Азаматтық ЖӘне коммерциялық істер бойынша юрисдикция, сот шешімдерін тану және орындау туралы конвенция



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/2
Дата09.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2
АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ЮРИСДИКЦИЯ, СОТ ШЕШІМДЕРІН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

(2007.30.10. Лугано қ. қол қойылған)

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ЮРИСДИКЦИЯ, СОТ ШЕШІМДЕРІН ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

(2007 жылғы 30 қазан, Лугано)

Кіріспе
Жоғары Уағдаласушы тараптар – осы Конвенцияға қатысушылар,

өз аумақтарында белгіленген адамдарды құқықтық қорғауды күшейтуге ұмтыла отырып,

осы мақсатпен өз соттарының халықаралық юрисдикциясын айқындауды, тануды жеңілдету және сот шешімдерін, ресми құжаттарды және сотта жасалған келісімдерді орындауды қамтамасыз ету үшін жеделдетілген рәсімді енгізуді қажет деп санай отырып,

Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Еуропалық еркін сауда қауымдастығына мүше мемлекеттер арасында жасалған еркін сауда туралы шарттармен бекітілген экономика саласындағы олардың арасындағы байланыстардың бар екенін біле отырып,

Мыналарды:

Еуропалық қоғамдастықтар кейіннен кеңейту барысында қосылу туралы Конвенциялармен толықтырылған, азаматтық және коммерциялық істер бойынша юрисдикция және сот шешімдерін орындау туралы 1968 жылғы 27 қыркүйектегі Брюссель Конвенциясын,

Еуропалық еркін сауда қауымдастығына мүше мемлекеттермен Брюссель конвенциясының қағидаларын қолдануды кеңейткен 1988 жылғы 16 қыркүйектегі Лугано конвенциясын,

Жоғарыда көрсетілген Брюссель конвенциясын ауыстырған азаматтық және коммерциялық істер бойынша юрисдикция және сот шешімдерін орындау туралы Еуропалық Одақ Кеңесінің2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 44/2001 регламентін,

2005 жылғы 19 қазанда Брюссельде қол қойылған Еуропалық қауымдастық пен Дания корольдігі арасындағы азаматтық және коммерциялық істер бойынша юрисдикция, сот шешімдерін тану және орындау туралы Келісімін назарға ала отырып,

№ 44/2001 (ЕҚ) Регламентінде қаланған қағидаттардың осы құжатқа қатысушы мемлекеттерге таратылуы Еуропадағы құқықтық және экономикалық ынтымақтастықты нығайтатынына сенімді бола отырып,

мүмкіндігінше осы құжаттың біркелкі түсіндірілуін қамтамасыз етуге ниет білдіре отырып,

осындай мақсаттарда осы Конвенцияны жасасуға шешім қабылдады және төмендегілер туралы уағдаласты:

I тарау
Қолдану аясы
1-бап
1. Осы Конвенция азаматтық және коммерциялық істерге қатысты кез келген сотта немесе трибуналда қолданылады. Ол атап айтқанда, салық, кеден немесе әкімшілік істерге қолданылмайды.

2. Конвенция:

a) азаматтық хал немесе жеке тұлғалардың құқығына және әрекетке қабілеттілігіне, неке қатынастарынан туындайтын мүліктік құқықтарға, өсиеттер мен мұрагерлікке;

b) банкроттыққа, дәрменсіз компаниялардың немесе басқа да заңды тұлғалардың таратылуына қатысты соттық рәсімдерге, соттық уағдаластықтарға, келісімдерге және оларға ұқсас рәсімдерге;

c) әлеуметтік қамсыздандыруға;

d) арбитражға қатысты қолданылмайды.

3. Бұл Конвенцияда «осы Конвенцияның шеңберіндегі мемлекет» термині уағдаласушы тарап немесе Еуропалық Қауымдастыққа мүше мемлекет болып табылатын кез келген уағдаласушы мемлекетті білдіреді.

II тарау
Юрисдикция


1-бөлім
Жалпы ережелер
2-бап
1. Осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Уағдаласушы мемлекетте домицилі* бар тұлғаларға олардың азаматтығына қарамастан, осы мемлекеттің соттарында талаптар беріледі.

2. Мемлекеттің азаматтары болып табылмайтын, оларда домицилі бар тұлғалар осы мемлекеттің азаматтарына қолданылатын қағидалар бойынша оның юрисдикциясына жатады.


3-бап
1. Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар тұлғаларға басқа Уағдаласушы мемлекеттің соттарында осы тараудың 2-7-бөлімдерінде белгіленген қағидаларға ғана орай талаптар берілуі мүмкін.

2. Атап айтқанда, 1-қосымшада қаланған ұлттық юрисдикцияның қағидалары оларға қарсы қолданылмайды.


4-бап
1. Егер жауапкердің Уағдаласушы мемлекетте домицилі болмаса, әрбір Уағдаласушы мемлекет соттарының юрисдикциясы 22 және 23-баптардың ережелері сақталған жағдайда, осы мемлекеттің заңымен айқындалады.

2. Осындай жауапкерге қарсы Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар кез келген тұлға азаматтығына қарамастан, осы мемлекетте қолданылатын және атап айтқанда, 1-қосымшада қамтылған юрисдикцияның қағидаларын осы мемлекеттің азаматтарымен бірдей қолдана алады.

2-бөлім
Арнайы юрисдикция
5-бап
1. Бір Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар жеке тұлғаға басқа Уағдаласушы мемлекетте талап берілуі мүмкін:

a) шартқа қатысты істер бойынша – дау айтылатын міндеттемелердің орындалатын жері бойынша соттарда;

b) дау айтылатын міндеттемелердің орындалатын жері осы қосымша шеңберінде және өзге де келісімдер жасалмағанға дейін:

- тауарларды сатуға қатысты, келісімшартқа сәйкес тауарлар жеткізілген немесе жеткізілуге тиіс болған уағдаласушы мемлекеттегі жері;

- келісімшартқа сәйкес қызметтер көрсетілетін немесе көрсетілуге тиіс болған көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатыстыуағдаласушы мемлекеттегі жері болуға тиіс.

c) Егер b) тармақшасын қолдануға мүмкіндік болмаса, a) тармақшасы қолданылады.

2. Пайдалануға қатысты жағдайлар:

a) қызмет көрсететін кредитордың тұрақты тұрғылықты жері бойынша сотта; немесе

b) егер тараптардың бірінің азаматтығына ғана негізделген юрисдикцияны қоспағанда, іс қосымша процеске қызмет көрсетуге қатысты болса, өз заңнамасына сәйкес тұлғаның мәртебесіне қатысты сот процестерін қарауға юрисдикциясы бар сотта; немесе

c) егер тараптардың бірінің азаматтығына ғана негізделген юрисдикцияны қоспағанда, іс қосымша процеске қызмет көрсетуге қатысты болса, өз заңнамасына сәйкес парентальдық жауапкершілікке қатысты сот процестерін қарауға юрисдикциясы бар сотта;

3. Азаматтық құқық бұзушылықтарға, деликтерге және жалған деликтерге қатысты жағдайлар төтенше оқиға немесе оның болуы мүмкін жері бойынша сотта;

4. Қылмыстық іске әкеп соққан әрекеттерге негізделетін залалға немесе залалды өтеуге байланысты азаматтық талапқа қатысы бойынша өз заңнамасына сәйкес азаматтық талапты қарауға юрисдикциясы бар сот шеңбберіндегі сот талқылауларынан иеленуге енгізген сотта;

5. Филиал, агенттік немесе басқа мекемелердің іс-әрекеттері нәтижесінде туындайтын дау бойынша - осы филиал, агенттік немесе мекеме орналасқан жердегі соттарда;

6. Заңға немесе жазбаша актіге немесе жазбаша расталған ауызша өтінішке сәйкес құрылған сенімгерлік меншік құрылтайшысына, сенімгерлікпен басқарушыға немесе пайда алушыға – сенімгерлік меншік орналасқан сол Уағдаласушы мемлекеттің соттарында;

7. Құтқарылған жүк немесе фрахт үшін сыйақы төлеу туралы талапқа қатысты дау бойынша – сотта аталған жүкке немесе фрахтыға:

a) мұндай төлемді қамсыздандыруға тыйым салынса немесе;

b) егер жауапкер жүкке немесе фрахтыға мүдделі болғанын не оған құтқару кезінде мүдделі болғанын мәлімдеген жағдайда ғана осы ережені қолдану шартымен, егер кепіл енгізілмесе немесе өзге де қамсыздандыру берілмесе, тыйым салынуы мүмкін.

6-бап
Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар жеке тұлғаға да талап берілуі мүмкін:

1. егер ол бірнеше жауапкердің бірі болып табылса – бөлек сот талқылауында орын алуы мүмкін, сот қорытындыларына қайшы келетін тәуекелді болдырмау үшін оларды бірге тыңдау және шешу мақсатқа сай, талаптар жақын байланыста болған жағдайда, олардың кез келгенінің домицилі бар жердің соттарында;

2. кепілгерлікке немесе кепілдікке байланысты даудағы үшінші тарап ретінде немесе үшінші тараптың қатысуымен қандай да бір өзге дауда, егер осы талқылау жалғыз ғана мақсатпен, оған осы істі қарауға құзыретті соттан жалтаруға мүмкіндік беру үшін басталмаса, бастапқы сот талқылауын жүргізген сотта;

3. бастапқы талап негізделген сол шарттан немесе фактілерден туындайтын қарсы талап қою жағдайында - бастапқы талапты қарайтын сотта;

4. шартқа қатысты істер бойынша, егер талап жылжымайтын мүлікке заттық құқықтарға қатысты мәселелер бойынша сол жауапкерге басқа талаппен біріктірілуі мүмкін болса – осы мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің сотында талап берілуі мүмкін.


7-бап
Егер осы Конвенция бойынша Уағдаласушы мемлекет соттарының бірінің кемені пайдаланғаны немесе жүргізгені үшін жауаптылыққа қатысты талаптар бойынша юрисдикциясы болса, осы сот немесе оны осы істер бойынша ауыстыратын кез келген басқа сот осы мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес мұндай жауаптылықты шектеу туралы талапты шешуге заңды болып табылады.

3-бөлім
Сақтандыруға қатысты істер бойынша юрисдикция


8-бап
Сақтандыруға қатысты істер бойынша юрисдикция 4 және 5 (5)-баптардың ережелеріне нұқсан келтірместен, осы бөліммен айқындалады.

9-бап
1. Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар сақтандырушы:

a) өзінің домицилі бар мемлекеттің соттарында немесе

b) басқа Уағдаласушы мемлекетте сақтандыру полисін ұстаушының домицилі бар жерлер бойынша соттарында, немесе

c) егер ол бас сақтандырушымен қатар сақтандырушы болып табылған жағдайда - бас сақтандырушыға қарсы талап қаралып жатқан Уағдаласушы мемлекеттің соттарында талаптар бойынша жауапкер ретінде тартылуы мүмкін.

2. Уағдаласушы мемлекетте домицилі жоқ, бірақ Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде филиалы, агенттігі немесе басқа мекемесі бар сақтандырушы осы филиалдың, агенттіктің немесе басқа мекеменің іс-әрекеттері нәтижесінде туындаған даулар бойынша осы мемлекетте домицилі бар деп есептеледі.


10-бап
Жауаптылық тәуекелін сақтандыру немесе жылжымайтын мүлікті сақтандыру кезінде сақтандырушы залал келтірілген жердің соттарында жауапкер ретінде қосымша жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл жылжымалы және жылжымайтын мүлік бір сақтандыру полисіне енгізілсе және оған бір оқиғада залал келтірілген жағдайларда да қолданылады.
11-бап
1. Жауаптылық тәуекелін сақтандыру кезінде сақтандырушы, егер оған соттың орналасқан жерінде қолданылатын заң рұқсат берсе, жәбірленуші тарап сақтандырылушыға берген талабы бойынша сот процесіне де қатыса алады.

2. 8, 9 және 10-баптардың ережелері жәбірленуші тараптың тікелей сақтандырушыға берген талаптарына қолданылады, онда осындай тікелей талаптарға рұқсат етілген.

3. Егер осындай тікелей талаптарды реттейтін заң сақтандыру полисін ұстаушы немесе сақтандырылушы іске тарап ретінде қатысуы мүмкін екенін белгілесе, оларға сол соттың юрисдикциясы қолданылады.
12-бап
1. Егер бұл 11(3)-баптың ережелерін бұзбаса, сақтандырушы соңғысы сақтандыру полисін ұстаушы немесе сақтандырылушы немесе пайда алушы болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан, жауапкердің домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттарында ғана талап беруі мүмкін.

2. Осы бөлімде қамтылған ережелер, осы бөлімге сәйкес бастапқы талап қаралатын қарсы талаппен сотқа жүгіну құқығына қысым жасамайды.



13-бап
Осы бөлімнің ережелерінен ауытқулар:

1. дау туындағаннан кейін жасалса, не

2. сақтандыру полисін ұстаушыға, сақтандырылушыға немесе пайда алушыға осы бөлімде көрсетілгеніне қарағанда басқа соттарда іс қозғауға мүмкіндік береді, не

3. домицилі бар сақтандыру полисін ұстаушы мен сақтандырушы арасында немесе шарт жасасқан кезде бір әдетте Уағдаласушы мемлекетте тұрғанда жасалса және, егер мұндай шарт осы мемлекеттің заңына қайшы келмесе, залал шетелде келтірілген жағдайда да юрисдикция осы мемлекеттің соттарына беріледі, не

4. сақтандыру міндетті болып табылған немесе Уағдаласушы мемлекеттегі жылжымайтын мүлікке қатысты болған жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы мемлекетте домицилі жоқ сақтандыру полисін ұстаушымен жасалса, не

5. 14-бапта тізбеленген бір немесе одан да көп тәуекелді қамтитын шамадағы сақтандыру шартына қатысты болса, соттылығы туралы келісім бойынша ғана болуы мүмкін.


14-бап
Тәуекелдердің мынадай түрлері 13(5)-бапта аталғандарға жатады:

1. шығын немесе залал келтірілсе:

а) теңіз кемелеріне, қайраңдағы немесе ашық теңіздегі құрылыстарға не ұшақтарға олардың коммерциялық мақсаттарда пайдаланылуына қатысты қауіптердің нәтижесінде;

b) жолаушының жүгі болып табылмайтын жолдағы тауарларға, осы тасымалдау осындай кемелермен немесе ұшақтармен тасымалдауды білдірсе немесе қамтыса;

2. жолаушылардың дене зақымы не олардың жүгін жоғалтқаны үшін не зақым келтіргенінен басқа кез келген жауапкершілік:

a) осындай ұшақтар тіркелген сол Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы ұқсас тәуекелдерді сақтандыруға қатысты соттылығы туралы келісімге тыйым салмайтындықтан, жоғарыдағы 1 «а» параграфта аталғандай кемелерді, құрылыстар немесе ұшақтарды пайдалану немесе басқару нәтижесінде туындайтын;

b) бұл жоғарыдағы 1 (b) параграфта сипатталғандай, жолдағы жүктерді жоғалтқаны немесе зақым келтіргені үшін;

3. кез келген, атап айтқанда, чартер немесе фрахты құнының шығыны, жоғарыдағы 1 (а) параграфта аталғандай кемелерді, құрылыстар немесе ұшақтарды пайдалану немесе басқаруға байланысты қаржы шығындары;

4. жоғарыдағы 1-3 параграфтарда аталғандардың кез келгеніне байланысты тәуекелдер немесе мүдделер;

5. 1-4 параграфтарға қарамастан, барлық үлкен тәуекелдер.

4-бөлім
Тұтынушылармен шарттар бойынша юрисдикция
15-бап
1. Саудаға немесе бұдан әрі «тұтынушы» деп аталатын оны жасасқан адамның мамандығына қатысты жоқ деп санауға болатын мақсатта жасасылған шартқа қатысты талаптар бойынша юрисдикцияны 4 және 5 (5)-баптардың ережелері сақталған жағдайда, осы бөлім айқындайды, егер бұл:

a) төлемнің мерзімін ұзарта отырып, кредит шарттарында тауарларды сатып алу–сату шарты, немесе

b) мерзімін ұзартып өтеумен қарыз шарты немесе тауарлар сатып алуды-сатуды қаржыландыру үшін берілген кредиттің кез келген басқа түрі немесе

c) барлық басқа жағдайларда коммерциялық немесе кәсіби қызметті орындайтын адаммен жасалған келісімшарт сатып алушының уағдаласушы мемлекетінде оның тұрғылықты жері бойынша немесе өзгеше түрде осындай әрекетті және мұндай әрекет шеңберіндегі келісімшарт талаптары мемлекетке немесе осы мемлекетті қамтитын бірнеше мемлекетке жіберіледі.

2. Егер тұтынушы Уағдаласушы мемлекетте домицилі жоқ тараппен шарттық қарым-қатынасқа енсе, бірақ Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде филиалы, агенттігі немесе басқа да мекемесі болса, бұл тарап оның филиалының, агенттігінің немесе мекемесінің іс-әрекеттерінің нәтижесінде туындайтын дауларда осы мекемелерде домицилі бар деп саналады.

3. Осы бөлім тасымалдау шарттарына қолданылмайды.


16-бап
1. Тұтынушы шарттағы екінші тарапқа не бұл тараптың домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттарында не өзінің домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттарында талап бере алады.

2. Шарттағы екінші тарап тұтынушыға, тұтынушының домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттарында ғана талап бере алады.

3. Бұл ережелер осы бөлімге сәйкес бастапқы талап қаралатын сотқа қарсы талаппен жүгіну құқығына қысым жасамайды
17-бап
Осы бөлімнің ережелерінен ауытқулар:

1. дау туындағаннан кейін жасалса; немесе

2. тұтынушыға осы бөлімде көрсетілгеніне қарағанда басқа соттарда талап беруге мүмкіндік берсе; немесе

3. тұтынушы мен шарттағы екінші тарап арасында жасалса, олардың екеуінің де оны жасасқан кезде домицилі болса немесе әдетте бір Уағдаласушы мемлекетте болса және мұндай келісім осы мемлекеттің заңнамасына қайшы келмеген жағдайларда, бұл мемлекеттің соттарына юрисдикцияны берсе, келісім бойынша ғана болуы мүмкін.

5-бөлім
Жалдау туралы дара шарттар бойынша юрисдикция
18-бап
1. 4 және 5 (5)-баптардың ережелері сақталған кезде жалдау туралы шартқа қатысты қуымдардар бойынша юрисдикция осы бөліммен айқындалады.

2. Егер жалдамалы қызметкер Уағдаласушы мемлекетте домицилі жоқ, бірақ Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде филиалы, агенттігі немесе басқа мекемесі бар тараппен шарттық қарым-қатынасқа түссе, бұл тарап өз филиалының, агенттігінің немесе мекемесінің нәтижесінде туындаған дауларда осы Уағадаласушы мемлекетте домицилі бар деп саналады.


19-бап
Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар жалдамалы қызметкерге:

1. домицилі бар мемлекеттердің соттарында; немесе

2. басқа Уағдаласушы мемлекетте:

a) жалдамалы қызметкер әдетте өзінің жұмысын орындайтын жері бойынша соттарда немесе соңғы жұмыс орны бойынша соттарда; немесе

b) егер жалдамалы қызметкер Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде өз жұмысын атқармаса немесе атқармағанда қызметкерді жалдаған бизнес орналасқан немесе орналасатын жері бойынша соттарда талап берілуі мүмкін.
20-бап
1. Жалдамалы қызметкер домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттарында ғана талап бере алады.

2. Осы бөлімнің ережелері осы бөлімге сәйкес, негізгі талап қарауында жатқан сотқа қарсы талап қою құқығын қозғамайды.


21-бап
Юрисдикция туралы келісімдер:

1. дау айтудың нәтижелерінен кейін күшіне енеді; немесе

2. жалдамалы қызметкер осы бөлімде көрсетілгендерінен ерекшеленетін басқа соттарда талап беруге мүмкіндік беретін рұқсат берген жағдайда ғана осы бөлімнің ережелері бұзылуы мүмкін.

6-бөлім
Айрықша юрисдикция


22-бап
Тараптардың домициліне қарамастан, айрықша юрисдикцияға мынадай соттар ие болады:

1. оның мәні жылжымайтын мүлікке немесе оны жалға беруге арналған заттық құқықтар болатын даулар бойынша істерде - аумағында осы мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің соттары. Алайда, қатарынан алты айға дейінгі ең көп мерзімге уақытша жеке қолдану мақсатында жасалған жылжымайтын мүлікті жалға беру шарттары болатын даулар бойынша істерді қарауға жауапкердің домицилі бар Уағдаласушы мемлекеттің соттары құқылы, егер жалға алушы жеке тұлға болып табылған және екі тараптардың бірде біреуінде мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекетте домицилі болмаған жағдайларда;

2. оның мәні мекеменің заңдылығы, компаниялардың, басқа да заңды тұлғалардың немесе заңды немесе жеке тұлғалардың қауымдастықтарының не олардың органдары шешімдерінің жарамсыздығы немесе таратылуы болып табылатын даулар бойынша істерде - осы компания, заңды тұлға немесе қауымдастық орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің соттары;

3. оның мәні мемлекеттік тізілімге енгізудің заңдылығы болып табылатын даулар бойынша істерде - осы тізілімді жүргізетін Уағдаласушы мемлекеттің соттары;

4. патенттердің, сауда белгілерінің, дизайндердің және депозитке салуды немесе тіркеуді талап ететін оларға ұқсас құқықтарды тіркеуге немесе олардың жарамдылығына қатысты дауларда – халықаралық Конвенция шарттары бойынша депозитке салу немесе тіркеу туралы өтініштер не депозитке салу немесе тіркеу фактілері орын алған немесе орын алды. 1973 жылғы 5 қазанда Мюнхенде қол қойылған Еуропалық патенттер теру туралы конвенцияның негізінде Еуропалық патенттер бюросының юрисдикциясына сәйкестендіре отырып, сотта айыптауға байланысты немесе қорғау кезінде мәселенің қалай көтерілгеніне қарамастан, сол мемлекет үшін берілген кез келген Еуропалық патенттің тіркелуіне немесе заңдылығына қатысты сот процесіндегі домициліне қарамастан, әрбір уағдаласушы мемлекет соттарының айрықша юрисдикциясы болады;

5. сот шешімдерін орындауға қатысты дауларда - шешім орындалған немесе орындалуға тиісті болған Уағдаласушы мемлекеттің соттары.


7-бөлім
Соттылығы туралы келісім


23-бап
1. Егер Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар тараптардың бірі немесе одан көбі белгілі бір құқықтық қатынастарға байланысты олардың арасында туындаған немесе туындауы мүмкін кез келген даулардың шешуі бір Уағдаласушы мемлекет сотының немесе соттарының юрисдикциясына жататындығы туралы келісімге келсе, ондай сот немесе соттар ерекше соттылықты қолданады, соттылығын айқындайтын мұндай келісім:

a) жазбаша немесе жазбаша растай отырып, не

b) тараптар өз арасында белгілеген қатынастар практикасына сәйкес нысанда, не

с) халықаралық сауда немесе коммерция саласында - тараптарға белгілі немесе белгілі болуға тиіс және іс-әрекеттің осы саласында тараптар кең қолданатын және сауда немесе коммерцияның белгілі бір түрінде жасасылатын осындай үлгідегі шарттарда үнемі сақталатын жалпы қабылданған дәстүрге сәйкес нысанда жасалады.

Ұқсас келісім Уағдаласушы мемлекетте екеуінің бірінде де домицилі жоқ тараптар арасында жасалса, егер тек олар таңдаған сот немесе соттар бұл соттылығын қабылдамаса, басқа Уағдаласушы мемлекеттердің соттары осы тараптардың арасындағы дауларды шешуге құқылы емес.

2. Құқықтылығын сенімгерлік меншікті құру туралы акті айқындайтын Уағдаласушы мемлекеттің соты немесе соттары, егер олар сенімгерлік меншіктің шеңберінде осы тұлғалардың арасындағы қатынасқа немесе олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты болса, құрылтайшыға, сенімгер басқарушыға немесе пайда алушыға ұсынылған кез келген талаптарға қатысты айрықша соттылығын иеленеді.

3. Егер олар 12 немесе 15-баптардың ережелеріне қайшы келсе немесе егер оларды құзыретінен айыруды мақсат еткен соттар 16-бапқа сәйкес айрықша юрисдикцияға ие болса, Шарттық соттылығын айқындайтын сенімгерлік меншікті құру туралы акті келісімдерінің немесе ережелерінің заңды күші болмайды.

4. Егер шарттық соттылығы туралы келісім тараптардың біреуінің ғана пайдасына жасалса, бұл тарап осы Конвенцияға сәйкес юрисдикциясы бар кез келген сотқа талаппен жүгіну құқығын сақтайды.

5. Жеке жалдау шарттарына қатысты даулар бойынша істерде шарттық соттылығы туралы келісімнің, ол дау туындағаннан кейін жасалған жағдайда ғана заңды күші болады.
24-бап
Осы Конвенцияның басқа ережелерінен туындайтын юрисдикциядан басқа, жауапкер келген Уағдаласушы мемлекеттің соты істі қарауға құқылы. Сотқа келу соттылығын даулау мақсатында ғана болса немесе 22-бапқа сәйкес айрықша юрисдикция басқа сотқа тиесілі болса, бұл қағида қолданылмайды.

8-бөлім
Юрисдикция шектерін және

жол берілетін сот ісін жүргізуді тексеру
25-бап
Егер Уағдаласушы мемлекеттің сотына ең алдымен 22-бапқа орай басқа Уағдаласушы мемлекет соттарының айрықша юрисдикциясына жататын іске қатысты талап берілген жағдайда, бұл сот өз бастамасы бойынша істі қарауға құқықты емеспін деп жариялайды.
26-бап
1. Бір Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар жауапкерге басқа Уағдаласушы мемлекеттің сотында талап берілсе және ол сотқа келмесе, егер оның юрисдикциясы осы Конвенцияның ережелерінен тікелей ғана туындамаса, сот өзінің құқықты еместігін жариялайды.

2. Жауапкер сот талқылауының тағайындалғаны туралы құжатты немесе қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыты бар оған тең құжатты алуға мүмкіндігі болғаны немесе бұл мақсатта барлық қажетті шаралар қолданылғаны анықталмайынша, сот іс жүргізуді тоқтата тұрады.

3. Алдыңғы абзацтың ережелері, егер сот талқылауын тағайындау туралы құжат немесе ол туралы хабарлау осы Конвенцияға сәйкес шетелге жіберілуге тиіс болған жағдайда, шетелде азаматтық немесе сауда істері бойынша сот немесе соттан тыс құжаттарын табыс ету туралы 1965 жылғы 15 қарашадағы Гаага конвенциясының 15-бабында жазылған қағидалармен ауыстырылады.

4. Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер 2000 жылғы 29 мамырдағы 1348/2000 Регламентінің (ЕҚ) немесе Еуропалық қауымдастық пен Дания Корольдігінің арасындағы келісімнің шеңберіндегі 2005 жылғы 19 қазандағы Брюссельде қол қойылған азаматтық және коммерциялық істер бойынша соттық немесе соттан тыс құжаттарды тапсыру бойынша, егер сот талқылауын тағайындау туралы құжат немесе бұл туралы хабарлама осы Регламентке немесе Келісімге сәйкес шетелге жіберілуге тиіс болса, осы Регламенттің 19-бабының ережелерін өз қарым-қатынастарында қолданады.

9-бөлім
Lis pendens (қарауда жатқан талаптар) –

өзара байланысты талаптар


27-бап
1. Егер бір негіздеме бойынша және сол тараптардың арасында қозғалған істер әр түрлі Уағдаласушы мемлекеттердің соттарында іс жүргізуге қабылданған жағдайда, онда талап-арызын бірінші болып қабылдаған соттан басқа олардың әрқайсысы осы істі бірінші болып қабылдаған соттың юрисдикциясы анықталған кезге дейін өз бастамасы бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады.

2. Талап-арызын бірінші болып қабылдаған соттың юрисдикциясы анықталғанда, барлық басқа соттар бірінші соттың пайдасына бұл істі қараудан бас тартады.


28-бап
1. Егер бір-бірімен байланысты талап-арыздар әртүрлі Уағдаласушы мемлекеттердің соттарына берілген жағдайда, талап арызын бірінші болып қабылдаған соттан басқа, олардың әрқайсысы талаптар әзірге бірінші инстанцияның қарауында жатқан кезде іс жүргізуді тоқтата тұруы мүмкін.

2. Егер өз мемлекетінің заңы бір-бірімен байланысты талап-арыздарын біріктіруге мүмкіндік берсе және талап-арызын бірінші болып қабылдаған сот екі талапты да қарауға құқықты болса, талап арызын бірінші болып қабылдаған соттан басқа, кез келген сот тараптардың біреуінің өтініші бойынша істі қараудан бас тартуы мүмкін.

3. Осы баптың шеңберінде оларды бөлек қарау нәтижесінде қайшы шешімдерді қабылдау тәуекелін болдырмау үшін оларды бірге тыңдап, шешу мақсатқа сай соншалықты тығыз өзара байланысты талаптар өзара байланысты талаптар деп түсініледі.

29-бап
Егер талаптар бірнеше соттың айрықша юрисдикциясына жатқызылса, талапты бірінші болып қабылдаған соттан басқа, кез келген сот осы соттың пайдасына істі қараудан бас тартады.


30-бап
Бұл бөлімнің шеңберінде сот:

1. cот талқылауын тағайындау туралы құжат немесе баламалы құжат жауапкерге ықпал ететін сот құжатын тапсыруды жүзеге асыру үшін талапкер кейіннен өзінен талап етілген шараларды қолданбаған жағдайда сот қабылдаған уақытта;

2. егер құжат жауапкерге ықпал ететін сот құжатын тапсыруды жүзеге асыру үшін талапкер кейіннен өзінен талап етілген шараларды қолданбаған жағдайда, тапсыруға жауапты органдардан алынған уақытта қабылдағанға дейін тапсырылса, қабылдауға жорамалданады.

10-бөлім
Алдын ала шаралар, оның ішінде қорғау шаралары


31-бап
Кез келген Уағдаласушы мемлекеттің соттарына осындай алдын ала шараларды қабылдау туралы, оның ішінде, осы мемлекеттің заңнамасы қандай қорғау шараларына рұқсат етсе, егер тіпті осы Конвенцияға сәйкес істі қарау мәні бойынша басқа Уағдаласушы мемлекеттің соттарының юрисдикциясына жатса да өьінішхатпен жүгінуге болады.

III тарау


Тану және орындауға келтіру
32-бап
Осы Конвенция шеңберінде «соттық шешімі» деген термин Уағдаласушы мемлекеттің соты немесе трибуналы қабылдаған оның атауына қарамастан, оның ішінде қаулыны, бұйрықты, шешімді немесе атқарушы құжатты, сондай-ақ соттың лауазымды адамы берген сот немесе шығындарының немесе шығыстарының анықтамасын білдіреді.

1-бөлім
Тану


33-бап
1. Бір Уағдаласушы мемлекетте шығарылған соттық шешімі басқа Уағдаласушы мемлекеттерде танылады, ол үшін қандай да бір арнайы рәсім талап етілмейді.

2. Осы тараудың 2 және 3-бөлімдерінде көзделген ережелерге сәйкес, даудағы басты мәселе ретінде сот шешімін тану туралы жүгінетін кез келген мүдделі тарап, шешімді тану туралы қаулы шығару өтінішімен жүгіне алады.

3. Егер Уағдаласушы мемлекеттің сотында қаралып жатқан істің нәтижесі тану туралы жанама мәселені шешуге байланысты болса, бұл сот мұндай мәселені шешуге құзыретті.
34-бап
Сот шешімі мынадай жағдайларда танылмайды:

1. егер тану сұралатын мемлекеттегі құқық тәртібінің негізгі қағидаларына қайшы келсе;

2. жауапкерге қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт беретін сот талқылауын тағайындау туралы құжат немесе оғае тең құжат тиісінше табыс етілмесе, ол жауапкердің жоқ кезінде шығарылса;

3. егер ол тану сұралатын мемлекеттегі тараптар арасындағы дау бойынша шығарылған шешіммен сәйкес келмесе;

4. егер сұрау салушы мемлекеттің соты өз шешімін қабылдар алдында алдын ала жеке тұоғалардың азаматтық халына немесе құқығына және әрекет қабілеттілігіне, неке қатынастарынантуындайтын мүліктік құқықтарына, өсиеттер мен мұраларына қатысты мәселені тану сұралатын мемлекеттің халықаралық жеке құқық нормасына қайшылықта шешілсе, егер тек осы мемлекеттің халықаралық жеке құқық нормаларын қолдану сол нәтижені бермесе;

5. егер шешім сұрау салынатын мемлекетте оны тану үшін қажетті талаптарға сай келген жағдайда сол негізбен және сол тараптар арасындағы іс бойынша, шешім Конвенцияға қатысушы болып табылмайтын басқа мемлекетте бұрын шығарылған шешіммен сәйкес келмесе танылмайды.


35-бап
1. Бұдан басқа, сот шешімі, егер II тараудың 3, 4 және 6-бөлімдерінің ережелеріне қайшы келсе не 68-бапта көзделген жағдайда танылмайды. Сондай-ақ, сот шешімін тануға 64 (3)-бапта немесе 67 (4)-бапта көзделген кез келген жағдайда бас тартылуы мүмкін.

2. Алдыңғы абзацтарда көрсетілген юрисдикцияның негіздерін тексеру кезінде сот немесе өзге де сұрау салатын орган шешім шығарған сот өз юрисдикциясын негіздеген, белгіленген нақты мән-жайлармен байланысиы.

3. Бірінші және екінші абзацтардың ережелерінің талаптарын сақтаған шартында шешім шығарған соттың юрисдикциясы қайта қарала алмайды; 34 (1)-бапта айтылған құқық тәртібін қағидаттарына сәйкестігі туралы талап юрисдикцияға қатысты қағидаларды қолдануға жатпайды.
36-бап
Еш бір мән-жайларда шетелдік сот шешімі мәні бойынша қайта қаралуы мүмкін емес.
37-бап
1. Басқа Уағдаласушы мемлекетте шығарылған сот шешімін тануды өтініп жатқан Уағдаласушы мемлекеттің соты, егер осы шешімге кәдімгі аппеляция берілген болса, өтінішті қарауды тоқтады.

2. Егер шағым беру себеп-салдарынан шешім шығарылған мемлекетте шешімді орындау кейінге қалдырылған болса, Ирландия немесе Құрама Корольдікте шығарылған сот шешімін тану өтініп жатқан Уағдаласушы мемлекеттің соты өтінішті қарауды тоқтады.

2-бөлім
Орындауға келтіру
38-бап
1. Бір Уағдаласушы мемлекетте шығарылған және осы мемлекетте мәжбүрлеп орындауға тиісті сот шешімі мүдделі тараптың өтінішінен кейін мәжбүрлеп орындауға жататын туралы анықталғаннан кейін басқа Уағдаласушы мемлекетте орындалады.

2. Алайда, Құрама Корольдікте осындай шешім Ұлыбритания және Уэльс, Шотландия немесе Солтүстік Ирландияда мүдделі тараптың өтінішімен ол Құрама Корольдіктің көрсетілген аймағында орындауға әкелу үшін реестрге енгеннен кейін іске асады.


39-бап
1. Өтініш 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттің органының сотына жіберіледі.

2. Жергілікті соттың юрисдикциясы орындауды өтінген тараптың домициліне байланысты айқындалады. Егер тарап шешімді орындауды өтінген мемлекеттің домицилі болмаса, юрисдикция жергілікті орындаумен айқындалады.


40-бап
1. Өтінішті беру рәсімі шешімді орындау өтінген мемлекеттің заңымен айқындалады.

2. Өтініш беруші сұраушы хабарламаны алу үшін соттың юрисдикциясының шеңберінде өз мекенжайы туралы хабарлау керек. Алайда, егер орындауды өтінген мемлекеттің заңымен мекенжайды көрсету мүмкін емес болған кезде, өтінім беруші ad litem (сотта) өкілді тағайындайды.

3. 53-бапта көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі.
41-бап
Сұрау салатын сот қаулыны кідіртпей қабылдайды; бұл кезеңде шешімді орындауды қарсы өтінген тарап 53-бапқа сәйкес өтінішке байланысты ешқандай ұсыныс беруге құқылы емес. Өтінішті қанағаттандыруда 34 және 35-баптарда көрсетілгенге сәйкес тек бір негіз бойынша бас тартуы мүмкін.
42-бап
1. Сот шешімін мәжбүрлеп орындаудың мүмкіндігі бойынша өтінішті қолдану туралы шешім өтініш берушіге сұраушы мемлекеттің заңнамасында орналасқан тәртіпке сәйкес кідірмей жеткізіледі

2. Еріксіз көндіру қарсы жасалынып жатқан тарапқа сот шешімін мәжбүрлеп орындаудың мүмкіндіктері бойынша өтініш беріледі.


43-бап
1. Сот шешімін мәжбүрлеп орындаудың мүмкіндіктері бойынша өтініш кез келген тараппен шағымдануы мүмкін.

2. 3-қосымшада тізімде көрсетілген мемлекеттердің соттарымен апелляция қолданылады.

3. Қарама-қайшы мәселелерде басты сот рәсімінің ережелеріне сәйкес апелляция қарастырылады.

4. Сот шешімін мәжбүрлеп орындау іске асып жатқан тараптың келмей қалған жағдайда, өтінім берушімен берілген апелляциялық сотта өтініш берушімен берілген апелляциялық сотта сот талқылауы апелляциясына қатысты 26 (2-4)-баптары сот шешімін мәжбүрлеп орындау кез келген уағдаласушы мемлекетте домицилі жоқ тарапқа орындалады.

5. Сот шешімін мәжбүрлеп орындау туралы өтінішке қарсы апелляция берілген сәттен бастап бір ай көлемінде қабылдануы керек. Егер қарсы соттық шешімді мәжбүрлеп орындалып жатқан тарап бір Уағдаласушы домицилі бар мемлекетте сот шешімін мәжбүрлеп орындау туралы мүмкін шешім берілмесе, жолданымның уақытына екі ай орнатылады және оған жеке не оның мекендеу мекенжайына берілген күнінен басталады.
44-бап
Апелляция бойынша сот шешімі 4-қосымшада айтылған апелляция арқылы ғана қарсы болады.
45-бап
1. 43 және 44-баптарға сәйкес қабылданатын апелляция немесе 34 және 35-баптарда айтылған негіздемелердің тек біреуінде сот шешімін мүмкін мәжбүрлеп орындау туралы өтініштің күшін жояды. Бұл шешім дер кезінде қабылданады.

2. Ешқандай жағдайда шетелдік сот шешімі қайта қаралмайды.


46-бап
1. 37-баптың бірінші параграфына сәйкес апелляция түссе, сот өтініш берушінің өтініші бойынша мәселені уақытша тоқтата алады, егер кәдімгі апелляция осы шешім қабылданған мемлекеттегі іс бойынша берілсе, немесе осындай апелляция берудің мерзімі өтіп кетпесе; соңғы жағдайда сот осындай апелляция берілуі тиіс нақты уақытты белгілей алады.

2. Ирландияда немесе Құрама Корольдікте шыққан шешім кезде, шағымның кез келген түрі, шешім қабылдаған мемлекетте жататын, бірінші абзацта көрсетілген мақсаттарға сай кәдімгі апелляция қарастырылады.

3. Сонымен бірге, сот өзі анықтайтын осындай қамтамасыздықты қарамағына беруге байланысты шешімнің іске асырылуын әкеле алады.

47-бап
1. Oсы Конвенцияға сәйкес сот шешімі тануы міндетті кезде, өтініш берушіге онымен орындауға ешқандай кедергі жасамауы керек, сонымен бірге, талап етелетін 41-бапқа сәйкес сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау мүмкін туралы өтінішсіз сұраушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес қорғаушы шараларды қоса ешқандай кедергі жасамауы керек.

2. Сот шешімін мүмкін мәжбүрлеп орындау туралы өтініш құқықтық өкілеттік пен кез келген құқықтық шараларға іс жүргізуді орындау үшін өткізіледі.

3. 43 (5)-бабына сәйкес апелляця үшін көрметілген уақыт ішінде соттық шешімді мүмкін мәжбүрлеп орындау туралы өтінішке қарсы және мерзім бойынша кез келген осында апелляция өтіп кетпесе, ешқандай басқа соттық шешімді мәжбүрлеп орындау туралы шішім қабылдана алмайды, соттық шешімді мүмкін мәжбүрлеп орындау туралы шешімке қарсы келетін тараптың өзіне қарсы қорғану шараларынан басқа.


48-бап
1. Егер бір шетелдік соттық шешім бірнеше талаптармен қабылданса, және оны іске асыру осы талаптарға сай келісе ала алмайды, сот мәжбүрлеп орындауды өткізу үшін олардың бір немесе бірнешеуінен өткізуге рұқсат береді.

2. Өтініш беруші соттық шешімнің жартылай орындалуы бойынша өтініш бере алады.


49-бап
Айыппұл санкциясы ретінде периодтық төлемдер жасауды міндеттейтін шетелдік сот шешім сұрау салатын мемлекетте егер төлем сомасы сұрау салынатын мемлекеттің соттарымен біржола қалыптасқан болса, мәжбүрлеп орындауға жатады.
50-бап
1. Сұрау салынатын мемлекетте толық немесе жартылай құқықтық көмекпен немесе соттық ұсталымдарды немесе шығындарды төлеуден босатылған өтініш беруші соттық рәсімдерде осы бөлімде көзделген ең қолайлы құқықтық көмек немесе соттық шығындарды немесе сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасымен көзделген шығындарды төлеуден ең кең босатылатын.

2. Бірақ, күтіп ұстауға арналған қаражатты өндіріп алу мәселесі бойынша Данияда, Норвегияда немесе Исландияда әкімшілік органдармен шығарылған шешімді орындау туралы өтініш беруші егер ол Данияның Әділет министрлігінен немесе Исландияның Әділет министрлігінен немесе Норвегияның Әділет министрлігінен лайықты ресми түрде мұқтаждық критерияларына жауап беруге ақысыз толық немесе жартылай құқықтық көмек алуға немесе соттық ұсталымдар мен шығындарды төлеуден босатылу үшін құқық беретін растау хатын көрсетсе, сұрау салынатын мемлекетте бірінші абзацта көрсетілген жеңілдіктерді талап етуге құқылы.


51-бап
Екінші Уағдаласушы мемлекетте шығарылған сот шешімін бірінші Уағдаласушы мемлекетте орындау туралы өтініш жасайтын тараптан бұл тұлға шетелдік болып табылатыны немесе оның домицилі жоқ, немесе шешімді орындау туралы рұқсат сұратылатын мемлекеттің аумағында мүлдем тұрмайтыны негізінде қандай да бір нысанда кепілгерлікті, кепілді немесе кепілақыны беру талап етілмейді.
52-бап
Соттың істі қарауында соттық шешімді мәжбүрлеп орындау туралы өтініш мәселелері бойынша салықтар, баждар және шығындардың көлемі ретінде саналған сыйақылар соттық шешімді мәжбүрлеп орындау жүзеге асырылып жатқан мемлекетте жиналуы мүмкін емес.

3-бөлім
Жалпы ережелер


53-бап
1. Сот шешімін тану немесе мәжбүрлеп орындау туралы өтініш жасайтын тарап жарамдылығын анықтау үшін қажетті шарттарды қанағаттандыратын сот шешімінің көшірмесін сот талқылауын тағайындау туралы құжат немесе оған тең құжаттың тапсырылғанын растайтын құжаттың түпнұсқа данасын немесе куәландырылған көшірмесін ұсынады.

2. Сот шешімін мәжбүрлеп орындау туралы өтініш жасайтын тарап та 55-бапқа қайшы келмей, 54-бапта ескертілгендей құжатты көрсетеді.


54-бап

Соттық шешім шығарылған Уағдаласушы мемлекеттің соты немесе уәкілетті органы осы Конвенцияның 5 қосымшасындағы стандарттық түрін қолдана отырып, кез кеген мүдделі тараптың өтінішімен құжат береді.


55-бап
1. Егер 54-бапта көрсетілген құжаттар ұсынылмаса, сот немесе мүдделі орган оларды ұсыну үшін мерзім тағайындауы, тең құжаттарды қабылдауы немесе жеткілікті ақпаратқа ие деп есептесе, оларды ұсынудан босатуы мүмкін.

2. Егер сот талап етсе, құжаттардың аудармасы ұсынылады; аударманы Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде бұған құқықты тұлға куәландырады.

56-бап
53 немесе 55 (2)-баптарда айтылған құжаттарға қатысты немесе ad litem (сотта) өкілін тағайындау туралы құжатқа қатысты, заңдастыруда, басқа да ұқсас формальдылықтар да талап етілмейді.

IV тарау
Ресми құжаттар және сотта жасалған келісімдер
57-бап

1. Ресми түрде жасалған немесе түпнұсқа ретінде тіркелген және бір Уағдаласушы мемлекетте мәжбүрлеп орындалуға жататын құжат 38-бапта және басқа да баптарда көзделген тәртіпке сәйкес ұсынылған өтінішхат бойынша екінші Уағдаласушы мемлекетте де мәжбүрлеп орындалуға жатады деп жарияланады. 43 немесе 44-баптарға сәйкес аппеляция қоса берілген сот егер осы құжатты орындау сұрау салынатын мемлекеттің құқықтық тәртібінің негіздеріне қайшы келетін болса, өтінішхаттан бас тартуы мүмкін.

2. Әкімшілік органдармен жасалған немесе олар куәландырылған міндеттемелерді сақтауға қатысты уағдаластықтар бірінші абзацқа сәйкес түпнұсқа құжаттар болып есептеледі.

3. Ұсынылған құжат жасалған мемлекетте оның түпнұсқалығын анықтау үшін қажетті талаптарды қанағаттандыруға тиіс.

4. III тараудың 3-бөлімінің ережелері тиісінше қолданылады. Шынай құжат дайындалған немесе тіркелген Уағдаласушы мемлекеттің мүдделі органдары осы Конвенцияның 6 қосымшасындағы стандарттық түрін қолдана отырып, кез кеген мүдделі тараптың өтінішімен құжат береді.
58-бап
Сот бекітіп, ол аумағында жасалған мемлекетте мәжбүрлеп орындалуға жататын, сот талқылауы барысында қол жеткізілген келісім сұрау салынатын мемлекетте де ресми актілер сияқты шарттарда орындалады. Соттық талқылау барысында келісімге қол жеткізген Уағдаласушы мемлекеттің сот немесе мүдделі органы осы Конвенцияның 6 қосымшасындағы стандарттық түрін қолдана отырып, кез кеген мүдделі тараптың өтінішімен құжат береді.

V тарау
Жалпы қолданылатын ережелер


59-бап
1. Сотында іс қаралып жатқан Уағдаласушы мемлекетте тараптың домицилі бар екендігін анықтау үшін сот өз мемлекетінің ішкі құқық нормаларын қолданады.

2. Егер сотында іс қаралып жатқан мемлекетте тараптың домицилі болмаса, екінші Уағдаласушы мемлекетте бұл тараптың домицилін бар екендігін анықтау үшін сот осы мемлекеттің құқығын қолданады.


60-бап
1. Осы Конвенцияның шеңберінде компанияның немесе басқа да заңды тұлғаның немесе жеке не заңды тұлғалар қауымдастығының орналасқан жері олардың домицилі ретінде:

a) заңмен белгіленген орны немесе

b) орталық әкімшілігі немесе

c) бизнестің бастапқы орны болғанда қаралады.

2. Ұлыбритания және Ирландия заңдарында «заңмен белгіленген орын» тіркелген мекеме немесе жалғыз тіркеу орын немесе заңнамаға сәйкес мекеме жасалған жалғыз орын дегенді білдіреді.

Алайда осы орналасқан жерді анықтау үшін сот өз мемлекетінде қолданылатын халықаралық жеке құқық қағидаларын қолданады.

3. Сотында іс қаралып жатқан Уағдаласушы мемлекетте сенімгерлік меншік негізінде мүлікті басқару домицилін бар екендігін анықтау үшін сот өз мемлекетінде қолданылатын халықаралық жеке құқықтың қағидаларын қолданады.
61-бап
Көбірек жарамды қосымшалардың залалсыз ұлттық заңнамаға Уағдаласушы мемлекетте домицилі бар басқа Уағдаласушы мемлекетте криминалдық сотта айыпталатын тұлға, бұл мемлекеттің құқық бойынша азаматы болып табылмайтын, халықаралық шешім қабылданбаған, мүдделі тұлғалармен сотқа жеке қатыспаса да, қорғалуы мүмкін. Алайда, істі қарайтын сот жеке қатысу бойынша бұйрық жолдауы мүмкін. Қатыспаған жағдайда, мүдделі тұлғасыз азаматтық талап бойынша берілген соттық шешім басқа Уағдаласушы мемлекетте тануды немесе мәжбүрлеп орындауға әкелуді қажет етпейтін айыпталушының қорғауына мекемеде қолдануы мүмкін.

62-бап
Осы Конвенцияның шеңберінде «сот» мағынасы осы Конвенцияның қабылдау сферасындағы істері бойынша юрисдикциясы бар Уағдаласушы мемлекетпен тағайындалған кез келген органдарды қабылдайды.

VI тарау
Өтпелі ережелер
63-бап
1. Осы Конвенцияның ережелері Конвенция сұрау салушы мемлекетте күшіне енгеннен кейін, қаралуы басталған істерге және ресми түрде жасалған немесе түпнұсқа құжаттар ретінде тіркелген құжаттарға ғана қатысты, ал егер сот шешімін немесе ресми құжатты тану немесе орындау сұратылса, онда ол күшіне енгеннен кейін сұрау салынатын мемлекетте қолданылады.

2. Алайда сұрау салушы және сұрау салынатын мемлекеттер үшін қаралуы осы мерзімнен бұрын басталған істер бойынша осы Конвенция күшіне енгеннен кейін шығарылған сот шешімдері, егер юрисдикция осы Конвенцияның II тарауында немесе сұрау салушы және сұрау салынатын мемлекеттер арасында жасалып сот талқылауы басталған кезде қолданылған Конвенцияда көзделген қағидаларға сәйкес келетін қағидаларға негізделсе, III тараудың ережелеріне сәйкес танылады және орындалады:

a) егер соттық іс шақырушы мемлекетте 1988 жылғы 16 қыркүйектегі Лугано Конвенциясы шақырушы да, шақырылған да мемлекеттерде күшіне енгеннен кейін қаралса,

b) егер юрисдикция осы Конвенцияның II тарауында көрсетілген ережелерге немесе соттық істің басталу барысында шақырылатын және шақырылған мемлекеттер арасындағы әрекеттегі Конвенцияға сәйкес келсе ережелерге негізделсе.

VII тарау
Брюссель және басқа да Конвенциялармен ара қатынасы
64-бап
1. Осы Конвенция Еуропалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттермен 1968 жылғы 27 қыркүйекте Брюссельде қол қойылған азаматтық және коммерциялық істер бойынша юрисдикция және сот шешімдерін орындау туралы Конвенцияның, 1971 жылғы 3 маусымда Люксембургте қол қойылған Еуропалық сопен осы Конвенцияның түсіндірмесі туралы Хаттаманың қолдануына кедергі келтірмейді, олар аталған Конвенцияға және Еуропалық қоғамдастыққа елдердің хаттамасына қосылу туралы Конвенцияларымен, сонымен қатар, 2005 жылғы 19 қазандағы Брюссельде қол қойылған Еуропалық қауымдастық және Дания Корольдігінің арасындағы азаматтық және коммерциялық істер бойынша юрисдикция, тану және орындауға келтіру бойынша келісімімен толықтырылған.

2. Алайда кез келген жағдайда осы Конвенция:

a) егер Еуропалық қоғамдастыққа мүше болып табылмайтын Уағдаласушы мемлекеттің аумағында жауапкердің домицилі болса, юрисдикция мәселелерін немесе осы Конвенцияның 22 немесе 23-баптары мұндай Уағдаласушы мемлекеттің соттарының юрисдикциясын айқандаса;

b) lis pendens (қаралуда жатқан) қуылымдарға қатысты немесе 27 или 28-баптарда көзделгендей өзара байланысты, сот ісін жүргізу Еуропалық қоғамдастыққа мүшесі болып табылмайтын Уағдаласушы мемлекеттің аумағында және Еуропалық қоғамдастықтың мүшесі — Уағдаласушы мемлекеттің аумағында басталса;

c) тану және мәжбүрлеп орындау туралы мәселеллерде, не сұрау салушы не сұрау салынатын мемлекет Еуропалық қоғамдастық мүшесі болып табылмаса міндетті түрде қолданылады.

3. III тарауда көзделген негіздемелерге қосымша ретінде сот шешімін тану және мәжбүрлеп орындау туралы бас тартылуы мүмкін егер шешім шығаруға рұқсат еткен юрисдикцияның негізі осы Конвенциядан туындайтыннан ерекшеленсе, сонымен қатар, сәйкес болмаса, сот үкімін орындау және мәжбүрлеп орындау шешімі Еуропалық қоғамдастыққа мүше емес мемлекет тарапына қабылданса сұрау салынған мемлекеттің заңы бойынша сот шешімі орындалмайды.


65-бап
Егер Конвенцияға мүше болып табылатын мемлекеттер осы Конвенцияның 63 (2), 66 және 67-баптарында көрсетілген ережелер сақтаса, онда осы Конвенция мемлекеттердің өзара келіскен Конвенцияларының орнына қолданылады. Сонымен қатар, орнына қолданылатын Конвенциялар 7-қосымшада көрсетілген.
66-бап
1. 65-бапта аталған шарт пен Конвенциялар осы Конвенция қолданылмайтын істерге қатысты өз күшінде қалады.

2. Осы Конвенция күшіне енгенше шығарылған сот шешімдер мен ресми рәсімделген құжаттар түпнұсқа ретінде рәсімделген құжаттар бойынша жоғарыда көретілген келісім шарттар мен Конвенциялар бойынша әрекет етеді.


67-бап
1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысатын немесе қатысады деп табылатын және істердің белгілі түрлеріне қатысты юрисдикцияны немесе сот шешімдерін тану және орындауға келтіру тәртібін белгілейтін Конвенцияларды қозғамайды.

2. Осы Конвенция бірінші параграфта аталған Конвенцияларының біреуіне қатысушы болып табылған Уағдаласушы мемлекеттің сотына сондай Конвенция оған берілген юрисдикцияны қабылдауға кедергі жасамайды, жауапкердің сол Конвенцияға қатысушы емес Уағдаласушы мемлекетте домицилі болса да. Сот қуымды қарастыра отырып, кез келген жағдайда осы Конвенцияның 26-бабын қолданады.

3. Бір Уағдаласушы мемлекетте шығарылған сот шешімдері бірінші параграфта аталып кеткен соттық құзыреттіліктер басқа Уағдаласушы мемлекеттерде осы Конвенцияның III тарауына сәйкес мойындалады және орындалады.

4. Егер сұрау салынған мемлекет бірінші параграфта аталған Конвенцияларға қатысушы болып табылмаса, ал тану және орындауға келтіру сұрау салынған тұлғаның бұл мемлекеттің домицилі болса соттық шешімді танудан және орындаудан бас тартуға болады.

5. Егер бірінші параграфта аталған сұрау салушы және сұрау салынған мемлекеттер қатысушы болған Конвенция сот шешімдерін тану және орындауға келтірудің шарттарын тағайындаса, ондай шарттар қолданылуға жатады. Сот шешімдерін тану және орындауға келтірудің рәсіміне қатысты осы Конвенцияның ережелері де кез келген жағдайда қолданыла алады.
68-бап
1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекетке тану және сот шешімдерін үшінші мемлекет алдында міндеттемелерді орындауға келтіру туралы басқа Конвенцияның бойынша басқа Уағдаласушы мемлекеттерде осы үшінші мемлекетте домицилі немесе мекен жайы бар жауапкерлерге қарсы шығарылған сот шешімдерін танымауда 4-бапта көзделген жағдайлардан кейін сот шешімі тек 3-баптың екінші абзацында белгіленген юрисдикцияға негізделе алады.
домицилі немесе осы үшінші мемлекетте әдеттегі мекендеу орны бар жауапкерлерге қарсы 4-бапта көзделген жағдайлардан кейін сот шешімі 3-баптың екінші абзацында айқындалған юрисдикцияға ғана сот шешімі негізделе ала отырып,

2. Алайда, Уағдаласушы мемлекет үшінші мемлекет алдында басқа Уағдаласушы мемлекеттің соты шығарған шешімді танымау туралы міндеттеме мынадай жағдайларда:

a) егер талап жеке меншік иесінің осы мүлікке құқығын дәлелдеу және жариялау немесе осы мүлікке байланысты басқа істен талап туса,

b) мүлік талаптың мәні болған қарыздың кепілі болса қабылдай алмайды.

8-бөлім
Қорытынды ереже
69-бап
1. Осы Конвенцияға Еуропалық одақтың, Дания және осы Конвенцияға қол қою үшін ашылуы барысында Еуропалық еркін сауда қауымдастығының мүшелері болған мемлекеттер қатысушы бола алады.

2. Конвенцияға қол қойған мемлекеттер оны бекітуі тиіс. Бекіту туралы құжаттар осы Конвенцияның дпозийтариі - Швейцария Федералдық Кеңесінде сақталады.

3. 1-хаттаманың 1, 2 және 3-баптарына сәйкес бекіту барысында Уағдаласушы тараптар өтініш жолдай алады.

4. Конвенция Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен бекіту бойынша актілердің сақтауға берген күнінің үшінші айдың бірінші күнінде күшіне енеді.

5. Конвенция үшінші айдың бірінші күні, яғни Бекіту грамотасын сақтауға тапсырған күннен кейінг келесі күні күшіне енеді.

6. 2 хаттаманың 3 (3)-бапқа қарсы шықпай, осы Конвенция 1988 жылғы 16 қыркүйектегі Луганода жасалған әкімшілік және коммерциялық істер бойынша юрисдикция және соттық шешімдерді мәжбүрлеп орындау туралы Конвенцияны 4 және 5 абзацтарға сәйкес күшіне енген күнінен бастап ауыстырады.

7. Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер және еуропалық емес территориялардың арасындағы ара-қатынас қаншалықты деңгейде 70 (1) (b) көрсетілген бапқа жанасқанына байланысты, осы Конвенция 1968 жылғы 27 қыркүйектегі Брюссельде қол қойылған әкімшілік және коммерциялық істер бойынша юрисдикция және соттық шешімдерді мәжбүрлеп орындау туралы Конвенцияны және 73 (2)-бабына сәйкес осы территорияларға байланысты осы Конвенцияның күшіне енген күнінен бастап аталған Конвенция және аталған хаттамаға қосылу туралы Конвенциямен енгерістер енгізген 1971 жылғы 3 маусымда Люксенбургте қол қойылған Еуропалық қауымдастықтың соты Конвенциясын түсіндірмесі туралы хаттаманы ауыстырады.
70-бап
1. Күшке енгеннен кейін осы Конвенцияға:

a) осы Конвенцияның ашылуынан кейін қол қоюға 71-баптың жағдайы бойынша Еуропалық еркін сауда қауымдастығына мүше мемлекеттер;

b) сол мүше мемлекеттің территориясының бөлігі болып табылатын еуропалық емес территорилармен айқындалған тұлғалардан Еуропалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер немесе 71-баптың жағдайы бойынша осындай мемлекет сыртқы қарым-қатынаста жауапты мемлекеттер;

c) 72-баптың жағдайы бойынша кез келген басқа мемлекеттер қосылуға дайын.


71-бап
1. 70 (1) (a) және (b) бабында айтылған осы Конвенцияның мүшесі болуға ниеттенетін кез келген мемлекет:

a) осы Конвенцияның өтініші үшін керекті мәліметті хабардар етеді;

b) 1 хаттаманың 1және 3-бапқа сәйкес өтінішті тапсыра алады.

2. Бірінші абзацқа сәйкес қабылданатын кез келген мәлеметтерді депозийтарий мүдделі мемлекеттің осы Конвенцияға қосылу туралы құжаттарды сақтауға жібергенге дейін жолдайды.


72-бап
1. 70 (1) (с)-бабында көрсетілген осы Конвенцияға мүше болғысы келетін кез келген мемлекет:

a) осы Конвенцияның өтініші үшін керекті мәліметті хабардар етеді;

b) 1-хаттаманың 1және 3-баптарына сәйкес өтінішті тапсыра алады және

c) депозийтарийді мәліметтермен қамсыздандырады, сонын ішінде:

1) өзінің соттық жүйесі, сонымен бірге, тәуелсіз соттар және тағайындалу;

2) өзінің әкімшілік іс жүргізу құқығы және соттық шешімдерді мәжбүрлеп орындау туралы ішкі заңнамасы бойынша;

3) әкімшілік іс жүргізу құқығы бойынша өзінің жеке меншік халықаралық құқық туралы.

2. Бірінші абзацқа сәйкес депозийтарий қабылдайтын кез келген мәлеметтерді басқа Уағдаласушы тараптарға кез келген мәліметті бұл баптың үшінші абзацына сәйкес осы Конвенцияға қосылуға мүдделі тараптардышақырғанға дейін жолдай алады.

3. Төртінші абзацқа қайшы келмей, депозийтарий мүдделі мемлекетті осы Конвенцияға тек қана Уағдаласушы тараптардың бірыңғай келісілген жағдайда ғана қосылуға шақырады. Уағдаласушы тараптар депозийтарийдің шақырғаннан кейін бір жылдан кешікпей өз шешімін шығара алады.

4. Қосылу туралы құжаттарды сақтауға берілген күннің келесі айының бірінші күнінен кешіктірмей қосылуға қарсылық пікірін айтпаған қосылушы мемлекет және Уағдаласушы тараптар арасындағы ара-қатынасында Конвенция күшіне енеді.


73-бап
1. Қосылу туралы құжаттар сақтауға депозийтариймен жоданады.

2. 70-бапта көрсетілгендей қосылушы тарапқа қолданылатын Конвенция қосылу туралы құжаттарды сақтауға берілген күннің келесі айының бірінші күнінен күшіне енеді. Осы сәттен бастап, қосылушы мемлекет Конвенцияның мүшесі ретінде қарастырылады.

3. Кез келген уағдаласушы мемлекет депозийтарийдің қарастыруына осы Конвенцияның мәтінін 2 хаттаманың 4-бабына сәйкес Уағдаласушы тараптардың келісуімен түпнұсқалы болып табылатын мүдделі Уаңдаласушы мемлекеттің тілінде немесе тілдерінде ұсына алады.
74-бап
1. Осы Конвенция белгісіз мерзімге жасалынады.

2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет депозитарийге хабарландыру жіберіп, кез келген уақытта Конвенциядан бас тарта алады.

3. Депозитарий күшін жою туралы хабарландыру алған күнінен алты ай өткеннен кейінгі күнтіщбелік жылдың соңына дейін бас тарту жарамды.
75-бап
Осы Конвенцияға төмендегілер:


  • юрисдикция, тәртіп және орындау бойынша кейбір мәселелер бойынша № 1 хаттама,

  • Конвенцияны біркелкі түсіндіру бойынша № 2 хаттама,

  • 67-бапты қолдану бойынша № 3 хаттама,

  • Осы Конвенцияны орындауға қатысты мәлеметтермен 1-4-қосымшалар және 7-қосымшалар,

  • 54, 58 және 57-баптарда көрсетілген құжаттарды мазмұндайтын 5 және 6 қосымшалар,

  • 79-бапта көрсетілген тілдердің түпнұсқалағын мазмұндайтын 8-қосымша,

  • 1-хаттаманың 2-бабын орындау туралы 9-қосымша.

Жоғарыда көрсетілген хаттамалар мен қосымшалар осы Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайды.
76-бап
77-бапқа қайшы келмей, кез келген Уағдаласушы тарап осы Конвенцияны қайта қарастыруды талап ете алады. Бұл мақсатта депозитарий 2-хаттаманың 4-бабына сәйкес тұрақты комиссияны шақырады.
77-бап
1. Уағдаласушы тарап 1-4-қосымшаларда көрсетілген тізімді толықтыратын заңнаманың кез келген ережелерінің мәтінін, сонымен қатар, 7-қосымшада көрсетілген тізімнен кез келген алып тастауларды немесе тізімге қосуды, және олардың күшіне енгізілген күні бойынша депозитарийді хабардар етеді. Осындай мәлемет күшіне енгізу күніне дейін және ағылшын және француз тілдерінде аударылыммен қосаққатылп епті уақыт аралығында жолданады. 2-хаттаманың 4-бабына сәйкес тұрақты комиссиямен консультатцияланғаннан кейін депозитарий келісілген қызыққыш қосымшаны қабылдайды. Осыған орай, Уағдаласушы тараптар өз тілдерінде бейімделген аударымды қамтамасыз етеді.

2. Осы Конвенцияның 5-9 қосымшаларына барлық түзетулер 2-хаттаманың 4-бабына сәйкес тұрақты комиссиямен бекітіледі.


78-бап
1. Депозитарий уағдаласушы тараптарды:

a) бекіту немесе қосылу бойынша әр құжатты сақтауға беру;

b) Уағдаласушы тараптар жайында осы Конвенцияның күшіне енгізу мерзімі;

c) 1-хататманың 1-4-баптарына сәйкес қабылдаған кез келген өтініш;

d) 3–хаттаманың 74 (2), 77 (1) және 4-абзацқа сәйкес кез келген жасалынған мәлемет бойынша хабарландырады.

2. Хабарламаға ағылшын және француз тілдеріндегі аударым қоса беріледі.


79-бап
8-қосымшаға сәйкес көрсетілген тілдерде бір данада жасалынған осы Конвенция, және де барлық мәтіндер бірдей күшке ие, Швейцарияның Федералдық Кеңесінің мұрағатында сақталады. Швейцарияның Федералдық Кеңесі Луганода дипломатиялық конференцияда әкеліп көрсетілген мәтіннің расталған көшірмесін Уағдаласушы мемлекеттің Үкіметтеріне, сонымен қатар, барлық қосылған мемлекеттердің Үкіметтеріне жолдайды.
Куәландыра отырып, төменде қол қоюшы Өкілетті уәкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет