Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Педагогикалық техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті БІД жиынтығы. (



бет16/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Педагогикалық техника - жеке оқушыға, ұжымға тәжірибеде нәтижелі ықпал жасау үшін мұғалімге қажетті БІД жиынтығы. (пед. энциклопедия).

Педагогикалық техникаға үш топты іскерліктер енеді:


1. Оқу-тәрбие процесін, тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыру.
2. Әр түрлі іс-әрекет процесінде оқушылармен өзара әрекеттестікке
түсу, оларды қадағалау, басқару.
3. Өзін-өзі басқару - өзінің эмоциялық күйін, денесін, сөйлеуін, яғни мінез-
құлқын басқару.
Педагогикалық техниканың компоненттері:
Өзін-өзі меңгеру - түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның шамадан тыс кетпеуіне байланысты әрекеті.
Өзін-өзі меңгеру тәсілдері - қызметте өзін босаң ұстау, релаксация, ауто- тренинг жасай білу, өзін басқаларға жақсылық жасауға дайын болуға тәрбиелеу, ісіне оптимизммен қарау (еңбектерапиясы, музыкатерапиясы, кітаптерапиясы, имитациялық ойын т.б.).
Мимика - бет қимылы арқылы өзінің ойын, сезімін, көңіл күйін көрсете білу. Мимиканың шешуші деталі көз және қабақ.
Пантомимика - дененің, қолдың қимылы, жүріс-тұрыстың, жесттердің сырттай көрініс алуы.
Назары – белгілі затқа, бейнеге, пікірге бір уақыт мөлшерінде ықылас қою, оның екі түрі бар: ерікті, еріксіз. Назары, зейіні дамыған мұғалім бір уақытта сыныптағы оқушылар немен айналысып отырғандарын аңғара алады.
Дамыған педагогикалық зейін - бір уақытта көп объектілерді, тұрақты және жедел көңіл қойып ұстай білу.
Мұғалімнің имиджі - киінуі, гримі, прическасы.
Мұғалімнің сөзі – сөз арқылы мұғалімнің өзінің тұлғалық сапалары көрініс беріп, объектілердің, құбылыстардың, қатынастың мәні ашылып, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына мүмкіндік туады.
Педагогикалық іскерліктер оқытушының кәсіби позициясының қалып- тасуына, педагогикалық техниканың жетілуіне көмектеседі, мақсатқа сай нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық техникаға қатысты іскерліктер:
- өзін-өзі басқару,бақылау;
- денесін меңгеру;
- эмоциясын меңгеру, әрдайым жақсы көңіл-күйде бола білу;
- әлеуметтік перцепция (назары, елестете білу қабілеті, басқаларды түсіне,
қабылдай білу қабілеті).
- сөйлеу техникасы (дем алуы, дауысы, дикциясы, темпі, тембрі ).
- дидактикалық іскерлігі;
- ұйымдастырушылық қабілеті;
- коммуникативтік қабілеті;
- баға беру, талап қоя білу қабілеттері;
- мимика, пантомимика, жүрісі, көзқарасы,сыртқы мәдениеті;
- просодика және экстралингвистика: интонация, дауыстың естілуі, тембр,
пауза, дем алу, күлкі, жөтел (дауыстың сипаты);
- такесика: қол ұстау, арқадан қағу, сипау;
- проксемика: оқыту кезінде мұғаліммен оқушының арасындағы арақашықтық.
Мұғалім сөз екпінін, мәнерлігін сақтауға тырысуы маңызды. Эстетикалық сезім де педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде насихат айту оқу үрдісінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлілігін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалдың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (жүріс-тұрысы, мимикасы және пантомимикасы).
Мұғалім сөйлеу техникасын меңгеру үшін дұрыс дем алуын, дикциясын, сөйлеу шапшаңдығын, дауыс ырғағын, бояуын, құлаққа жағымды- лығын жетілдіруге ұмтылуы қажет. Мәнерлі сөйлеу үшін дұрыс дем алудың маңызы зор. Төрт түрлі дем алу түрі белгілі: жоғарғы дем алыс, онда кеуденің жоғарғы жағы, иық көтерілу арқылы дем алу, екінші - кеуде арқылы, яғни, қабырға арасындағы бұлшық еттердің көмегімен, үшінші - диафрагма арқылы, төртінші - диафрагма мен қабырға арасындағы бұлшық еттің қатысуы арқылы дем алу. Ең дұрысы соңғы, төртінші түрі.
Мұғалімнің дауыс ырғағы оқушыларға түрлі әсер етеді. Егер ол өз сөзіне немқұрайлы, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар мұны бірден байқап қалады. Сондықтан, мұғалімнің сөзі түсінікті, құлаққа жағымды, анық, ашық, жағымды әсер ететіндей болуға тиіс. Ол үшін көптеген жаттығулар жүргізу қажет. Педагог үшін дауысты билей білудің маңызы зор. Дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деп атайды, ал бұл аспапты арнайы түрде ұштап отыру керек деген пікірді А.С. Макаренко өзінің «Менің педагогикалық көзқарастарым» деген еңбегінде сөзге тиек еткен. В.А. Сухомлинский оқушыға ықпал ете білу үшін «өзіне оқушының қатынасын қалыптастыру қажет»,- деген. Мұғалім мен оқушының арасындағы дистанция: жеке оқушымен - 45-120см, лауазымды қатынас - 120-400см, аудитория алдындағы 400-750 см дейін арақашықта болуы керек.
А.С. Макаренко шебер ұстаз болу үшін «бері кел!», «сәлеметсізбе!» деп 15-20 түрлі көңіл күйде, даусын, денесін өзгерте білгенін жас мұғалімдерге ескертеді.
Жас мұғалімдерге орынды, мазмұнды, әсерлі сөйлей алу үшін шешендік өнердің төмендегідей жеті қағидасын ескерген жөн :
1. Дүниеде тыңдаушыларының өзі жақсы білетіндерін өздеріне тәптіштеп айтып жатудан жаман нәрсе жоқ. Сенің өзгеге айтатының кісіге білім беретіндей, оның жүрегін қозғайтындай нәрлі болуы керек.
2. Өз сөзін қадірлейтін кісі тыңдаушысын да қадірлейді. Тыңдаушыларды қадір тұта сөйлеген адамның сөзі тартымды болады.
3. Сөйлегенде әрбір сөзің анық, дәл, айқын естілетін болсын. Даусың булығып шығып, бір сыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсаң, айтқаның қанша қызықты болғанымен тыңдаушыларды жалықтырып жібереді, олардың көңілі басқаға ауып кетуі мүмкін. Сөйлеушінің дауысы құбылмалы әрі жайдары болуға тиіс. Құр айғайлап кетудің де керегі жоқ. Сенің даусыңнан әрқашан байсалдылық, сенім, табандылық сезілетін болсын.
4. Сөзің татымды болсын десең, оған аздап болса да бет-әлпет, қолдың қимылын қатыстыр. Бірақ, жөн-жосықсыз қолыңды оңды-солды сермей беру жараспайды. Мұндай жеңілтектік тыңдаушыларды алаңдатып, көңілін басқа нәрсеге аударуға себепкер болады. Ең керегі – байсалдылық, тағы да байсалдылық.
5. Тыңдаушыларға көз қырын салмай, екі көзін қағаздан алмай сөйлейтін кісіні жұрт онша ұнатпайды, біреу жазып берген сөзді оқып, өзгелерді алдап тұрғандай көрінеді.
6. Айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздермен бастама. Онда сөзің тартымды болмайды, өзгелер ықыласпен тыңдамайды. Ойыңды өз сөзіңмен, әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырыс.
7.Айтқан сөзің қысқа әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырыс. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» екенін ешқашан мұғалім есінен шығармаса сөйлеу мәдениетін меңгеріп алады.
Педагогикалық техникаға мұғалімнің сыртқы мәдениеті, көзқарасы, оқушыға ықпал ете білуі де жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет