«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»



бет1/18
Дата17.06.2016
өлшемі1.43 Mb.
#141963
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ОӘК 042-18-20.1.8/03-2014

№1 басылым

11.09.2014 ж.



42 беттің беті - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.8/03-2014

«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

11.09.2014 ж.




«Азаматтық құқық (ерекше бөлім)»
«5В050301»- құқықтану мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


СЕМЕЙ

2014
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Сатып алу-сату шарты


бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.

2

Сатушы


мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына бередi.

3

Сатып алушы


бiр тарап (сатушы) берген мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр аќша сомасын (баєасын) тґлеуге мiндеттенедi.

4

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты


тауар сату жөніндегі кәјсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi. 

5

Тауар жеткiзiлiмi шарты


кәсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді. 

6

Келiсiм-шарт жасасу шарты


ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн - ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге мiндеттенедi.

7

Энергиямен жабдықтау шарты


энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi. 

8

Кәсiпорынды сату шарты


сатушы тұтас алғанда кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне беруге мiндеттенедi

9

Айырбас шарты

тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi

10

Сыйға тарту шарты


бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың(сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi

11

Лизинг шарты


лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушыдан меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндеттенедi.

12

Кеме жалдау (чартер) шарты


бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi. 

13

Факторинг


ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты.

14

Секвестр туралы шарт


затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi.

15

Аннуитет шарты


сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты. 


2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1.Сату сатып алу шарты

1. Сату сатып алу шарты түсінігі,маңызы

2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

3. Сату сатып алу шартының жекелеген түрлері.



1. Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мулікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кірптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек - ол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетгі нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең, айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын корғау негізінде болуы тиіс.Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілгсн белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарт-тардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді.

2. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттын елеулі жағдайларда жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тшсті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашкы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып салу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған баланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларынын тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардьщ арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзіне тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасынын сертификациялау туралы "Заңымен және Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы "Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бірінс сәйкес болуы керек.Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай етіп беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды максаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.Шартпен кепілідік мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі нсмесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңцдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен карастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен көзделмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін. Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жойғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады. Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шартта-рында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады).Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) - бір түрлі тауардың жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр куатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек. Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз -шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығынан айыру қажет. Азаматтық кодексі 432-бабына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға кажетті, оны қамтамасыз етстін заттар сатып адады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.Сатып алушы үшінші тұлғалардьщ кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлгалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарынын жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік катынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түюмен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс жөне буып-түю оларға сәйкес келуі керек.Тауар сатып алушыға барлық керек-жарағымен берілуі қажет (керек жарақ бұл негізгі затқа қызмет етуші зат). Затты керек-жарақ етіп тек оның және басты заттың функционалды тағайындалуларының өзара байланысына негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігін (диспозитивті екенін) пайдаланады. Қосымша ақыға аудио-видеотехникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қалыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану кажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-жарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның негізгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, жиынтықтылық пен керек-жарақ түсініктерінің араларында тығыз байланыс бар. Керек-жарақ болып келетін затты беру жиынтылықпен қарастырылуы керек, егер бұл жасалмаса керек-жарақ туралы нормалар (АК 122 бабы) тікелей қолданылуы керек.Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылык жүргізу, оралымды басқару құқықтары оған етіп үлгерсе, сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына (бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны касақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету кұқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы кұқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, оның жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алыдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болсаа). Ал кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған тауарды уакытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге, сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен катар, ол өнімді тексеріп алуы, өнім құжатын қабылдауы және өнімді кабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік беруі қажет.Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы мүмкін. Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы. Ағымды өзгеретін бағалар негізінен, ең алдымен дайындалуы ұзақ мерзімді тауарларға немесе тауарлардың дайындалған топтарына қолданылады. Мысалы, шикізатқа деген әлемдік баға тез өзгереді, жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының әсерінен шикізат әртүрлі жағдайда сатып алынады., ж.б.Нақты тауар үшін ақы төлеу міндетіне көшейік. Ол өзі екіге бөлінеді. Біріншіден, сатып алушы өз есебінен төлемді жүргізуі үшін дайындық әрекетін жасауы керек. Әдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шоты, аккредитивті ашуы, шарт сомасында чек беру кіреді. Қандай әрекеттер жасалатыны шарттың өзінің жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен анықталады. Екіншіден, сатып алушы ақшаны төлеуі керек. Төлемақы төлеу қолма-кол ақшамен есеп айырысу немесе оларды пайдаланусыз есеп айырысу жолымен де жүзеге асады. Егер шарт және заң актілері бағаны белгіленген мерзімде төлеу міндетін қарастырмаса, онда сатып алушы тауарды алған соң немесе тауарды билеу құжаттарын алған соң төлемақыны дереу (кейінге қалдырмай төлеу керек. Шартпен тауар бағасын алдын-ала төлеу қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол сатушыдан тауарды қабылдаған кезге дейін белгіленген мерзімде бағасы толық немесе жартылай төлеу қажет. Егер мерзім шартта көрсетілмесе, ақы тауар берілгенге дейін ақылға сиымды мерзім ішінде төленуі керек.Егер тауар үшін төлеу міндеттемесін орындау мерзімі несие берушінің еркіне байланысты болса, Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің 277-бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім (жеңілдік мерзімі) ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей карастырылмаса. онда төлем ақылға сыйымды болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың база-лық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе (соның ішінде кезекті төлем мерзімін өткізіп алса) сатушы шарт-тан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.Сатып алушы сатушыға шарттын тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде оның түр-түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшін сатушымен келісілген баға бойынша ақыны төлеуі тиіс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы әрқашан хабарлауы керек. Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:

  • сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы;

  • қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде;

  • тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын

өтеу туралы;

  • тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы;

  • шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.

Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі (жағдайдағы) құқықтары АК 433-бабымен карастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас. Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда тиісті құқықтарын жүзеге асыра алады.Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарын жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық құқықтық жауап-кершілікті жүзеге асыру болып келеді. Сатып алу-сату шарты тараптарының мойнында тауардың кездсйсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелі белгілі дәрежеде болып келеді.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің тәуекелі (қаупі) сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен ауысады.АК 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығы ауысуымен бірге ауысады. Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады:

  • Шартпсн сатушының тауарды жеткізу міндеті қарас-
    тырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;

  • Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілгсн тұлғаға
    тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілсе.Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті (келісілген) жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек.Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндеті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылған соң, орындалған болып есептеледі.

Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесс білуге тиісті болса және туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәтпен ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды.Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты болады. Мысалы, тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келе-тінін болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.Сатып алушыға артықшылық (жеңілдік) беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мумкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберілді дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекел де ауысады.Тауар жолда болған кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді.

3.Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы).Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кезкелген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады. Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды.Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат табыла алады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кезкелген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақтағы заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік — шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны.Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірне-ше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жаса-мақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сснімді ақпарат беруі керек.Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен негізделеді. Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымдарына (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі, пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет, ал тауар уақытынан ерте бұзылған кезде оны сатуға шығаруды тоқтату керек. Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанүя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде кауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетті болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тиым салынады.Барлық азық-түлік өнімдері, бояулар мен лактар, шампунь, тіс жуатын ұнтақтар мен пасталарға екі тілде де тауардың тұтыну қасиеті, қоспасы тауар құрамының консерванттары мен бояулары, пайдалану мерзімі, өндірушім туралы деректер болуы қажет. Мұндай түсініктемелер мен нұсқаулар мұздатқыштарға, кір жуғыш машиналарға, шаңсорғыштарға, теледидарға, ойыншықтарға берілуі кажет. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жет-кізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекен-жайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептелінеді. Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне (орналасқан жеріне) жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауарды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен (жағдайымен) жасалуы мүмкін.Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға бергеннен кейін шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартынын автоматтарды пайдалана отырып тауар сату сияқты бөлек түрі реттеледі. Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі (меншік иесі болу шарт емес) сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек (аты, саны, әр бірліктің бағасы т.б.). Сонымен қатар тауар сатушы туралы ақпарат та автоматты жүйеге енгізілуі қажет, оған сатушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады. Ақпарат автоматқа енгізуден өзге жолмен де берілуі мүмкін. Сатып алушының тауарды алу үшін жасалған әрекеттері аяқталғаннан ксйін шарт жасалды деп есептелінеді.Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы тауардың сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманыңмтолық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет