Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет3/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Сөзжасамның зерттеу Сөзжасамның негізгі

нысаны нысаны – туынды сөздің

мағыналық құрылымын

талдау, оның жасалуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қалып, сөзжасамдық белгі, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тәсіл – туынды сөздің негізгі белгілерін айқындайтын теориялық мәселелер. Бұлар да сөзжасам саласының негізгі зерттеу нысаны болып саналады.

Сөзжасамның негізгі Тіл білімінің кез келген

бірлігі саласының өзіндік негізгі

бірлігі болады. Айталық, лексикологияның негізгі бірлігі – сөз, фонетиканың бірлігі – дыбыс, морфологияда сөз бен қосымшалар, синтаксисте – сөйлем деп танылса, сөзжасамның негізгі бірлігі – туынды сөз. Туынды сөздің құрамы оның жасалу тәсілі арқылы анықталады. Сөз мағынасы дамуы арқылы, негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы арқылы, екі негіз сөздің бірігуі немесе қосарлануы арқылы, сөздердің тіркесуі арқылы туынды сөздер жасала алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет