-тақ, -тек, -дақ, -дек, -лақ, -лек. -та, -те мен -қ тұлғасының қосылуы арқылы жасалған құранды жұрнақ. Тілімізде -тақ, -тек СТТ-мен тұлғалас келетін -та және -қ тұлғаларының келуі арқылы әртүрлі туынды сөздер жасала алады. Дегенмен бұл сөздер екі сөзжасамдық тәсілдің жемісі ретінде қарастырылады. -Тақ, -тек тұлғалары арқылы жасалған сөздердің құрамында форма екіге жіктелмей, бір бүтін тұлға ретінде қолданылады.
заттық мәндегі атаулардан жаңа туынды мағына жасау: саздақ, құмдақ, тайлақ, айлақ, тулақ, т.б.
сындық мәндегі атаулардан жаңа туынды мағына жасау: жеңілтек, жайдақ, күйгелек,
қимылдық мәнді атаулардан жаңа сындық мағына туғызады: жүрдек, айтақ, селтек, келтек, қалтақ, шалтақ, т.б.