Педагогикалық этика - педагогикалық қызметіне қойылатын адамгершілік мінез–құлық ережесін іске асуын қарастыратын ғылым саласы. Оның негізіне мұғалімнің адамдық санасы, оқушыға, өзіне, еңбегіне сүйіспеншілік қатынасы жатады.
Кәсіби этика нақтылы кәсіби әрекет түрлерін жүргізуді реттеу тәсілі ретінде қолданылады.
Кәсіби этиканың жалпы принциптері: кәсіби парыз, кәсіби ынтымақтастық және жауапкершіліктің ерекше формасы. Этика және этикет деген ұғымдар бір бірімен байланысты. Педагогтың кәсіби мәдениетінде этикет елеулі орын алады.Этикет тұлғаның ішкі мәдениетінің сыртқы көрінісі. Қоғамның социомәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері этикетте көрініс береді.
Этикеттің негізгі талаптары: сыпайылық, нақтылық, жауапкершілік, тұйықтық, міндеттілік, сабырлылық және т.б., адамдарға деген сыйластық, құрметтеу, сүйіспеншілік, қоғамдағы адамдардың мінез-құлық мәдениетінің көрсеткіші ретінде байқалады.
Этикет мәдениетінің нормалары мен жалпы принциптері арқылы іске асады. Нақтылы жағдайлардағы этикет ережелері: сәлемдесуі, үндеуі, танысуы, манерасы, жесті, мимикасы арқылы көрінеді. Олардың түрлері түрлі әрекет жасауда көрніс береді. Сөйлеу әрекетіндегі этикет, сөйлеу мәдениеті және сөйлесу этикеті, сұхбатты жүргізу этикеті, телефонмен қарым–қатынас этикеті, қоғамдық орындардағы жүріс–тұрыстың қарапайым ережелері: көшеде, көліктерде, кинотеатрларда, ойын–сауық орындарында; іскерлі жерлерде – сабақтарда және қызмет жұмыс орындарындағы түрлерін жатқызуға болады.
Қызмет этикетінің нормалары мен ережелері. Педагогикалық ұжымдағы субординация проблемасы да этикетті сақтауға байланысты болып келеді. Педагогикалық этиканың нормаларына педагогтың сыртқы келбеті, имиджі және мәдениеттілігін жатқызуға болады.
Әрбір мұғалім, ұстаз, тәрбиеші этикалық қасиеттерге ие болуы керек. Сонда ғана ол осы қасиеттерді болашақ ұрпақты өсірген кезде пайдалынып, осы этикалық қасиеттерінің арқасында жұмысты жемісті орындай алады, осы қасиеттерді оқушыларға сіңіре біледі, оқушылармен тезірек тіл табыса алады, жұмыс істеуі оңайға түседі. Ал жас мұғалімге өз ұстаз қызметін бастаған кезде осы қасиеттердің болуы аса көмек береді. Бұл касиеттер мен дағдыларға ілтипаттылық, парасаттылық, инабаттылық, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде құрметпен қарау, кеңпейілділік, сабырлық, ұстамдылық жатады.
Ұстаздық әдеп - мұғалімнің көркі. Әрбір оқушының білімін таразылар кезде шәкірт жауабын мұқият тыңдап, қателіктерін елеусіз түзету арқылы ойын үзбей тыңдай білу де мұғалім шеберлігі.
Педагогикалық еңбек тәжірибесінде әлі де болса өзін-өзі басқару дағдысы жоқ мүғалімдер жиі кездесіп қалады. Педагогикалық мәдениеті төмен, коммуникативтік қабілеттілігі дамымаған, өзін ұстай алмаған мұғалім кінәні оқушыларға, тіпті ең жаманы, сыныпқа, дауыс көтеруіне дейін жол береді. Педагогикалық жоғары оқу орнында бұл мәселеге тиісті көңіл бөліну және бұл дағдыны қалыптастыру міндеті жүктеледі. Өйткені, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіне педагогикалық әдеп, оқушылар психологиясын ұғыну, балалармен қарым-қатынас орнату қабілеті, балаларға сөзбен әсер ету іскерлігі жатады.
Педагогикалық әдептің көмегімен педагог оқушыны сыйлайды, керек жағдайда оқушыға тиімді әсер ету жолын іздеп табады.
Оқушылармен қарым–қатынаста ерекше атап өтілетін қасиет – педагогикалық әдеп. Әдеп дегеніміз ақылдың, тәрбиешінің жалпы мәдениетінің жиынтық көрсеткіші.
Әдеп дегеніміз мұғалімнің әр уақытта өзін ұстай білуімен, шама сақтай алуымен айқындалады. Шегін білу сезімі педагогтың оқушы тұлғасының әр түрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге көмектеседі. Латын тілінде әдеп «жұғысу» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық әдепті зерттеген И.Е.Синица. К.Д.Ушинский әдептің психологиялық жағына үлкен мән беріп «психологиялық такт» деген.
Қарым – қатынастағы адамдардың бірін –бірі түсінуі, адамның бетінен оның көңіл күйін тани білу, өзін басқа адамның орнына қоя білуі жатады.
Педагогикалық әдептің көмегімен педагог оқушыны сыйлайды, керек жағдайда оқушыға тиімді әсер ету жолын іздеп табады. Әдеп - жақсы педагогикалық карым- қатынас кілті деп айтуға болады.
Педагогикалық әрекет жемісті болу үшін педагог әдепті болуы керек, әдепті мұғалім өзінің үлгі -өнегесімен, өзінің бойындағы кемшіліктерінен арылу арқылы оқушыларға тәрбиелік ықпал жасай алады. Әдепті болу үшін өзінің бойында ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген қасиеттерге ие болуы керек. Қателеспейтін мұғалім болмайды, егерде мұғалім қателессе, әдепті мұғалім қателігін оқушылар алдында мойындайды.
Ашуланған кезде өзін қалай меңгеруге болады?
Ол үшін, ашуды тудырған мәселеге сабыр сақтап ұстамдылықпен қарау қажет, оған трагедия деп қарамау. Ашуланған кезде мұғалім өзін-өзі бақылау керек. Ол кезде аяқ, қолдың бұлшық еттері қатаяды, осы кезде белсенді түрде қимылдар жасау қажет. Және назарын басқа көңілді жағдайға ауыстырғаны жөн.
Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды мазмұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (тұрысы, мимикасы және пантомимикасы, жүрісі).
Келтірілген педагогикалық қабілеттер анықтамасынан көрініп отырғандай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды, екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерде ашылады. Бұл жерде бірнеше қабілеттер мазмұнына енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілеттерге жататын шәкірттердің өз бетінше жұмысын ұйымдастыру іскерлігі, іс жүзінде басқалардың жұмысын ұйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол ұйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді ашатын іскерліктер, зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге өте таяу, т.б., бұл - мұғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері) негізінде, тіпті қандай да бір педагогикалық функция жүзеге асатын олардың жиынтығында, бірнеше қабілеттер жатуы мүмкін екенін көрсетеді.
Әдеп сезімі педагогтың төмендегідей сапаларынан көрінеді:
- қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;
- оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;
- мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;
- қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;
- өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;
-алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;
- оқушыны назарға ұстау, бірақ шегін білу.
Әдеп сезімі оқушымен байқап қатынас жасаумен тығыз байланысты.
Шегін білу сезімі педагогтың оқушы тұлғасының әр түрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге көмектеседі.
Педагог оқушының интеллектуалдық дамуын және қалыптасатын моральдік құндылықтарды болжап және талдап отырады.
Өзінің қатысы барын сезіну педагогтың өзінің әрекетіне оқушының реакциясын алдын ала біліп отыруынан көрінеді.
Бағдарлау сезімі педагогтың оқушының жақсы жақтарына сүйеніп және оны ескере отырып оқушыны жоғарғы деңгейге көтеру әдістерін меңгеруіне мүмкіндік береді.
Педагог оқушының интеллектуалдық дамуын және қалыптасатын моральдік құндылықтарды болжап және талдап отырады.
Нысанды сезіну педагогтың оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5-10 минутын арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Педагогикалық этика деген не?
2. Кәсіби этиканың қандай принциптері бар?
3. Этика мен этикеттің байланысы бар ма?
4. Әдеп дегеніміз не?
5. Педагогтың әдептілігін қалыптастыру жолдары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |