"Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу



Дата23.02.2016
өлшемі31 Kb.
#10662
"Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 25.04.2013 ж. № 114 (28053); "Казахстанская правда" от 24.04.2013 г. № 143-144 (27417-27418); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 223-құжат


      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 24-1, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары;»;
      3-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «осы қаулыға 24, 24-1-қосымшаларда көрсетiлген жекелеген республикалық ұйымдардың және коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың мамандары мен қызметшiлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшiн коэффициенттердiң белгiленген мөлшерiне 1,72 жоғарылататын коэффициенттi қолдана отырып айқындалады;»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                             С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 45 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына   
24-1-қосымша   

Басшыларға, мамандарға және қызметшiлерге еңбекақы төлеудi жоғарылату коэффициентiмен жүзеге асырылатын «Академиялық» мәртебесi бар коммуналдық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың тiзбесi

      1. Астана қаласы әкiмдiгiнiң «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттiк академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны.


      2. Астана қаласы әкiмдiгiнiң «М. Горький атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет