Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 3 тамызда № 7102 болып енгізілді.
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Камалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 25 маусымдағы
№ 390 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Қағида Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1503-XII қаулысымен ратификацияланған ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына (бұдан әрі - Конвенция) "Әуе кемелерін пайдалану" 6-қосымшасының талаптары мен ережелерін сақтай отырып, ұшуларға дайындалу кезінде азаматтық және эксперименттік авиацияның жердегі қызметтерінің және әуе кемелері экипаждарының қызмет тәртібін айқындайды.
3. Қағидада әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің ұшулар қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында авиациялық персоналды және әуе кемелерін дайындау негізгі қағидаттары баяндалған. Қағида Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелерінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін пайдаланушы сертификатына (куәлігіне) енгізілетін шетелдік тіркелуі бар әуе кемелерінің пайдаланушылары мен иелерінің, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын ұйымдастыруды, қамтамасыз ету мен орындауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауына жатады.
4. Ұшуға дайындау алдын ала дайындауды және ұшар алдындағы дайындауды көздейді.
5. Ұшуға дайындаудың сапасы, осы Қағиданың 4-бабына сәйкес, әуе кемелері қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етілуімен (бағалануымен) айқындалады.
6. Ұшуға дайындау және осы Қағиданың мақсаттары үшін келесі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) абсолюттік биіктік - тік бойынша орташа теңіз деңгейінен нүкте немесе нүкте деп қабылданған объекті деңгейіне дейінгі қашықтық;
2) авариялық жариялау - тиісті қызметтер мен ұйымдардың іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мәжбүрлі әуе кемелері және мұндай қызметтер мен ұйымдарға қажетті ықпал көрсету туралы хабардар етулері;
3) авиациялық жұмыстар ауданы - авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшулар оның шегінде орындалатын аудан немесе аймақ;
4) авиациялық метеорологиялық станция (бұдан әрі - АМСА) - халықаралық аэронавигацияда пайдалануға жататын бақылауларды жүргізуге және метеорологиялық шолулар жасауға арналған ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету органының станциясы, қызметі;
5) авионика (борттық электрондық жабдық) - әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған оның электрлік бөлігін қоса алғанда кез-келген электрондық жабдық, соның ішінде радио жабдығы, ұшуды автоматтық басқару жүйесі және аспаптық жабдық;
6) аса жеңіл ұшу аппараттары - ұшу массасы 750 кг (жеті жүз елу килограммнан) кем әуе кемелері, сондай-ақ аэростаттар, мотодельтапландар, парапландар;
7) аспаптар бойынша ұшу - әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және оның орналасқан орнын экипаж толығымен немесе ішінара пилотажды-навигациялық аспаптар бойынша анықтайтын жағдайында орындалатын ұшу;
8) аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты маршруты (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Standard Instrument Departure (бұдан әрі - SID) - әуе кемесінің АҰЕ бойынша ұшып шығуының әуеайлақтан немесе әуеайлақтың белгілі ҰҚЖ-нан әуеайлақ ауданынан шығу нүктесіне дейінгі белгіленген маршруты;
9) аспаптар бойынша келудің стандартты маршруты (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Standard Terminal Arrival (бұдан әрі - STAR) - әуе кемесінің АҰЕ бойынша келуінің әуеайлақ ауданына кіру нүктесінен аспаптар бойынша қонуға бет алудың жарияланған схемасы бойынша ұшу басталатын нүктеге дейінгі белгіленген маршруты;
10) АТИС (ATIS) ақпараты - тұрақты радио жариялау ақпараты, (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Aaerodrome Terminal Information Service (бұдан әрі - ATIS) әуеайлақ ауданындағы әуе кемелерінің экипаждарын метеорологиялық және ұшу ақпаратымен жедел қамтамасыз етуге арналған;
11) ауа-райы болжамы - белгілі сәтте немесе уақыт аралығында белгіленген аймақта және (немесе) әуе кеңістігінің бөлігінде күтілетін метеорологиялық жағдайлардың сипаты;
12) ауыспалы қабат - ауысу биіктігі мен ауысу эшелоны арасындағы әуе кеңістігі. Әуе кемелерінің көлденең ұшу режиміндегі ұшуларына ауыспалы қабатта рұқсат етілмейді;
13) ауысу биіктігі - әуеайлақ ауданында белгіленген барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын берілген эшелонды алу кезінде 760 сынап бағанасының миллиметрі (бұдан әрі - сын.бағ.мм.) немесе 1013,2 гектопаскаль (бұдан әрі - гПа) қысымының мәніне ауыстыру биіктігі;
14) ауысу эшелоны - барометрлік биіктік өлшеу құралының қысым шкаласын 760 сын.бағ.мм. (1013,25 мбар (гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең төмен қысымға ауыстыру үшін белгіленген эшелон. Әуеайлақ, аэроторап ауданындағы немесе ӘҚҚК ауданының бөлігіндегі төменгі қауіпсіз ұшу эшелоны ауысу эшелоны болып табылады;
15) аэронавигациялық отын запасы – ұшу әуеайлағынан (қону алаңынан) межелі әуеайлаққа (қону алаңына) дейін ұшу үшін есептік мөлшерден жоғары, қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) жөнелтумен, бекітілген маршруттан ауытқумен, қарсы жел жылдамдығының күшеюімен және басқа жағдаяттармен туындаған ұшу жоспарының өзгеру жағдайына қажетті отын резерві;
16) аэростат - ауадан (қоршаған ортадан) жеңіл ұшу аппараты, оның көтеру күші тығыздығы ауа тығыздығынан кем оның қабығындағы газдың есебінен құрылады. Аэростаттар:
басқарылатындар (дирижабльдер);
шар түріндегі қабығы бар басқарылмайтындар (еркін қалқитындар) (стратостаттар, радиозондтар, пилот шарлары, секіргіш шарлар, құтқару шарлары);
байламалы (батпырауықтар) болып бөлінеді;
17) аэроторап – оларда ұшуларды ұйымдастыру және орындау әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарымен арнайы келісуді және үйлестіруді талап ететін жақын орналасқан әуеайлақтар;
18) әуеайлақ - әуе кемелерінің келуі, кетуі және осы бет бойынша қозғалуы үшін толық немесе ішінара арналған жер бетінің белгілі учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда):
гидроәуеайлақ - әуе кемелерінің келуі, кетуі және осы бет бойынша қозғалуы үшін толық немесе ішінара арналған су бетінің белгілі учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда):
база әуеайлағы (базалық әуеайлақ) - әуе кемелерін тұрақты орналастыру және осы мақсаттар үшін қажетті құрылыстар бар әуеайлақ;
таулы әуеайлақ (гидроәуеайлақ) – біркелкі емес рельефі және әуеайлақтың (гидроәуеайлақтың) бақылау нүктесінен (бұдан әрі – АБН) 25 километр (бұдан әрі – км) радиусте 500 метр (бұдан әрі – м) және одан артық салыстырмалы биіктіктері бар жерде орналасқан немесе теңіз деңгейінен 1000 м және одан артық биіктікте орналасқан әуеайлақ (гидроәуеайлақ);
қосалқы әуеайлақ - межелі әуеайлаққа бару немесе оған қону жүргізу мүмкін болмаған немесе орынды болмайтын жағдайда әуе кемесі баратын әуеайлақ;
санатталған әуеайлақ - пайдалануға рұқсат берілген және оның санатына белгіленген минимумдер бойынша қонуға тура бет алуды және қонуды қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен және радио жарық техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақ;
межелі әуеайлақ - ұшу жоспарында немесе ұшуға тапсырмада межелі қону әуеайлағы ретінде көрсетілген әуеайлақ;
19) әуеайлақ ауданы - әуеайлақтың және оған жанасып жатқан жергілікті жердің үстіндегі, белгіленген көкжиек және тік жазықтың шекаралары шегіндегі әуе кеңістігі;
20) әуеайлақ минимумы - ҰҚЖ-дағы көрінудің, көріну қашықтығының, бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің және тік көрінудің немесе ШҚБ ең төмен рұқсат етілген, олар кезінде осы әуеайлақта әуе кемесінің бұл үлгісінің ұшып көтерілуі мен қонуын орындауға мүмкіндік беретін мәндері;
21) әуеайлақтағы атмосфералық қысым (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы QFE (бұдан әрі - QFE) - ұшу-қону жолағының жұмыс деңгейінің шегіндегі атмосфералық қысымның сынап бағанасы миллиметріндегі (бұдан әрі - сын.бағ.мм.), миллибардағы (бұдан әрі - мбар) немесе гектопаскальдегі (бұдан әрі - гПа) мәні;
22) әуеайлақтық ұшулар шеңбері - ол (немесе оның бөлігі) бойынша ұшудан кейін биіктік алу, қонуға бет алу үшін төмендеу, қонуды күту орындалатын, әуеайлақтың (қону алаңының) үстінен ұшу орындалатын әуеайлақ ауданында белгіленген маршрут;
23) әуе кемесінің минимумы - ҰҚЖ-дағы көрінудің және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің, тік көрінудің немесе шешім қабылдау биіктігінің ең төмен рұқсат етілген әуе кемесінің бұл үлгісінің ұшып көтерілуі мен қонуын қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретін мәндері;
24) әуе кемесі командирінің (пилотының) минимумы - көрінудің, ҰҚЖ-дағы көрінудің және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің немесе ШҚБ ең төмен рұқсат етілген, олар кезінде пилотқа әуе кемесінің бұл үлгісінде Бейне ұшулар ережесі бойынша ұшып көтерілуді, қонуды және ұшуды орындауға рұқсат берілетін мәндері;
25) әуе кемесінің бортынан бақылау - бір немесе бірнеше метеорологиялық элементтерді ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортында жүргізілген бағалау;
26) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы (бұдан әрі - ӘҚҚК) - ұшу ақпараты орталығын немесе әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты хабарламаларды жинау, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы.
Ұшуларды жоспарлаудың, үйлестірудің, қамтамасыз етудің, әуе кемелерінің жердегі және ауадағы қамтамасыз етудің кешенді үдерісін, белгіленген ұшулар режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын орган;
27) әуе кемесінің қозғалысына қызмет көрсетуді қабылдау-беру шебі - рульдеу маршрутында немесе әуе кеңістігіндегі ұшу траекториясында белгіленген, онда әуе кемесінің қозғалысына тікелей қызмет көрсету бір ӘҚҚК органынан екіншісіне берілетін шеп;
28) әуе кемесінің мұздануы - әуе кемесінің әртүрлі бөліктерінде мұздың түзілуі;
29) әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы - оның шекарасында олардан тыс әуе трассалары мен маршруттары бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ӘҚҚК органының диспетчері жүзеге асыратын белгіленген өлшемдердегі әуе кеңістігі;
30) бағдарды жоғалту - ол кезінде әуе кемесінің экипажы ұшуға тапсырманы орындау мақсатында ұшу бағытын анықтау үшін қажетті дәлдікпен өзінің орналасқан орнын біле алмайтын және анықтай алмайтын жағдай;
31) барометрлік биіктік – бұл барометрлік биіктік өлшеу құралының шкаласында белгіленген атмосфералық қысымның изобаралық бетіне қатысты ұшу биіктігі;
32) бейнелі ұшу - әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайын және оның орналасқан орнын экипаж табиғи көкжиек және жердегі (су үстіндегі) бағдарлар бойынша бейнелі түрде анықтайтын жағдайда орындалатын ұшу;
33) бейнелік метеорологиялық шарттар (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Visual meteorological conditions) - көріну ұзақтығы, бұлттарға дейінгі қашықтық және бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің белгіленген минимумдерге сәйкес келетін немесе олардан асатын шамаларымен белгіленген метеорологиялық жағдайлар;
34) белгіленген маршрут - әуе трассасынан және ЖӘЖ тыс, құзыретті органдармен, мүдделі ведомстволармен және ұйымдармен келісілген және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған маршрут;
35) болжам картасы - белгілі метеорологиялық элементтердің белгіленген сәтке немесе уақыт аралығына белгіленген бет немесе әуе кеңістігінің бөлігі үшін картадағы графикалық суреті;
36) борттан (әуе кемесінен) хабарлама - ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортынан хабарлама, ол орналасқан жері, ұшу барысы және (немесе) метеорологиялық жағдайлар туралы деректерді хабарлауға қатысты талаптарға сәйкес жасалған;
37) борттық соқтығысуды ескерту жүйесі (бұдан әрі – БСЕЖ) ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Traffic Collision Avoidance System (бұдан әрі – TCAS) - қайталама шолу радиолокаторының (бұдан әрі – ҚШРЛ) қабылдау-жауап беру құралының сигналдарын пайдалануға негізделген борттық жүйе. Жердегі жабдыққа тәуелсіз жұмыс істейді және пилотқа (ұшқышқа) ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құралдарымен жабдықталған әуе кемелері туындататын шиеленісті оқиға туралы ақпаратты ұсынады;
38) борттық жабдық - борттық азық-түлік қорларын және бөлшектенетін қосалқы бөлшектерді қоспағанда, әуе кемесінің бортында ұшу уақытында пайдалануға арналған заттар, соның ішінде алғашқы жәрдем құралдары және авариялық-құтқару жабдығы;
39) борттық пилотажды-навигациялық жабдық - өлшеу, есептеу, басқару жүйелерінің және құрылғыларының, сондай-ақ ұшудан қонуға дейін қолмен, автоматтандырылған, жартылай автоматты және автоматты навигацияны қамтамасыз етуге арналған ақпаратты әуе кемесінің бортында көрсету және ақпаратты экипажға беру жүйелерінің жиынтығы;
40) борттық өздігінен жазғыш - ұшу параметрлері және әуе кемесін пайдалану туралы ақпаратты сақтау мақсатында әуе кемесінің бортында орнатылған кез-келген өздігінен жазғыш құрал;
41) брифинг (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – briefing, brief – қысқаша дегеннен) - әуе кемелерінің ұшқыш экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету;
42) брифинг бойынша диспетчері - әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымы диспетчерінің куәлігі бар, тиісті дайындалудан өткен және мамандығына сәйкес жұмысқа рұқсаты бар азаматтық авиация маманы;
43) брифинг бөлмесі - арнайы жабдықталған, онда әуе кемесінің экипажын ұшып шығуға ақпараттық-консультациялық дайындау жүзеге асырылатын үй-жай;
44) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі - құрлық (су) беті мен бұлттардың ең төменгі қабатының төменгі шекарасының арасындағы тік бойынша қашықтық. Бұлттардың төменгі шекарасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда тік көріністі пайдалану қажет;
45) векторлау (радиолокациялық көздеп келтіру) - радиолокаторлар деректерін пайдалану негізінде анықталған бағыттарды көрсету арқылы әуе кемелерін навигациялық көздеп келтіруді қамтамасыз ету;
46) диспетчерлік аймақ (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Сontrol zone) - жер бетінен үстіне белгіленген жоғарғы шекараға дейін таралатын бақыланатын әуе кеңістігі;
47) диспетчерлік рұқсат (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Air traffic control clearance) - диспетчерлік қызмет көрсету органдары ұшу кезеңін белгілеу үшін белгілеген, оларға диспетчерлік рұқсат жататын шарттарға (рульдеуге, ұшып көтерілуге, ұшып кетуге, маршрут бойынша ұшуға, қонуға бет алуға немесе қонуға) сәйкес іс-қимыл жасауға әуе кемесінің экипажына рұқсат;
48) дөңді жер - 25 километр радиусте рельефінің 200-500 метр салыстырмалы асулары бар жергілікті жер;
49) ең аз жабдықтың үлгі тізбесі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Master Minimum Equipment List, (бұдан әрі – MMEL) - әуе кемесін оның жабдықтарының жеке рұқсат етілген істен шығуларымен ұшуда пайдалану ережелерін регламенттейтін пайдаланушылық конструкторлық құжат. Бұл ретте істен шыққан жабдық оның үлгі конструкциясының бөлігі болып табылады және өзіне әуе кемесі құрауыштарының тізбесін қосады, жеке пайдалану жағдайларда олардың уақытша жұмысқа жарамсыздығы (ақаулығы) кезінде әуе кемесінің ұшып шығуына оның ұшу жарамдылығының нормаларында белгіленген қауіпсіздік деңгейін төмендетпей рұқсат беріледі.
Тізбе сондай-ақ ұшуларды істен шығулармен орындау шарттары және мұндай пайдаланудың рұқсат етілген мерзімдері бойынша ӘК ұшуда және техникалық пайдалану саласындағы қосымша рәсімдерді және шектеулерді анықтайды;
50) есептік келу уақыты - әуе кемесінің қону әуеайлағының схемасына келу уақыты;
51) жазық жер - 25 километр радиусте рельефінің 200 метрге дейінгі салыстырмалы асулары бар жергілікті жер;
52) жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Approach control service) - әуе кемелерінің әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) келулерімен және ұшып кетулерімен байланысты ұшуларға диспетчерлік қызмет көрсету;
53) жалпы мақсаттағы авиация (бұдан әрі – ЖМА) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншігінде тұрған төлем үшін емес және жалға алу бойынша емес:
жолаушылар, багаж, жүк және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;
авиациялық жұмыстарды орындау;
іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары;
сұрапыл апаттар жағдайларында халыққа көмек көрсету;
оқыту, спорт, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, техникалық шығармашылықты дамыту;
әуе кемелерін пайдаланушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарында пайдаланылатын азаматтық авиация;
54) желдің ығысуы - жоғары көтерілетін және төмен түсетін ағындарды қоса алғанда жел бағытының және (немесе) жылдамдығының әуе кеңістігіндегі өзгеруі:
желдің әлсіз ығысуы - 30 м биіктікке 2 м/с дейін;
желдің орташа ығысуы - 30 м биіктікке 2-4 м/с;
желдің қатты ығысуы - 30 м биіктікке 4-6 м/с;
желдің өте қатты ығысуы - 30 м биіктікке 6 м/с және одан артық;
55) жергілікті әуе желісі (бұдан әрі - ЖӘЖ) - биіктігі және ені бойынша шектелген және әуе кемелерінің ұшуларын орындауға арналған төменгі әуе кеңістігіндегі дәліз;
56) жердегі авиация персоналы - ұшу немесе қызмет көрсету экипажының біліктілігі жоқ авиация персоналының адамдары;
57) жол жолағы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Track) - әуе кемесінің ұшу траекториясының жер бетіндегі кескіні, оның бағыты оның кез келген нүктесінде әдетте меридиандардың (шынайы, магниттік немесе шартты) солтүстік бағытынан есептелетін бұрыш градустарымен беріледі;
58) ИКАО ІІІ-санатының жабдықталған ҰҚЖ-ға дәл жүйелер бойынша әуе кемесінің қонуға бет алуы және қонуы үшін минимумдері:
ІІІ А-санатының минимумы - қонудың соңғы кезеңінде бейне құралдарды пайдалана отырып, 200 м кем емес (ҰҚЖ бойынша шектеусіз) көріну қашықтығы кезінде қонуға бет алу және қону үшін;
ІІІ В-санатының минимумы - рульдеу кезінде бейне құралдарды пайдалана отырып, 50 м кем емес (ҰҚЖ бойынша шектеусіз) көріну қашықтығы кезінде қонуға бет алу және қону үшін;
ІІІ С-санатының минимумы - аспаптар бойынша қону және рульдеу үшін;
59) кабина экипажының мүшесі - ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын, қауіпсіздік мүддесінде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында оған әуе кемесінің пайдаланушысы немесе командирі тапсыратын міндеттер атқаратын адам;
60) қайту шебі - әуе кемесі жолының жолағында белгіленген, осы әуе кемесін ұшудағы пайдалану жөніндегі басшылықта белгіленгеннен кем емес отын қалдығымен осы әуе кемесі қосалқы әуеайлақтан (ұшып шығу әуеайлағынан) ұшуды орындай алатын және осы қосалқы әуеайлаққа (ұшып шығу әуеайлағына) қонуды орындай алатын қашықтықтағы шеп;
61) қауіпсіз биіктік - жер (су) бетімен немесе ондағы кедергілермен әуе кемесінің қақтығысуынан кепіл беретін ең төмен рұқсат етілген ұшу биіктігі;
62) кедергілерден ұшып өтудің абсолюттік және салыстырмалы биіктігі - ұшу-қону жолағының тиісті шегінен асуынан жоғары немесе кедергілерден ұшып өтудің тиісті критерийлерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын әуеайлақтың асуынан жоғары ең аз абсолюттік немесе ең аз салыстырмалы биіктік;
63) қолда бар жүгіріс дистанциясы (бұдан әрі - ҚЖД) - ұшып көтерілуді орындайтын әуе кемесінің жүгірісі үшін жеткілікті және жарамды болып табылатын ұшу-қону жолағының ұзындығы;
64) қолда бар үзінді ұшып көтерілу дистанциясы (бұдан әрі - ҚҮҰД) - қолда бар жүгіріс дистанциясының және, егер ол көзделген болса, сақиналы тежелу (қауіпсіздік) жолағы ұзындығының сомасы;
65) қонар алдындағы түзу - қонуға бет алу схемасының төртінші бұрылыстан қону нүктесіне дейінгі қорытынды бөлігі;
66) қону алаңы - әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына жарамды жер (су, мұз) учаскесі немесе арнайы дайындалған жасанды алаң;
67) қонуға бейнелі бет алу (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Visual approach) - бейнелі ұшулар ережелерін сақтай отырып, бейнелі бет алудың жарияланған схемасы бойынша ішінара немесе толығымен орындалатын бет алу;
68) қону дистанциясы - әуе кемесі өтетін көлденең бойынша қашықтық:
қонуға бет алу жылдамдығы 15 метр биіктіктен 200 км/сағ және одан артық;
қонуға бет алу жылдамдығы 9 метр биіктіктен 200 км/сағ кем;
69) көріну (көріну қашықтығы) - жарық тағылмаған объектілер (бағдарлар) күндіз және жарық бағдарларды (жарық түсірілген объектілер) түнде көрінетін және танылатын ең үлкен қашықтық;
70) күрделі метеорологиялық жағдайлар (бұдан әрі – КМЖ) - олар кезінде метеорологиялық көріну 2000 м және одан аз және (немесе) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі олардың жалпы саны 2 октаннан артық кезде 200 м және одан төмен құрайтын жағдайлар;
71) күту аймағы - әуеайлақ (аэроторап) ауданының радионавигациялық нүктенің (бұдан әрі - РНН) үстінен әуе кемелерінің әуеайлаққа жақындау және (немесе) қонуға бет алу кезегін күтулері үшін бекітілген белгіленген өлшемдердегі әуе кеңістігі;
72) күту аймағында ұшу схемасы - әуе кемесіне әуе кеңістігінің белгілі бөлігінде келесі рұқсатты күтіп қалуға мүмкіндік беретін алдын ала айқындалған маневр;
73) күту рәсімі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Holding procedure) - әуе кемесіне бұдан әрі рұқсатты күту уақытында белгілі әуе кеңістігінде болуға мүмкіндік беретін ұйғарылған маневрлер;
74) маневр жасау ауданы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Manoeuvring area) – перронды қоспағанда, әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуіне арналған әуеайлақ бөлігі;
75) маркер - кедергілерді немесе шекараны (шепті) белгілеу үшін жер деңгейінің үстінен орнатылатын объекті;
76) маркерленген шеп - әуе трассасына (ұшу маршрутына немесе дәлізіне) перпендикуляр тік кеңістіктегі әуе кеңістігіндегі шеп (нүкте), оның орналасқан орны РНН немесе жеке жетекті радиостанцияны (бұдан әрі - ЖЖРС) немесе маркерлік маякты орнату орнының үстінен бұрыш-қашықтық өлшеу жүйесі бойынша анықталады;
77) мәжбүрлі қону - ұшуды ұшу жоспарына сәйкес орындауға мүмкіндік бермейтін себептер бойынша әуе кемесінің әуеайлақта немесе әуеайлақтан тыс қонуы;
78) міндетті хабарламалар пункті - әуе трассасындағы, ЖӘЖ және әуеайлақтар (әуетораптар) аудандарындағы, әуе кемесінің экипажы оны ұшып өтуі туралы ӘҚҚК органының немесе әуе қозғалысын басқару органының диспетчеріне хабарлауы қажет географиялық нүкте;
79) НОТАМ (NOTAM) - аэронавигациялық жабдықта, қызмет көрсетуде, рәсімдерде жай-күйді немесе өзгерістерді іске қосу туралы немесе оларды уақтылы білу ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды мәнге ие қауіп туралы мәліметтерді кодтау (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Notice to airmen (бұдан әрі - NOTAM);
Қарлы НOTAM (SNOWTAM) - әуеайлақтың жұмыс алаңында қардың, мұздың, батпақтың немесе тұрып қалған судың бар болуымен туындаған, оларды уақтылы білу ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды мәнге ие қауіпті жағдайлардың бар болуы немесе жою туралы арнайы серия мәліметтерін кодтау (бұдан әрі - SNOWTAM);
80) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
81) перрон (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы - Apron) - құрылық әуежайының әуе кемелерін орналастыруға арналған белгіленген алаңы;
82) пилоты жоқ басқарылмайтын аэростат - пилоты жоқ ауадан жеңіл, күш қондырғысы жоқ, еркін қалықтаудағы әуе кемесі;
83) рульдеу - ұшып көтерілуді және қонуды қоспағанда, әуе кемесінің өзіндік тартымының есебінен әуеайлақ беті бойынша қозғалысы;
84) рұқсаттың қолданылу биіктігі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Clearance limit) - әуе кемесіне берілген диспетчерлік рұқсат оған дейін қолданыста болатын пункт;
85) СИТА ақпараты (француз тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы SITA (бұдан әрі - SITA) - ұшу тапсырмасын (әуе тасымалын) орындау үшін әуе кемесінің экипажына пайдаланушының аэронавигациялық ақпарат ұйымдарымен уағдаластығының негізінде ұсынылатын аэронавигациялық, есептік, жұмыстық ұшу жоспары.
SITA - Халықаралық авиациялық электр байланыс ұйымы (француз тіліндегі бастапқы атауынан – Sociйtй Internationale de Tйlйcommunications Aйronautiques) - авиация саласында телекоммуникациялық және IT қызметтерін ұсынатын швейцар көпұлттық ақпаратты ұйымы;
86) таулы жер - біркелкі емес рельефі және 25 километр радиусте 500 метр және одан артық салыстырмалы асулары бар жергілікті жер, сондай-ақ теңіз деңгейінен биіктігі 2000 метр және одан артық жергілікті жер;
87) тексеруші - әуе кемесінің осы үлгісінде нұсқаушы және (немесе) емтихан ұшуларына рұқсаты бар және оны ұшуда тексеру немесе жаттықтыру мақсатында экипажға енгізілетін командирлік-ұшқыш, инспекторлық немесе нұсқаушы құрамының лауазымды тұлғасы, емтиханшы;
88) тік көріну - жер бетінен одан тігінен төмен жер бетіндегі объектілер көрінетін деңгейге дейінгі ең үлкен қашықтық;
89) тікұшақтың ұшу уақыты - тікұшақтың ұшып көтерілу кезінде жүріс басынан немесе тік ұшып көтерілу кезінде "қадам-газды" алудың басынан қону кезінде жүріс соңына дейінгі немесе тік қону кезінде "қадам-газды" алып тастағанға дейінгі уақыт кезеңі;
90) тік эшелондаудың қысқартылған минимумі (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Reduced Vertical Separation Minimum (бұдан әрі – RVSM) - RVSM қолдана отырып ұшуларға рұқсаты әуе кемелерін эшелондау үшін 8850 м және 12500 м эшелондары арасындағы аралықта қолданылатын тік эшелондау аралығы;
91) ұшар алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі – ҰАБ) - ұшар алдында дайындалған, аэронавигациялық ақпарат қызметтерінің (бұдан әрі – ААҚ) маңызды пайдаланушылық мәні бар ескертулерін, хабардар етулерін парағын қосатын ағымдағы ақпарат;
92) ұшу дистанциясы - әуе кемесі старт нүктесінен жерден көтерілу нүктесінде ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты 10 м биіктіктегі нүктеге дейін өтетін көкжиек бойынша қашықтық;
93) ұшу-қону жолағы - құрлық әуеайлағының ұшу жолағының әуе кемелерінің ұшуы және қонуы үшін дайындалған белгілі тікбұрышты учаскесі;
94) ұшу-қону жолағы жабдықталған (бұдан әрі – ҰҚЖ) - төменде тізілген ҰҚЖ үлгілерінің бірі:
дәл емес жүйе және бейне құралдар бойынша әуе кемесін қонуға түзуден бет алу бағытында көздеп келтіруді қамтамасыз ететін қандайда бір бейне емес құралдар түрімен қонуға бет алу үшін жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО І-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ИКАО І-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен және бейне құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО ІІ-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ИКАО ІІ-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен және бейне құралдармен жабдықталған ҰҚЖ;
ИКАО ІІІ-санаты бойынша қонуға дәл бет алу үшін жабдықталған, ҰҚЖ жалпы бетіне дейін және бойынан қолданылатын және ИКАО ІІІ-санатының минимумы бойынша қонуға бет алу үшін арналған ILS жүйесімен жабдықталған ҰҚЖ;
95) ҰҚЖ-дағы көріну немесе ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Runway Visibility Range, (бұдан әрі – RVR) - оның шегінде ҰҚЖ осьтік жолағында тұрған әуе кемесінің пилоты ҰҚЖ бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ҰҚЖ шектейтін немесе оның осьтік жолағын белгілейтін оттарды көретін қашықтық;
96) ұшақтың ұшу уақыты - ұшу кезінде ұшақ қозғалысының басынан немесе атқару стартында тоқтаусыз ұшып көтерілу кезінде қозғалтқыштардың жұмыс режимін арттырудың басынан жүрісті аяқтағанға дейінгі уақыт кезеңі;
97) ұшу биіктігі - белгіленген биіктіктен әуе кемесіне дейінгі тік бойынша қашықтық. Есептеу басының деңгейіне тәуелді келесі биіктіктер айырылады:
нақты ұшу биіктігі - әуе кемесінің тікелей астында орналасқан нүктенің деңгейінен;
салыстырмалы ұшу биіктігі - ҰҚЖ шегінің деңгейінен, әуеайлақ деңгейінен, жергілікті жер рельефінің ең жоғары нүктесінен және сол сияқты;
абсолюттік ұшу биіктігі - орташа теңіз деңгейінен;
98) ұшуға тапсырма - пайдаланушымен белгіленген және пайдаланушының Ұшуларды орындау жөніндегі басшылығына (бұдан әрі – ҰОБ) белгіленген нысанда енгізілген, экипаж, әуе кемесі туралы мәліметтері бар, ұшу (ұшулар) маршруты мен мақсатын айқындайтын құжат;
99) ұшу жоспары немесе флайт план (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – Flight plan, қысқартылғаны – FPL) - әуе қозғалысына қызмет көрсету органына ұсынылатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтері бар белгіленген нысандағы құжат;
100) ҰҚЖ шегі - әуе кемелерінің қонуы үшін пайдалануы мүмкін ҰҚЖ учаскесінің басы;
101) ұшулар ережелері оларды орындау әдістері бойынша мыналарға бөлінеді:
бейнелі ұшулар ережесі (бұдан әрі – БҰЕ) - экипаждың бейне бақылау жолымен әуе кемелерінің арасында белгіленген аралықтарды ұстана отырып ұшуларды орындауды және бейне бағдар көмегімен белгіленген ұшу маршрутын (схемасын) ұстануды көздейтін ереже;
аспаптар бойынша ұшулар ережесі (бұдан әрі – АҰЕ) - әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының тарабынан бақылау және олар әуе кемелерінің арасында белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз ете отырып, пилотажды-навигациялық аспаптар бойынша ұшуларды орындауды көздейтін ереже;
102) ұшып шығар алдындағы медициналық бақылау - әуе кемесі экипажының мүшелері денсаулығының жай-күйін және жұмысқа қабілеттігін ұшып шығар алдында куәландыру;
103) ұшуда тексеру - ұшқыштар құрамы тұлғаларының ұшуға тапсырманы орындаулары үдерісінде олардың кәсіби дайындалу деңгейін анықтау;
104) ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) - пайдаланушы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларын, берілген маршруттағы және тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылық шектеулерді және күтілетін жағдайларды ескере отырып, ұшуды қауіпсіз орындау үшін жасаған ұшу жоспары немесе навигациялық есебі;
105) ҰПБ - әуе кемелерін жасаушылар басып шығаратын "Әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық" экипаждар мен қызмет көрсету персоналы үшін әуе кемесін пайдалану ережесі атауының қысқартылған аббревиатурасы;
106) ұшу экипажының мүшесі - авиациялық персоналға жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, оған әуе кемесін ұшу уақыты ішінде басқарумен байланысты міндеттер жүктелген адам;
107) ұшу эшелоны - 760 сын.бағ.мм. (1013,25 мбар (гПа) қысымының белгіленген шамасына келтірілген және мұндай басқа беттерден белгіленген қысым аралықтарының шамасына артта қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;
108) халықаралық әуежай - кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;
109) халықаралық әуе трассасы (бұдан әрі - ХӘТ) - халықаралық ұшулар үшін ашық әуе трассасы;
110) шайқалу - турбулентті атмосферада ұшулар кезіндегі әуе кемесінің тәртіпсіз ауытқуы:
біркелкі шайқалу - әуе кемесі орнының және (немесе) абсолюттік биіктігінің біркелкі өзгеруі, алайда сенімді басқару әліде қамтамасыз етіледі, ол жерде акселерометр көрсеткіштері әуе кемесінің ауырлық орталығында 0,5 -:- 1.0g құрайды, ал ұшу және қону кезінде біркелкі шайқалу +0,3 -:- 0,4g құрайды;
қуатты шайқалу - әуе кемесі орнының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, ол жерде қысқа аралықтар ішінде әуе кемесі басқаруды елемейді, ауа жылдамдығының мәнді өзгерулері тән болып табылады. Акселерометр көрсеткіштерінің өзгеруі әуе кемесінің ауырлық орталығында 1.0g асады, ал ұшу және қону кезінде қатты шайқалу – артық жүктемені көбейту кезінде + 0,4g асады;
111) шешім қабылдау биіктігі (бұдан әрі – ШҚБ) - ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленген, онда:
егер осы биіктікке жеткенге дейін әуе кемесінің командирі немесе пилот қонуға бет алуды жалғастыру үшін бағдарлармен қажетті бейне байланысты орнатпаған;
әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайы немесе оның қозғалыс параметрлері қауіпсіз қонуды қамтамасыз етпеген жағдайларда екінші айналымға кету маневрін бастау қажет биіктік;
112) шешім қабылдау жылдамдығы - ол кезінде сыни қозғалтқыш істен шыққан жағдайда ұшып көтерілуді қауіпсіз тоқтату да, қауіпсіз жалғастыру да мүмкін болатын ұшақ жүгірісінің ең үлкен жылдамдығы;
113) эшелондау - әуе кемелерін әуе қозғалысын қамтамасыз ететін белгіленген аралықтарға әуе кеңістігінде тік, көлденең немесе бүйір таратуды білдіретін жалпы термин:
бүйірлік эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте қашықтық немесе олардың жол жолақтарының арасындағы бұрыштық ауытқу бойынша тарату;
тік эшелондау - әуе кемелерін биіктігі бойынша белгіленген аралықтарға тарату;
көлденең эшелондау - әуе кемелерін бір биіктікте уақыт және жол жолағының бойынан қашықтық бойынша белгіленген аралықтарға тарату.
2. Ұшуларға алдын ала дайындау
Достарыңызбен бөлісу: |