Азаматтық авиация саласындағы 2010 жылғы 4-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылғы 1-тоқсанның міндеттері туралы ақпарат



Дата29.02.2016
өлшемі193.78 Kb.
#29927



Азаматтық авиация саласындағы 2010 жылғы 4-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылғы 1-тоқсанның міндеттері туралы ақпарат
2010 жылы Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайын қайта жаңарту аяқталды (жобаның жалпы құны – 7,1 млрд. теңге. Қаржыландыру көзі – республикалық бюджет).

Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын қайта жаңарту жобасын іске асырылуда (жобаның жалпы құны - 8,3 млрд.теңге. Қаржыландыру көзі – республикалық бюджет).

Тартылған және өз қаражаттары есебінен Ақтау қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жалғасуда. Осы жобаны 2011 жылы аяқтау жоспарлануда (жоба концессия негізінде іске асырылуда, концессионер – «АТМ-групп» компаниясы).

Таяу және алыс шетел қалаларына жаңа халықаралық әуе желілерін ашу, сондай-ақ ішкі облыстық және жергілікті әуе желілерінде ұшу географиясын кеңейту жоспарланып отыр.

Азаматтық авиация комитеті бойынша 2010 жылға бөлінген қаржылар көлемі 6 639 913 мың теңгені құрайды, 2010 жылғы игеру - 6 460 952,30 мың теңге немесе 97,3%, игерілмегені - 178 960,7 мың теңге.

«Ішкі тұрақты авиатасымалдарды субсидиялау» 019 бағдарламасы бойынша жылдық сома 881 489 мың теңгені құрайды, игеру - 877 415,3 мың теңге немесе 99,5 %. «Эйр Астана» АҚ Петропавл қаласы әуежайының әуе кемелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша авиакомпания қойған талаптарға сәйкессіздігі себебінен 8 желтоқсаннан бастап Астана-Петропавл-Астана рейстерін тоқтатуына байланысты 4 073,7 мың теңге игерілмеді.

«Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамыту» 006 бағдарламасы бойынша «Ішкі көздер есебінен жобаларды іске асыру» 005 ішкі бағдарламасында жоспардағы 5 476 206 мың теңге бойынша игеру - 5 476 205,4 мың теңге немесе 100 %.

«Қызылорда қаласы Қорқыт ата әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және сервистік және әуеайлақтық арнайы техникамен қайта жарақтау» жобасы бойынша жоспардағы 3 871 546,0 мың теңге бойынша игеру - 3 871 546,0 мың теңге немесе 100 %.

«Көкшетау әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту» жобасы бойынша жоспардағы 1 604 660,0 мың теңге бойынша игеру - 1 604 659,4 мың теңге немесе 100 %.

2011 жылғы міндеттер

- Көкшетау қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағын және аэровокзалын (4186, 48 млн. теңге, РБ) және өз қаражаттары есебінен Ақтау қаласы әуежайының ҰҚЖ қайта жаңарту жүргізіледі (4817,6 млн. теңге, займ қаражаттарын тарту).

- Қазақстандық авиакомпанияларды Еурокомиссияның «қара тізімінен» шығару бойынша одан әрі жұмыс атқару.

2011 жылға 921,1 млн. теңге сомаға тұрақты ішкі авиатасымалдарды субсидиялау бойынша шығындар қолдау тапты (маршруттар бойынша: Астана - Семей – Астана, Астана-Жезқазған-Астана, Астана-Петропавл-Астана, Астана-Павлодар-Астана, Қарағанды - Қызылорда – Қарағанды, Алматы – Көкшетау – Алматы, Қарағанды – Өскемен – Қарағанды, Алматы – Тараз – Алматы).

«Эйр Астана» АҚ

Әуе кемелерінің паркі:

2010 жылғы ақпанда Қазақстанның батысында өңірлік бағыт желісін кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Fokker 50 бір әуе кемесі алынды.

2010 жылдың соңында әуе кемелері паркі 22 бірліктен құралды: 2 x

Boeing 767, 4 x Boeing 757,10 x шығарылымы Airbus 320, 6 x Fokker 50.

2011 жылы қосымша 4 әуе кемесін алу жоспарлануда: 3 x Embraer 190 және 1 Boeing 757.

Маршруттық желілер:

«Эйр Астана» АҚ-тың ұшу географиясы кеңейтілуде. 2010 жылы 5 жаңа халықаралық маршрут ашылды:

Алматы – Үрімші, 1 шілдеден бастап 5 жиілік;

Алматы – Душанбе, 21 қарашадан бастап аптасына 3 жиілік,

Алматы – Ташкент, 2 желтоқсаннан бастап аптасына 3 жиілік;

Алматы – Санкт - Петербург, 2 желтоқсаннан бастап аптасына 2 жиілік;

Астана - Екатеринбург, 8 желтоқсаннан бастап аптасына 3 жиілік.

Ішкі бағыттарда мынадай жаңа маршруттар ашылды: Атырау – Орал және Атырау – Ақтөбе.



Негізгі операциялық көрсеткіштер:

Тасымалданатын сыйымдылықтың болжамды өсімі 7 455 млн. шекті жолаушы километрді құрады, бұл 2009 жылғы аналогиялық көрсеткіштен 4 % жоғары. Тасымалданған жолаушылардың болжамды саны 2 555 090 адамды құрады, бұл өткен жылдың аналогиялық кезеңімен салыстырғанда 16 % жоғары. Есепті кезеңде тиелімнің орташа коэффициенті 68% құрады, бұл өткен жылдың аналогиялық кезең көрсеткішінен жоғары.

Мемлекеттік бюджетке төлемдер:

«Эйр Астана» АҚ 2002 жылдан 2010 жылға дейінгі (2010 ж. қаңтар-қараша) қызметінің бүкіл кезеңінде мемлекеттік бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер түрінде шамамен 198,2 млн. АҚШ долларын төледі, бұл табысты мемлекеттік салым екендігін айғақтайды (компания құру кезінде 8,5 млн. АҚШ долл.).



Пилоттарды алғашқы оқыту бағдарламасы

«Эйр Астана» АҚ қазақстандық нарықтағы ұшу мамандарына деген өткір тапшылық мәселесін шешу мақсатында Ab-initio алғашқы даярлау бағдарламасы бойынша пилоттарды кәсіби оқытуға көшті. Бағдарлама 2008 жылдың ортасында бастау алды және қазіргі уақытта 41 курсант оқуға кірісті. Оқыту Уотерфорд, Ирландия және Мельбурн қалаларында, АҚШ-та курсанттарды даярлау орталықтарында жүргізілуде. Алғашқы 12 түлек бітіріп шықты, олардың төртеуі Эрбас үлгісіндегі әуе кемелерінде ұшып жүр. 2011 жылдан бастап компания жыл сайын 60 курсантты оқытуды жоспарлап отыр.



EASA 66-бөлім лицензиясын алатын инженерлерді оқыту бағдарламасы

Бағдарлама 2010 жылы наурызда техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша әлемдегі көшбасшы ATC Lasham-мен әріптес болумен бастау алды, ол EASA 145-бөлім (техникалық қызмет көрсету) және 147-бөлім (оқыту) стандарты бойынша сертификатталған.

Оқыту бағдарламасы 2 кезеңнен тұрады: теория мен практика. Теорияны оқыту EASA 147-бөлім сатндарты бойынша аккредиттелген Бристоль қаласының колледжі базасында жүргізіледі. Практикалық оқыту ATC Lasham базасында жүргізіледі.

Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша 4 инженер білім алуда, олар Қазақстандағы осындай жоғарғы деңгейдегі лицензиясы бар алғашқы инженерлер болады.



Инженерлік – техникалық қамтамасыз ету

Ағымдағы жылғы қыркүйекте «Эйр Астана» авиакомпаниясы Ұлыбритания авиациялық билігі жүргізген аудиттен табысты өтті, бұл олардың жоғары халықаралық талаптарға сәйкестігін растады. Авиакомпания өз күшімен атқарылатын техникалық жұмыстар спектрін кеңейтуді жалғастыруда және өңірде алдыңғы қатарлы техникалық орталық құру жөніндегі авиакомпания жоспарының бөлігі болып табылатын техникалық қызмет көрсетудің ірі нысандары бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі желілік қызмет көрсетуден таяу арадағы жоспарларға дейінгі техникалық жұмыс көлемдерін нық түрде өсіруде. Мысалы, ағымдағы жылы өз цехтарын ашты: қирамайтын бақылау цехы, металл өңдеу, доңғалақ және аккумулятор цехтары. Тежегіштерге қызмет көрсету жөніндегі цехтың ашылуы 2011 жылғы қыркүйекке жоспарланған.

«Эйр Астана» АҚ ТМД-дағы EASA стандарттары бойынша сертификатталған техникалық орталығы, бір орында шоғырланған қызмет көрсетулері бар жалғыз компания болады және басқа авиакомпанияларға тиісті техникалық қызметтер көрсете алады.

Сонымен, авиакомпания 2011 жылдың соңына дейін Эрбас үлгісіндегі әуе кемелерінде және 2012 жылдың соңына дейін Эмбраер үлгісіндегі әуе кемелерінде С-чеканы жеке орындауды бастауды жоспарлайды.



Жердегі қызмет көрсету:

Рейске тіркелудің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу:

Алматы, Павлодар, Ақтау және Шымкент әуежайларынан басқа барлық әуежайларда 2D штрих-кодымен отырғызу талондары үшін сканерлер енгізілді. Осы қағазсыз технология отырғызу кезінде қалыптасатын кезекті қысқартуға мүмкіндік береді, адам факторынан болатын қателерді жояды, сондай-ақ ұялы телефондағы отырғызу талондарын есептеуге мүмкіндік береді. Ұялы телефон арқылы тіркеуді енгізу 2011 жылдың бірінші жартысына жоспарланған. Өздігінен тіркелу киоскілерін енгізу мәселесі қарастырылуда. Алматы және Атырау әуежайларында Эйр Астананың барлық рейстерінде жолаушылар мен багажды тіркеудің толассыз рәсімі енгізілді.

Ақтауда Қазақстанда бірінші бизне-класс жолаушылары мен Nomad Club алтын карталарын иеленушілер үшін Эйр Астананың күту залы ашылды.

Рейстердің кешігуі жөнінде хабардар ететін SMS бағдарламасы енгізілді.

Компанияның қызметіне әсер ететін негізгі сыртқы факторлар және тәуекелдер:

Ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың мемлекеттік жүйесін ИКАО стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігі, сондай-ақ ҚР Азматтық авиация комитетінің Түзету шаралар жоспарын ИКАО анықтаған сәйкессіздіктерді жою мақсатында іске асыру.

Қазақстандық әуежайларда, әсіресе базалық Алматы қаласының әуежайында инфрақұрылымның баяу дамуы мен жаңғыртылуы. Алматы қаласы әуежайының шектелген транзиттік қуаты.

2011 жылғы негізгі міндеттер:

Қазақстандық авиакомпанияларды Еуроодақтың «қара тізімінен» шығарумен байланысты мәселелер жөнінде ҚР Азаматтық авиация комитетімен одан әрі ынтымақтастық ету;

ТМД-ға жаңа маршруттарды дамыту;

Әуе кемелерінің паркін кеңейту;

Embraer 190 әуе кемелерінің паркін енгізу;

Airbus концернімен 2008 жылы мамырда жасалған сату-алу шарты бойынша алынған Airbus 320 әуе кемелерін сатып алуды қаржыландыру;

Техникалық қызмет көрсету жөніндегі авиакомпанияның мүмкіндіктерін одан әрі дамыту: әуе кемелерінің тежегіштеріне қызмет көрсету бойынша цех ашу.

Пилоттардың алғашқы оқыту бағдарламасына одан әрі қолдау көрсету.



«Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК

2010 жылдың қорытындысы бойынша:

Кәсіпорын пилоттарды алғашқы даярлау жөніндегі оқу процесін жоғары оқу орындарының бағдарламасымен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларымен үйлестіруге бағыттайды.

171 ұшу ауысымы өткізілді, жалпы ұшу 1988 сағатты құрайтын 9324 ұшу орындалды.

Пилоттарды даярлау теориялық даярлық пен практикалық ұшу курсынан тұрады.

Теориялық білім алған 75 курсанттың 25-і жердегі даярлықты, практикалық білім алуды табысты аяқтады және орташа ұшу 40 сағатты құрайтын өздігінен ұшулар орындады.

Кәсіптік білім жүйесін ұлттық экономика қажеттіліктеріне сәйкес келтіруге мүмкіндік беруші өзара әрекет етудің «мемлекет - оқу мекемесі – жұмыс берушілер» жаңа моделін іске асыру мақсатында кәсіпорында, соның ішінде басқа ведомстволардан 4 маман даярлықтан, қайта даярлықтан өтті және ұшқыш-инструктор ретінде енгізілді.

2011 жылғы міндеттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысымен бекітілген 2010-2011 оқу жылына білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын сапалы орындауға бағытталған.

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 301 бұйрығына сәйкес осы қаулыны іске асыру мақсатында кәсіпорын «Қозғалысты басқару және әуе көлігін пайдалану» мамандығы: біліктілігі «Пилот» 25 адам және біліктілігі «Техник-механик» 50 адам болатын 9-сынып негізінде 75 адам даярлау үшін білім беру тапсырысын алды.



«Қазаэронавигация» РМК

2010 жыл қорытындысы бойынша

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйе орталықтарын дамыту (бұдан әрі - ӘҚБ АЖ)

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ дамыту:

Алматыда жаңа ӘҚБ АЖ енгізу үшін Алматы әуежайында ӘҚБ АЖ орталығының ғимараты (2010-2011жж.) салынуда және Алматы қаласында ӘҚБ АЖ іске қосуды реттеу жұмыстарын қоса алғанда жабдықты сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз ету, Астана және Ақтөбе қалаларының, «Вышка» әуе қозғалысын басқарудың алыста орналасқан пункттерін қоса алғандағы ӘҚБ АЖ орталықтарын жаңғырту (2010-2012 жж.).

Әуе қозғалысын жоспарлау жүйесін және ғимаратты технологиялық жабдықпен жарақтау арқылы AFTN хабарландыруларды коммутациялау орталығын орналастыру үшін БДП ғимаратын (2009-2011 жж.) салу;

Спутниктік навигацияда орналасқан RVSM процедураларын (2010-2011), АЗН-В технологиясын «Қазаэронавигация» РМК әуе қозғалысын басқару жүйелері мен жұмыс орындарына енгізу бойынша жұмыстарды бастау (2010-2012жж.).

Навигациялық тірек пункттер желісін құру (НТП).

«Бейнеу» навигациялық тірек пунктінде құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталды. «Балқаш» навигациялық тірек пунктінде позицияларды радиолокациялық, навигациялық және байланыс жабдығымен жоспарланған жарақтау бойынша құрылыс жұмыстары (2010-2011 жж.) жүргізілуде. Жобаларды 2012 жылы аяқтау жоспарлануда.



Навигация және бақылау жүйелерінің аэронавигациялық кешенін дамыту.

Жезқазған, Семей, Қызылорда, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай, Ақтөбе қалаларында радиолокациялық бақылау кешендерін сатып алу және іске қосуды реттеу жұмыстары бойынша жобалар орындалды.

Ақтөбе қаласында Мк306 болатын ILS отырғызу жүйесін орнату бойынша жобалық жұмыстар орындалды.

Авиациялық электрбайланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының әуеайлақ аймағында диспетчерлер пунктінің дауыстық байланыстың сандық коммутаторлар желісін (VCS) кеңейту.

Семей және Қарағанды қалаларында БДП ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту жобалары іске асырылды, олардың шеңберінде ВОЛС оптикалық-талшықты байланыс учаскелері салынған.



WGS-84 дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу.

ҚР азаматтық авиациясында WGS-84 енгізу бойынша геокеңістіктік мәліметтерді алудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолданудың жұмыс жобасы әзірленді.

2011 жылдың бірінші тоқсаны бойынша міндеттер:

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйе орталықтарын дамыту (ӘҚБ АЖ)

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ дамыту:

Алматы қаласындағы ӘҚБ АЖ жарақтау арқылы Алматы әуежайында ӘҚБ АЖ орталығының ғимаратын (2010-2011жж.) салуды жалғастыру және Астана және Ақтөбе қалаларының, «Вышка» әуе қозғалысын басқарудың алыста орналасқан пункттерін қоса алғандағы ӘҚБ АЖ орталықтарын жаңғырту (2010-2012 жж.).

Әуе қозғалысын жоспарлау жүйесін және AFTN хабарландыруларды коммутациялау орталығын орналастыру үшін БДП ғимаратын салуды аяқтау (2009-2011 жж);

Спутниктік навигацияда орналасқан RVSM процедураларын (2010-2011), АЗН-В технологиясын әуе қозғалысын басқару жүйелеріне енгізу (2010-2012 жж.).

"Синтез-Т" диспетчерлік тренажерын жүйелік тренажерлық кешені деңгейіне дейін жаңғырту. Ақтөбе қаласының ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту.

Астана қаласында ӘҚБ АЖ орталығын дамыту - әуеайлақ аймағының алыстағы диспетчерлік пункттерін ӘҚБ АЖ жабдығымен жарақтауды қоса алғанда, ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңғырту.

Навигациялық тірек пункттер желісін құру (НТП).

«Бейнеу» навигациялық тірек пунктін радиолокациялық кешенмен (РЛК) және VOR/DME радиомаягымен жарақтау.

«Балқаш» навигациялық тірек пунктінің позициясында (2010-2011жж.) позицияларды кейінгі радиолокациялық, навигациялық және байланыс жабдықтарымен жарақтау арқылы құрылыс-монтаждық жұмыстарды жалғастыру.

Навигация және бақылау жүйелерінің аэронавигациялық кешенін дамыту.

Радиолокациялық позицияларды жобалау және құрылыс-монтаждық жұмыстар, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларына радиолокациялық кешендерді сатып алу.

Өскемен қаласында DVOR/DME форматты азимуттық-алыс өлшерлі радиомаякты орнату үшін позицияны дайындау бойынша ҚМЖ.

Жезқазған, Павлодар, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Алматы қалаларын ILS отырғызу жүйелерімен бірлесіп жұмыс істейтін DME/N алыс өлшерлі отырғызу жабдығын орнату.


Авиациялық электр байланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Тараз және Қызылорда қалаларының БДП-ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту.

Тараз, Балқаш, Қостанай және Қызылорда қалаларының филиалдарында «Вышка» ДП позициясында DENRO STVS үлгісіндегі авиадиспетчерлердің жұмыс орындарын диспетчерлік байланыс коммутаторларымен жарақтау.

WGS-84 дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу.

WGS-84 енгізу жобасын іске асыру.



Екінші тоқсандағы міндеттер:

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйе орталықтарын дамыту (ӘҚБ АЖ).

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ дамыту:

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ жарақтау арқылы Алматы әуежайында ӘҚБ АЖ орталығының ғимаратын (2010-2011жж.) салуды жалғастыру және Астана және Ақтөбе қалаларының, «Вышка» әуе қозғалысын басқарудың алыста орналасқан пункттерін қоса алғандағы ӘҚБ АЖ орталықтарын жаңғырту (2010-2012 жж.).

Әуе қозғалысын жоспарлау жүйесін және AFTN хабарландыруларды коммутациялау орталығын орналастыру үшін БДП ғимаратын технологиялық жабдықпен жарақтау;

Спутниктік навигацияда орналасқан RVSM процедураларын (2010-2011), АЗН-В технологиясын әуе қозғалысын басқару жүйелеріне енгізу (2010-2012 жж.).

"Синтез-Т" диспетчерлік тренажерын жүйелік тренажерлық кешені деңгейіне дейін жаңғырту. Ақтөбе қаласының ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту.

ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңғырту.

Астана қаласында ӘҚБ АЖ орталығын дамыту - әуеайлақ аймағының алыстағы диспетчерлік пункттерін ӘҚБ АЖ жабдығымен жарақтауды қоса алғанда, ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңғырту.



Навигациялық тірек пункттер желісін құру (НТП).

«Бейнеу» навигациялық тірек пунктін радиолокациялық кешенмен (РЛК) және VOR/DME радиомаягымен жарақтау.

«Балқаш» навигациялық тірек пунктінде ҚМЖ аяқтау.

Навигация және бақылау жүйелерінің аэронавигациялық кешенін дамыту.

Радиолокациялық позицияларды жобалау және Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларына радиолокациялық кешендерді сатып алуды жалғастыру.

Өскемен қаласында DVOR/DME форматты азимуттық-алыс өлшерлі радиомаякты орнату үшін позицияны дайындау бойынша ҚМЖ аяқтау.

Жезқазған, Павлодар, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Алматы қалаларын ILS отырғызу жүйелерімен бірлесіп жұмыс істейтін DME/N алыс өлшерлі отырғызу жабдығын орнату.


Авиациялық электр байланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Тараз және Қызылорда қалаларының БДП-ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту.

Тараз, Балқаш, Қостанай және Қызылорда қалаларының филиалдарында «Вышка» ДП позициясында DENRO STVS үлгісіндегі авиадиспетчерлердің жұмыс орындарын диспетчерлік байланыс коммутаторларымен жарақтау.

Ақтөбе қаласында Мк306 арқылы ILS отырғызу жүйесі үшін позицияларды ҚМЖ.



Авиациялық электр байланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Тараз және Қызылорда қалаларының БДП-ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту.

Тараз, Балқаш, Қостанай және Қызылорда қалаларының филиалдарында «Вышка» ДП позициясында DENRO STVS үлгісіндегі авиадиспетчерлердің жұмыс орындарын диспетчерлік байланыс коммутаторларымен жарақтау.

WGS-84 дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу.

WGS-84 енгізу жобасын іске асыру.



Үшінші тоқсандағы міндеттер:

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйе орталықтарын дамыту (ӘҚБ АЖ).

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ дамыту:

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ жарақтау арқылы Алматы әуежайында ӘҚБ АЖ орталығының ғимаратын (2010-2011жж.) салуды жалғастыру және Астана және Ақтөбе қалаларының, «Вышка» әуе қозғалысын басқарудың алыста орналасқан пункттерін қоса алғандағы ӘҚБ АЖ орталықтарын жаңғырту (2010-2012 жж.).

Әуе қозғалысын жоспарлау жүйесін және AFTN хабарландыруларды коммутациялау орталығын орналастыру үшін БДП ғимаратын жарақтау;

Спутниктік навигацияда орналасқан RVSM процедураларын (2010-2011), АЗН-В технологиясын әуе қозғалысын басқару жүйелеріне енгізу (2010-2012 жж.).

Ақтөбе қаласының ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту.

Астана қаласында ӘҚБ АЖ орталығын дамыту - әуеайлақ аймағының алыстағы диспетчерлік пункттерін ӘҚБ АЖ жабдығымен жарақтауды қоса алғанда, ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңғырту.

Навигациялық тірек пункттер желісін құру (НТП).

Радиолокациялық позицияларды жобалау және Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларына радиолокациялық кешендерді сатып алу.

АРП позицияларын ҚМЖ жобалары, Павлодар, Қостанай, Балқаш, Өскемен қалаларына АРП сатып алу.

Өскемен қаласында позицияны DVOR/DME форматты радиомаякпен жарақтау.

Аягөз, Көкшетау қалаларын VOR/DME жарақтау бойынша жобалар. Жезқазған, Павлодар, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Алматы қалаларын ILS отырғызу жүйелерімен бірлесіп жұмыс істейтін DME/N алыс өлшерлі отырғызу жабдығын орнату.

Ақтөбеде Мк306 -мен ILS орнату үшін позицияның ҚМЖ.



Авиациялық электр байланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Тараз және Қызылорда қалаларының БДП-ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту.

Тараз, Балқаш, Қостанай және Қызылорда қалаларының филиалдарында «Вышка» ДП позициясында DENRO STVS үлгісіндегі авиадиспетчерлердің жұмыс орындарын диспетчерлік байланыс коммутаторларымен жарақтау.

WGS-84 дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу.

WGS-84 енгізу жобасын іске асыру.



Төртінші тоқсандағы міндеттер:

Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйе орталықтарын дамыту (ӘҚБ АЖ).

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ дамыту:

Алматы қаласының ӘҚБ АЖ жарақтау арқылы Алматы әуежайында ӘҚБ АЖ орталығының ғимаратын (2010-2011жж.) салуды жалғастыру және Астана және Ақтөбе қалаларының, «Вышка» әуе қозғалысын басқарудың алыста орналасқан пункттерін қоса алғандағы ӘҚБ АЖ орталықтарын жаңғырту (2010-2012 жж.).

Әуе қозғалысын жоспарлау жүйесін және AFTN хабарландыруларды коммутациялау орталығын орналастыру үшін БДП ғимаратын технологиялық жабдықпен жарақтау;

Спутниктік навигацияда орналасқан АЗН-В технологиясын әуе қозғалысын басқару жүйелеріне енгізу (2010-2012 жж.).

Ақтөбе қаласының ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту.

Астана қаласында ӘҚБ АЖ орталығын дамыту - әуеайлақ аймағының алыстағы диспетчерлік пункттерін ӘҚБ АЖ жабдығымен жарақтауды қоса алғанда, ӘҚБ АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін жаңғырту.

Навигациялық тірек пункттер желісін құру (НТП).

«Бейнеу» навигациялық тірек пунктін радиолокациялық кешенмен (РЛК) және VOR/DME радиомаягымен жарақтау.

«Балқаш» навигациялық тірек пунктінде ҚМЖ аяқтау.

«Балқаш» навигациялық тірек пунктін радиолокациялық, навигациялық және байланыс жабдығымен жарақтау.



Навигация және бақылау жүйелерінің аэронавигациялық кешенін дамыту.

Радиолокациялық позицияларды ҚМЖ, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Тараз қалаларына радиолокациялық кешендерді сатып алу.

Павлодар, Қостанай, Балқаш, Өскемен қалаларындағы АРП позицияларын кейінгі ҚМЖ жобалау.

Аягөз, Көкшетау қалаларын VOR/DME жобалау және жарақтау.

Ақтөбеде Мк306-мен ILS орнату үшін позицияны ҚМЖ, ILS жабдығын сатып алу.

Авиациялық электр байланысын дамыту, қайта жаңарту және жаңғырту.

Тараз және Қызылорда қалаларындағы БДП-ЛАЗ инфрақұрылымын жаңғырту.



WGS-84 дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесін енгізу.

WGS-84 енгізу жобасын іске асыру.



«Қазаэрожобалау» РМК

Кәсіпорынға 2010 жылы 436,420 мың теңге сомасында кіріс түсті. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» ҒРК техникалық кешенінің жеке құрылыстарын қайта жаңарту (салу) жөніндегі құрылыс-монтаждық жұмыстар бойынша жұмыс жобасын (жобалық және жұмыс құжаттамасы) әзірлеу жөнінде РФ жобалау-құрылыс компаниясы «МИКОС-пен» шарт жасалды, әзірлеу мерзімі 2010-2012 жж., шарт сомасы 123 120 000 (жүз жиырма үш миллион жүз жиырма мың) сом. Сондай-ақ, «ҚР АА геокеңістіктік мәліметтерді алу әдістерін пайдалана отырып, геодезиялық координаталар жүйесін енгізу (WGS-84)» жұмыс жобасын әзірледі.

2010 жылы мынадай ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді:

- «Азаматтық авиация саласында салалық мастер-жоспарды пысықтау»;

- Атырау ХӘ дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы»;

- «Атырау ХӘ» АҚ қызметін дамыту жөніндегі мастер-жоспар».

Халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық авиация мамандарының біліктілігін арттыру курсы мынадай тақырыптар бойынша ұйымдастырылды және жүргізілді:

1. Авиация қауіпсіздігін басқару жүйесі. ИКАО ресми курсы.

2. Еуропалық авиациялық заңнама.

3. «9-модуль: «PART-145, PART-М, PART-66 адам факторлары (біліктілікті арттыру) және сапа жүйесі».

4. Халықаралық әуежайлардың ИАТА ұсынған авиажолаушылар тасымалдарына қызмет көрсету сапасының стандарттарына жету жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі.

5. ИКАО, ИАТА ұйымдарын басқару жүйесі және маңызы. Еуропалық комиссия.

2010 жылғы 19 қарашада кәсіпорын KZ 7500195 КСС №0002077 сәйкестік сертификатын алды. Осы сертификат кәсіпорын сапасының жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапаның менеджмент жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырады.

«Авиация KZ» салалық ақпараттық журналының 6 нөмірі жарияланды.

Кітапханалық процестерді кешенді автоматтандыруды енгізу және электронды каталогтарды, толық мәтінді деректер қорын құру басталды.

Жобалаушылар AutoCAD (AutoCAD Revit MEP, AutoCAD Civil 3D, AutoCAD Revit Architecture, AutoCAD Revit Structure) бағдарламасы бойынша оқытылды.


2011 жылға міндеттер.

Кәсіпорын 2011 жылы 560 023 мың теңге мөлшерінде кіріс түсіруді жоспарлайды.



Бірінші тоқсан

Ұйымда электрондық құжат айналымын автоматтандырудың компьютерлік бағдарламасын енгізу (Lotus Notes).

Халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық авиация мамандарының біліктілігін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу:

1) «Ұшуды қамтамасыз етудің көзбен шолу, аэронавигациялық және электртехникалық жүйелері» БАК;

2) «Қазіргі заманғы технологиялар және жанар-жағар май материалдары» БАК.

Екінші тоқсан

Ішкі почталық сервер үшін компьютерлік бағдарламаны енгізу.

Халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық авиация мамандарының біліктілігін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу:


  1. «Ұшу қауіпсіздігі басқармасы жүйесіндегі тексеру» БАК;

  2. «Борттық тіркеушілердің ақпараты бойынша әуе кемелерінің ұшуын

объективті бақылау» БАК.

Үшінші тоқсан.

Халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық авиация мамандарының

біліктілігін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу:


  1. «Азаматтық авиациядағы ұшуды іздеу және авариялық-құтқаруды

қамтамасыз ету» БАК;

2) «Ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету» БАК;

Кәсіпорынның екінші және үшінші қабаттарында жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Төртінші тоқсан

Халықаралық нормаларға сәйкес азаматтық авиация мамандарының

біліктілігін арттыру бойынша курстарды ұйымдастыру және өткізу:


  1. «Жердегі авиациялық техниканы пайдалану» БАК;

2) «Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету» БАК;

3) «Жолаушы тасымалдарын халықаралық реттеу және ұйымдастыру».

Салалық электрондық кітапхананы құру.

2012 жылы қыркүйекте болатын Кәсіпорынның мерейтойына дайындалу.



«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ

Алматы халықаралық әуежайы 2010 жылы компанияның негізгі операциялық қызметін сипаттайтын келесі өндірістік көрсеткіштермен аяқтады:




Көрсеткіштер

Өлш. бір.

2010 ж.

2009 ж.

2010/ 2009 %%

Ұшақтардың ұшуы

рейс

44 222

38 905

114%

Жолаушылар ағыны

адам

3077670

2578 886

119%

Жүк ағыны

тонна

63 310

59 187

107%

Авиа ЖЖМ құю

тонна

239 277

150 831

159%

Алматы халықаралық әуежайының тарихында алғаш рет бір жылда 3 млн. астам жолаушыға қызмет көрсетілді. Қызмет көрсетілген 3-миллионшы жолаушы 2010 жылғы 20 желтоқсанда белгіленген.

2010 жылдың қорытындылары бойынша «АХӘ» АҚ қызметінің экономикалық көрсеткіштері дүниежүзілік азаматтық авиация саласын қамтыған дағдарыстан табысты шыққанын көрсетеді.

Мысалы, Қоғамның 2010 жылғы кірісі 39 миллиардтан астам теңгені құрайды, яғни 2009 жылғы деңгейден 8,9 млрд. теңгеге асып түсті. Нәтижесінде таза пайда шамамен 3,6 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджетке 1 979 млн, теңге сомасында салық және басқа да міндетті төлемдер аударылды, соның ішінде 677 млн. теңге сомасында әлеуметтік және зейнетақы аударымдары. Жалақы бойынша төлемдер 2 774 млн. теңгені құрайды.

Жыл басынан әуежа қызметкерлерінің жалақысы 20% өсті. Түскен табыс есебінен 127 млн. теңге сомасында материалдық және демеушілік көмектер көрсетілді, соның ішінде ұжымдық шартқа сәйкес 91 млн. теңге сомасына қызметкерлерді емдеу-курорттық сауықтыру мақсатында еңбек демалысына қосымша төлемдер, әуежай жейнеткерлері мен ҰОС қатысушыларға 2,7 млн. теңге сомасына көмек жасалды.



2011 жылғы міндеттер

«ХАӘ» АҚ-тың 2011 жылғы бюджетімен қызметкерлер алдындағы жалпы сомасы 187 млн. теңге, соның ішінде тоқсан сайын 46,8 млн. теңгені құрайтын барлық әлеуметтік және материалдық міндеткерліктер көзделген.



Сонымен, Қоғам болашақта көрсетілетін қызметтер көлемін динамикалық түрде арттыру және тиісінше, компания қызметкерлерінің өмір деңгейі мен сапасын арттыруды өз алдына міндет етіп қояды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет