«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



жүктеу 151.51 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі151.51 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Азаматтық әуе кемесінің

ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасы мен 47-бабының, Қазақстан Республика Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертифиткат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқа) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында берілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінімді берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн;

2) телнұсқаны беру мерзімі – күнтізбелік 7 күн;

3) осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын (телнұсқа) алу кезіндегі кезекте күтудің ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттарында жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенімхаты бойынша уәкілетті өкілі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру туралы өтінішті сертификатты алу үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, береді:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің (бұдан әрі – ӘК) техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі;

2) егер әуе кемесі жалға алынса, жалға алу туралы шарттар мен қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;

3) әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдығы туралы бағалау актісі түрінде сертификаттың тексеруге алдын ала қорытынды.

Құжаттардың жоғарыда көрсетілген барлық көшірмелері мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрімен расталады.

Азаматтық авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатының телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға еркін нысанда өтінішті және осы стандартта көзделген тәртіппен мемлекеттік қызмет алушы жүргізген қызметтік тергеу материалдарын ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Азаматтық авиация әуе кемелерiнің ұшуға жарамдылығы сертификатын уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жеке келуі кезінде берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналында қол қойғызып береді.

16. Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:

1) осы стандарттың 11-тармағында келтірілген құжаттардың Қағиданың талаптарына сәйкес болмауы;

2) азаматтық әуе кемесінің пайдалануға сәйкес еместігі туралы бағалау актісі.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Шағым көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________



«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

1- қосымша


ӨТIНIШ

1. Мемлекеттiк тiзiлiмге ______ж. «__» ______ № ______ болып енгiзiлген әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттауды өткiзудi және сертификат берудi сұраймын:

Үлгiсi __________________________________________________

Әуе кемесiнiң мақсаты ______________________________________

Әуе кемесiнiң сериялық (зауыттық) нөмiрi ___________________

Әуе кемесiнiң жасалған күнi ________________________________

Дайындаушының атауы ________________________________________

Дайындаушы-мемлекет ________________________________________

Үлгi сертификаты (немесе баламалы құжат):

№ _________ берiлген күнi ______________________

2. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер:

Мекенжайы __________________________________________________

Телефоны: ___________________ Факсы: _______________________

Электрондық пошта мекенжайы (ол болған жағдайда) ___________

Егер ӘК пайдаланушы жеке тұлға болса:

Тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________

Егер ӘК пайдаланушы заңды тұлға болса:

Ұйымның толық атауы ________________________________________

Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты ___________________________

Өзара iс-қимылды қамтамасыз етуге жауапты қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, телефоны ______________________________________

3. ӘК данасының орналасқан жерi ____________________________

4. ӘК данасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргiзген техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi ұйымның атауы және  мекенжайы ________________________________________________________

5. Әуе кемесiнiң ұшуы

1) пайдалану басталғаннан бастап: ______сағ. _____ қонуы _____ жыл

2) соңғы жөндеуден кейiн: ______сағ. _________ қонуы _________ жыл

6. Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы:___сағ.___қонуы_____ жыл

7. Массасы, кг ____________. Орталықтау, % СAX_____________

8. Пайдаланушының техникалық жай-күйiн тексеру актiсiн бекiткен күнi ____________________

9. Техникалық байқауды кiм жүргiздi _______________________

10. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындаған күнi____________

11. Пайдалану техникалық деректерге енгiзiлген, жүргiзiлген жетiлдiрудiң нәтижесi болған өзгерiстер көрсетiлсiн (егер орын алса):

1) ұшуға пайдалану жөнiндегi нұсқау: _________________________

2) техникалық пайдалану жөнiндегi нұсқау:_____________________

3) техникалық қызмет көрсету регламентi: _____________________

12. RVSM бойынша әуе кемесiнiң ұшуға рұқсаты туралы ақпарат: ________________

13. Әуе кемесiне ИКАО____санаты бойынша ұшуға рұқсат берiлген.

14. Әуе кемесiнде орнатылған радиотарату аппаратурасы бойынша деректерi.

15. Әуе кемесiнiң ұйымдастырылған тректер жүйесiндегi (OTS) рұқсаты бойынша деректер.

________________________

«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

2- қосымша

«Бекiтемiн»


Пайдаланушының
бiрiншi басшысы
___________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ ж. «__»_________.

Әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру

және ұшуға жарамдылығын анықтау
АКТIСI
Комиссия мынадай құрамда:

Төраға ____________________________________________________

                                (лауазымы, Т.А.Ә)

Комиссия мүшелерi _________________________________________

_________________________________________________________________

                           (лауазымы, Т.А.Ә)

200__ж. «__» _______ техникалық тексеру жүргiздi___________________________

                                  (әуе кемесiнiң үлгiсi және мақсаты)

мемлекеттiк және тiркеу белгiлерi _______________________________

сериялық (зауыттық) нөмiр _______________________________________


1. Әуе кемесi туралы мәлiметтер:


ӘК зауыттан шығарылған мерзiмi




Белгiленген ресурс

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Пайдаланудың басынан ұшуы

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Жөндеудiң саны

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Соңғы жөндеудiң жүргiзiлген мерзiмi және орны, АЖЗ

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Соңғы жөндеуден кейiнгi ұшуы

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

Жөндеуаралық ресурс

_____ сағ ____ қонуы ____ жыл

2. АӘК-ның ресурсын ұзарту үшiн негiз __________________

3. Қозғалтқыш ресурсын ұзарту үшiн негiз _______________

4. Қозғалтқыштар мен әуе винттерi жөнiндегi мәлiметтер:




Қозғалтқыш/әуе винтi
Үлгiсi

1-шi 2-шi 3-шi 4-шi   ККО




Зауыттық нөмiрi




Пайдаланудан берi ұшу жұмысы (сағат)







Соңғы жөндеу күнi




Пайдалану басталғаннан бастап орындалған жұмыс (сағат)







Жөндеуге дейiнгi ресурс қалдығы (сағат)







Жөндеу саны







5. Әуе кемесi ___________________________ көлемiнде қаралған,

(ТҚ жиiлiгi нысаны немесе жөндеу)

__________ формулярына ол туралы жазу енгiзiлген _______________

  (күнi)


6. Әуе кемесiнiң жиынтықтылығы _________________________________

7. Әуеде соқтығысудың алдын алатын борттық жүйенiң болуы _______

________________________________________________________________

8. Осы актiнi жасау мерзiмiне орындау үшiн мiндеттi, осы үлгiдегi әуе кемесiнiң барлық пысықтаулары орындалды; бекiтiлген құжатта көзделген, үлгiлiк конструкцияда өзгертулер жоқ.

9. ҰПЖ өзгерiстерiн бекiткен ұйым, бекiтiлген күнi _______

10. Азаматтық әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылығы сертификатын (жарамдылық мерзiмiн ұзарту) беру мүмкiндiгi туралы комиссия қорытындысы __________________________


Төраға: ___________________________________________________

                       (қолы, мерзiмi, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi: ________________________________________

                               (қолы, мерзiмi, Т.А.Ә.)

М.О.
11. Пайдаланушының инженерлi-авиациялық қызметi басшысының азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы (оның iшiнде қажеттi жабдықтар болған жағдайда, халықаралық трассалар бойынша ұшуға)

Қорытынды: «Ұшақ (тiкұшақ) техникалық ақаусыз және пайдалануға жарамды» немесе «Ұшақ (тiкұшақ) техникалық ақаулы және пайдалануға жарамсыз».


Төраға: ___________________________________________________

                          (қолы, мерзiмi, Т.А.Ә.)

Комиссия мүшелерi: ________________________________________

                             (қолы, мерзiмi, Т.А.Ә.)

М.О.

12. Акт парағының әр бетiне комиссия төрағасының қолы және пайдаланушының мөрi қойылуы тиiс.



13. Актiнiң қолданылу мерзiмi бекiтiлген күнiнен бастап бiр ай.

________________________



«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

3-қосымша

Азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау
АКТIСI

_________________________________________________________________

(уәкiлеттi органның қарауындағы ұйымның атауы)

20 ___ жылғы «___» ________ № _________ бұйрығына сәйкес комиссия құрамында:
Төраға: _________________________________________________________

                            (Т.А.Ә. лауазымы)

Комиссия мүшелерi: ______________________________________________

                             (Т.А.Ә. лауазымы)

_________________________________________________________________

                             (Т.А.Ә. лауазымы)

Ұшу жарамдылығын сертификаттау бағдарламасы бойынша бағалау жүргiзiлдi

______________________________________________________


                             (ұйымның атауы)
Азаматтық әуе кемелерiн пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң мәтiнi
Актiнiң қорытынды бөлiгiнде пайдалану құжаттамаларының, оның iшiнде азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламентi) талаптарына, сонымен бiрге әуе кемесiнiң және оның құрал-жабдықтарының көрсетiлген ұшу түрлерiне (халықаралық, iшкi), әуе тасымалдау түрлерiне және/немесе авиациялық жұмыстарға сәйкестiгi (сәйкессiздiгi) көрсетiледi.
Төраға:     ______________________ _________________

                  (Т.А.Ә.)               (қолы)

Комиссия мүшелерi: _______________ _________________

                        (Т.А.Ә.)        (қолы)

                   _______________ _________________

                        (Т.А.Ә.)          (қолы)

Актiмен таныстым:

Ұйымның басшысы  _________________ _________________

                       (Т.А.Ә.)           (қолы)
________________________


«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

4-қосымша

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «___» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

______________________________/ ________________/ ______________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________


«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»



мемлекеттік қызметтің стандартына

5-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдынғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)









________________________



«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға

жарамдылығы сертификатын беру»

мемлекеттік қызметтің стандартына

6-қосымша



Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «___» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20___жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет