Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы


-тарау. Тоқтаусыздық көрсеткіштерін бағалау және бұйымның тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша шекті жай-күйінің басталу сәтін анықтау



бет7/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#21583
1   2   3   4   5   6   7

3-тарау. Тоқтаусыздық көрсеткіштерін бағалау және бұйымның тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша шекті жай-күйінің басталу сәтін анықтау

      11. Бұйымның тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша ескіру белгілерін анықтау үшін істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарым тоқтаусыз қызмет етуінің көрсеткіші деп алынады. Пайдалану ережелері мен нормаларын бұзудан болған пайдалану кезіндегі істен шығулар (ақаулықтар) істен шыққанға дейінгі атқарымды бағалау (ақаулық) кезінде есептелмейді.


      12. Бұйымның тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша ескіру белгілерін анықтау үшін пайдаланудың барлық кезеңі бірнеше аралыққа бөлінеді. Осы аралықтарда істен шығуға (ақаулық) атқарым бағаланады және оның төмендеу үрдісі анықталады.

1-параграф. Тоқтаусыз қызмет етуінің бағалау үшін бұйымның атқарымы аралығының ұзақтығын анықтау

      13. Бұйымның техникалық жай-күйін бағалау сәтіндегі атқарымы аралығы (tn) шамамен тең келетін 3-4 атқарым (Нi) аралықтарына бөлінеді, мұнда i = 1, 2, 3 және 4.


      14. НТҚ-да істен шыққанға дейінгі атқарым (НО0) көрсетілген бұйымдар үшін техникалық жай-күйін (tn) бағалау үшін атқарған жұмыс аралығы болып пайдалану басталғаннан бағалау сәтіне дейінгі атқарым алынады.
      15. НТҚ-да істен шыққанға дейінгі атқарым (НО0) көрсетілмеген бұйымдар үшін tn келесі формула бойынша есептеледі:

      tn = tn - H2                       (1)


      мұндағы:
      tn - бұйымның пайдалану басталғаннан бастап техникалық жай-күйді бағалау сәтіне дейінгі атқарымы - сағатпен берілген;
      Н2 - бұйымның кепілді мерзім ресурс ішіндегі атқарымы - сағатпен берілген. Істен шыққанға (ақаулық) НО0 дейінгі атқарым қалыпты пайдалану кезеңінде статистикалық түрде анықталады.
      16. Техникалық жай-күйді тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша бағалау үшін аралықтардағы Нi - атқарымның көлемі келесі шартты есепке ала отырып таңдалады:

      Нi > 2НO0                  (2)

      Мұнда Нi - техникалық жай-күйді бағалау үшін бұйымдардың аралықтардағы атқарымның көлемі - сағатпен берілген;
      НO0 - істен шыққанға ақаулық дейінгі бұйымның атқарымы - сағатпен берілген.
      17. Егер (2) шарт орындалса, тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша техникалық жай-күйді бағалау осы Әдістеменің 20-тармағының 1, 3 немесе 2, 3-тармақшаларында өлшемдер бойынша НТҚ-да істен шыққанға дейінгі атқарым көлемі көрсетілуіне немесе көрсетілмеуіне байланысты анықталады.
      18. Егер (2) шарт орындалмаса, тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша техникалық жай-күй осы Әдістеменің 20-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген өлшемдер бойынша анықталады.

2-параграф. Істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарымды бағалау

      19. Істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарымды пайдаланудың кез келген аралығында бағалау келесі формула бойынша орындалады:

      НОi = Нi/Ni                 (3)

      мұнда,


      НОi - қаралып отырған аралықтағы бұйымның істен шыққанға ақаулық дейінгі атқарымы - сағатпен берілген;
      Нi - қаралып отырған аралықтағы бұйымның атқарымы - сағатпен берілген;
      Ni - қаралып отырған аралықтағы бақыланған бұйымның істен шығу (ақаулық) сандары - сағатпен берілген.

3-параграф. Бұйымның шекті жай-күйінің басталу сәтін анықтау

      20. Тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша шекті жағдай өлшемдер


төмендегілер болып табылады:
      1) істен шыққанға ақаулық дейінгі атқарымның төмендеуі және бағалаудың соңғы екі аралығында НТҚ-да көрсетілген істен шыққанға (ақаулық (НО0) дейінгі атқарым көлеміне қарағанда аз мәнге жету;
      2) істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарымның төмендеуі және бағалаудың соңғы екі аралығында көрсетілген статистикалық жолмен анықталған істен шыққанға (ақаулық (НО0) дейінгі атқарым көлеміне қарағанда аз мәнге жету;
      3) бағаланып отырған аралықтардағы істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарымның жүйелі түрде төмендеуі.
      21. Пайдалану кезеңінде тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша техникалық жай-күйді бағалау үшін ұзақтығы осы Әдістеменің 13, 18 тармақтарына сәйкес анықталған 3, 4 аралықтар таңдалады.
      22. Уақыт бойынша аралықтардың орналасуы 1 суретте көрсетілген:

      0__Н2____Н(i-3)_____Н(i-2)____Н(i-1)____Н(i)(tn)____>Н сағаттар

      мұнда
      tn - техникалық жай-күйді бағалау сәтіндегі бұйымның атқарымы;
      Н2 - кепілді қызмет мерзімінің ресурсының аралығы;
      Н(i-3), Н(i-2), Н(i-1), Н(i) - бағаланатын аралықтар.

                            1 сурет.


      23. Әрбір аралықта осы Әдістеменің 19-тармағына сәйкес істен шыққанға дейінгі атқарым бағаланады.
      24. Егер келесі екі шарт орындалса тоқтаусыз қызмет етуінің өлшемдер бойынша бұйымның шекті жай-күйі пайдаланудың і аралығында басталды деп есептеледі:

      НОi<НО0                 (4)


                немесе

      НОi<0,5НО0              (5)

                  және

      Н(i-3)>Н(i-2)>Н(i-1)>Н(i)    (6)

      25. (6) теңсіздігі пайдаланудың кезекті 3 немесе 4 аралықтарында істен шыққанға (ақаулық) дейінгі атқарым жүйелі түрде төмендеуін сипаттайды. Бұл бұйымның шекті жай-күйінің басталуы туралы қабылданған шешімнің дұрыстығын көтереді.
      26. (6) теңсіздіктің орындалуына немесе орындалмауынан тәуелсіз екі кезекті аралықтардағы (4) немесе (5) теңсіздіктердің орындалуы тоқтаусыз қызмет етуінің бойынша бұйымның шекті жай-күйінің басталуының басқа шарты болып табылады, яғни:

      НО(i)<НО0 және НО(i-1)<НО0        (7)

                 немесе

      НО(i)<0,5НО0 және НО(i-1)<0,5НО0   (8)



4-параграф. Бұйымның құраушы бөліктері бойынша істен шығуларды (ақауларды) бөлу

      27. Тексеріліп отырған пайдалану кезеңінде істен шығу ақаулық саны бұйымның әрбір құрамдас бөлігі бойынша анықталады.


      28. Бұйымның құрамдас бөліктері олардың функционалдық мақсатына байланысты анықталады: антенналық құрылғылар, таратқыш құрылғылар, қабылдағыш құрылғылар, бақылау құрылғылары және бұйымның формуляры бойынша блоктар деңгейіндегі т.б.
      29. Бұйымның құраушы бөліктерінің тоқтаусыз қызмет етуінің көрсеткіштерін бағалау (3) формула бойынша жүргізіледі.
      30. Бұйымның және оның құрамдас бөліктерінің тоқтаусыздығын талдау негізінде ауыстырылуы қажет құрылғылар анықталады.

4-тарау. Бұйымдарды есептен шығарудың экономикалық негіздемесі.

1-параграф. Орташа және күрделі жөндеулер жүргізудің экономикалық орындылығын анықтау

      31. Жөндеу жүргізудің экономикалық орындылығы бұйымды пайдаланудың жалпы кезеңіндегі орташа жылдық шығындары жөндеу жүргізілгеннен кейін өспеуі тиіс өлшемдер бойынша анықталады.


      32. Егер бұйымды пайдаланудың жалпы кезеңіндегі орташа жылдық шығындар С(к+1) өссе, яғни төмендегі шарт орындалса, жөндеу жүргізу экономикалық орынсыз:

           С(к+1) > Ск                    (9)

      33. (9) шарт орындалған кезде Ск шамасы бұйымды пайдаланудың жалпы кезеңіндегі орташа жылдық шығындардың минимумын анықтайды.
      34. Жөндеу жүргізудің экономикалық орындылығын анықтау үшін келесі деректер болуы қажет:
      1) Бұйымның теңгерімдік құны:

      Сб = С1 + С2                          (10)

      мұнда
      С1 — бұйымның бастапқы бағасы;
      С2 — бұйымды алғаш пайдалануға беру кезіндегі құрылыс-монтаж, іске қосу-баптау және шығындар, көлік және басқа да шығыстар.
      2) Күрделі жөндеу жүргізу сәтіне бұйымның ресурсы (қызмет ету мерзімі) Трк:

                            (11)
      мұнда
      tрі - (і-1) және i жөндеулер арасындағы бұйымның ресурсы (қызмет ету мерзімі).
      3) і жөндеуін жүргізуге жиынтық шығындар:
                     (12)
      мұнда
      Сji - i жөндеуді орындау кезіндегі j шығындарының құны;
      n - i жөндеу кезіндегі шығындар баптарының саны.
      j шығындарына:
      - жөндеу құны;
      - көлік шығыстары;
      - АМБ-ны толықтыру құны;
      - іске қосу-баптау жұмыстарының (демонтаж, бабына келтіру, монтаж, аралап ұшу) құны және басқа шығын түрлері кіреді.
      Сі шығындар шамасы бұйымды бұрын өткізген жөндеулер тәжірибесінен немесе балама радиотехникалық жабдықты жөндеу тәжірибесінен жөндеудің талап етілетін көлеміне (түріне) тәуелді анықталады.
      4) К жөндеуді жүргізгеннен кейін бұйымның ресурсы:

                   (13)

      К және (К+1) жөндеулері арасындағы ресурс мына формула бойынша анықталады:

      tp(k+1)=tpk*

                         (14)

      мұнда


      tpk - (К-1) және К жөндеулері арасындағы бұйымның ресурсы;
      

- жөндеу аралық ресурстардың (қызмет ету мерзімінің) қысқару коэффициенті.
      Есептеу үшін коэффициент шамасын мынадай шекте таңдау ұсынылады:

                           (15)
      5) К жөндеуін жүргізгеннен өткізгеннен кейін С(k+1) орташа жылдық пайдалану құны (К+1) жөндеуінен кейінгі ресурстың соңына анықталады:
                    (16)
      мұнда
      k = 0,1,2,3...:
      Сб - бұйымның бастапқы теңгерімдік құны;
      Срі - жөндеу құны;
      Тр(k+1) - К жөндеуін жүргізгеннен кейін бұйымның ресурсы (қызмет ету мерзімі).

2-параграф. Ағымдағы жөндеулерді ғана отжүргізу кезінде бұйымдарды пайдалануды жалғастырудың немесе есептен шығарудың экономикалық орындылығын анықтау

      35. Орташа және күрделі жөндеулер жүргізілмейтін бұйымдарды пайдалануды жалғастырудың немесе есептен шығарудың экономикалық орындылығын анықтау нақты пайдалану шығындарын жыл сайын есепке алу кезінде мүмкін болады.


      36. Бұйымның С жыл сайынғы пайдалану шығындары мына формула бойынша анықталады:

      (17)

      мұнда


      і - шығындары анықталатын пайдалану жылы;
      j - шығыстар бабының нөмірі;
      Сб - бұйымның бастапқы теңгерімдік құны;
      Сij - j шығыстар бабы бойынша і пайдалану жылындағы жылдық шығындар;
      n - бұйымды пайдалануға шығыстар баптарының саны.
      37. Осы бұйымды пайдалануға шығыстар баптарына мыналар жатады:
      1) егер техникалық персонал бірнеше бұйымдарға қызмет көрсетсе, осы бұйымға қызмет көрсетудің нақты еңбекті қажетсінуіне пропорционалды ескерілетін техникалық персоналдың жалақысы (есептеулермен);
      2) шығыс материалдарының құны;
      3) қосалқы бөлшектердің құны;
      4) осы бұйымның жұмысына электр энергиясының құны;
      5) бұйымды ұшу кезінде тексерудің құны;
      6) осы бұйымға арналған жалпы мақсаттағы бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру және жөндеу құны;
      7) үстеме шығыстар (іссапарлар).
      38. Егер і пайдалану жылында:

      Сk>С(k-1)          (18)

      болса, пайдалануды жалғастыру экономикалық орынсыз емес.
      39. (18) шарты орындалған кезде С(к-1) бұйымды пайдаланудың ең төмен орташа жылдық құнын анықтайды.

5-тарау. Бұйымның техникалық жай-күйі бойынша қорытындылар

      40. Егер:


      1) бұйымның тактикалық және техникалық сипаттамалары бұйымның нормативтік техникалық құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;
      2) істен шықпау бойынша шекті жай-күйі басталмаса;
      3) орташа немесе күрделі жөндеу талап етілмесе ресурсты (қызмет ету мерзімін) ұзарту мүмкін болады.
      41. Егер бұйымның жеке параметрлері мен тактикалық сипаттамалары талаптарға сәйкес келмесе, онда актіде осы сәйкессіздіктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар көрсетіледі және ресурсты (қызмет мерзімін) арттыру жөніндегі шешім актіде көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін қабылданады.
      42. Ресурс (қызмет мерзімі) арттырылатын шаманы комиссия осы Әдістеменің 45-54-тармақтарына сәйкес анықтайды.
      43. Бұйымдарды орташа немесе күрделі жөндеу ол техникалық негізделген және экономикалық орынды болса жүргізіледі.
      44. Шекті жай-күйі басталған кезде бұйым есептен шығаруға жатады.

6-тарау. Қызмет ету мерзімін ұзартудың рұқсатты уақыт аралығын есептеу әдістемесі

      45. Қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін уақыт аралығын есептеу үшін мынадай деректер пайдаланылады:


      n = 6 — бақылау жылдарының саны;
— бақылау кезеңіндегі барлық ақаулықтар сомасы;
- бақылау кезеңіндегі барлық атқарымдар сомасы;
- нақты жылындағы ақаулықтар санының атқарымдар шамасына көбейтінділер сомасы;

      mх - бақылау кезеңіндегі бір жылғы ақаулықтар санының орташа мәні;
      Тk - есептеуден бастап бағалау сәтіне (белгіленген қызмет ету мерзімінің аяқталуына) дейінгі уақыт;
      k - пайдалану қорының коэффициенті (k=0,8);
      Ханық - анықтаушы параметр (егер тх < 5, онда Ханық = 10; егер тх  < 10, онда Ханық = 20; егер тх < 15, онда Ханық = 30).
      46. Анықтаушы параметр ретінде пайдалану процесіндегі жабдықтың ақаулықтар саны алынады.
      47. Есептеуді жүргізу үшін бастапқы деректер істен шығу және зақымданудың жинақтауыш картасынан алынады.
      48. Бастапқы деректер бойынша регрессия сызықтарын құру үшін а0, а1 коэффициенттері анықталады:

      а0 = (В1В4-В3В2)/В5              (19)


      а1 = (nВ3-В2В1)/В5               (20)

      49. Жылына шекті ақаулықтар саны мына формула бойынша сағаттармен шартты белгіленеді:

      Xшек.рұқ. = jmx,  j = 1, 2, 3, 4  (21)

      50. Жылына шекті жол берілетін ақаулықтар санына жету уақыты мына формула бойынша сағаттармен анықталады:


                (22)
      51. Жылына ақаулықтар санының таңдалған шекті мәндері кезінде құрал атқарымының жол берілетін уақыт аралығының шамасы анықталады:

                  (23)
      52. Бақылау кезеңіндегі құралдың жылына орташа атқарымы есептеледі:
                       (24)
      53. Регрессия сызығын құру үшін қызмет ету мерзімін ұзарту аралығы жылдармен анықталады:
                    (25)
      54. (21) және (25) формулалары бойынша бұйымды пайдаланудың  уақыт кесіндісінде (регрессия сызығында) график салынады. Осы графиктің көмегімен анықтаушы параметрдің белгіленген мәніне (ақаулықтардың жылына жол берілетін санына) қарай қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін аралығы жылдармен анықталады.

Бұйымның істен шықпау бойынша шекті жай-күйін анықтау алгоритмі





Қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін уақыт аралығын есептеу мысалы

      Қызмет ету мерзімін ұзартудың жол берілетін уақыт аралығын есептеуді қондыру жүйесінің глиссадалық радиомаягы (ГРМ) үшін жүргіземіз. Пайдалануға беру жылы 1993 жыл, белгіленген қызмет ету мерзімі 10 жыл.


      Анықтаушы параметр ретінде ГРМ аппаратурасының пайдалану процесіндегі ақаулықтар санын қабылдаймыз. Бақылау кезеңін 6 жылға тең деп таңдаймыз.
      1-кестеге 1998 жылдан бастап 2003 жыл аралығындары ГРМ істен шығулары мен зақымдану жинақтауыш картасынан алынған атқарым уақыты және параметр ақаулықтар саны жөніндегі бастапқы деректерді жылдар бойынша енгіземіз.
      1-кесте

Жыл

Пайдалану басталғаннан бергі атқарым (сағ.)

Бір жылдағы атқарым (сағ.)

tі бақылау басталғаннан бергі атқарым (сағ.)

хі ақаулар саны

1998

70360



0

0

1999

77360

7000

7000

3

2000

84321

6961

13961

4

2001

91631

7310

21271

16

2002

94491

2860

24131

3

2003

96871

2380

26511

6

Бастапқы деректер бойынша және формулалар бойынша мыналарды анықтаймыз:
      1) бақылау жылдарының саны
      n = 6;
      2) бақылау кезеңіндегі барлық ақаулықтар сомасы

      3) бақылау кезеңіндегі барлық атқарымдар сомасы

      4) ақаулықтар санының нақты і жылдағы атқарым шамасына көбейтінділерінің сомасы

      5) атқарымдар квадраттарының сомасы

      6) коэффициент

      7) бақылау кезеңіндегі жылына ақаулықтар санының орташа мәні

      8) өйткені mх < 10, то Ханық = 20;
      9) есептеу басынан бағалау сәтіне дейінгі атқарым уақыты (жылдық атқарымдар сомасы)

      Тк = 26511;

      10) пайдалану қорының коэффиценті (k = 0,8 деп қабылдаймыз);
      11) Жылына ақаулықтардың шекті жол берілетін саны шартты түрде

      12) регрессия сызығын құру үшін а0, а1 коэффициенттері


      а0 = (В1В4 - В3В2)/В5 = 0,970266259,
      а1 = (nВ3 - В2В1)/В5 = 0,00028187;
      13) анықтаушы параметрдің шекті жол берілетін мәніне жету уақыты сағатпен



    

      14) жылына ақаулықтар санының таңдалған шекті мәндері кезінде құрал атқарымының жол берілетін уақыт аралығының шамасы




     15) бақылау кезеңіндегі құралдың жылына орташа атқарымы

      16) регрессия сызығын құру үшін нүктелер




 
      17) График (регрессия сызығы) салынады және оның көмегімен, анықтаушы параметрдің белгіленген мәніне (ақаулықтардың жылына рұқсатты санына) тәуелді қызмет мерзімін ұзартудың рұқсатты аралығы жылдармен анықталады

      Ендеше, Ханық ескере отырып, қызмет ету мерзімі 2011 жылға дейін, яғни 7,5 жылға ұзартылуы мүмкін.

Азаматтық авиацияда    
ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына 
19-қосымша       

      Хабарламалардың санаты мен кезектілік тәртібі:

      1) авариялық шақырулар, апат туралы хабарлар
      2) жедел хабарламалар
      3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар
      4) метеорологиялық хабарламалар
      5) ұшу тұрақтылығына қатысты хабарламалар

      НОТАМ хабарламасы 2) - 5) тармақшаларда аталған кез келген санатқа жатуы мүмкін. Санат әуе кемесі үшін НОТАМ хабарламасының мазмұны мен маңыздылығымен белгіленеді.

Азаматтық авиацияда    
ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына 
20-қосымша        

Байланыс сапасының сипаттамасы

Тілдесу сапасын бағалау

Байланыс сапасының сипаттамасы

1.

Байланыс мәтінінің толықтай анық еместігі (байланыстың үзілуі)

2.

Беріліп жатқан сөзді қатты зейінмен, қайта сұраумен және қайталаумен түсіну.

3.

Беріліп жатқан сөзді қатты зейінмен қайта сұраусыз және қайталаусыз түсіну.

4.

Беріліп жатқан сөзді қиындықсыз түсіну.

5.

Беріліп жатқан сөзді қиналмай тусіну.

Автоматты түрде құжаттауды    
(жазуды), ӘҚҚ сөз сөйлеу байланыс
арналарының қадағалау жабдықтарының
ақпараттарын пайдалану мен    
сақтауды ұйымдастыру және     
олардың мәліметтерін тарату     
жөніндегі нұсқаулыққа       
қосымша              

Ақпаратты ауыстырғыш тасымалдағыштарды есепке алу журналы

____________________________________


(азаматтық авиация ұйымының атауы)

                                          _____ж. «___»______басталды


                                          _____ж. «___»______аяқталды

Жазу құрылғысының нөмірі

тасымалдағыштың нөмірі

Жазу күні мен уақыты

Күні, уақыты, лауазымды және тұлғаның қолы

басталуы

аяқталуы

өшіруді тоқтата тұру туралы нұсқау берушінің

тыңдауға арналған тасымалдағышты алушының

тасымалдағышты өшіруге нұсқау берушінің

















© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет