Қазакстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.2 Mb.
бет1/5
Дата21.06.2016
өлшемі1.2 Mb.
  1   2   3   4   5

Ф.4.7-007-05



ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ




М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

Бекітемін


Кафедра меңгерушісі

профессор

______И.Б.Сихимбаев

_____”___________2006ж.



Д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с

Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары

Консультант: Диплом жұмысы жетекшісі

Мусаева С.Т. п.ғ.к., доц. Абуова У.Е. аға оқытушы

Пікір беруші: 29.05.2006

Мусаева С.Т. қолы ____________ ОҚМУ, п.ғ.к., доц.

29.05.2006ж.

қолы _________________ Тапсырманы орындауға

алған мерзімі

студент: Тұрғанбаева Г.Б.

қолы ______________

ШЫМКЕНТ – 2006 ж.


М а з м ұ н ы


Кіріспе............................................................................................................3

І. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат......................6
1.1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілер.....................................6

1.2. Жарнама маркетингі мен менеджменті.............................................12

1.3. Кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы..............14


ІІ.Тарау. Жарнама –кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру

құралы........................................................................................17
2.1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру

ерекшеліктері.......................................................................................17

2.2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері....................................23

2.3.Кітапхана жарнамасын тарату каналдары мен құралдары...............29

2.4.Кітапхананың фирмалық стилі............................................................50

Қорытынды................................................................................................53
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................55
Қосымшалар...............................................................................................58

Кіріспе
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табыады.

ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі – кітапханада екені баршамызға анық.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.

Кіапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.

Кітапханаларда жүйелі түрде ғылыми - практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістерін жарнамалау.

Жарнама біздің елімізге нарықтық экономикалық қатынастар мен бірге келіп кірді. Алайда жарнамаға өнер ен мәдениет саласында оның ішінде кітапханада ғылым туындысы емес, насихат құралы ретінде қарау пост кеңестік кеңістікте, соның ішінде республикамызда әлі де басым болып отыр.

Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы - несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметінде нақты дамып келеді.

Жарнама агенттіктері, сондай-ақ оларға тапсырыс беретін жеке фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар, дайын жарнма өнімін наихаттайтын жарнаманы жоғары бұқаралық қпарат құралдары тек орыс тілінде жұмыс істейді.

Қазіргі таңда кітапханаларда жарнаманы кеңінен падалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Міне, мен сондықтанда осы тақырыпты таңдап кітапханалық жарнаманың кітапханада, оның орны ерекше екендігін атап өтіп, оны кітапханашылар мен студенттер арасында кеңінен насихаттау. Бұл дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының кітапханалық жарнамасының мәселелерін шешудің жолдарын, жарнама жасаудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, жарнаманың кітапханада кеңінен қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіп, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздім.

Сонымен проблеманың көкейтестілігі қазіргі кезеңдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала лотырып, кітапхана ісін жандандыру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы тауқыметті шешудің негізгі тұтқасы кітапхана ісін жаңа технологиялық әдістермен ұдайы жетілдіріп отыру, ақпарат көздерін қоғамда пайдалануға ықпалын тигізіп, оқырмандардың сұраныс талаптарына жаңаша түрде қызмет көрсетуін жарнамалау арқылы тұтынушыларды оқуға баулу.



Зертеу объектісі – ақпаратық білім орталығы кітапханалардың маркетингтік жарнамалық бөлімі.

Зерттеудің жетекші идеясы – қазіргі таңда кітапханалақ жарнаманың ерекшелігін, атқаратынқазметі мен маңыздылығы.

Диплом жұмысының міндеттері:

  • кітапханалық жарнамалырдың тарихын зерттеу;

  • кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.

  • кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.

  • кітапханалық жарнаманың қажетілігн айқандау;

  • кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұысну.

Дипломдық жұмысының практикалық мәнділігі.

  • кітапханалық жарнама арқылы оқырмандарды, тұтынушыларды кітапханаларға тарту;

  • кітапхана жарнамасы арқылы кітапхананың ақпараттық білім орталығы екендігін таныту;

  • қорда бар құнды мәдени байлықтарды жарнамалау.

  • Зерттеу нәтижелерін университеттер мен педагогикалық институттарды практикалық сабақтарда пайдалану;

  • Студентерге іс-тәжірибе барысында пайдалану.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар :

  • ҚР кітапханалық жарнамасының көкейтесті мәелелері;

  • кітапханалық жарнаманың тарихы;

  • кітапханалық жарнамасының қазіргі кезеңдегі ерекшелігі;

  • компьютерлік технологияларды кітапханалық жарнамасында дұрыс пайдалану;

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалрдан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші ижеясы, деректі көздері мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалвр жасалынып, проблема бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

Зерттеудің міндетері:


  1. Жарнамалық қызмет көрсетудің мәнін, мазмұнын айқындайтын тірек ұғымдарды ғылыми тұрғыда зертеу.

  2. Кітапханалық жарнамасының тарихы, құылымы, тәжірибелері арқылы ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.


І Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат
1.1. Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Жарнама (франц. — Кесіате, лат. Кесіата-к — айқайлау)

Адам белгілі бір тауарды жеткілікті молшерде немесе артығымен шығара бастаған соң-ақ, айырбас үрдісі басталады. Айырбастау үшін нарық қажет. Нарық дегеніміз ең әуелі тұтынушы табу деген сөз. Міне, осылайша маркетинг, жарнама да қажет болады.

Жарнама адамдардың басқа адамдарга шығарылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы мәлімет беру қажеттігінен туған. Осыған қарап-ақ жарнаманың өте ерте заманда пайда болғанын аңғаруға болады.

Жарнаманың көне заманғы үлгісі ретінде Каирдың археологиялық музейінде тұрған «Мен, Крит аралында тұратын Ринос, түс жоримын» деген жазуы бар тасты алуға болады. Бұл жәігердің пайда болғанына 2,5 мың жыл екені анықталған. Бұдан басқа да ерте заманғы жарнама түрлері бар. Лондонда сақтаулы тұрған, құл сатылатыны жайлы иероглиф жазуы бар Мысыр папирусы; көне заманғы қолөнершілердің өртүрлі ендері мен таңбалары. Олар қазіргі тауар белгілерінің арғы тегі болып табылады.

Қытайда 10-ғасырда баспа жарнамасы болған. Месопотамия саудагерлерінің эмблемалары да жарнамаға жатады. Ерте кезде жарнамалық хабарларды сауда жолдарының бойындағы жартастарға, тастарға, мыс пен сүйектерге жазатын. Тарихи құжаттарда. ортағасырлық қалаларда өндірушілердің тауарларын халық көп жиналған жерде мадақтап, хабарлайтын азаншылар қоғамы болғаны жайлы мәліметтер бар.

«Жарнама тарихындағы бетбұрыс жылы — 1450 жыл болды», — деп жазады О.О. Борисова «Кітапхана жариамасы: тарихи аспект» (5 ғыл.-практ. конф. — М., 2000) деген мақаласында. Бүл жылы Иоганн Гутенберг баспа станогын ойлап тапты. 18 ғасырдың екінші жартысында жарнамалық хабарландырулар басылатын алғашқы неміс мерзімді басылымдары шыға бастады. Ал 1812 ж. Англияда алғашқы жарнама агенттігі пайда болды.

Капитализмнің дамып, нығаюына байланысты жарнама жеке сала болып қалыптаса бастайды. Ол сала концерн, корпорация, кәсіпорын, фирмалардың мүддесін қорғайтын, олардың нарықты жаулап алу, пайда түсіру үшін қолданатын негізгі құралы болатын ірі индустрияға айналды.

Сонымен, 19-ғасырда жарнама барлық дамыған капиталистік елдердің өмір салты болып қалыптасты. Ресейде де жарнама ісі жақсы жолға қойылғанын айта кету керек. 10-11 ғасырдың өзіңде-ақ орыс көпестері өз тауарларын жарнамалаудың алуан түрін қолданған: сауда қатарының алдыңда коңілді өлеңдер мен жаңылтпаштар айтып, тауарларды мадақтайтын арнаулы жалданған азаншылар түрды. 19 - ғасырдың аяғында Ресейде баспа жарнамасы дамиды, сонымен бірге газет пен журналдардағы жарнама да даму үстінде болды. «Сауда», «Сауда және өмір» журналдары, «Комиссионер» (Москва), «Сатып алушының серігі» (Төменгі Новгород) газеттері сияқты арнайы жарнамалық басылымдар пайда болды. Жарнама ісінің зор табыстарын 1897 жылдың соңында Петерборда Бүкіләлемдік сауда плакаты кормесі болғанынан, онда өр елден келген жарнамашылардың 700-ден астам жүмыстары қойылғанынан коруге болады. Бүл жүмыстар-дың ішінде орыс суретшілерінің жүмыстары да болды.

Революциядан кейін жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар орнап, жарнаманың міндеттері де түбірімен өзгерді. «Жарнамалық хабарландыруға мемлекеттік монополия жариялау туралы» декрет және барлық жеке жарнамалық мекемелерді кәмпескелеу туралы декрет қабылданды. Енді жарнама пролетариат диктатурасының экономикалық базасын нығайтуға және социалистік шаруашылықты нығайту үшін алғы шарттар қамтамасыз етуге қызмет етті. Азамат соғысы және одан кейінгі күйреу жылдары жарнама әрекетінің табиғи түрде жойылуына әкелді. Бірақ жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) заманында жарнамаға қайта көңіл бөлінді. Дәл сол кезде «Рекламтранс», «Байланыс», «Промреклама» дейтін алғашқы советтік жарнамалық агенттіктер қүрылды. Мемлекеттік жарнама ісіне журналист, жазушы, ақын, суретшілер тартылды. Мысалы, В.В. Маяковский хабарландырулар үшін 100-ден аса өлең мәтіндерін жазды, соның ішінде, қанатты сөзге айналып кеткен «Моссельпромнан басқа, барлық жер қасқа» деген өлең жолдары бар.

Бірақ кеп ұзамай өмірдің бүл саласына идеология келіп килікті. Жарнама социализм табиғатына жат нәрсе деп табылып, 30-жылдардың соңынан 60-жылдардың басына дейін оны «әлемдік империализмнің жезөкше қызы» деп атайтын болды. Бірақ өмір өз ағысын тоқтатпайды, 70-жылдардан бастап біздің елімізде жарнама ісінің жаңа кезеңі қалыптасады. Соған қарамастан жарнамаға біздің өмір сүру салтымызға жат, керексіз институт деп қарау жойылмады. Бұндай козқарастың нәтижесінде жарнамаға жанама іс деп қарап, тауар тапшылығы кезінде туған «жақсы тауар жарнамасыз-ақ өтеді» деген принцип пайда болды. Іс жүзінде жоғары сапалы тауар бар жағдайда байланыс құралынсыз, соның ішінде, жарнамасыз өте бермейтінін өмірдің өзі корсетуде.

90-жылдардың басыңда кітапхана басылымдарында шыққан маркетинг пен жарнама туралы материалдар, кәсіби кітапханалық санада «жарнама кітапхананы жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайларға үйлестіретін қүрал» деген үғымды қалыптастыра бастады.

Бірақ жарнаманың қажеттігі мен пайдалылығын мойындау бір бөлек те, бүл салада жоғары дәрежелі маман болу бір бөлек нәрсе.

Кітапханаға деген қоғамның кейбір бөліктерінің (ең алдымен жастардың) сұранысы артып отырғанына қарамастан, халықтың негізгі тобы, тек қана дені сау азаматтар емес, сонымен бірге мүгедектер де, кәсіпкерлер мен корпорациялар да белсенді түрде кітапхана тапсырысшысы болатындай етіп жүмыс істеу керек екендігі айқын. Бүл бағытта белгілі бір жетістіктерге жету үшін кітапханалық қызмет көрсету бағытьш пайдаланушылар-дың жекелеген топтарының іс жүзіндегі сүраныстарын қана-ғаттаңдыруға бет бүру қажет.

Мысалы, Париж қоғамдық кітапханасында автоматтандырылған канадалық GЕАС жүйесі бар. Ол 55 терминалдық, бәріне бірдей қызмет ететін электрондық каталоггардан түрады. Жүйе пайдаланушыларды Интернетпен және басқа халықаралық деректер банкімен байланыстырады. Дене кемістіктері бар, оның ішінде нашар көретіндер және мүлдем көрмейтін азаматтарға қызмет көрсету жақсы жолға қойылған. Париж Қоғамдық Кітапханасының барлық қабаттарында оқырмандар мен қүжаттар ағыны қозғалысына кедергі жасайтын қабырғалар, бөлмелер жоқ. Әрбір қабат-еркін кеңістік, ондағы кітапханалық қүралдардың барлық кешені пайдаланушыларға қызмет ету мен олардың жеке өзіндік жүмыс жасау қабілетін арттыру үшін жағдай жасайды. Бірегей архитектуралық жобаға байланысты, эскалаторлар ғимарат фасадына шығатын мөлдір қүбыр — цилиндр тәрізді басқа қабатқа өткізгішке барып тіреледі, ал эскалатордың шығыңқы жерлері фасад орталығын келбеу — диагональ бойынша кесіп өтеді. Бүл қондырғылар, эстетика мен қызмет керсету функциясын біріктіре отырып, кітапханаға келген адамдарға Париж айналасын тамашалап, суретке де түсіруге мүмкіндік береді.

АҚШ-тағы (Канзас штаты) қоғамдық кітапханаларда пайдаланушыларды қызықтырып, демалыс көіл күйін қалыптастыру үшін кафе салу идеясы талқыланып, көп жерде іске де асып жатыр.

Конгресс кітапханасында бизнеске кызмет көрсету арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бизнес бойынша оп Ііпе ақпарат желісі қүралған. Ол Интернет арқылы бизнеске қатысты Федералдық қүжаттарға, 10 мыңнан астам журналдардың мақалаларын пайдалануға

анық тама-басшылығы (қағаз бетінде және оп Ііпе режимі бойынша) жөне «Кіші бизнесті қаржыландыру: ақпарат кездері» атгы басылымдар шыққан. Жаңа Зеландия және басқа да бірқатар елдерде ғылыми кітапханаларда бизнеске ақылы қызмет көрсету жолға қойылған:

АҚШ Конгресс кітапханасының тағы бір өзіндік ерекшелігі-мүгедектерге қызмет керсету. Ұлттық кітапханалық қызмет көрсету функцияларьш орындай отыра, көзі көрмейтііщер мен мүгедек жандарға төмендегідей қызмет көрсетілген: магнитті, электронды тасымалдағыш құралдар, дауысты синтездейтін электронды қондырғылар, брайл баспасының материалдары (оның ішіңде, зағип жанның саусағы астында сырғьш отыратын таспада әріптер пайда болатын түрлері) берілген.

Конгресс Кітапханасы авторы, аты, пәні, халықаралық стандарт номері бойынша тапсырысқа ақпарат беретін «Доступ» («Ассss») атты автоматгандырылған библиографиялық іздеу жүйесін енгізген. Бұл жүйеге енудің қарапайымдылығы соншалықты, кітапханаға бірінші рет келген пайдаланушыға да кітапханашының болмашы ғана көмегі керек.

Компьютер орталығы 68 терминалмен жарақталған. Олардың кейбірі көзі көрмейтін немесе басқадай мүгедек жандарға арналған. Конгресс Кітапханасы қүқықтық ақпараттың бүкіләлемдік желісін жасаған (GloЬа1 Іпfогmаtion Network-GLIN). Оған кооперативтік негізде барлық кітапханалар шақырылады. Қатысушы елдерде үлттық жүмыс станциясы қүрылады.

Конгресс Кітапханасы өз ғимаратында және одан тысқары жерде көптеген көрмелер ұйымдастырып тұрады (саяси карикатура көрмесі, Америка үңдістерінің мәдениеті туралы, т.б.). Кітапхана ішінде кітаптан басқа көптеген экспонаттар көрсетіледі: карталар, атластар, эстамптар, қолжазбалар, фотосуреттер. Конгресс Кітапханасы құрамында екі орталық — кітап орталығы және америкалық фольклорлық орталық бар. Негізгі мақсаты — кітапты насихаттау жөне кітап оқуды дамытуға көмектесу.

Европа кітапханашыларының да мақсаттары осы сарындас. Берлиндегі қоғамдық зерттеулердің ғылыми орталығы кітапхана-ақпараттық қызметін үйымдастырудың жаңа түжырымдамасын жасап шығарды, ол ақпарат технологиясын кең қолдануға негізделіп, соңғы пайдаланушыға бағытталған.

Малайзия кітапханалары бизнеспен айналысатын корпорациялар арасында қызмет көрсетуді жақсы жолға қойған. Олар ақпарат өнімдері мен қызметтеріне қатысты семинарлар, форумдар мен көрмелерде лекция оқу үшін фирма қызметкерлерін шақырады. Кітапханалар брошюра, плакат шығарып, кітапгхана және ақпарат айльгқтарын үйымдастырады, сауда және өнеркөсіп көрмелеріне қатысады.

Кітапханалық маркетинг-пайдаланушыға бағытталған басқару философиясы,сонымен қатар, кітапхана қызметтері нәтижелерін сыртқы әлеммен алмасу қатынасын реттеу тәсілдері болып табылады. Кітапхана үсыныстары (өнімдері, қызметтері) кітапханалық акцияларды қолдау, кітапхананың қазіргі және жаңа имиджін (келбетін) нығайту мақсатыңда ақысыз алмастырады.

90-жылдардан бастап кітапхана басқаруының маркетингтік түжырымдамасы бүрынғы кеңестік кітапханашылар арасында кең үгіттеліп, кітапханалық қызмет көрсету аясына тарай бастады. Кітапхана ісіндегі жаңалықтар мен езгерістер пайдаланушылардьщ ақпараттық қажеттіктерін сапалы және тез қанағаттандыруға мүмкіндік беретін технологиялық өзгерістерге ғана байланысты емес, сонымен бірге кітапхана қызметкерлерінің дәстүрлі ойлау жүйесінен арылып, жаңашылдықтыі қабылдап, кәсіби сана-сезімдерінде белсенділік, шығармашылық қабілеттері оянуына да байланысты. Мысалы, бір қатар кітапханаларда жарнаманың әр түрі қолданылады: сыртқы, сыйлық, басылым, т.б. Сыртқы жарнамалар кітапхана қызметтері нәтижелерін сыртқы әлеммен алмасу мақсатыңда адамдар көп жүретін жерлерде орналасты-рылады: афиша, хабарландырулар, парақшалар, кітапхана ме-кенжай көрсеткіштері, панно, транспаранттар, коркем безендірілу. Бұқаралық ақпарат құралдарында, кәсіби журналдарда кітапхана туралы талдау мақалалар, репортаж, интервью, редакцияға хат, үндеу, іс-шаралар, белсенді пайдаланушылар туралы жаңа кітаптар және т.б. жарнама жарияланып тұрады.. Ірі көпшілік шаралардан кейін қатысушыларға мадақтау, диплом, төсбелгі, ең белсенді пайдаланушыларға жеңілдіктер, естелік сыйлық ұсыну дәстүрі, кітаптар, блокноттар, қаламсаптар — кітапхананы еске салудың бір амалы ретінде қолданылады.

Іскерлік ақпарат кабинеттері — әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақпараттық қызмет көрсетудің кітапханалық орталығы болып қүрылуда. Кабинет ақпараттарды жарнамалауды қалалық әкімшілік пен бүқард-лық ақпарат қүралдарымен тығыз байланыста жүргізеді.

Көптеген кітапханаларда имидж ретінде электронды пайдаланушы билеті енгізілген. Оның екі түрі бар: пайдаланушының түсті фотосуреті бар пластик билеті және ламинатталған кәртішкесі. Кітапханаларда музыка тыңдап, телевидеофильм көретін демалыс бүрыштары мен шығармашылық бағдарлама — кеш өткізетін орын бөлінуі де пайдаланушылар легін арттыруда. Кешке аналитикалық ақпараттық шолулар, пресс-дайд-жестер, іскерлік досьелер дайындайды.

Компьютерлік жарнама компьютерде жасалынып, көру және есту көмегімен қабылданады. Компьютерлік ақылы қызмет керсету түрлері ұлғайып келеді: соның ішінде, өз бетінше жүмыс жасауға машиналық уақыт беру. Интернетпен ақпарат іздеу, электронды поштаны пайдалану, анимациялық көріністер, хабарландырулар, жарнамалық қосымша мәліметтер. Оқырмандар өз бетінше кітапхана туралы, оның қүрылымы, бос уақытта өтетін іс-шаралар, қызметтер, клубтар туралы «Тоисһ-scrееп» ақпараттық-анықтамалық жүйе бойынша ақпарат ала алады. Бүл — интерактивті экранмен жабдықталған арнайы дайындалған компьютерлік технология. Бүлардан басқа кітапханаларда ксерокешірме, ламинаттау, брошюражасау сияқты қызметтердің түрлері пайдаланушыларға «ешқайда шықпай-ақ» көп көмегін тигізеді.

Жарнамалық тиімділігі бар арнайы іс-шаралар: пайдаланушылар курстары мен үйірмелер, оқырмандар конференциясы, пресс-конференциялар, экскурсия, экспозиция, Кітапхана күндері, мерейтой, телефон және жеке келісімдер, т.б. Кейбір кітапханаларда дәстүрлі кітап көрмесін белгілі тақырыпқа ар-налған кітаптарды көрсету шарасы ғана емес, сонымен бірге музей жәдігерлерін, жергілікті кәсіпорындардың өнімдерінің түсаукесеріне айналдырған.

Web сайт — сыртқы әлемге өзін таныстырудың тиімді қүралы ретінде қолданылуы, кабельді және тәуелсіз телевидениені қолдану, отбасылық кітапханалар, экологиялық орталық ашу жүмыстары жүргізіліп іске асуда.

Кітапханалар тәжірибесінде ақпараттық жүмысты жергілікті радио хабар «Іскерліктің ақпараттық мәдениеті», радиожурнал, радиостанция толқындарында шолулар, жаңа лықтар бағдарламасында кітапхана қызметі туралы белсенді радиосюжет, пікірталастар өткізіп, видео-жарнама (теле, кино, видео, слайд, т.б. жарнама формалары) роликтер (10 сек-, 60 сек.) кітапхана туралы жарнамалық фильм, видеоэкспресс хабар (кітапхана өмірінен ерекше жаңалық) слайд-фильмдер, теледидар арқылы хабарландыру, интервью жүргізеді. Жергілікті телеканал ай сайын керекті және қызықты кітаптар, жазушылар, әдеби оқиғалар туралы хабарлар жүргізіп жарнамалайды.

Қазақстан Республикаларының кітанханаларында жарнамальгқ іс-әрекеттің көптеген әдістерін пайдалану тәжірибелері жи-нақталған: ең басты ақпараттық-мәдени және ағарту орталығы болуға мүмкіндік беретін «паблик рилейшнз» (қоғамдық үйымдармен жоспарланған ұзақ мерзімдік іскерлік,тілектестік қарым-қатынас орнату) қолданылады. Интернет, шет тілдер мен қазақ тілін оқыту, аударма қызметі, кітап дүкені, видеофильмдер прокаты, компьютерлік қызмет көрсету түрлері жақсы жолға қойылған.

Кітапхана жарнамасын алғаш жүргізген ғылыми-техникалық кітапханалар өз фирмалық белгісін жасап, оны ҚР Экономика және сауда министрлігінің Патент агенттігіне бекіттірді, «Ақпаратты білетіндер ғана табысқа жетеді» деген фирмалық ұран пайдаланылады.

Кітапханалар шетелдік қоғамдық ұйымдармен байланыс «паблик рилейшнз» ғана қолданбайды, сонымен бірге жергілікті экономикалық, мәдени, діни ерекшеліктерді де ескереді. 0блыстық, аудаңдық газетте өз рубрикасы бар. Онда шағын әдебиет шолуы, жаңа кітаптар туралы библиографиялық ақпарат, т.б. материалдар (кітапхана өмірі туралы очерктер, облыс мамандарына арналған республикалық әдебиеттер көрмесінен репортаждар, директормен интервью), тегін жарнамалық хабарландырулар, шақырулар шығады.

Модельді кітапхана мәртебесін, имиджін (келбетін) қүрастыру бірнеше бағыттан түрады:

— кітапхана және оның қүрылымдық болімдері туралы ақпарат;

— кітапхана қоры, оның қүрамы мен қүрылымы туралы ақпарат;

— кітапханалық қызмет түрлері және оның интеллектуалдық өнімдері туралы ақпарат, компьютер мен көбейткіш техниканың комегімен керкейтуге ішкі және сыртқы қажеттіліктерге баспа енімдері (фирмалық бланкілер, буклеттер, пайдаланушы билеттері, фирмалық конверттер, визиткалар, т.б. баеылым онімдері) кітапхана қызметі нарығындағы бәсекелестікте жеңіп шығуға кемектеседі.

Кітапхана витриналарын талғаммен және ақпаратшқ жарнамалық материалдарға толы етіп өңдеген кітапханада бейдж тағу тәртібін енгізу, пайдаланушылардың талабын зор ықыласпен орындап ақпарат беріп қана қоймайды, жүмысқа қүлшыныс туғызатын жайлы көіл-күй қалыптастырады. Ең жақсы жарнама — ықыласпен тыңдайтын, жинақы көмек көрсете алатын кітапханашы.

Қандай да бір нәрсенің жаңашылдығын түсіну үшін оған ұқсас нәрселерді өткен уақыттан тауып, салыстыру қажет. «Жарнамалау» мен «ақпарат беру» деген үғымдардың біздің қоғам мүшелерінің түсінігінде синоним болғанына кең уақыт өте қойған жоқ. Бұл екі жағдайда пайдаланушыларға белгілі бір мөліметтер беріледі.

Кез келген жарнама ең кем дегенде екі жағдайда тиімді, біріншіден, кітапхана дамуының маркетингтік концепциясы-ның бір белігі ретінде қызмет керсету сапасын, ақпараттық енімдер мен сүраныстағы қызметтердің жылжу үрдісін зерттеу, екіншіден, пайдаланушылардың жалпы қажеттіліктерін анық-тауға бағытталған. Жарнаманы дұрыс ұйымдастыру арқылы кітапхана өз пайдаланушыларымен ғана емес, міндетті түрде ықтимал пайдаланушылармен де жүмыс істейді. Кітапхананы жарнамалайтын материалдар ең әуелі кітапхана ғимараты ішінде,ал сыртта — адам кеп жүретін жерлерге ілінеді. Сонымен қатар хабарлаудың ресурстық аспектін сервистік қызмет керсету аспектісі толықтырса, жарнамалаудың әсері арта түсетінін білген жен.

Іс жүзінде, озін жарнамалайтын кітапханалар Ресейде, Қазақ-стан мен жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достығы елдерінде ете коп, бірақ тиімді істің козін таба алмай жатуы мүмкін. Ал бас-қа кітапханаларды жарнамасыз қазіргі кезенде өмір сүру қиын екеніне сендіру қажет.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет