Қазакстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс



бет3/3
Дата25.02.2016
өлшемі290 Kb.
#18903
1   2   3

2.2 Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс.

XIX ғасырдың 30 –шы жылдарында патша үкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салықты төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша үкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қарамағына алды, оны пайдаоанған қазақтарға салық салынатын болды.

Осындай жағдайда бір орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын пайдаланып, Қоқан мен Хиуа хандары Ұлы жүздің бір бөлігін, Кіші жүздің Оңтүстік өңірі мен Сырдария бойын өздеріне бағындырып, бірнеше бекіністер салып, қазақ ауылдарын ауыр алым-салықпен, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдарымен үлкен ауыртпалық әкеледі. Қоқан бектері орта жүзге де өздерінің билігін орнатуға тырысады /9/.

1822 жылғы „Сібір қазақтарының жарғысы” қазақтарда хан билігін жою, қазақ елін бөлшектеу, “бөліп ал да билей бер” саясаты жүргізіліп, қазақтарды тәуелсіздіктен, бостандықтан біржола айыру көзделеді.

Жері құнарлы Жайық бойы атты казктардың қонысына айналады. Арқаның Көкшетау, Қарқаралы, Есіл, Ертіс, Нұра, Ақмола жерінен қазақ ауылдары қуылып, бекініс қоныстар салына бастайды. Америкаға қоныстанушылыр жергілікті түземдіктерді жерлеріне қуу үшін ауру таратып, қырып, аңдарды жаппай жойғаны сияқты патша өкіметі де күнкөріс көзі мал болып табылатын елді жайылымдық жерлерінен қуып, құнарсыз шөлейтті аймақтарға ығыстыруы қазақ ауылдарына өте ауыр соққы болып тиеді.

1824 жылы Кенесарының әкесі Қасым арғын, найман, керей, уақ сынды рулардан қол жинап, орыстардың қонысына шабуыл жасап, қуғынға ұшыратады. Ілік іздеп отырған патша өкіметі қарулы әскер шығарып, қазақ ауылдарын шабады. Ел иелерінің бірлігі болмай, патша әскерлерінің тегеурініне төтеп бере алмаған Қасым туған жері Көкшетауды тастап, балалары Есенгелді, САржан, Бопы, Кенесары, Бопайды ертіп, орта жүздің арғын, найман, керей, уақ сияқты руларынан 40 мың үйіменен Қаратауға, Шу бойына келіп қоныстанады. Кенесарының әкесі Қасым, ағалары Есенгелді, Саржанды қоқандықтар жауыздықпен өлтіреді. Бұған төзбеген Кенесары қазақ Құрымбай датқаның көмегімен әке, ағаларын өлтірген қоқан бектерінен қанды кек алады да, Ұлытау өңіріне, одан Жаңаарқа жеріне көшеді.

Әкімшілік басқару жүйесін басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге бөлінді. Олар қазақ жерінде „бөліп алда билей бер“ деген отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырттан құрсаулап көптеген бекіністер салынды.іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдар Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.

XVIII-XIX ғасырларда болған қазақтардың барлық басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде-ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.

Кенесары көтерілісінің басты мақсаты-Қоқан мен Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау, қазкақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Көтерілістің қозғаушы күші-қазақ шаруалары. Бұл оған халықтық сипат береді. Сондай-ақ көтеріліске ірі ақсүйек өкілдері сұлтандар Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Тани Төртайұлы, Айғаным ханым, Ақмола округінен Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлдары, Кіші жүзден Жоламан би Тіленшіұлы және халық арасында беделдері аңызға айналған батырлар Ағыбай, Амангелді Имановтың атасы Иман, Бұхарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр, Байсейіт батыр, Саурық, Сұраншы, Тайшыбек қатысады. Тек қазақ шаруалары ғана емес, Қоқан мен Хиуа бектерінен, қырғыз манаптарынан, орыс помещиктерінен озбырлық көрген, пана іздеген, әділеттік бостандықты көксеген орыс, өзбек, қырғыз, қарақалпақ ұлттарнының өкілдері де болды. Алғашқы ашық қақтығыс 1837 жылы Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісінің казактарына шабуылдан басталады. Көтерілісшілер бұдан соң 1838 жылы 26 мамырда Ақмола бекінісіне тұтқиыл шабуыл жасап, оны қиратып, өртеп жібереді. Гарнизон басшысы Карбышев пен аға сұлтан Қоңыр төре Құдаймендеұлы бекіністің өзен жақ есігінен зорға қашып құтылады /14/.

Отарлау саясатын жүргізгенде патша үкіметі жалаң күш қана емес, ел басқарудың небір әккі айла-амалдарын қолданғаны мәлім. Қазақ сұлтандары мен төрелеріне кейінгі мұраға қалдырылатын құнарлы жерлер, аға сұлтан, болыс, би сияқты әкімшілік қызметтерге тағайындау, алтын, күміспен ақы төлеу, алым-салықтан босату, адал қызметі үшін сарыала шекпен, алтындатқан қылыш, зерлі ту, грамота қағаздар беру сияқты құйтырқы әрекеттер жасайды. Ал қарсы болғандары қарақшы, ел бұзар, тонаушы атанады.

Кенесары Қасымұлы Ресей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу –қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықтарды, тек әскери ғана емес, сонымен қатар диплоиатиялық күш жігерді де талап ететінін білді. Кенесары Қасымұлы Қазақстан патшалық Ресейге де, Орта Азия хандықтарына да тәуелді емес, олармен тең қарым-қатынаста болу керек деп ойлады.

Айлакер, ерекше сипатты саясатшы ретінде Кенесары Қасымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялық та күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды қатаң жазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізіне алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылдады, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның қаһарына ұшырып отыруы жиі болып тұрды.

Тарихи оқиғалар тізбегіне қарай Кенесары өмірін үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:


  1. 1802-1837 жылдардағы есею, толысу кезі.

  2. 1837-1845 жылдар Қазақстан жерінде ұлт-азаттық қозғалысты басқарған қайраткерлік кезеңі.

  3. 1845-1847 жылдары Ресей, Қрқан және қырғыз манаптарымен күрес жүргізген соңғы кезеңі /17/.

Кенесары Қасымұлының күрескер ретінде есею, толысу кезеңі. Қазақстандағы патшалы Ресейдің отарлау саясатының күшейген уақытымен тұспа-тұс келген. Кенесары 1802 жылы Көкшетауда дүниеге келген.

Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті. Ол патша әкімдеріне жазған бір хатында: Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мұра еткен жерлер қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, бекіністер салынды. Күн сайын біздің жерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқылы халықты ашындыруға жол берілуде. Мұның өзі біздің келешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де қауіпті болып отыр деп көрсетті.

Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға, қоқан бектерінің зорлық-зомбылықтарына қарсы жалпыға бірдей күрес көтеріліске азаттық сипат берді. Кенесарыны қолдау жөнінен билердің, старшындардың, сұлтандардың бәрі бірдей дәйекті болмай шықты: негізгі күштердің басқа аудандарға шоғырландырылуы мен үнемі жылжып отыруына қарай рулық белгілері бойынша жинақталған жекелеген топтар негізгі ұйытқыдан бөлініп қалып отырды.

1841 жылы мамыр айында Кенесарының әскері Сарыарқаның орталық жері Ақтаудағы патша бекінісін басып алып, казактардан екі зеңбірек, жүзден аса мылтық олжалайды. Ақтау, Ортаудағы бекіністерді талқандағанда патша сұлтаны Қоңырқұлжа қоршаудан тағы да құтылып кетеді .

Осы жылы ордасын Ақтауға тіккен Кенесары тамыз айында Ташкентке аттанады. Арқадан Кенесары құрығанда бір айда келеді деп жайбарақат отырған Қоқан бектеріне олар алты күнде жетеді. Сусыз бетпақтың иен даласын көктей өткенімен, аттарының шөлін қойдың құйрық майымен басқанымен, сарбаздар арасында жұқпалы аурудың кесіріне Ташкент жорығы нәтиже бермейді. Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешітті қоршау, бірнеше қазақ жеріне орналасқан бекіністерді қирату қоқандықтардың зәресін ұшырады. Сөйтіп Қоқан бектері Кенесары м мен одақтасуды көздейді. Алайда қазақ жерін азатетуді аңсаған Кенесары ол одақтан бас тартады. Келесі 1842 жылы Орынбор генерал-губернаторы Обручев, Сібір генерал-губернаторы Горчаков “бүлікші сұлтанды” қоршап алып, біржолата құрнтып жіберу үшін генерал-майор Жемчужников, полковник Дуниковский, старшина Лебедев, сұлтандар Б. Айшуақов, Арыстан Жантөрин сияқтылар бастаған ірі-ірі отрядтарды тұс-тұстан аттандырады. Кеннесары сарбаздары шағын-шағын қолға оларға ойламаған жерден оқыс шабуылжасап, ойсырата соққы беріп, қас- қағымда кетіп қалып отырады. Патшаның зеңбірек, винтовкалы, күш көлікті ауыр отрядтарына Кенесары шапшаң қимылды қайсар сарбаздарын қарсы қоя біледі /20/.

Осынау азаттық қозғалысы қанат жайып, оның көсемі Кенесарының аты жер жарып тұрғанда Сарысудың бойында үш жүздің өкілдері бас қосып, баталасып, ежелгі дәстүр бойынша оны ақ киізге салып көтеріп, хан сайлайды. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жеті жыл бойы патша өкіметіне бой бермей, уақыт өткен сайын кең байтақ қазақ елінің жаңа аймағына жайылып, өрши береді. Осы туралы Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Генстің хаты мынадай мәлімет береді: “Ол, яғни Кенесары Орда басшысына айналды. Күш салып табысты қимылдай бастаған сайын жақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейген сайын, бізге қауіпті бола түсуде” деп жазады.

Кенесары – мемлекет қайратері. Ол өз мемлекетін нығайту мақсатында прогрессивті маңызы бар реформалар жүргізген. Осы реформалар қазақ халқы күштерінің бірігуіне, қазақ мемлекетінің күшеюіне әсер етеді. Мемлекеттік аппаратта мемлекеттің басында Кенесарының өзі тұрған. Ең жақын серіктерінен – батырлар, билер, хан туыстарынан – хан кеңесі құрылады. Хан кеңесі кеңесуші, ақылдасушы орын болады. Кеңесте бытыраңқылықты қолдайтын ақсүйектер енгізілмейді, азаттық үшін күресте хан құрметі мен сеніміне ие болған адамдар мүше болған, шешуші дауысқа хан ие болады. Кенесары мемелекетті сот, елшілік, қаржы-қаражат, әскери іспен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарады. Оның тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарт жеке салаларға бөлінеді, әр атқарушы белгілі-бір мемлекеттік функцияға ие болады /21/.

Сот – құқықтық реформаның мақсаты барымта, өзара талас пен ру араздығын тоқтату еді. Кенесары қызметін бақылап отырған патша өкіметі де оның барымтаны тоқтату туралы шешіміне ерекше мән береді. “Кенесары өз жағындағы қырғыздарға барымтаны, ұрлықты тоқтатуға және тыныш өмір сүруге бұйрық берді, содан кейін оның ауыолдарында көшіп-қонуда тыныштық орнады” деп жазады әскери старшина Лебедев.

Кенесары жас сарбаздаоды әскери іске жүйелі түрде баулуды қолға алған. Әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. Көтерілісшілерді әскери іске қашқын орыс солдаттары мен башқұрттар үйреткен. Қатаң әскери тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді. Тәртіп бұзғандар жазаланады, опасмыздық, сатқындық жасағандарға өлім жазасын қолданған.

Ол жаңаша айырым белгісін де енгізеді.Мәселен, оның сарбаздарының кеуделері мен иықтарында қызыл, көк матадан жапсырмалары болған. Ал оның өзі орыс армиясы полковнигінің эполетін таққан. Өзінің сенімді адамдардан жасақталған арнайы барлаушылары болған. Олар дұшпан туралы қажетті мәліметтер жеткізген және сарбаздардың арасында әскери құпия өте қатаң сақталған. Тәжрибелі патша тыңшысы Қанқожа Жаңбыршин деген Кенесарының қай бағытқа жорыққа шығатынын, оның уақытын ешкімнен де біле алмаған қапалана жазады.

Кенесары талантты қолбасшы ретінде әр түрлі соғыс тактикасын шебер қолдана білген. Қазақтың кең даласы оған оңай жылжып, тез орын ауыстыра соғысу әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Салық жинау: малшылардан зекет, диқандардан ұшыр жинау тәртіпке келтірілді. Патша отрядтарымен қантөгіскен қақтығыстардың жалғасуы материалдық және өзге де құралдардыкерек етті., әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты .

Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа қабілетті қалың қол ұйымдастыра білді. Кенесарының жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі қадағалап отырған қатаң тәртіп, оның айтарлықтай қысқа уақытта жауынгерлердің толықжиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берілді.

Кенесары егіншілікке ерекше көңіл қойған. Ол қазақтарды егіншілікке тартқан. Отырықшылық пен егіншілікке көшу әрекеті бұрыннан қолға алынып, кең қолдау таппай келген еді. Орынбор генерал-губернаторы Обручевке жазған хатында Кенесары: "қайырымды генерал маған патшаның шапағатын алуға көмектессе, онда мен тыныш өмір сүріп, өз қырғыздарымды егіншілікпен , аң аулаумен және басқа бейбіт істермен айналысуға мәжбүр ететін едім." Деген сөзі дәлел. Алайда генерал Перовский басқарған Орынбор өкіметі қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне қарсы болған. Айырбас сауда үшін қазақтардың мал шарушылығымен айналыса бергені дұрыс деп есептеген.

Кенесарының сауда саясатының да өзіндік ерекшеліктері бар. Көпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты, кейде керуен басыларын өзі қабылдап,тауарларын алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды. Оның хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін жаулап алу үшін тоқтатқан казак отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы тек қана «қарақшы» деп айтуы сирек кездеспесе де, Кенесары ауылдарында тоқтатылған көпестерге меймандостық пен қамқорлық көрсетілгені туралы құжаттар жетіп жатыр.

Кенесары құрған мемлекеті туралы Ресейдің “Голос” газеті: “Абылай ханның тікелей ұрпағы, оның немересі Кенесары өзінің ерекше ерлігі мен аты шыққан батыр және қырғыздар арасында ерекше беделдіадам болатын.” деп жазады. Сол кездегі тарихи жағдайлардың салдарынан, “Ойда Қоқан, қырда орыс, әкім болды қаласы” деп Кенесарының өзі жазғанындай, Қазақстанға Патшалық Ресей мен Орта Азия хандықтары қауіп төндіріп тұрғандықтан Кенесары өзі құрған мемлекетті сақтай алмады. Себебі Ресей патшасы қазақтармен бейбіт қатар өмір сүргісі келмеді. Қазақтағы хандық өкіметті сақтау патша өкіметінің мүддесіне қайшы келді. Өйткені ол қазақстанда өз үстемдігін біржола орнатуға ұмтылған еді.

1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының елірме әуселесін басты. Қоқандықтар келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Осыдан кейін барып соғысты тоқтатқан Кенесары Торғай маңындағы ордасына қайтып оралды. Бір айта кететін жәйт, Кенесары Бұхара әмірімен және Хиуа хандығымен қарым-қатынасындағы саясаты біршама өзгешелеу еді. Кенесары олармен өзара толық сенімділік орнатты. Кейде Хиуа басқарушысы қазақ жасақтарын зеңбіректермен, оқ-дәрімен жабдықтап отырды.

1843 жылы Орынбор генерал-губернаторы Перовский кетіп, оның орнына Обручев келді. Кенесары мен Перовский бір-біріне сыйластықпен қарайтын. Сондықтан көп мәселелер әділдікпен шешілетін. Енді Орынбор әкімшілігіне орыс патшасының Кенесарыға қаны қас тағы бір ұлығының келуі, оны Горчаковпен бірігіп, Кенесарыны қуғындауына кең мүмкіндік жасады. Сөйтіп, Горчаков пен Обручев Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтыруға, Кенесарының көзін жоюға 1843 жылы 23 маусымда патша Николай Біріншіден рұқсат алды. Соғыс шығынын өтеу үшін 14 мың сом, Кенесарының басын кесіп әкелген адамға сыйға беру үшін түтін салығы есебінен үш мың сом қаржы бөлінді. Әскерлер соғысқа әзірлік жағдайында келтірілді /19/.

Кенесарыға қарсы орыс әскерлерінің жорығы 1843 жылы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзенінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары өзінің патша өкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып шайқасты болдырмады. Бұл тұста екі жақта әскери дайындығын мұқияттап жатты. Тамыз айында Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастаған бес мың әскер жіберілді. Омбы, Петропавл, Қарқаралыдағы әскер күштері де Кенесарыға қарсы жорцыққа аттанды. 1 және 7 қыркүйекте Кенесары жасақтары мен патша әскерлерінің арасында күшті шайқастар жүрді. Көп адам шығынға ұшырады. Бірақ екі жақ та жеңіске жете алмай, майдан шебінен кері шегінді. Кенесары жасақтары енді ашық соғысқа бармай, байтақ даланың әр тұсынан көрініп, тұтқиылдан тиісіп, жау әскерін мазалап берекетін кетірді. Тынымсыз жорықтан шаршаған, үнемі қауіп-қатердің өтінде жүрген патша әскерлері түні салқын, жауын-шашынды күз түсе бере ешбір нәтиже шығара алмай бұрынғы тұрақтары Ор бекінісіне қайта оралды.

1844-1845 жылдар қазақ далассындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі еді. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды.. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді.. Жасақтардың жауынгерлік дайындығые жетілдіруге, оларды дұрыстап қаруландыруға көңіл бөлінді. 1844 жылдың жазында Кенесароы жасақтарын құртуға, халық қозғалысын басу үшін Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерлерінің үш үлкен тобы шықты. Олардың алдында Кенесары әскерлерін қоршап, шешушісоққы беру міндеті қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың әскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеуге, сөйтіп өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір әскерінің алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты деген лақап таратып, жау күшін осы жаққа тартты. Негізгі күшпен Ақмола бекінісін шауып, Жантөрин шоғырын қоршап, ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары мен оның батырлары 1844 жылы 14 тамызда Атбасар бекінісін тікелей шабуылмен басып алды. Бұл оқиға патша әкімшілігін қатты абыржытты. Дуниковский, Жантөрин, Жемчужников әскерлеріне көмекке полковник Ковалевскийдің отряды жіберілді. Жоғарыда айтылған шайқастардан кейін Кенесары жасақтары Мұғалжар тауларына барып бекінген еді.

Кенесарының 1844 жылғы шайқастардағы табысыоның даңқын барлық жерлерге жайды. Бұхара әмірімен Хиуа хандығы онымен тығыз байланыс жасауға ұмтылып, оған сыйлықтар жолдады. Кенесары патша өкіметінен бітім сұрап, даулы мәселелердің барлығын келіссөз арқылы шешейік деген. Патша әкімдері оған онша көп сене қойған жоқ. Дегенмен келіссөз жөніндегі ұсынысты қабыл алып, Кенесарының кепілдікке алып кеткен туыстарын, әйелін тұтқыннан босатты.

Кенесары мен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастаған бір топ адам жіберді. Олар кенесары патша өкіметіне сөзсіз, ешбір шарт қоймай бағынатын болса, оған кешірім жасалады деп мәлімдеді. кенесары бұл мәселені ойланып көремін деп елшілерді екі ай бойы ұстады. Елшілер бітім болмайтынына көз жеткізіп, «кетеміз» дегеннен кейін Кенесары Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша өкіметі өзінің қазақ жеріндегі бекініс қамалдарын бұзып, қазақ халқына істеп отырған зорлық-зомбылығын тоқтатқанда ғана Ресейге бодан болуға дайын екенін мәлімдеді.

Бастапқы мақсатқа жету – Тянь-шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Қытайдың шығыс шектерінде көшіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қан төгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге Қытай шекарасына тереңдей кіріп, Үйгентасқа тоқтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Құдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бақтыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұқсат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, Қытайдың өкімет орындары сөзбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды. Мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғыстан шегіне көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауғы мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, қайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен құтқару». Орман мен Жантай манаптар Кенесарының өтінішін мәжілісте талқылап, ұсынысты қабылдамаймыз деп шешеді. Ақыры 18/47 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кіреді. Бұл күресте Кенесарының көздеген мақсаты Қазақтар мен қырғыздардың жауы Қоқанға және оның сенімді серіктері қырғыз манаптарына қарсы күресу еді /7/.

Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағын да, оның үсіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жұз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңқы жасақтардан бөлініп қалып отырды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтың жасақтарымен бірікте, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Күші басым патша жазалау әскеріне тікелей қарсылық көрсете алмай, ақыры ол Іле өзенінің сол жағына шығып, Шу өзені мен Алатау төңірегіне жетеді. Ұлы жүз батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұраншы бастаған 20 мың қол Кенесары әскеріне қосылады. Кенессары әскері қырғыз манаптарының иеліктеріне жақындайды. Қырғыздардың да бір бөлігі Қоқан бектерінің езгісіне еді. Алайда Ресей мен Қоқан бектері арасында екіжүзді саясат ұстаған беделді қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан бектеріне қарсы бірігіп күресу жөніндегіұсынысын жауапсыз қалдыра отырып, патша өкіметі орындарымен келіссөз жүргізіп, Кенесарыға қарсы күресуге уәде берді.

Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барған мен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылысәуірдің ортасына қарай қырғыздар негізгі күштерін біріктіріп, жүз мыңдық әскер жинаған сияқты, дегенмен бұл деректердің көп асыра көрсетілгені байқалады. Адам саны жөнінен артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазір Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар қақпанға түсірген терең шатқалда болды. Таулы жер ханға өз артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермеді., оның өз қолында бар жеңіл зеңбіректермен атуды барынша пәрменлі түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады. Кең далада ойдағыдай қолданып, сынақтан өткен атты әскерлер де кең қанат жаюы мүмкіндігінен айырылды. Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты; жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан мен Сыпатай би жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30 дан астам сұлтан тұтқынға түсті, қалғандары жан-жаққа қашып кетті. Қырғыздардың тұтқынына мыңнан астам сарбаздар түсіп, құлақ естіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Құлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы ханы осылай қазақтапты /15/.

Кенесары әскерін жеңгені үшін қырғыздардың басты манаптары Ормон Ниязбеков, Жантай Қарабеков, Қалығұл әлібеков, сұлтан Рүстем Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша өкіметінен мол марапат алды.

Кенесарының қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздардың жеңісімен аяқталатыны алдын-ала белгілі еді.

Себебі, біріншіден, патша отрядының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырған. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би он екі мың әскерін шайқас болардан бұрын, алып қашып кетеді. Үшіншіден, Қоқанбектері өз әскерлерін Ормон манаптың қарамағына береді.

Қоршауды бұзып шығу сәтсіз аяқталады. Наурызбай өзінің шағын тобымен шайқаста қаза табады. Кенесарыны қырғыз манаптары тұтқынға алып, өлтірген соң басын кесіп, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковке әкеледі. Олардың басшысы Қалықұл манапқа күміс медаль сыйға тартылады. Кенесарының басы Петербургке жіберіледі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы жүргізілген ең ұзақ соғыс еді. Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігін қалпына келтіру бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Оның жеңілу себебі, дамудың феодалдық сатысында тұрған қазақ халқының бытыраңқылығы. Байтақ даланы жайлаған қазақ халқа үш жүзге және Бкей ордасына бөлінді. Осы елдің басын қосу оңай болмады. Жүздерге жіктенген қазақ рулары көтерілісті негізінен өз жерлеріне қолдап, Қоқан және Қырғыз жерлеріне басып кіруден өздерін алшақ ұстады. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлығы, ауыр жазаға тартуы юа көтеріліс қатарын әлсіретті. Екіншіден ұлт-азаттық қозғалысын қазақтың бай-шонжарлары, ауқаттылары қолдаған жоқ, қайта оны басуға патша әскерлеріне көмек көрсетті. Үшіншіден, Көтерілісшілердің жетілдірілген қару-жарағы болмады. Төртіншіден, ұлт-азаттық қозғалысын басуға, Қазақстанның отар ел болып қала беруіне көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары да, қырғыз манаптары да мүдделі болды.

Кенесары қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген көтеріліс еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық сипаты мен қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағыты мен айқындалды.

Кенесары ханның өз басы, оның саясатшы, қолбасшы, дипломат ретіндегі теңдесі жоқ қасиеттері тоталитарлық жүйенің өктемдігі жағдайында жылдар бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған. Кенесары Қасымұлыөз дәуірінің ұлы қайраткерлері шоғырында өз орнын алды.

Нақ осы күрестің әсерінен 19 ғасырдың 50-60 жылдарындағы көтерілістер кең өріс алады. Кенесары көтерілісі қазақ халқының өз Отанының тәуеолсіздігі жолында жан қиюға әзірлігін, жауға тойтарыс беретін күші бар екенін дәлелдеді.

Қозғалыстың жаңашылдығын Кенесары алға тартқан саяси талаптардан-ақ көруге болады. Мәселен, оның руаралық қырқыстармен феодадық бытыраңқылықты жою мақсатымен біртұтас орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы осыған дәлел.

Кенесары қозғалысының ілгерішіл маңызы – патшалық Ресейдің қазақ даласына төніп келе жатқан құлдық бұғауына соққы берді және халық бұқарасының болашақтағы ұлт-азаттық күресіне жауынгерлік дайындық болды.

Кенесарының басы кесілген сағаттан бастап қазақ елінің тарихында бұрын-соңды болмаған сұмдық езгі, отарлық заман басталды. Арада бір жарым ғасыр өткенде жаңа жарық сәуле көрінді. Кеннесары өзі айтқандай, «Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы, Алдырып жүрген дұшпанға, ауызының аласы» деп жырлаған.

Қорытынды

XIX ғасырдың 20-40 жылдарында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық істерді тым болмаса қысқаша жиынтықтау үшін, ең алдымен осы оқиғалар соның аясындада өрістеген сол бір кең халықаралық ахуалды көздеген жалры жоспарларының ішінде патша өкіметінің Қазақстандағы билеп төстеушілігінің қандай орын алғанын және орта азияны жаулап алу жолында жеткен ең басты табыстарының бірі Қазақстанды біржола бағындыруға және оны патша өкіметінің отранына айналдыруға дайындықтың толық аяқталған кезеңі деуге болады.

Ресейдің ортаазиялық хандықтардың және қытайдың аралығында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызын еске алсақ, патша өкіметінің Қазақстанды отарлау фактісінің тарихи маңызы түсінікті. яғни Орта Азия мен Қытайға және одан әрі Ауғанстанға, Үндістанға сондай-ақ Орта Азияның арғы түкпіріне дейін апаратын ежелгі сауда жолы қазақстан арқылы өтетін. Нақ осы бағытта Қазақстан арқылы әскри-операция желісін де тартуға болатын еді.

Қоқанға, Хиуа мен Бұқараға батыл шабуыл жасау үшін және оңтүстік-шығыста Қытайдың шекарасына тұмсық тіреу үшін осы оққағар қалқанды плацдармға айналдыру патша өкіметінің ортаазиялық саясатының аса маңызды міндеті және бұл міндетті патшы өкіметі XIX ғасырдың 20-40 жылдар бойына тамаша орындап шықты.

30 жылдары Қазақстанға шабуылын күшейткен патша өкіметі қазақ даласына мықтап бекініп алады. осындай жағдайда патшы өкіметі кордондар мен бекініс шептерін жеделдете салу және жазалау экспедицияларын жасақтау сияқты әскери әдістерді ғана емес, дистанциялық жүйені енгізу, округтер мен округтік приказды одан әрі ұйымдастыру, сұлтандарды сатып алу және басқа осындай саяси әдістерді де қолданып қимылдаған. Жерді басып алу, әсіресе 1835 жылы күшейе түседі, 1837 жылы шаңырақ басынан салық жинау енгізілді.

Ғасырлар бойы бір өзі ғана үкім жүргізіп келген «ақсүйектер», яғни чингизидтердің бұрынғы ұрпақтары өздерінің бір кездегі маңызынан және артықшылықтарынан айырылды. Чингизидтердің ұрпақтары – төрелер енді «қарасүйектің» тұқымдарымен некеге отырып, «қараман деп аталатын жаңа категория құрайды, сөйтіп бірте-бірте тектілерден гөрі ауқаттылармен қосылып кетеді»

Патша отаршылары қауымдық меншікті жеке меншікке айналдыруды барынша қолдады. Соның салдарынан мұның алдындағы кезеңге қарағанда, енді феодал басшы топ қыстауларға және ішінара жайлауларға іс жүргізгенде билік жүргізуші болып қана қоймай сонымен қатар осы жерлердің заң жүзіндегі ие болып алған, ал мұның өзі қарапайым халықты қан қақсатып, қаңғыртып жіберді.

Осы тежеуші жәйттердің бәрі кедейлер сана-сезімінің өсуіне және қазақ қоғамында таптық күрестің көрінуіне өз таңбасын салмай қойған жоқ. 19 ғасырдың 20-40 жылдары өзіне тән жағдайларда еңбекшілер күресі патша өкіметіне және оның адал одақтастары қазақ феодалдарына бір мезгілде қарсы бағытталған. Қазақ қоғамындағы патша өкіметін қолдайтын феодал басшы тобымен шайқаспайынша патша өкіметіне қарсы шығуға болмайтыны сияқты, олардың сырттан қолпаштаушысы патшы өкіметімен қақтығыспайынша, қазақ феодалдары мен байларына қарсы шығу мүмкін емес еді.

Осы бір қарапайым ақиқат Жоламан Тіленшіұлы, Саржан сұлтан бастаған көтерілістер және Бөкей Ордасындағы Исатай тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс сонымен қатар Кенесарының қуатты көтерілісіне дейін алғанда 20-40 жылдары барлық бұқаралық ұлт-азаттық қозғалыстары мысалынан тайға таңба басқандай анық көрінеді.

Кенесарының оң талпыныстары, оның қазақ халқын біріктірмек болған бүкіл керекті жол тауып өтіп болмайтын кедергілерге кездескен. Қазақстанның феодалдық бытыраңқылығы және феодал басшы топ пен өкімет билігіндегілер үсті-үстіне қоздырып отырған ру аралық күрес Кенесарының барлық бастамаларына қатты кедергі жасады.

Көтерілістің өзге ошақтарын басқарған батырларда күреске әр түрлі уақыттарда қосылып отырған. Кенесары қозғалысы басталарда Исатай Таймановтың көтерілісі іс жүзінде аяқталған. Кенесарыға қосылған Жоламан Тіленшиев болды. Жанқожа Нұрмұхамедов тек көтерілістің соңғы жылдарында ғана, онда да уақытша түрде кенсарымен одақтасқан.

Өкімет орындарының кенесарымен күресте қолданған тактикасы туралы көтеріліс көсемінің көзін жоюдың тағы бір жоспарына қысқаша тоқталып кетсек, оның әскері ішінде тыңшы жіберіп сатқындық жасау жолымен Кенесарыны тірідей қолға түсіріп, көтерілісті басшысыз қалдыру жоспары қойылды. Осылайша билік басындағылар ештеңеден де жиренбестен Кенесарының көзін құртуға тырысқан.



Кенесары көтерілісі жеңіліс тауып қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихында бұл көтеріліс ең бір маңызды орын алған. Көтеріліс барлық үш жүз жұртшылығының көпшілігін патша өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың XIX ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылды. Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және қазақтардың неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

Көтеріліс бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылды. XIX ғасырдың 50-60 жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы негізінде дамыған. Кенесары қозғалысы өз елінің азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап қалу үшін жанын қиюға әзір қазақ халқының аса зор қарсыласу күшін көрсетіп берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет