортақ әмбебап белгілері бар екенін, кей сөздер мен сөз тіркестерінің барлық тілдерге ортақ болатынын талдап жазады. Мұның өзі кей сөз мағыналарының ортақтығын анықтағанын көрсетсе керек. Сонымен бірге ғалым әр тілдің өзіне тән ерекшелігі, соған сәйкес ерекше грамматикасы болатынын жазады. Грамматиканың барлық халықтың сөздерімен ешқандай қатынасы жоқ, грамматистер белгілі тілдегі бар деректерге ғана сүйенеді, ал логиктер сөздің мәнін ашу арқылы оның жалпы заңдылықтарын айқындайды дей отырып, сөздің жалпы болмысы мен ұғымдық мәнін зерделейді. Көне дәуір ғылыми ұғымында “логиканың” негізгі мағынасы, мазмұны мен мәні, мақсаты СӨЗ-бен тікелей байланыста, бірлікте қарастырылған. Әл-Фараби зерттеуінде логиканың негізгі мазмұны мынадай үш мәнде қарастырылғаны көрсетілген: Дыбысталу арқылы сыртқа шыққан сөйлеу (лебіз); Сөз арқылы айқындалатын адам жан дүниесінің көрінісі; Адам баласының жан дүниесі. Жан дүниесі арқылы адам табиғаттағы болмысты таниды, түйсінеді; ғылым мен өнердің негізгі нысанына айналдырады.

Әл-Фараби атаудың табиғатын ойлаумен тікелей байланыста, бірлікте зерттейді. Сөз – ойлаудың жемісі, бейнесі деп түсінсек, ғалым-баба ойларын тереңдей түсіне, түйсіне түсу лазым.

Атау – тек белгілі дыбыстардың жиынтығынан құралмайды, сонымен бірге адам жаны мен сезімі арқылы пайда болған ойдың тікелей көрінісін таңбалайды. Осы ретте, сөздің (атаудың) семантикалық мағынасы мен мазмұнын зерттеудің мәні ерекше болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет