Педагогикалық мәдениет - педагогикалық шеберлік жүйелерінің маңыз-ды түрлеріне жатады. Педагогикалық қарым-қатынас – оқушылардың моти-вациясының дамуы мен оқу іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, оқушы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін мұғалімнің оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық құралдар жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады. Мұғалімнің балаларға қарым-қатынасы орынды талап қоюшылықпен үйлестірілген үлкен жылылық және қамқорлықпен сипатталады. Бұл аталған педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзе-ге асырылады. Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негі-зі болып табылады. В.Г. Крыськоның пайымдауы бойынша, мұғалімдік қызмет-ке қажетті компоненттерге: адамгершілік, кәсіби қабілеттердің, мүмкіндіктердің жоғары деңгейдегі жиынтығы және сондай деңгейде дамуы, жетілуі, олардың іске асудағы мұғалімнің жеке тұлғалық күші, қабілеттері мен мүмкіндіктері кіреді.
Педагогикалық мәдениетсіз педагогикалық қызметтің нәтижесі төмен.
Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: педагогикалық бағыт, қызығушылық, қажеттілік, жан-жақты даму деңгейі (адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық), педагогикалық шеберлік, үнемі жетілуге бағыт ұстау,қарым - қатынас мәдениеті, тәртібі, педагогикалық әдебі, мұғалімнің дербестігі, жалпы және педагогикалық эрудициясы және құзырлылығы, мейрімділігі, ақкөңілдігі, қызметке берілуі.
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі – педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік деге-німіз - өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс-әрекетке адамның сезімдік талға-мының арта түсуі деп білеміз.
Педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын түрлі сезім құлшы-нысын, жетекші бейімділікті атауға болады. Олар:
- адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу, адамдармен коммуникативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету;
- кәсіптік көрегендік, бейімділік, байқағыштық (адамдарда болатын күрде-лі сапалы қасиеттерді ажыратып тани білу қабілеттілігі);
- жекебас динамизмі – эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу;
- эмоциялық тұрақтылық, өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара білу, ситуацияларды бағдарлап, дұрыс шешім қабылдай білу;
- оптимистік болжай білушілік – алға үмітпен қарау, оқушыларды келешекке үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.
Осы жетекші компоненттер педагогтың кәсіби шеберлігінің негізі болып табылады. Бұл компоненттер педагогикалық шеберліктің үш деңгейінде кездеседі, бірақ көріну дәрежесі әр түрлі болады.
Кәсіптік білімі,құзырлылығы
Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық
Педагогикалық қабілеттер, сондай-ақ, шығармашылық қабілеті
Педагогикалық техника
Достарыңызбен бөлісу: |