Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе?
Ата-ана бала үшін өмір сүреді. Ата-анадан малды артық көру – арсыздық.
Отыз үшінші сөз Қазақтың өнерлі адамын Абай әулие санайды.
Бірақ сол өнерлі қазақтың бойында болатын кеселдерін атап береді.
Кесел түрлері:
Өнерлі қазақтың кеселдері:
Талапсыздық
Қолынан келгенге мәз, өнерін ұштауға, жетілдіруге қыры жоқ.
Еріншектік
Өнерімен күнкөрістік аз ғана мал тапса, соған тоқмейілсіп, салғырттыққа салынып, еріншектікке бой алдырады.
Алдауға салыну
Бұл кесел өзге жұрттың кінәсінен болады. Маңайдағы көрші-көлем, ағайын-туған ондай жігіттің өнерін қасиетті деп қадірлемей, арзанға бағалап, тегін істетуге әуес келеді.