Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мəдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді



бет2/3
Дата26.09.2023
өлшемі32.58 Kb.
#478684
1   2   3
Мадияр культура сроп13

Әбу Насыр әл-Фараби Бақытқа жету жайында: монография / Әбу Насыр әл-Фараби ; араб тіл. ауд. және түсініктеме берген Ж. Сандыбаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. – 65, [3] б.

Қазақ даласынан шыққан және халқымыздың мақтанышына айналған әл-Фараби бұл трактатта адам бақытына қажетті теориялық, зияткерлік және этикалық ізгіліктермен, сондай-ақ практикалық ғылымдармен таныстырады. Ғалым қоғамдағы және жалпы адам өміріндегі білім мен тәрбиенің, «идеалды адамның», өмірдегі «асыл мақсаттың», «үлгілі көшбасшының», «имамның», «шынайы философтың» және басқалардың маңыздылығын түсіндіреді. Мұндай ұғымдар егжей-тегжейлі зерттелген. Ең бастысы, дана ғалым осы трактатта өзінің мына әйгілі тұжырымдамасына келеді: «Мемлекетті басқаруға ниетті адам – ол нағыз философ». Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

  1. Әбу Насыр әл-Фараби Ғылымдардың жіктелуі туралы: монография / Әбу Насыр әл-Фараби ; ауд. және түсініктеме берген Ж. Сандыбаев. – Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. – 61, [3] б.

Қазақ даласынан шыққан және халқымыздың мақтанышына айналған әл-Фараби осы трактатта сол кездегі белгілі ғылымдарды жіктейді: лингвистика, логика, арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, поэзия, шешендік өнер, механика, физика, теология, саясат, құқықтану, калам және т. б. Ортағасырлық ойшыл осы ғылымдар мен білімдердің әрқайсысына жеке сипаттама береді, олармен байланысты салалар мен білім бөлімдерін талдайды. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

  1. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы : еңбектеріне түсініктемелер / [Г. К. Құрманғалиева және т.б.] ; бас. ред. Ғ. М. Мұтанов; Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Философия, саясаттану және дінтану ин-ты. -Алматы : Қазақ ун-ті, 2020. – 273, [1] б.

Бұл басылым Әбу Насыр әл-Фараби есімді ұлы ойшыл, ғалымның 1150 жылдық мерейтойына арналған. Кітапта ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби трактаттарының интеллектуалды мазмұны, олардың логикалық-сындарлы және онтологиялық байланысы ашылады. Ойшылдың ғылыми және философиялық парадигмалары объективті тарихи позициялар арқылы орта ғасырлардағы әлемнің жаңа интеллектуалды көрінісі ретінде бейнеленген. Әл-Фарабидің ғылым мен философиядағы жаңа идеяларды түсіну мен игеруге перспектива ашатын, диалогтық форматта өрбитін және бірін-бірі толықтыратын білім ретінде жүзеге асырған түсініктемелер мәні негізделеді. Монография ғалымдарға, студенттерге, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына, магистранттар мен PhD докторанттарға, сондай-ақ өткеннің ғылыми-рухани, мәдени мұрасына және оның қазіргі және болашақтағы маңыздылығына қызығушылық танытатын көпшілікке арналған.


Қорытынды
Дүние жүзі мəдениетінің дамуында із қалдырған қайраткерлер осы заманға дейін адамзат мəдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Əл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мəдени байлығын, Иранның, Үндістаннің ежелгі дүние мəдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дəл сондықтан да ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді. Өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Əл-Фараби заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді. Өз дəуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.Сөз соңында айтарым,оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірден-бір саласы жоқ деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет