«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені семей



жүктеу 1.64 Mb.
бет2/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

    1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары

    2. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық

    3. Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі

    4. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

    5. Азаматтық іс жүргізудің сатылары

    6. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және олардың ерекшеліктері

    7. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың пайда болуының және тоқтатылуының негіздері

    8. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу

    9. Сот – азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың міндетті субъектісі ретінде

Ұсынылатын әдебиет

1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.

5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.


2 Тақырып. Сотта өкілдік ету. Іс жүргізу мерзімдері.Сот шығындары.

  1. Азаматтық процестегі өкілдік: түсінігі, түрлері.

  2. Өкілдің процесуалдық жағдайы.Заңды өкілдер.

  3. Сот өкілдерінің өкілеттіктері және оның өкілеттіктерін құжаттау.

4. Іс жүргізу әрекеттерін жасау мерзімдері. Процесуалдық мерзімді ұзарту және қалпына келтіру.

5.Сот шығыны туралы түсінік, сот шығындарынан босату және бөлу



1. Азаматтар соттағы ісін өздері немесе өкілі арқылы жүргізуге құқылы. Сот өкілдері дегеніміз өзіне жүктелген өкілеттігінің негізінде өкілденушіге ұтымды шешім шығаруына күшін сала отырып, өзінің азаматтық және процесуалдық құқықтарын дұрыс пайдалана білуіне көмектесуші. Сотта өкілдің іске қатысуы объективті ақиқатқа жетуіне көмегін тигізеді. Әрекетқабілеттігі жоқ азаматтардың істерін олардың заңды өкілдері , ал заңды тұлғалардың ісін сотта олардың органдары мен өкілдері жүзеге асырады. Яғни ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, нормативті – құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс - әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді, соның негізінде олар сотта өкіл болып қатыса алады. Азаматтық – процесуалдық заңдарға сәйкес мыналар:

    1. адвокаттар;

    2. заңды тұлғалардың қызметкерлері – осы заңды тұлғалардың істері бойынша;

    3. кәсіподақтың уәкілетті адамдары – осы кәсіподақтың жұмысшыларының, қызметшілерінің, басқа да адамдардың істері бойынша, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін;

    4. заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

    5. заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

    6. іске қатысушылардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен басқа да адамдар сотта өкілдер болып қатыса алады.

Сондай – ақ заңда сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар да көрсетілген:

    1. кәмелет жасына толмағандар мен қамқоршысы мен қорғаншы аясындағылар;

    2. адвокаттар алқасынан шығып қалған адвокаттар;

    3. судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары;

    4. адвокатура туралы заңмен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар;

    5. азамат, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса, сондай – ақ судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса, егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды тұлғамен туыстық қатынаста болса;

2.Істі өкіл арқылы жүргізу соттың барлық инстанцияларында мүмкін. Өкілдіктің түрі өкілденушінің заңды айғақтарына, заңды еркінің мәніне қарай 2 топқа бөлінеді:

1). Шартты өкілдік немесе ерікті өкілдік, яғни шартты өкілдік өкілденуші мен өкілдің арасындағы шарттың негізінде пайда болады. Өкілдік кей жағдайларда тұрақты заңды тұлғаның қызметкерлерімен еңбек шарты негізінде де пайда болады. Бұндай жағдайда өкілденуші мен өкілдің арасындағы қатынас еңбек шартымен және еңбек заңымен реттеледі. Шартты өкіл болып:



  • адвокаттар;

  • заң кеңесшісі, яғни олар өзі жұмыс атқаратын мекеменің, ұйымның заңды мүддесін сотта қорғау үшін қатысады, сондай – ақ мекеменің өкілі болып кез – келген өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты бар азамат сотта өкіл болып қатысады;

  • өкілеттік берілген басқа да тұлғалар соттың келісімі бойынша іске шартты өкіл ретінде қатыса алады;

  • қоғамдық өкілдер өзінің қоғамының қызметкерлері мен жұмысшысының немесе сол қоғам қорғауындағы азаматтардың атынан өкілдік жүргізеді.

2). Міндетті өкілдік, яғни міндетті өкілдікке заңды өкілдік жатады. Заңды өкілдер әрекетқабілеттігі шектелген немесе әрекетқабілеттігі жоқ азаматтарға , он төрт жасқа толмаған жасөспірімдерге заңды өкілдер болып ата – аналары, қамқоршылары мен қорғаншылыры тағайындалады. Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өкілдік құқы тіркелген неке болса әкесі мен шешесіне ортақ болады. Ал егер тіркелмеген некеде болса немесе әкелікті тану туралы соттың шешімі болмаса заңды өкіл болып – анасы қатысады.Ал сотта заңды өкіл ретінде қорғаншы мен қамқоршы әкімшілік акт негізінде қатысады, яғни олар кез – келген мемлекеттік органда, сондай – ақ сотта өз қарамағындағылардың құқытары мен бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайды. Жүйке ауруы немесе ақыл – есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекетқабілеттігі жоқ деп танып, оған қорғаншы белгілейді. Ал спирт ішімдігіне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекетқабілеттігін сот шектеп, оған қамқоршы белгілейді. Осы қамқоршы мен қорғаншылар сотта өздерінің қорғаншыларына қатысты істе өкіл болып қатыса алады. Заңды өкілдер сотқа қатысу үшін :

  • баланың тиісті ата – анадан тууы;

  • қамқоршы мен қорғаншылыққа алғаны туралы тиісті құжат, яғни соттың шешімі болуы тиіс.

3. Өкілдің өкілеттігі нотариаттық кеңседе расталған сенімхат арқылы жүргізіледі. Кәсіподақ пен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді. Ал адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал егер адвокат өз қызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат пен клиенттің жасасқан шартпен куәландырылады. Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге:

  • талап арызға қол қоюды;

  • істі аралық сотқа беруді;

  • талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді;

  • бітімгершілік келісім жасауды;

  • өкілеттікті басқа адамға беруді;

  • соттың қаулысына шағым беруді;

  • соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді;

  • берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді. Осылардың әрқайсысын жасауға өкілеттілік өкілдік беруші берген сенімхатта көрсетілуі тиіс.

4. Сот өндірісінің негізгі мақсатының бірі – азаматтық істерді тез және дұрыс қарап шешу. Процесуалдық іс - әрекеттердің шұғылдылығы сотқа және басқа қатысушыларға міндеттеліп, заңда белгіленген мерзімдермен қамтамасыз етілген. Процесуалдық мерзім – заңда көрсетілген немесе сот тағайындаған уақыттың ішінде белгілі бір процесуалдық іс - әрекет жасау немесе бірнеше іс - әрекеттердің жиынтығын тамамдау болып табылады. Осы іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімде ғана жасалады, егер осы мерзімдер заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Субъектілердің қатысына қарай процесуалдық мерзімдерді 3 топқа бөлуге болады:

- сот жасайтын іс - әрекеттерге берілетін мерзімдер;

- сот қатысушыларына берілетін мерзімдер;

- соттың ескерту қағазынада көрсетілген басқа адамдардың орындауы міндетті мерзімдер;



Сот жасайтын іс - әрекеттерге берілетін мерзім әруақытта заңмен белгіленеді және заңда сот өндірісінің әр сатысында жасайтын процесуалдық іс - әрекеттері көрсетілген. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заңда басқаша белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап 7 күн мерзімнен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай – ақ асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша 1 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Егерде өндірісте әртүрлі мерзімде қаралатын талаптар біріктірілсе, соның ішінде біреуіне берілетін мерзім қысқа болса, онда 1 ай ішінде қаралуға жатады. Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер оқиға көрсетіле отырып, дәлме – дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Жылдармен есептелінетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті ай мен күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне сәйкес келсе, онда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептелінеді. Мерзім белгіленген іс жүргізу әрекеті мерзімнің соңғы күніне 24 сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар не ақша сомалары мерзімнің соңғы күніне 24 сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса, онда мерзім өтіп кеткен болып есептелінбейді. Барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән – жайлар туындаған уақыттан басталады. Сот тағайындаған мерзімдерді сот өзі ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Ол өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамның қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиіс.(шағым беруге, құжаттар табыс етілуге т.б.с.с). Сондай – ақ соттың өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімін ұзартудан және қалпына келтіруден бас тарту ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

5. Сот билігін жүргізу барысында бюджеттік жұмысты орындау барысындағы сияқты материалдық шығын шығады. Осындай шығынның бір юөлігі-сот қорғауын өтінуші азаматтар мен мекемелерге жүктеледі. Бұл-тараптар, IV жақтар немесе арыз бен шағым берушілер.Сот шығынының мақсаты-соттарға бюджеттен төленетін төлем ақыны қалпына келтіру және қарыздар адамдарды өздерінің міндеттерін еркімен орындауға бейімдеу. Сот шығындары мемлекеттік баж салығынан және істі қарауға байланысты шыққан шығындардан құралады. Ымемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем. Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және құжаттар беру жөнінде мемлекет уәкілдік берген органға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Мемлекет кірісіне түсетін сот шығындарын төлеуден мыналар босатылады:



  • талапкерлер-еңбекақы төлеу сомаларын өндіріп алу туралы талап қоюлар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;

  • талапкерлер-авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашуға, өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгілерге құқықтардан туындайтын талап қоюлар бойынша;

  • талапкерлер-алименттерді өндіріп алу туралы талап қоюлар бойынша;

  • талапкерлер-мертігуіне немесе денсаулығына зақым келтіруг, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап қоюлар бойынша;

  • жеке адамдар-некені бұзу туралы істер бойынша шағымдардан;

  • заңда көзделген жағдайларда басқа тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға сотқа арыз жазып жүгінген жеке және заңды тұлғалар;

  • талапкерлер-ҰОС-на қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер-барлық істермен құжаттар бойынша;

  • талапкерлер-оралмандар (репатрианттар) ҚР-ның азаматтығын алуға байланысты барлық істер мен құжаттар бойынша;

  • прокуратура органдары-барлық талап қоюлар бойынша;

  • мемлекеттік мекемелер-III тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қойған және сот шешіміне шағым жасаған кезде;

  • мүгедектердің қоғамдық ұйымдары-өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талап қоюларды берген кезде мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

Сондай-ақ сот тараптарлдың мүлік жағдайын негізге ала отырып, 1 немесе 2 тараптыда мемлекеттің кірісінен өндіріліп алынатын мемлекеттік бажды төлеуден босатуға құқылы. Сонымен қатар, мемлекеттік бажды төлеуді, сот тараптың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, кейінге қалдыруға немесе оның мерзімін ұзартға құқылы.Төленіп қойған мемлекеттік бажды:

- іс аралық сотқа берілген жағдайда;

- аппеляциялық шағымдар қайтарылған жағдайда төлем жасаған адамға ішінара немесе толық қайтарылуға тиіс.Сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтыды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысыз өтеледі. Мемлекеттік бажды қайтару туралыөтініш салық органына төлемді қабылдаған банктің орналасқан жері бойынша жергілікті бюджеттің кірісіне баж есептелген күннен бастап 1 жылдың ішінде берілген жағдайда қайтарылады.Сондай-ақ мемлекеттік баж:

- талап қоюшы талап қоюдан бас тартса;

- талап қоюшы өз талаптарын азайтса;

- іс тараптардың бітімгершілік келісімімен аяқталған жағдайларда қайтарылмайды.Куәларға, сарапшыға, маман және аудармашыға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшінбелгіленгенмөлшерде тәулікақы төленеді.

Сондай-ақ сарапшы мен маманға оларға тиесілі химиялық реактивтермен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығындар, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтард, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы төленеді. Куә, сарапшы, мамандарға тиесілі соманы олар өз міндеттерін орындаған соң длепозиттік шоттан сот төлейді.Ал аудармашыға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Істі сотта қарауға дайындау кезінде судья немесе істі қарау кезінде сот азаматтардың мүліктік жағдайын негізге ала отырып, оны заң көмегімен ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға және адвкаттардың еңбнегіне ақы төлеу жөнінде шығындарды мемлекеттің есебіне жатқызуға құқылы. Заң кеңсесіне, кеңсеге, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтн і адвокатқа төлеуге тиісті соммалардың мөлшері адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеуді реттейтін нормаларғасәйкес белгіленеді.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі

  2. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.Өкілдіктің негіздері мен түрлері

  3. Соттағы өкілдің өкілеттіктері

  4. Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және олардың маңызы

  5. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.Іс жүргізу мерзімдерін есптеу

  6. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру

  7. Азаматтық процестегі сот шығындарының түсінігі және құрамы

  8. Сот шығындарынан босату

Ұсынылатын әдебиет

1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

2. Баймолдина З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

3. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Научно-практическое пособие. Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. М.: Юристъ, 1999.

5. Гражданский процесс: Учебник / Под ред. В.А. Мусина, Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота. М.: ТОО “Фирма ГАРДАРИКА”, 1996.

6. Гражданское процессуальное законодательство: Комментарий / Под ред. М.К. Юкова. - М.: Юрид. лит., 1991.
3 Тақырып. Азаматтық істердің ведомствалық бағыныстылығы. Азаматтық істердің соттылығы .


  1. Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы.

  2. Аудандық (қалалық) сотына жататын азаматтық істер.Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.

  3. Соттылықтың түсінігі және түрлері

  4. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқа сотқа берудің тәртібі

  5. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер және оларды шешудің тәртібі.

1. Егер бұзызылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылмаса онда оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісіне жүргізу тәртібімен қарайды. Соттар азаматтық, отбасылық еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтары қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастар, сондай ақ бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап қоюды қарайды.

2. Сондай - ақ сотта мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы қабылдаған актіге дау жасалуы мүмкін.Егер халықаралық шартта немесе тараптардың келісімінде өзгеше көздемесе, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай - ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді де қарайды.Егер тараптардың біреуі сотқа, ал екіншісі басқа сот емес органға ведомствоның бағынысты өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілсе, онда барлық талаптар сотта қаралады. Сонымен қатар, азаматтық істер аудандық\қалалық\ және оларға теңестірілген соттарда қаралып, шешіледі.Ал облыстық және оларға теңестірілген сотар бірінші сатыдағы соттар ретінде:

-тараптардың бірі халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын -министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен ҚР-ның Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретін органдардың нормативтік -құқтық актілеріне дау айту туралы;



- аумақтық сайлау комиссияларының референдум, ҚР Президентінің, өкілді органдар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі шешімдер мен әрекеттеріне азаматтық дау айтуы туралы азаматтық істерді қарайды. Ал ҚР-ның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын ҚР – ның азаматтарының ҚР – ның дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері лауазымды адамдардың заңға қайшы әрекеттеріне талап қоюы жөніндегі істерді, сондай – ақ ҚР Үкіметінің, Министрліктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтік емес актілеріне дау айту туралы істерді Астана қаласының соты қарайды.Ал ҚР – ның Жоғарғы Соты бірінші саты бойынша:

  • ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне;

  • Республикалық референдум, ҚР Президентін және ҚР Парламенті депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне;

  • ҚР халықаралық шартына сәйкес басқа да істер ҚР Жоғарғы сотында қаралуға жатады.

Сондай – ақ ҚР Конституциясына және заңға сәйкес ҚР Конституциялық Кеңесінің құзіретіне кірмейтін бөлігі ҚР Жоғарғы сотында қаралады. Ал мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүліктік және мүліктік емес даулар жөніндегі азаматтық істерді қарайды. Тұрғылықты жері белгісіз не ҚР – да тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жер бойынша қойылуы мүмкін. Алимент өндіріп алу, әке болуды анықтау туралы талаптарды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша қоя алады.Некені бұзу туралы талаптар талап қоюшының кәмелетке толмаған балалары тұратын немесе денсаулық жағдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшін қиындық келтіретін жағдайда оның тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін. Жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талапкер тұратын жер бойынша қойылады. Әр жерде тұратын бірнеше жауапкерге қойылатын талап талапкердің қалауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрған жерінде қойылады. Қарсы талап оның қай сотқа жататынына қарамастан алғашқы талап қаралған жерде қойылады.Істі сот басқа соттың қарауына мына төмендегі ретте береді:

  • егерде бұл іс басқа сотта толық немесе тез қаралады деп тапқан болса немесе дәлелдеменің көпшілігі тұрған сотта;

  • егерде тұрағы бұрын белгісіз болған жауакер істі өзінің тұрған жеріндегі соттың қарауына беру туралы тілек білдірсе;

  • егерде бір немесе бірнеше судьяға келісім берілгеннен кейін осы сотта оларды басқалармен ауыстырудың мүмкіндігі болмаса;

  • егерде осы істі сотта қараған кезде оның қай сотқа жату ережесі бұзылып, қабылдағаны анықталса басқа соттың қарауына беріледі.

3. Соттылық дегеніміз бір жеке саладағы азаматтық істерді қарау және шешу кезіндегі судьялардың өкілеттіктері, яғни белгілі бір азаматтық істі қарау және шешу кезіндегі ортақ юрисдикциялық өкілеттілік. Бұл соттылықтың өзі 2 түрге бөлінеді:

  1. Ерекше соттылық, яғни жер учаскелеріне, үйлерге, үй – жайларға, ғимараттарға, басқа да жылжымайтын мүліктерге құқықтары туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілерге немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жер бойынша қойылады. Сондай – ақ тасымалдаушыларға жүктер, жолаушылар немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын талаптар көлік ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жер бойынша қойылады.

  2. Шарттық соттылық, яғни тараптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтынын аумақтық жағынан өзгерте алады. Бірақ ерекше соттылыққа жататын істің соттылығын тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

4. Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылдаған іс, кейіннен ол басқа соттың сотталуына жатса да, іс мәні бойынша шешілуге тиіс. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Тараптың іс сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, ал оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Бұндай жағдайларда барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді және әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Ал төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді және өз пікірін айтады, әрі соңынан дауыс береді. Сондай – ақ көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, әрі оны төрағалық етушіге тапсырады, ол мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялық және қадағалау сатыларындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Әйтседе судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай – ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет