Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар


Ұлттық және діни салалардағы құқықтар мен бостандықтар және олардың кепілдіктері



бет5/11
Дата03.01.2022
өлшемі21.16 Kb.
#450920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар.

Ұлттық және діни салалардағы құқықтар мен бостандықтар және олардың кепілдіктері: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген конституциялық тұжырыммен айшықталған – көп ұлтты, саяси алуан пікірлі және көп конфессияланған қазақстандық қоғамдағы адам жағдайын бейнелейді. Ұлттық, партиялық немесе діни болмысты анықтау – ол адамның өзін-өзіне іштей ұқсастыруының нәтижесі. Мысалы, төлқұжат жеке басты куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын басты құжат болып табылады. Төлқұжатта азаматтың ұлты оның иемінің еркі бойынша көрсетіледі. Әркім өзінің қай ұлтқа, қайц партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

Дегенмен, ұлттық белгіні жеке адамның заңи мәртебесінен алу ұлтаралаық қатынас сияқты аса маңызды саладағы оның рөлін төмендету емес. Тіл мен діннің қызмет етуі, өз мәдениетін толыққанды пайдалану, ұлттық және рулық болмысындағы белгілері бойынша кемсітушілікпен күрес мәселелері мемлекетте қолданылатын заңдармен егжей-тегжейлі реттелген, ұлттық-мәдени орталықтары және Республика Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сонда-ақ әртүрлі қоғамдық берілістерді қоса алғанда мемлекеттік органдардың тұрақты назарында.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі. Онымен қоса мемлекеттік ұйымдарда жергілікті басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Тілдердің өмір сүруінің құқықтық негіздері, олардың зерделеу мен дамыту, мемлекеттің өз ауқымында қолданылатын тілдердің бәріне бірдей құрмет сезімін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау міндеттері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған Заңмен белгіленген және ынталандырады.

Қазақстан Республикасы аумағындағы заңдытүрде тұратын әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұғылықты елді мекенді өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуіне, республика азаматтарының кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

Шетел азаматары және азамттығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және өздеріне тұрғылықты мекенді қалауына таңдауға құқылы. Алайда, оларға белгілі бір тиісті шектеулер нормативтік кесімдермен белгіленген.

Қазақстанда тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдау еркіндігін шектеудің ұзақ жылдар бойғы бір нысаны – тіркеу институты болып келді, яғни қайсы бір аумақты тұру үшін арнайы рұқсат алу қажеттігі.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен бекітілген төлқұжат жүйесі жөніндегі ереже жаңа институтты – азаматтарды тіркеу институтын енгізді. Азаматтар тұрғылықты тұратын жеріне уақытша келген жеріне міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркеуді ішкі істер органдары жүргізеді.

Біздің елдің азаматтарының келіп мекендеген және тұрғылықты жерін тіркеу, олардың тұрғын үйді немесе бөліміне иелену меншігін растайтын не тұрғын бөлмені пайдалануға, оның ішінде жалдану және жалгерлік шарт бойынша пайдалануға алғандығын куәландырылатын, көзделген өзге де негіздербойынша тұрғын бөлмеге кіру құқығын растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет