Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №156 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет17/22
Дата12.06.2016
өлшемі10.35 Mb.
#129916
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Тану
      12. Тану сигналы КРМ-ның көтергіш жиілігінде таратылуы тиіс және курстық радиомаяктың негізгі функцияларына әсер етпеуі тиіс.
      13. Тану сигналы Морзе халықаралық кодымен жіберілуі және үш әріптен тұруы тиіс. Бірінші әріп "И", екіншісі мен үшіншісі – әуеайлақтың немесе ҰҚЖ-ның коды.
Бақылау
      14. Автоматтың бақылау жүйесі басқару пункттеріне ескертпе жіберуі тиіс және сәулелеудің тоқтатылуына немесе 90 және 150 Гц модуляция сигналдарының және көтергіш жиіліктің танушы құрамының алып тасталуына, немесе келесі мәндерден аспайтын уақыт ішінде төменірек санатқа өтуіне (II және III категориялар үшін) әкелуі тиіс:
      1) I санатты КРМ үшін 10 с;
      2) II санатты КРМ үшін 5 с;
      3) III санатты КРМ үшін 2 с.
      Келесі жағдайлардың кез келгені туындағанда:
      1) ҰҚЖ табалдырығына келтірілген курстың орташа сызығы ҰҚЖ-ның осьтік сызығына қатысты келесі мәндерден астам ығысқанда:
      I санатты КРМ үшін ± 10,5 м;
      II санатты КРМ үшін ± 7,5 м;
      III санатты КРМ үшін ± 6 м.
      2) КРМ-ның 3- 8-т.т. талаптарына сәйкестігі әрі қарай жалғаса берген жағдайда бір көтергіші бар КРМ үшін сәулелеу қуаты 50%-ға дейін азайғанда.
      3) екі көтергіші бар II және III санатты КРМ үшін оның әр көтергіші үшін сәулелеу қуатының 80%-ға дейін азайған кезінде. Егер КРМ-ның 3-8-т.т. талаптарына сәйкестігі әрі қарай жалғаса берген жағдайда қуатының 50%-ға дейін азайтылуына жол беріледі.
      4) ығысуға сезгіштіктің өзгеруі номиналдық мәннен 17%-дан астам болса.
      Ескертпе: басқару пункттері ретінде құрал-жабдықтың жұмысын басқаратын пункттер және әуе қозғалысын басқаратын пункттер түсініледі.
2. ILS қағидасы бойынша жұмыс істейтін ГРМ параметрлеріне
қойылатын талаптар
Радиосигнал
      1. ГРМ-нің көтергіш жиіліктен ауытқуы берілген мәндерден аспауы тиіс, олар төмендегідей:
      1) біржиіліктік маяк үшін ± 0,005%;
      2) екіжиіліктік маяк үшін ± 0,002%.
      2. Көтергіш жиіліктердің 90 және 150 Гц сигналдарымен модуляциялау тереңдігі глиссаданың ұзынабойында 40 ± 2,5% болуы тиіс.
Әрекет аймағы
      3. Көлденең жазықтықтағы әрекет ету аймағы курс сызығына қатысты сектормен оңға және солға кем дегенде 8o-ке шектелуі тиіс.
      4. Тік жазықтықтағы әрекет ету аймағы көкжиекке қатысты бұрыштармен шектелуі тиіс, олар төмендегідей:
      1) глиссададан жоғары, кем дегенде 1,75 ?;
      2) ГРМ глиссадасынан төмен, кем дегенде 0,45 ?, немесе глиссадаға кепілді енуін қамтамасыз ету үшін 0,30 ? бұрышына дейін.
      5. Қонуға кіру бағытындағы алыстығы бойынша әрекет ету аймағы кем дегенде 18 км болуы тиіс.
      Ескертпе. ГРМ-нің әрекет ету аймағы әуе кеңістігін пайдалануды шектеуге байланысты әрекет ету алыстығы бойынша шектелуі мүмкін.
      6. Әрекет ету аймағындағы өріс кернеулігі кем дегенде 400 мкВ/м
(- 95 дБВт/м) болуы тиіс және ҰҚЖ-ның табалдырығы арқылы өтетін горизонтальдік жазықтықтың үстінде I санатты ГРМ үшін 30 м биіктікке дейін, ал II және III санатты ГРМ үшін 15 м биіктікке дейін қамтамасыз етілуі тиіс.
Бұрышорындық сипаттама
      7. МТА-ның глиссададан 0,30 Ө бұрышына дейін өзгеруі жатық сипатта өтуі қажет және МТА=0,22 мәніне дейін ұлғаюы тиіс. Егер МТА 0,45 ?-тен астам бұрыштар кезінде 0,22 мәніне жетсе, онда МТА мәні тура 0,45 Ө бұрышына шейін немесе 0,30 Ө бұрышына дейін 0,22-ден кем болмауы тиіс.
Глиссада құрылымы
      8. Глиссада сызығының қисаюлары (ықтималдығы 0,95) учаскелерде мына мәндерден аспауы тиіс:
      1) I санатты ГРМ үшін әрекет ету аймағының шегінен С нүктесіне дейін 0,035 МТА;
      2) II және III санатты ГРМ үшін әрекет ету аймағының шегінен А нүктесіне дейін 0,035 МТА;
      3) II және III санатты ГРМ үшін А нүктесінен В нүктесіне дейін сызықтық заңы бойынша А нүктесіндегі 0,035 МТА мәнінен В нүктесіндегі 0,023 МТА мәніне дейін азаюы тиіс;
      4) II және III санатты ГРМ үшін В нүктесінен тіректік нүктеге дейін 0,023 МТА.
Глиссада еңкіштігінің бұрышы
      9. Номиналдыққа қатысты глиссада еңкіштігінің бұрышы I и II категориялы ГРМ үшін ± 0,075 Ө шектерінде және III категориялы ГРМ үшін ± 0,04 ? шектерінде ұсталуы тиіс.
Ығысуға сезгіштік
      10. ГРМ-ның бұрыштық ығысуға номиналдық сезгіштігі РГМ = 0,0875 мәніне төмендегі бұрыштық ығысу кезінде сәйкес болуы тиіс:
      1) орташаландырылған глиссададан төмен:
      1) I санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      2) II және III санатты ГРМ үшін (0,12 ± 0,02 ) Ө.
      2) орташаландырылған глиссададан жоғары:
      1) санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      2) II санатты ГРМ үшін (0,12 + 0,02/-0,05) Ө;
      3) III санатты ГРМ үшін (0,12 ± 0,02) Ө.
       11. ГРМ-ның бұрыштық ығысуға сезгіштігі номиналдық мәніне қатысты төмендегіден аспайтын шектерде ұсталуы тиіс:
      1) I санатты ГРМ үшін ± 25%;
      2) II санатты ГРМ үшін ± 20%;
      3) III санатты ГРМ үшін ± 15%.
       Ескертпе. Ығысуға номиналдық сезгіштік (МТА/град.) глиссаданың жартысекторының мәніне жатқызылған, 0,0875-ке тең МТА мәнімен анықталады.
Бақылау
      12. Автоматтық бақылау жүйесі басқару пункттеріне ескертпе жіберуі тиіс және I санатты ГРМ үшін 6 с-тан аспайтын уақыт ішінде, ал II и III санатты ГРМ үшін 2 с ішінде келесі жағдайлардың қайсысы болса да туындаған кезде сәулелеудің тоқтатылуын қамтамасыз етуі тиіс:
      1) глиссаданың еңкіштік бұрышы оның номиналдық мәнінен 0,075 ?-тен астам мәнге (төмен қарай) және 0,1 Ө-ден астам (жоғары қарай) ауытқығанда;
      2) ГРМ-ның 2.3- 2.8т.т. талаптарына сәйкестігі ары қарай жалғаса берген жағдайда сәулелеу қуаты 50%-ға дейін азайған жағдайда;
      3) екі көтергіштік жиілігі бар ГРМ-ды пайдаланғанда әр көтергіш жиілік үшін сәулелеу қуаты 80%-ға дейін азайғанда;
      4) ГРМ 2.3- 2.8т.т. талаптарын қанағаттандырған жағдайда екі көтергіш жиіліктері бар II және III санатты ГРМ үшін әр көтергіш жиілік үшін 80%-дан 50%-ға дейін сәулелеу қуаты азайғанда;
      5) бұрыштық ығысуға сезгіштіктің белгіленген номиналдық мәннен ±25%-дан астам мәнге өзгерген жағдайында.
3. Маркерлік радиомаяктардың параметрлері
      1. МРМ-нің көтергіш жиілігінің берілген мәннен ауытқуы 0,01%-дан аспауы тиіс (жаңадан енгіліетін МРМ үшін ± 0,005%).
      2. Модуль белгілерінің жиілік ауытқулары атаулы мән көрсеткішінен ± 2,5% аспауы керек.
      3. МРМ әрекет ету күші курс пен глиссада сызығында төмендегідей болуы тиіс:
      1) жақын МРМ-нің 300 м ± 100 м;
      2) алыс МРМ-нің 600 м ± 200 м.
      4. Әрекет ету аймағының шегіндегі өріс кернеулігі 1,5 мВ/м-ден кем болмауы тиіс.
      5. Өріс кернеулігінің МРМ әрекет күшінің шегінен оның ортасына қарай ұлғаюы ең болмағанда 3 мВ/м болуы керек.
      6. МРМ-ді тану сигналдары:
      1) жақын МРМ үшін – үздіксіз тарату секундына 6 ± 15% нүкте;
      2) алыс МРМ үшін - үздіксіз тарату секундына 2 ± 15% тире құрауы тиіс.
      7. Автоматтық бақылау жүйесі келесі жағдайларда іске қосылуы және басқару пунктіне ескертпелер жіберіп отыруы тиіс:
      1) шығу қуатының номиналдықтан 50%-дан астамға азайған кезінде;
      2) модуляциялау тереңдігінің 50%-дан астамға азайған кезінде;
      3) модуляция мен манипуляция тоқтаған кезде.
4. Қондыру радиолокаторының параметрлері
      1. ҚРЛ антеннадан кем дегенде 17 км қашықтықта азимуты бойынша кем дегенде 200 орнының бұрышы бойынша кем дегенде 7o-тық сектормен шектелетін әуе кеңістігіндегі курс сызығына және глиссадасына қатысты әрекет аймағын (тиімді шағылысу беті 15 м2 ӘК үшін табу ықтималдығы
0,9-дан жаман емес және жалған дабыл беру ықтималдығы 10-6 мәнінен аспайтын жағдайда) қамтамасыз етуі тиіс.
      2. ӘК-нің курстың номиналдық сызығынан ауытқуын анықтаудағы радиолокатор антеннасынан қашықтықтың ары кеткенде 0,6%-ын құруы тиіс оған қоса іс жүзінде ауытқуының 10% немесе 9 м (көбірек мәнін қабылдайды) құрайды.
      3. ӘК-нің курстың номиналдық сызығынан ауытқуын анықтаудағы қателік ҚРЛ антеннасынан қашықтықтың ары кеткенде 0,4%-ын құруы тиіс плюс номиналдық глиссададан іс жүзіндегі сызықтық ауытқуы, немесе 6 м-ді (көбірек мәнін қабылдайды) құрайды.
      4. ӘК-ден қону нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтаудағы қателік 30 м плюс оған дейінгі қашықтықтың 3%-ынан аспауы тиіс.
      5. Шешім қабілеті мына мәндерден кем болмауы тиіс:
      1) алыстығы бойынша 120 м;
      2) азимуты (курсы) бойынша 1,2;
      3) орнының бұрышы бойынша 0,6o.
      6. Радиолокациялық ақпараттың жаңартылып отыру мерзімі 1 с-тен аспауы тиіс.
5. Әуеайлақтық шолу радиолокаторының параметрлері (ШРЛ-А)*
      1. Шағылысу беті 15 м2 ӘК-ін табу ықтималдығы және жалған дабыл берулер ықтималдығы 10-6–дан аспайтын жағдайда әрекет ету аймағы шегінде қосымша ақпарат алу бастапқы арна бойынша 0,8-ден және екінші арнада 0,9-дан кем болмауы тиіс.
      2. ШРЛ-А әрекетінің алыстығы бастапқы арна бойынша кем дегенде
50 немесе 100 км (әуеайлақ ауданындағы ӘҚБ үшін) және 160 км (аэроторап ауданындағы ӘҚБ үшін), ал екінші арна бойынша кем дегенде 160 км болуы тиіс.
      3. АІТК-сіз ШРЛ-А бастапқы арнасының қателігі (ТШШК – тасымалды шеңберлік шолу көрсеткіші бойынша) нысанаға дейінгі қашықтықтың 2,0%-дан аспауы тиіс немесе алыстығы бойынша 150 м-ден (қайсысы көбірек болуына байланысты) аспауы және азимуты бойынша ± 20 болуы тиіс.
      4. Орташа квадраттық қателік (ОКҚ) ШРЛ-А-ның бастапқы арнасының АІТК-нің шығысында алыстығы бойынша 150 м-ден және 200 м-ден аспауы (50-100 км және 160 км әрекет алыстығына сәйкес) және азимут бойынша
0,20-тан аспауы тиіс.
      5. ОКҚ мәні ШРЛ-А екінші арнасының АІТК-нің шығысында алыстығы бойынша 200 м-ден және азимут бойынша 0,20-тен аспауы тиіс.
      6. ШРЛ-А шешуші қабілеті бастапқы арна бойынша нысанаға дейінгі қашықтықтың 1%-ынан нашар болмауы немесе 230 м-ден (көбірек мәнін қабылдайды) және азимут бойынша 7o-тен кем болмауы тиіс.
      7. ШРЛ-А әрекетінің аймағы, төмендегідей сипатталатын кеңістіктің шектерінен кем болмауы тиіс:
      Антеннадан 60 км*) қашықтықтағы нүктеге дейін антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа 0,5o бұрышпен антеннадан бастап жүргізілген сызықпен шектелген тік жазықтықтың антеннаны 360Ү айналып құрылатын кеңістік; антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа 45Ү бұрышпен антеннадан бастап жүргізілген осы тік сызықпен қиылысу нүктесінен 3000 м биіктікке дейін жоғары қарай осы нүктеден жүргізілген тік сызықтың; және антеннамен қиылысатын соңғы нүктені қосатын сызықпен құрылатын кеңістік.
      Ескертпе: 1. Тік жазықтықта әрекет аймағын бейнелейтін сұлба 1-суретте келтіріледі.
      2. ӘҚБ аэродромдық жүйелерінде пайдалануға арналатын ШРЛ-А үшін 160 км мәнін қабылдау қажет.
      8. ШРЛ-А шешуші қабілеті екінші арна бойынша (АІТК-нің шығысында) алыстығы бойынша 1000 м-ден кем болмауы және азимуты бойынша 4o-тен кем болмауы тиіс.
      9. ШРЛ-А бастапқы және екінші арналарында сигналдарды өңдеу кезінде алынған ӘК координаттық белгілері ығысуының қателіктері алыстығы бойынша 500 м-ден және азимуты бойынша 8 -ден аспауы тиіс.
      10. ШРЛ-А екінші арнасы бойынша қосымша (ұшулық) ақпаратты алу ықтималдығы кем дегенде 0,9 болуы тиіс.
      11. Радиолокациялық ақпараттың жаңартылып отыру мерзімі 6 с-тен астам болмауы тиіс.
      _____________________________________________________________
*Пайдаланудағы ШРЛ-А үшін екінші арна бойынша әрекет ету алыстығына сәйкестігі және дәлдік сипаттамаларының ПҚ талаптарына сәйкес болуына рұқсат етіледі (2 - 8-т.т.).

1-сурет.Тік жазықтықтағы ШРЛ-А әрекет аймағы (масштабта емес).
6. Жетектік радиостанцияның параметрлері
      1. Әуеайлақ ауданында ұшуды қамтамасыз ететін жетектік радиостанцияның әрекет аймағы кем дегенде 50 км болуы тиіс.
      2. Жекелеген жетектік радиостанцияның радиосәулелеуінің сипаттамалары көтергішінің үзілуінсіз А2А және А3Е кластарына сәйкес болуы тиіс. А1А класындағы радиосәулелеуге жол беріледі. Бұл ретте, тану сигналын берудің автоматтық режимі қамтамасыз етілуі тиіс.
      3. Жетектік радиостанция тану сигналы Морзе халықаралық кодымен жіберілуі тиіс.
      4. Тану сигналы тең аралықтармен минутына кем дегенде 6 рет жіберіліп отыруы тиіс.
      5. ӘК бортында алынатын курстық бұрыштар мәндерініңс әдіпқатесі ± 5Ү-тен аспауы тиіс.
      6. ЖРС жұмысын басқару, сондай-ақ оның жай-күйін көрсету қашықтан басқару және жергілікті режимдерінде жүзеге асырылуы тиіс.
      7. Радиостанцияның автоматтық бақылау жүйесі 2 с-тен аспайтын уақыт ішінде істеп тұрған аппаратура жинағын ажыратуы, қосалқы жинағын қосуы (ол бар болғанда), жинақтың (тардың) істен шығуы кезінде станцияның радиосәулелеуін тоқтатуы, сондай-ақ келесі жағдайларда басқару пункттеріндегі авариялық сигнал беруді қамтамасыз етуі тиіс:
      1) көтергіш қуатының белгіленгеннен 50%-ға азаюы;
      2) көтергіштің амплитудалық модуляция тереңдігінің 50%-дан төмен азаюы;
      3) тану сигналының жіберілуі тоқтаған кезінде қамтамасыз етуі тиіс.
7. VOR ЕЖЖ барлық жаққа бағытталған азимуттық радиомаягінің
параметрлері
      1. Азимут туралы ақпараттың әріпқатесі кем дегенде толқындардың төрт ұзындығының қашықтығында өлшенгенде, орын бұрыштарының 0-ден 40o-ына дейін, 95% ықтималдық кезінде ± 20-тен аспайтын мәнді құрауы тиіс.
      2. Жер үсті радиомаягінің VOR жүйесінің пайдалану әдіпқатесіне енгізілетін жалпы қателігі 95% ықтималдық кезінде ± 3o-тен аспайтын мәнді құрауы тиіс.
      3. Радиомаяк, 108 - 117,975 МГц жиілік аралығынан берілген жиілікте істеуі тиіс. Жұмыстық жиіліктің берілген жиіліктен ауытқуы ± 0,002%-дан аспауы тиіс.
      4. Модуляциялаушы сигналдардың жиіліктері төмендегідей болуы тиіс:
      1) көтергішасты жиілік - 9960 ± 100 Гц;
      2) "айнымалы фазасының" және "тіректік фазасының" - 30 ± 0,3 Гц -;
      3) маякті тануының - 1020 ± 50 Гц.
      5. Маяктің ӘК бортында анық, дұрыс және түсінікті танылуы, сондай-ақ маяктің негізгі навигациялық функциясының (азимут туралы ақпараттың жіберілуі) дұрыс жұмысына тану сигналының теріс әсер етпеуі қамтамасыз етілуі тиіс.
      Тану сигналы екі немесе үш әріпті пайдалана отырып Морзе кодымен және 30 ± 3 с қайталану мерзімімен жіберілуі тиіс.
      6. Автоматттық бақылау жүйесі басқару пунктіне істен шығулар туралы тиісті сигнал беруді жіберуі, сондай-ақ тіректік және айнымалы фаза сигналдарын қоспауы, немесе келесі жағдайлардың бірі туындағанда маяктің сәулелеуін толығымен тоқтатуы тиіс:
      1) тасымалды бақылау құрылғысының орнатылған нүктесінде азимут туралы мәліметтің ± 1Ү мәнінен астам өзгеруі;
      2) радиожиіліктік сигналдардың немесе көтергішасты сигналдарының жиілік кернеуі деңгейінің модуляция құрамдауыштарының, немесе жиілігі 30 Гц модуляция сигналдарының немесе олардың және басқаларының бақылау құралы орналасқан орнында 15%-ға азаюы;
      3) тану сигналының жоғалуы;
      4) бақылау аппаратурасының істен шығуы.
      7. VOR әуеайлақта орнатылған жағдайларда VOR борттық жабдығының тексеру пункті (тері) белгіленуі тиіс.
      VOR борттық жабдығын тексеру пунктіндегі азимутты анықтау әдіпқатесі ± 20-тен аспауы тиіс.
8. DМЕ жүйесіндегі алысқа өлшегіш құрал-жабдығының
параметрлері
      1. Қабылдағыш-жауап бергіштің әрекет аймағы төмендегідей болуы тиіс:
      1) VOR мен әрекеттесу кезінде VOR әрекетінің аймағынан кем болмауы;
      2) ILS пен әрекеттесу кезінде КРМ және ГРМ әрекетінің аймағынан кем болмауы тиіс.
      2. DМЕ/N қабылдағыш-жауап бергіші 960 - 1215 МГц жиілік аралығынан берілген көтергіш жиілігінде жұмыс істеуі тиіс. Жұмыстық жиіліктің берілген жиіліктен ауытқуы ± 0,002%-дан астам болмауы тиіс.
      3. Алыстықтың жауап беру радиоимпульстерінің параметрлері келесідей болуы тиіс:
      1) 0,5 деңгейіндегі импульстің ұзақтығы 3,5 ± 0,5 мкс-ке тең болуы тиіс;
      2) алдыңғы қатар 3 мкс-тен астам болмауы тиіс;
      3) артқы қатар 3,5 мкс-тен астам болмауы тиіс.
      4. DМЕ/N-нің ӘК бортындағы алыстық өлшегішінің пайдалану қатесіне енгізетін алыстықты өлшеу қатесі 150 м-ден аспауы тиіс, ал DМЕ/N-нің ILS жабдығымен әрекеттесуі кезінде (ықтималдығы 0,95 кезінде) 75 м-ден астам болмауы тиіс.
      5. «Тәуелсіз» тану сигналы минутына 6 сөз жылдамдығымен және ең болмағанда 40 с мерзімділігімен жіберілуі тиіс. Тану коды тобының жіберілуге қосылуының барынша ұзақтығы 5 с-тен аспауы тиіс, ал жіберудің бүкіл мерзімі 10 с-тен астам болмауы тиіс.
      6. DМЕ/N-нің ILS пен және ВОР мен әрекеттесуі кезінде «әрекеттесуші» тану сигналы әрекеттесуші құралдың тану кодымен үйлестірілуі тиіс.
      Әр 40-секундтық аралық 4-ке немесе одан астам тең кезеңдерге бөлінеді және DМЕ тану сигналы бір кезеңнің ішінде жіберілуі тиіс, ал әрекеттесуші құралдың тану сигналы – қалған кезеңдердің ішінде жіберілуі тиіс.
      7. DМЕ автоматтық бақылау жүйесі жинақтардың істен шығуы кезінде жұмыс істеп тұрған аппаратура жинағын ажыратуы, қосалқы жинақты іске қосуы (ол бар болғанда) және жинақтардың істен шығуы кезінде радиосәулелеуді тоқтатуы, сондай-ақ басқару пункттеріндегі авариялық сигнал беруді төмендегі жағдайларда қамтамасыз етуі тиіс:
      1) DМЕ сұрау импульстері кідірісінің өзгеруі ± 1 мкс-ке (навигация) немесе ± 0,5 мкс-ке (қону) және одан астам болғанда;
      2) бақылау құрылғысы істен шыққанда.
9. Автоматтық радиопеленгатордың параметрлері
      1. Қуаты 5 Вт борттық радиостанцияның пеленгтеу алыстығы 1000 м биіктікте 80 км-ден кем болмауы және 3000 м биіктікте 150 км-ден кем болмауы тиіс.
      2. Диспетчердің жұмыс орнындағы АРП көрсеткіші бойынша пеленгтеудің әдіпқатесі, ықтималдығы 95% кезінде 2,5 градустен (үлкен антенналық базасы бар допплерлік пеленгаторлар үшін 1,50) астам болмауы тиіс.
      3. АРП жұмысын басқару, сондай-ақ оның жай-күйін көрсету қашықтан басқару және жергілікті режимдерінде жүзеге асырылуы тиіс.
10. Ұшу алаңын шолушы радиолокациялық станцияның
параметрлері
      1. Ұшу алаңын шолудың радиолокациялық станциясы (ҰАШ РЛС) қатты төсемі бар ҰҚЖ-дағы немесе БЖЖ-дағы тиімді шағылыстырғыш беті 2 м2-ден кем емес ӘК және көлік құралдарын 0,9 ықтималдығымен анықталуын қамтамасыз етуі тиіс.
      2. Алыстық пен азимут бойынша шешім қабілеті шеңберлі шолу режимінде 2 км-лік масштабта 15 м-ден кем болмауы тиіс.
      3. ҰАШ РЛС әрекет аймағының горизонтальдік жазықтықтағы ұзақтығы оның орнатылған орнынан ең болмағанда 90-нан 5000 м-ге дейін болуы тиіс, бұл ретте, шолу бұрышы 360 градуске тең болуы тиіс.
      Радиолокатордың секторлық режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
      4. Координаттарды өлшеу қателігі төмендегі мәндерден аспауы тиіс:
      1) алыстығы бойынша 10 м (аналогтық көрсеткіш);
      2) азимуты бойынша 0,2o.
      5. Автоматтық бақылау жүйесі РЛС жұмыс қабілеттілігінің бақылауын қамтамасыз етуі және басқару пунктіне оның техникалық жай-күйі туралы ақпарат жіберіп тұруы тиіс.
11. Электр байланысы құралдарының параметрлері
      1. Әуе радио байланысы қабылдағыш-жауап бергіш жабдық 118 - 137 МГц диапазонынан берілген көтергіш жиілікте жұмыс істеуі тиіс. Бұл ретте, көтергіш жиіліктер торының қадымы 8,33 кГц немесе 25 кГц болуы тиіс. Берілген жиіліктен ауытқуы 8,33 кГц жиілік торы үшін ± 0,0001%-дан, ал 25 кГц жиілік торы үшін ± 0,002%-дан аспауы тиіс.
      2. Толқындық кедергісі 50 Ом антенналы-фидерлік құрылғыға (АФҚ) бейімделген таратқыштың қуаты кем дегенде 5 Вт болуы тиіс.
      3. Таратушы және қабылдаушы байланыс құрылғыларының АФҚ жүгіргіш толқынының коэффициенті кем дегенде 0,5 болуы керек.
      4. Таратылатын дауыс хабарларының жиіліктік диапазоны 25 кГц қадымды жиіліктер торы үшін 300 - 2700 Гц және 8,33 кГц қадымды жиілік торы үшін 300 - 2500 Гц болуы тиіс.
      5. Көтергіштің дауыстық сигналмен амплитудалық модуляциялануының тереңдігі кем дегенде 85% (А3Е кластық радиосәулелену) болуы тиіс.
      6. Қабылдағыштың сезгіштігі оның шығысындағы сигнал/шуыл қатыстығының 5 дБВ-ге тең болған кезінде 3 мкВ-дан кем болмауы тиіс.
      7. 600 Ом-ға тең қабылдағыш жүктемесіндегі ТЖ сигналдың деңгейі 0,25 - 1,5 В шектерінде болуы тиіс.
12. Объективтік бақылау құралдарының параметрлері
      1. Объективтік бақылау құралдары нақты уақыт масштабында кем дегенде 2 арна жазбаларының бір мезгілдегі тыңдалуын қамтамасыз етуі тиіс.
      2. Әр арна бойынша уақыттың қабаттасуы жазбаның бір алынбалы тасымалдағыштан екіншісіне ауысқан кезінде кем дегенде 5 минут болуы тиіс.
      3. Дыбыс ақпаратын жазу және шығарып тыңдау 300 - 3400 Гц жиіліктер аралығында жүргізілуі тиіс.
      4. Арнаның сигнал/шуыл қатыстығы кем дегенде 38 дБ болуы тиіс.
      5. Көрші арналар арасындағы өтпелік өшуі кем дегенде 38 дБ болуы тиіс.
13. ЖБТС (GBAS) параметрлері
      1. Қонуға кіруді қамтамасыз ету кезінде ЖБТС (GBAS) әрекет аймағы кем дегенде:
      1) бүйірлік бағытта – ҰҚЖ табалдырығынан (глиссаданың тіректік нүктесінде) басталатын аймақтан, ҰҚЖ өсінен әр жағына қарай 140 м бастапқы енімен, қонуға кірудің соңғы кезеңі бағытының әр жағынан ± 35Ү бұрышпен кеңейіп, 28 км-ге дейін және ± 10Ү бұрышпен 37 км-ге дейін;
      2) тік бағытта – үстінен 7Ү немесе 1,75 q бұрышпен шектелген бүйірлік аймақтың шектеріндегі, глиссаданың горизонтальдік жазықпен айқасатын нүктесінде басталатын және ҰҚЖ табалдырығынан өтетін кеңістікпен, және астынан глиссадаға кепілді ену үшін қажетті, горизонтқа қатысты 0,45 q бұрышпен 0,30 q бұрышына дейін құрауы тиіс.
      ЖБТС (GBAS) әрекет аймағы сондай-ақ, ҰҚЖ табалдырығына қатысты
30 м-ден 3000 м-ге дейінгі шектерде болуы тиіс.
      2. Кеңістіктегі орнын анықтау дәлдігі 0,95 ықтималдығымен әр қонуға кіруді үшін:
      1) көлденең жазықтықта 16 м-ден;
      2) тік жазықтықта 6 м-ден кем болмауы тиіс.
      3. Сигнал берудің іске қосылу шектері:
      1) көлденең жазықтықта (Д) алыстық учаскелерінде ары кеткенде:
      2) ҰҚЖ табалдырығынан 7500 м-ден астам қашықтықтарда - 69,15 м-ді;
      3) (Д) қашықтықтарында 7500-ден 873 м-ге дейінгі шектерде – (0,0044 Д + 36,15) м-ді;
      4) 873-тен 291 м-ге дейінгі қашықтықтарда – 40 м-ді;
      5) тік жазықтықта (Д) алыстық учаскелерінде ары кеткенде:
      6) ҰҚЖ табалдырығынан 7500 м-ден астам қашықтықтарда - 43,35 м-ді;
      7) (Д) қашықтықтарында 7500-ден 873 м-ге дейінгі шектерде – (0,09596 Н + 4,15) м-ді;
      8) 873-тен 291 м-ге дейінгі қашықтықтарда – 10 м-ді құрауы тиіс.
      4. Көтергіш жиіліктің ЛБТС (GBAS) деректерін таратудың берілген жиілігінен ауытқуы ± 0,0002 %-ды құрауы тиіс.
      5. Әрекет аймағының шектеріндегі өріс кернеулігі кем дегенде 215 мкВ/м және ары кеткенде 0,350 В/м болуы тиіс.
      6. ЖБТС-тың (GBAS) жалған алыстық дифференциалдық түзетуі үшін сигнал беру шегінің орташа квадраттық мәндері ары кеткенде GPS үшін 0,4 м және ГЛОНАСС үшін 0,8 м-ден аспауы тиіс.
      7. ЖБТС-тың (GBAS) дифференциалдық деректерін тарату жиілігі кем дегенде 2 Гц болуы тиіс.
      8. ЖБТС (GBAS) 6 с-тен аспайтын уақыт ішінде авариялық сигнал берілуін қамтамасыз етуі тиіс:
      1) бүтіндігі, үздіксіздігі немесе әзірлігі жоғалғанда;
      2) сәулелеу қуаты 80%-ға дейін азайғанда.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
53-қосымша
ЖЕРҮСТІ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
      1. Жүйе, бақылау режимінде әуеайлақтың жұмыстық ауданының шектерінде мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
      1) 1 с-тен аспайтын жаңарту мерзімділігімен ӘК, көлік құралдары мен объектілер/кедергілер туралы ұстанымдық ақпаратты қамтамасыз етуі және жылжу бағытын анықтап отыруы тиіс. Ұстанымдық ақпараттың ұсынылатын дәлдігі орналасуы бойынша радиусы 7,5 м ауданға және жылжу бағыты бойынша ± 10-ке сәйкес болуы тиіс. Егер де жүйе әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін пайдаланылса, ӘК ұшуының биіктігін анықтаудың ұсынылатын дәлдігі ± 10 м-ді құрайды;
      2) IIIВ санатты жағдайында ҰҚЖ-ға 15-тен немесе әуеайлаққа 20-дан аспайтын (ұшып-көтерілулер немесе қонулар) операцияларының орташа сағаттық санын қамтитын әуеайлақтардағы перрондардан басқа, 3 с-тен аспайтын уақыт ішінде ӘК-нің және көлік құралдарының сәйкестендіруін, таңбалауын және ілеспелеуін қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескертпе. Берілген сипаттамаларға жетуі үшін ҰАШ РЛС-ның жеткіліксіздігі жағдайында қосымша ақпарат көздері пайдаланылады деп болжанады.
      2. Бақылау, келіп қонып жатқан ӘК-ін жүйенің (бар болғанда) өңдеу процесіне, енгізу мүмкіндігін және әуеайлақтағы қозғалысты реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалысын бақылаудың және әуеайлақтағы жер үсті қозғалысын бақылаудың арасындағы жатық ауысу қамтамасыз етілуі тиіс.
      4. ЖҚБ АЖ көлік құралдарының және арнайы техниканың ӘК қозғалысының аймақтарына және пайдаланылуы шектелген немесе қарастырылмаған аймақтарға басып енгенін дереу байқап табуы тиіс.
      Аталған аймақтарда кез келген объектілерді табу және олардың орнын көрсетіп отыру ұсынылады.
      5. Бағдарлаудың қолмен басқарылатын немесе автоматтық режимінде жүйе:
      1) әуеайлақтың жұмыстық шектерінде (осы қағидалардың 254 және 256-т.т. қарастырылған ерекше жағдайларда маневрлер орындау ауданында) қозғалыс маршруттарын белгілеуге рұқсат етуі;
      2) межелі пунктін уақыттың кез келген сәтінде өзгерту мүмкіндігін қарастыруы;
      3) қозғалыс бағдарынын өзгерту мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
      6. Автоматтық бағдарын режимінде жүйе сондай-ақ:
      1) қозғалыс бағдарын тағайындауы;
      2) істен шығу жағдайларында немесе ӘҚБ қарауы бойынша қолмен басқаруға кірісу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барабар ақпарат ұсынуы тиіс.
      Ескертпе. Автоматтық бағдарын режимі IIIВ санатының жағдайында ҰҚЖ-да 15 және одан астам, ал әуеайлақта 20 және одан астам операциялардың орташа сағаттық саны кезінде пайдаланылады деп болжанады.
      7. Басқару режимінде жүйе:
      1) әуе кемелері мен көлік құралдарының барлық белгіленген маршруттарын пайдалану;
      2) БЖЖ осьтік желісі оттары учаскелерінің қолмен (ҰҚЖ-ға 15 немесе әуеайлаққа 20 операциялар саны келетін жағдайда) немесе автоматтық түрде қосылып ажыратылу;
      3) маршруттың кез келген уақыт сәтінде өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      8. Бақылау режимінде жүйе:
      1) ескертпелер беруі, даулы жағдайларды анықтауы және оларды шешу бойынша ақпаратпен қамтамасыз етуі;
      2) ҰҚЖ-ға келетін операцияларының орташа сағаттық саны IIIВ санатты жағдайында 15 және одан астам немесе әуеайлақ үшін 20 не одан астам болатын әуеайлақтардағы қозғалысы кезінде бойлық аралықтар туралы ақпаратты қамтамасыз етуі;
      3) IIIВ санаты жағдайында пайдаланылатын ҰҚЖ-ға және бұру-жылжу жолдарына рұқсатсыз шығулар туралы ескертпелер беруге;
      4) дағдарыс аймақтарына басып енулер туралы ескертпелер беруге;
      5) қолмен басқарылатын немесе автоматтық режимде тоқта-оттарының көмегімен ҰҚЖ-ын және IIIВ санаты жағдайында пайдаланылатын бұру-жылжу жолдарын қорғау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының
(тікұшақ айлақтарының) пайдалануға
жарамдылығының нормаларына
54-қосымша

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет