Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


-параграф. Қоғамдық-іскерлік аймақтар



бет13/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

3-параграф. Қоғамдық-іскерлік аймақтар



82. Қоғамдық-іскерлік аймақтарды іскерлік, қаржылық, қоғамдық белсенділігі жоғары аймақтар ретінде қалыптастырып, қаланың орталықтары мен күрежолдарға, қоғамдық-транспорттық желілерге және басқа да жалпы халықтық нысандарға жақын жерлерге орналастыру керек.



3-параграф. Тұрғын үй және қоғамдық-іскерлік аймақтардың өлшемдері


83. Қалалық және ауылдық елдімекендер құрылысын жоспарлау мен салу жобаларына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды арнайы сол жұмыстарға арналған қызыл сызықтардан тыс территорияларды жүргізу керек. Территорияларды жоспарлағанда өрт сөндіру машиналары өте алатын, ішкі инженерлік желілер мен басқа да құрылыстарға қойылатын осы нормативті құжатқа сай жоспарлық шешімдер қабылдануы керек.

84. Тұрғын үйлер арасы, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар арасындағы қашықтықты осы нормативті құжаттың 10,14 бөлімдерінде көрсетілген инсоляция және жарыққа қойылатын талаптар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін жарықтандыру бойынша мемлекеттік норматив талаптарында көрсетілген ережелерге сәйкес өртке қарсы жағдайлар негізінде қабылдануы тиіс.


85. Қоғамдық іскери және араас зоналардағы өнеркәсіптік объектілердің шекаралық учаскілер мен мектепке дейінгі жіне жалпы білім беретін мекемелер сияқты тұрғын және қоғамдық ғимараттар арасындағы арақашықтық негізгі нормативтік құжаттың санитарлық нормалары мен өнеркәсіптік объектілерді жоспарлау ережелерінің 7 Бөліміне сәйкес аспауы керек.
86. Тұрғын үй көп пәтері құрылыс орамының (ықшам аудан) көгалдандырылған аумағының көлемі (мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелер, интернатты ғимараттарды ескерілмейд)ғ орам (ықшам аудан) көлемінің 25 % құрауы керек. Құрғақ климаттық аудандарда көгалдандыру аумағын 20% дейін қысқартуға болады.
Ескертпе - Көгалдандырылған аумақтың бөлек учаскілерінің көлеміне демалыс алаңы, балалар үшін ойындар, жая жүру жолдары кіріп, жалпы учаскелік көлемінің 30% құрайды.
87. Тұрғын, қоғамдық- іскерлік және аралас зоналардың қағыстығын орнатылған жердің аймақтандыруын, түрін және құрылыстың қабаттығын, аймақтардың айырмашылығын қала құрылыстық құндылығы бойынша, қоршаған айналасының жағдайын, табиғаттық-климаттық және басқа да жергілікті жағдайларды есепке алу қажет.
88. Қайта құрылыс салу және басқа күрделі қала құрылыстық шарттары бойынша, тиісті дәлелдеу арқылы, жергілікті сәулет органдарымен, қала құрылысымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының , табиғатты қорғау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтерінің келісімі арқылы осы нормативтік талаптар нақтылауы рұқсат етіледі.Сонымен бірге лайықты санитарлық-эпидемиологиялық және тұрғындардың экологиялық мекендеу жағдайларын, құрылыстың сейсмикалық және өрт қауіпсіздігін қамсыздандыру қажет.
Тұрғын және қоғамдық тұрғын аумақтарына жаңа қабаттар қайта құрылу, үй төбесіндегі қабаттарды қоса, олардың мөлшерлері мен конфигурациясын құрылымдық қауіпсіздігін есепке ала тұра анықтау қажет және нормативтік инсоляцияның ұзақтығымен жарықталғандығын 6,8,10 бөлімдер арқылы, 14 негізігі нормативтік құжат арқылы анықтау қажет.
89. Экологиялық аумақтар өлшем бағалары бойынша анықталған, төтенше экологиялық ахуал және экологиялық жұтау аймақтарында, бар тұрғын құрылыс қағыстығын арттыру, алдын-ала нормативтік-құқықтық акт бойынша қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шараларсыз рұқсат етілмейді.
90. Тұрғын аудандар аумағының жалпықалалық жасыл алқаптарға қабысу жағдайында, тұрғын аумақтарының жасыл алаптарға қамтамассыздығы ширекке болмауы тиіс.
91. Жалпықалалық магистральды көшелерінің жүргінші бөлігімен тұрғын құрылыстар арасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін шудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай орнатылады.
Шу кедергі келтіретін жайсыздық аумақтарында жасыл алқаптар отырғызу қажет, автотұрақтар, ашық тұрақтар және басқа да коммуналдық құрылыстар.
92. Тұрғын аумақтарының темір жолға қабысу жағдайында, тұрғын үйлердің жақын арадағы теміржол рельстер арақашықтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін шудан қорғау бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сай орнатылады.
93. Автотұрақтармен және объектілер маңайындағы тұрақтарды тұрғын аудандар аумағында негізгі нормативтік құжаттың 11 бөліміне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін автомобиль тұрақтары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес орнату қажет.
94. Инженерлік торабын орнатуда және аумақтын инженерлік дайындығының орындалуында негізгі нормативтік құжаттың 12 және 13 бөлімдерін негіз ету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет