Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019


Қала құрылысының функционалды аймақтарының шекарасы елдімекендердің құрылысын жоспарлау мен салуда мынадай жағдайларды ескеруі қажет



бет7/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

29. Қала құрылысының функционалды аймақтарының шекарасы елдімекендердің құрылысын жоспарлау мен салуда мынадай жағдайларды ескеруі қажет:


территориялардың функционалды пайдаланылуы мен қалыптасқан жоспарлары;
елдімекеннің бас жоспарында көрсетілген қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының өлшемдері, олардың жоспарға сәйкес дамуы;
бір аймақ шеңберінде әртүрлі жоспарлы территориялардың бірлесіп пайдаланылу мүмкіндігі;
әртүрлі категориядағы жерлер шекараларының өзгерістерін негізінде территориялардың дамуына арналған құжаттарға сәйкес жоспарлануы қажет.

30. Қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарының шекарасы төмендегідей мәселелерге байланысты бекітіледі:


инженерлік коммуникациялардың, көшелер мен өткелдердің қаама-қарсы бағыттағы транспорттардың легін бөлетін магистральды сызықтары;
қызыл сызықтар;
жер телімдерінің шекарасы;
әкімшілік-территориялық бөлініс шеңберіндегі елдімекендердің шекарасы;
әкімшілік-территориялық бірліктер шекарасы;
табиғат нысандарының табиғи шекаралары;
басқа да шекаралар

31. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітілген территорияны пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтардың шекарасы, мәдени мұра нысандары орналасқан территоиялардың шекарасы қызмет ету аймағы шекараларымен сәйкес келмеуі мүмкін.

Тарихи, әдени немесе қорғалатын ландшафттық нысандар бар елдімекендерде тарихи құрылыс салу аймақтарын бөліп көрсету қажет.

32. Қала құрылысын салудың функционалды аймақтар құрамы, сондай-ақ олардың шеңберінде жер телімдерін пайдалану ерекшеліктері қала құрылысын салу регламентімен, нормаларымен, ережелерімен анықталады, қала құрылысын салу, жер, табиғатты қорғау, санитарлық және тағы да басқа арнайы нормативті актілермен шектеледі.


Жергілікті атқарушы органдардың жалпы қолданыстағы жерлерді пайдалану тәртібі қала құрылысын салу заңдылықтарымен және Қазақстан республикасының жер кодексімен реттеледі.

33. Қала құрылысының функционалды аймағын анықтауда және қала құрылысы регламенттерін бекітуде олардың шеңберіндегі жер телімдерін пайдалануда қала құрылыс қызметіне қойылатын арнайы басқарылатын аймақтарда бекітілген шектеулер ескерілуі тиіс. Олардың ішінде тарихи құрылыс салу аймақтары, тарихи-мәдени қорықтар, тарихжәне мәдениет ескерткіштерін қорғау аймағы, ерекше қорғалатын табиғат территориялары аймағы, оның ішінде, саниртарлық, таулы-санитарлық қорғау округі, санитарлық-қорғаныс аймақтары, суды қорғау аймақтары мен белдеулер, пайдалы қазбалар аймақтары, табиғы және техногендік сипаттардағы (жер сілкінісі, сең жүру қаупі, су алу және суда қалу, қазба жұмыстары жүріп жатқан және топырағы отыратын аймақтар) құрылыс салуға тиімсіз аймақтар.

34. Өндірістік және басқа да нысандары бар қоршаған ортаны қорғау қызметін атқаратын санитарлық-қорғаныстық аймақтар сол нысандар орналасақан қала құрылысының функционалды аймақтарына жатады. Санитарлық-қорғаныстық аймақтарды пайдаланудың шекті мөлшері су ресурстарын қорғау заңдылықтарына, осы нормативті құжатқа, өндірістік нысандарды жобалауға арналған санитарлық-эпидемеологиялық ережелерге сонымен қатар жергілікті санитарлық-эпидемеологиялық бақылау органдарының келісіміне сәйкес.

35. Қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына (жер сілкінісі, селдер, су тасқыны, сең жүру) бейім аудандарда елдімекендер территориясын белгілеуде қауіп дәрежесінің ең төменгі мөлшеріне сай әрекет етіліуі керек. Қауіп деңгейі ең жоғары аймақтарға қауіп төнген жағдайда тез қимылдау мүмкіндігі бар, оларды тез көшіре алатын саябақтар, демалыс парктерін, ашық спорт алаңдарын және басқа да адамдар көп әрі ұзақ уақыт болмайтын нысандарды орналастыру қажет.


36. баллдық сейсмикалық аймақтардағы елдімекендер территориясын белгілеуде сейсмикалық микроаудандау есебін ескеру керек.
Құрылыс салынатын инженерлі-геологиялық жағдайлары күрделі аудандарда ең алдымен, инжернерлік дайындыққа, құрылысқа, ғимараттарды пайдалануға аз қаражат жұмсалатын жер телімдерін пайдаланылуы тиіс.

Елдімекен территориясын пайдалану немесе жобалық пайдалану балансын құрастырғанда осы нормативті құжаттың 5.1.9 бөлімінде көрсетілген территорияларды аймақтарға бөлуді және Қазақстан республикасының жер кодексінде анықталған жерлердің категорияларын және қала құрылысын салудың функционалдық аймақтарын бөлуде негізге алу қажет. Елдімекен территориясын пайдалану немесе жобалық пайдалану балансы құрамында республикалық, аймақтық және басқа да әкімшілік-территориялық маңызы бар мемлекеттік меншіктегі нысандар орналасқан жерлер мен осы қала құрылысын салу мен жер кадастрлеріндегі мәліметтермен байланысты жеке меншік жерлерін бөлу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет