Азаматтардың «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»



жүктеу 171.57 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі171.57 Kb.




исх: 60-04-32/817 от: 05.05.2015

Азаматтардың «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша ақшаны жария етуге қатысты жиі қоятын сұрақтарына жауаптар


1.

Сұрақ: Мүлікті жария ету бойынша акция немен реттеледі?




Жауап: Мүлікті жария ету бойынша акция «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері» қаулысымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен реттеледі.

2.

Сұрақ: Қандай ақшаны жария етуге болады?




Жауап:  Алынатын кірісті (ақшаны) жүргізілетін рақымшылық шеңберінде жария ету мүмкін болатын қызметтің негізгі түрлері мыналар болып табылады: 

ресми тіркелмеген (тіркеусіз, лицензия алусыз және с.с.) және тиісінше салық салынбаған кәсіпкерлік қызмет, 

алынған кірісі әр түрлі тәсілдермен (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте тиісті операцияларды көрсетпеу жолымен,  салық декларациясында тиісті кірістерді көрсетпеу жолымен,  ақшаны шетелге экспорт-импорттық келісімшарттар бойынша шығару жолымен және с.с.) салық төлеуден жасырылған ресми тіркелген кәсіпкерлік қызмет


3.

Сұрақ:  Қандай ақшаны жария етуге болмайды




Жауап:  Бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылық жасау, оның ішінде: 

жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстар; 

экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда; 

жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу

инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесінде алынған ақша жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар оған құқықтары сот тәртібімен дауланатын не кредиттер ретінде алынған ақша рақымшылыққа жатпайды.



4.

Сұрақ: Ақшаны жария етуге кім қатыса алмайды?




Жауап: Мүлікті жария ету туралы Заңның қолданысқа енгізілу күніне мыналар күшіне енгенде жария ету субъектілеріне ақшаны жария ету қолданылмайды:

1)  оларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 90 191,  193 (осы тармақшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген қылмыстарды жасау жолымен сатып алынған мүлік жария етілген жағдайда),  208,  213,  215,  216 216-1,  217,  218,  221,  222-баптарымен көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп таныған сот үкімі



2)  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 118,  143,  143-2,  155,  155-1,  155-3,  155-4,  155-5,  156, 157,  166, 168-1 178,  185,  187,  205-1,  205-2,  206,  206-1,  206-2,  207,  208,  208-1,  209, 214,  237,  239,  357-1-баптарымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін әкімшілік жаза қолдану туралы соттың, органның (лауазымды адамның) қаулысы.

5.

Сұрақ: Ақшаны жария ету қашан басталады және қашан аяқталады?




Жауап: 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

6.

Сұрақ: Жинақ шотындағы жария етілетін ақшаның сақталуына кепілдік беріледі ме?




Жауап: Иә, белгiленген тәртiппен кепілдік беріледі.

7.

Сұрақ: Жария ету кезінде құпиялылық қамтамасыз етіледі ме?




Жауап:  Иә.  Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес мемлекеттiк органдар, ұйымдар, оның ішінде қаржылық ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті

8.

Сұрақ:  Ақшаны жария ететін азаматтарды қорғау немен кепілдендіріледі? 




Жауап:  Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес, жария ету субъектісіне қатысты Мүлікті жария ету туралы заңның қолданысқа енгізілу күніне ҚР Қылмыстық кодексінің баптарымен көзделген белгілі бір қылмыстарды жасауда кінәлі деп таныған сот үкімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасау үшін әкімшілік жаза қолдану туралы соттың, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жағдайларды қоспағанда, жария етілген мүлік бөлігінде Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады. 

9.

Сұрақ:  Ақшаның жария етілгенін растау не болып табылады? 




Жауап: Жария ету субъектісі ақшаны ҚР екiншi деңгейдегi банктерінде ашылған арнайы жинақ шотына салуы және банктің салынған (аударылған) ақша сомасы туралы тиісті анықтаманы беруі ақшаның жария етілгенін растау болып табылады.

10.

Сұрақ:  Ақшаны жария ету үшін қандай талаптар белгіленді?




Жауап: Ақша жалпы мынадай талаптар сақталған кезде жария етіледі: 

  1. ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы жария етілетін ақша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде, Ұлттық почта операторында ашылған жинақ шотына енгізілуі және (немесе) аударылуы тиіс; 

  2. жария етілетін ақша оларды жинақ шотынан жария ету немесе жария етілген ақшаны Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау үшін алымды акцептсіз алу шартымен алу жағдайларын қоспағанда, жинақ шотында ақшаны жария ету мақсатында осындай шотқа енгізу және (немесе) аудару күнінен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуы тиіс. 

11.

Сұрақ:  Ақша қандай уақыттан бастап жария етілген болып саналады.




Жауап:  Ақша олар ҚР екінші деңгейдегі банктерінде, Ұлттық почта операторында ашылған жинақ шотына енгізілген және (немесе) аударылған күннен бастап жария етілген болып саналады

12.

Сұрақ:  Жинақ шоттарын қандай банктерде ашуға болады




Жауап:  Қазақстан Республикасының жинақ шоттарын ашуға болатын екінші деңгейдегі банктерінің тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz айтында көрсетілген. 

Бұл ретте, Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес жинақ шоты ҚР екінші деңгейдегі банктерінің ҚР тысқары орналасқан филиалдарында ашылмайды



13.

Сұрақ:  Ақшаны жария ету шеңберінде жинақ шотын ашу кезінде банктік салым шартының мазмұнына қойылатын қандай да болмасын ерекше талаптар көзделген бе? 




Жауап:  Банктік салым шарты 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және № 226 қағидаларда көздеген талаптардан басқа:

l)  жинақ шотының ақшаны жария ету мақсатында ашылатыны туралы талапты; 

2)  жинақ шотындағы ақшаны Мүлікті жария ету туралы заңда және № 134 қағидаларда көзделген тәртіпте енгізу, алу, сақтау және тиелік ету талаптарын;

3)  сыйақы мөлшерлемесінің банк белгіленген мөлшерін;

4) банктің акцептсіз тәртіппен салымның сомасынан ақшаны жария ету үшін 10% алым ұстауы туралы талапты;

5) салымшыға белгіленген нысан бойынша (Мүлікті жария ету туралы заңның 2-қосымшасы) енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама беру тәртібін қамтуы тиіс.



14.

Сұрақ: Жинақ шоты қандай мерзімдерде ашылуы тиіс?




Жауап: Жинақ шоты жария ету мерзімі ішінде, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде ашылуы тиіс.

15.

Сұрақ: жария ету мақсатында жинақ шотын ашу мақсаты көрсетілуі тиіс пе?




Жауап: Иә. Жинақ шотын ашу жинақ шотын ашу туралы өтініш негізінде жүзеге асырылады, онда жинақ шотының валютасы және жинақ шотының ақшаны жария ету мақсатында ашылатыны туралы белгі көрсетіледі.

16.

Сұрақ: Жинақ шоты қандай валютамен ашылуы мүмкін?




Жауап: Ақшаны жария ету талаптарына сәйкес жария етілетін ақша жинақ шотына ұлттық немесе шетел валютасымен енгізілуі тиіс. Бұл ретте валюталардың тізбесін ҚР Ұлттық Банкі www.nationalbank.kz сайтында айқындайды.

17.

Сұрақ: Жария етуге жататын ақшаның оларды банктегі басқа шотқа аудару арқылы жинақ шотына есепке алынуы мүмкін бе?




Жауап: Иә, мұндай мүмкіндік көзделген.

18.

Сұрақ: Банк жария ету субъектісіне енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтаманы қандай мерзімде беруі тиіс?




Жауап: Салымшы-жария ету субъектісі жинақ шотына ақшаны енгізген/аударған соң банк жинақ шотына ақшаны есептеу күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей салымшыға Мүлікті жария ету туралы заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын, банк басшысының бұйрығы не негізінде осындай өкілеттіктер берілген өзге құжаттар негізінде тиісті өкілеттіктерге ие банк уәкілетті тұлғаларының мөрімен және қолымен расталған анықтаманы береді.




19.

Сұрақ: Жария етілген ақшаны жинақ шотында сақтау ұзақтығы қандай болмақ?




Жауап: Егер жария ету субъектісі жария етілген ақшаны оларды жинақ шотынан алу жолымен ҚР экономикасына инвестициялау үшін пайдалануға ниет білдірмесе, жинақ шотында ақшаны сақтау мерзімі кемінде алпыс күнтізбелік айды (5 жыл) құрайды.

20.

Сұрақ: Арнайы жинақ шоты шартының мерзімін алпыс күнтізбелік ай өткен соң ұзартуға бола ма?




Жауап: Мүлікті жария ету туралы заң ережелерін ескере отырып, салымшылардың жинақ шотына енгізілген/аударылған ақшаларына иелік етуі ақшаны жинақ шотына енгізген/аударған күннен бастап алпыс күнтізбелік ай аяқталған соң жүзеге асырылады. Осыған байланысты, көрсетілген мерзім аяқталған соң , тараптардың келісімі бойынша салым мерзімі Мүлікті жария ету туралы заң шеңберінде жасалған Банктік салым шартына қосымша келісім негізінде ұзартылуы мүмкін.

21.

Сұрақ: Ақшаны жария етуді растау бойынша анықтаманы беру ақылы қызмет болып табыла ма?




Жауап: Жоқ, жария ету субъектісіне жинақ шотына ақша енгізуді/аударуды растайтын анықтаманы беру тегін негізде жүзеге асырылуға тиіс.




22.

Сұрақ: Ақшаны жария ету мақсатында ақша жинақ шотына кейіннен қосымша есептеле алады ма?




Жауап: Жоқ, банк ашылған жинақ шотына салымшының кейіннен ақша енгізуіне/есептеуіне жол бермейді. Бұл ретте жария ету субъектісі мүлікті жария ету шеңберінде басқа жинақ шотын аша алады.

23.

Сұрақ: Ақшаны жария ету үшін қандай активтер мен бағалы қағаздар сатып алу үшін рұқсат етілген?




Жауап: Жария ету субъектісі жария ету мерзімі аяқталғанға дейін ҚР экономикасына инвестициялар үшін жинақ шотының ақшасын пайдалануға, оның ішінде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасының («Халықтық IPO») шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда,

жекешелендіру объектілерін, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұйымдарының, тобының активтерін сатып алу арқылы,

сондай-ақ бастапқы орналастыру шеңберінде:

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын;

-Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларын;

-«Қазақстан қор биржасы» АҚ-та орналастырылатын басқа да бағалы қағаздарды сатып алу арқылы пайдалануға құқылы.



24.

Cұрақ: Мүлікті жария ету шеңберінде жария ету субъектісі шетел эмитенттері шығарған және шетелдік (халықаралық) қор нарықтарында айналыстағы бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы ма?




Жауап: Жоқ, өйткені осындай бағалы қағаздар мүлікті жария ету шеңберінде жария етілетін ақша есебінен сатып алуға орналастырған активтердің тізбесіне кірмейді.

25.

Cұрақ: Мүлікті жария ету шеңберінде сатып алуға рұқсат берілген бағалы қағаздарды жария етілетін ақша есебінен қандай алаңда сатып алуға болады?




Жауап: Қазақстан қор биржасында www.kase.kz. сайтында

26.

Cұрақ: Жария ету субъектісінің жинақ шотындағы ақша кепілдігіне қарыз алуына бола ма?




Жауап: Жоқ ала алмайды. Мүлікті жария ету туралы заңда жария етілетін ақшаны пайдалануға болатын нақты мақсаттар айқындалған. Бұл ретте жария етілетін ақша кепілдігіне қарыз алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

27.

Cұрақ: Жинақ шотын үшінші тұлғаның пайдасына ашуға бола ма?




Жауап: Жоқ болмайды. Жинақ шоты өзіне тиесілі және 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған мүлікті жария ететін немесе жария еткен шоттың меншік иесінің пайдасына ашылады.

28.

Cұрақ: Жария етілген ақшаны жария ету мерзімі ішінде жинақ шотынан алуға бола ма?




Жауап: Иә, болады. Мүлікті жария ету туралы заңға сәйкес жария ету субъектісі алпыс айлық мерзім аяқталғанға дейін ҚР экономикасына инвестициялаған немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы.

29.

Cұрақ: Қандай жағдайда жинақ шотындағы ақшаны жария еткені үшін алым төленеді?




Жауап: Жария етілген ақшаны жария ету мерзімі аяқталғанға дейін жинақ шотынан ҚР экономикасына инвестициялау мақсатында емес алған немесе оларды басқа шотқа аударған жағдайда.

30.

Cұрақ: Жария ету субъектісі жария етілген ақша есебінен бағалы қағаздарды қалай сатып ала алады, атап айтқанда, ол сол үшін қайда жүгіну керек және ол бағалы қағаздарды өз бетінше сатып алуға құқылы ма?




Жауап: Жария ету субъектісі екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына жинақ шотын ашу және жария етілген ақшаны осы шотқа аудару, сондай-ақ брокермен брокерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасау мақсатында өтініш жасау керек.




31.

Cұрақ: Жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банк, Ұлттық пошта операторы қор биржасында бағалы қағаздарды сатып алу үшін жинақ шотынан жария етілген ақшаны аударуды (алуды) қалай жүзеге асырады?




Жауап: Жария ету субъектісі мен брокердің арасында жасалған брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың негізінде жария ету субъектісі осы жария ету субъектісінің жинақ шоты ашылған екінші деңгейдегі банкке, Ұлттық пошта операторына жария етілген ақшаны брокер орталық депозитарийде ашқан клиенттердің ақшасын есепке алуға арналған ағымдағы шотқа аудару туралы бұйрық (нұсқау) береді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісінің ақша аудару жөніндегі нұсқауын орындайды және брокерді жүргізілетін мүлікті жария ету шеңберінде ақшаның аударылғаны туралы жария ету субъектісі, аударым сомасы және аударым жасалған жинақ шотының нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлар етеді.

32.

Сұрақ: Жария ету субъектісі жария етілген ақшаны брокердің ағымдағы шотына аударғаннан кейін қандай мерзім ішінде бағалы қағаздарды сатып алуға тиіс?




Жауап: Жария ету субъектісі бағалы қағаздарды сатып алуға міндетті мерзім ақшаны брокердің ағымдағы шотына белгіленген тәртіппен аударған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.

33.

Сұрақ: Жария етілетін ақшаны брокердің ағымдағы шотынан жария ету субъектісінің немесе үшінші тұлғалардың банктік шорттарына аударуға жол беріледі ме?




Жауап: Жоқ, жол берілмейді. Жария ету субъектісі брокердің шотына ақша аударылған кезден бастап жиырма күн ішінде рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларды жинақ шотына қайтаруға міндетті. Жария ету субъектісі брокерді шарттық тәртіппен жария етілген, жиырма күндік мерзім ішінде инвестицияланбаған ақшаны жария ету субъектісінің жинақ шотына автоматты түрде қайтаруға уәкілетті етуге тиіс.

34.

Сұрақ: Жинақ шоттағы ақшаны ҚР экономикасына инвестициялау мақсатында ішінара пайдалануға рұқсат беріле ме?




Жауап: Рұқсат беріледі. Пайдаланылмаған ақша кемінде 5 жыл сақталынуы тиіс. Ақшаны инвестициялау сомасы бойынша талаптар мен шектеулер белгіленбейді.

35.

Сұрақ: Қандай брокерлермен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасауға рұқсат етіледі?




Жауап: Брокерлердің тізбесі ҚР Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz сайтында орналастырылған

36.

Сұрақ: Жария ету субъектісі брокердің қызметіне жария етілген ақша сомасы есебінен ақы төлеуге құқылы ма?




Жауап: Брокердің қызметіне ақы төлеу мәселелері шарт шеңберінде жария ету субъектісі мен брокердің шарттық қатынастарымен реттеледі.

37.

Сұрақ: Бағалы қағаздармен қанша мерзімде иелік ету қажет?




Жауап: Жария ету шеңберінде бағалы қағаздарға иелік ету мерзімі бойынша талаптар көзделмеген.

38.

Сұрақ: Рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алғаннан кейін ақшаны пайдаланылмаған ақша бөлігі болған жағдайда ақша жинақ шотына қайтарылуға жата ма?




Жауап: Иә, жатады. Ақшаны ҚР экономикасына инвестициялау талаптарына сәйкес жария ету субъектісі бағалы қағаздарды сатып алғаннан кейін 2 жұмыс күні өткен соң брокерге ақшаның пайдаланылмаған бөлігін банктегі сол жинақ шотына қайтару туралы тапсырма беруге тиіс. Брокер осы соманы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті.

39.

Сұрақ: Егер рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алу мәмілесі жасалмаған жағдайда жария ету субъектісінің/брокердің іс-әрекет қандай?




Жауап: Жария ету субъектісі, бағалы қағаздарды сатып алмаған жағдайда бағалы қағаздарды сатып алуға берілген жиырма күндік мерзім аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде брокерге ақшаны сол жинақ шотына қайтаруды жүктеуге тиіс. Брокер осы соманы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті.

40.

Сұрақ: Алпыс айлық мерзім ішінде сатып алынған бағалы қағаздарды сатқан жағдайда ақша жинақ шотына кері аударылуға жата ма?




Жауап: Жоқ, жатпайды. Мүлікті жария ету туралы заңда бұл талап көзделмеген.

41.

Сұрақ: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының топтары ұйымдарының жекешелендіру немесе активтері объектілерін сатып алудың тәртібі қандай?




Жауап: Субъектілер хабарламаны ұсына отырып, кепілді жарнаны төлеу үшін алда өтетін сауда-саттық жөніндегі хабарламада көрсетілген деректемелерге сәйкес өзінің атына жинақ шоты ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіне, Ұлттық почта операторына ақшаны аудару жөніндегі нұсқауды беруі міндетті.

42.

Сұрақ: Қор тобының жекешелендіру немесе активтері объектілерін сатып алудың растамасы ретінде не болады?




Жауап: Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісіне ақы төлеу үшін Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісін сатып алу-сату шартының көшірмесін қоса бере отырып, Қор тобының жекешелендіру немесе активі объектісін сатып алу-сату шарты

43.

Сұрақ: Жекешелендіру объектілерін сатып алғаннан кейін жинақ шотқа кепілді жарна қайтарыла ма?




Жауап: Иә, қайтарылады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде, Ұлттық почта операторында ашылған сол жинақ шотқа:

1) сауда-саттықты өтпеген деп таныған жағдайда, жария ету субъектілеріне;

2) сауда-саттыққа қатысқан, алайда ұтып алмаған жария ету субъектілеріне;

3) сауда-саттықты өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен бұрын кешіктірмей оған қатысудан жазбаша түрде бас тартқан жария ету субъектілеріне кепілді жарнаны қайтаруы тиіс.



44.

Сұрақ: Жария ету субъектісі жинақ шоты ашылған банкпен брокерлік қызметті көрсету туралы шартты жасасуға құқылы ма?




Жауап: Банкте тиісті лицензия болған жағдайда құқылы. Қызметті көрсету мен ақы төлеу талаптары жасалған шарттардың аясында банк пен жария ету субъектісінің шарттық қатынастарымен реттеледі.

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің тізбесі ҚР Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген.



45.

Сұрақ: Жария ету субъектісі рұқсат етілген бағалы қағаздарды сатып алғаны туралы банкке хабарлауы тиіс пе? Егер хабарлау қажет болса, бұл жағдайда қандай құжаттар талап етіледі?




Жауап: Жария ету субъектісінің хабарлауы қажет емес. Брокер жинақ шотынан алынған ақша есебінен бағалы қағаздарды сатып алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мәміленің күнін, сомасын және бағалы қағаздар сатып алынған нарықты көрсете отырып, бағалы қағаздардың бір жолғы сатып алынғанын растайтын брокердің бірінші басшысы қол қойған және брокер мөрінің бедерімен расталған құжатты, сондай-ақ осы жария ету субъектісінің меншік иесі құқығын растайтын құжатты банкке ұсынуы тиіс.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет