Азаматтық ҚОҒамды әлеуметтік дамыту қоры



жүктеу 101.53 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі101.53 Kb.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК




АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМЫТУ ҚОРЫ

2009



Қоғамдық ұйымдарға арналған нұсқау


Азаматтық қоғамды әлеуметтік дамыту қоры аясында

2009 жылғы гранттар алуға жарияланған байқау


Дүниежүзілік банк


Қоғамдық ұйымдарға арналған нұсқау




Бағдарлама жайында

Азаматтық қоғамды әлеуметтік дамыту қоры (2007 жылға дейін – Шағын гранттар бағдарламасы) Дүниежүзілік банк тарапынан 1983 жылы өзінің жеке қызметінен тыс түрде ашық талқылау арқылы сұхбатты дамыту және халықаралық даму туралы ақпаратты тарату құралы ретінде құрылды. Қордың гранттары үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға ШГБ қатысатын Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілдіктері арқылы беріледі.


Азаматтық қоғамның кедейшілікке қарсы күресін нығайту мақсатында, қордың негізге алатын міндеті халықтың осал және оқшау топтарын әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыру болып табылады. Басымдық елдің ауылдық аймақтарында шаралар ұйымдастыру өтінімдеріне беріледі. Әлеуетті жобаларды анықтау, жобаларды басқару және қаражат тарту жолындағы азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларға аса үлкен назар бөлінетін болады. Қор саяси бағдардағы кез-келген деңгейдегі шараларды қаржыландырмайды.
Халықтың осал топтарын белсенді етудегі аса маңызды элементтер келесі болып табылады: ақпаратқа қатынасу; басқа мамандану салаларында жұмыс істеп жүрген ұйымдармен қарым-қатынас орнату мүмкіндігі; қоғамдық аренада орын алып жатқан оқиғаларға ықпал ету мүмкіндігі; жергілікті және ұлттық билік органдарының шешім қабылдауы жөніндегі пікірталастарға қатысу мүмкіндігі; сенімге ие жергілікті және ұлттық институттардың және азаматтық қоғамның қызметін реттейтін саяси және құқықтық инструментттердің болуы. Үкіметтік емес бөлімнің мекемелері өз мемлекетінің азаматтарын кедейшілікке қарсы күреске жұмылдыру жолында маңызды рөл атқарады. Осылайша, қордың ықтимал бенефициарлары – әсіресе ауылдық жерлерде тұратын, қоғамдық аренада орын алып жатқан оқиғалардан аса оңаша және оқшау қалған әлеуметтік топтар мен жекелеген азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатын қоятын бастамаларға жұмылдырылған қоғамдық ұйымдар болып табылады.

Өтінім беруден бұрын…

Қор байқауға ұсынылған жобалардың аз ғана бөлігін қолдай алады. Көптеген жобалар қаржыландыруға лайықсыз болғандығынан емес, олардың қордың ағымдағы мақсаттарына немесе таңдау шарттарына сай келмегендігіне байланысты қабылданбайды. Гранттар алуға арналған байқаудың талаптары жоғары және, бюджеттің шектеулілігіне байланысты, қор өтінімдерде ұсынылған көптеген пайдалы бастамаларға қолдау көрсете алатын жағдайға ие емес.


Өтінім беруден бұрын жобаңыздың таңдау шарттарына сәйкестігін анықтау үшін осы нұсқаумен мұқият танысуды сұраймыз. Қосымша мәлімет пен өтінім формасын алу үшін мына веб-торапқа кіруді: http://www.worldbank.org.kz/ немесе Астанада орналасқан Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілдігіндегі Ирина Галимоваға телефон: (7172) 580-555 немесе электрондық мекенжай igalimova@worldbank.org; және Алматыда орналасқан Дүниежүзілік банктің аймақтық өкілдігіндегі Елена Карабанға телефон: (727) 2980-580 немесе электрондық мекенжай ekaraban@worldbank.org арқылы хабарласуды сұраймыз.

Өтінімді кім бере алады?

Грант алуға Қазақстанда жұмыс жасайтын және даму мәселелерімен кең мағынада айналысатын кез-келген қоғамдық ұйымдар өтініш бере алады. Дегенмен, қор коммерциялық емес, үкіметтік емес және академиялық емес ұйымдарды қолдауға басымдық береді. Ұйымдардың қаржылық жағдайы тұрақты және қоғамда құрметке ие атағы болуы тиіс. Алдыңғы жылдары қор тарапынан қаржылай көмек алмаған ұйымдарға да (қор бес жылдық мерзім ішінде бір ұйымға үш гранттан артық бөлмейді) ілтипат берілетін болады.


«Бірігіп жұмыс жасау. Дүниежүзілік банктің азаматтық қоғаммен серіктестігі» басылымынан үзінді
Қазіргі таңда, халықаралық даму үкімет, донорлар, жеке сектор және азаматтық жұртшылық арасында серіктестікке толы қарым-қатынасты үдету бағытында онан әрі жылжу үстінде. Дәл осындай қарым-қатынас тұрақты экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізу үшін аса тиімді болып табылады. Осындай серіктестік қарым-қатынаста, азаматтық қоғамның ұйымдары кедейлер өмірінің сапасына тікелей ықпал ететін шешімдерді қабылдау кезінде пікірлерінің естілуі және қаперге алынуы үшін олардың дауысын күшейту жолында өте маңызды рөл атқарады.

Дүниежүзілік банк азаматтық қоғамды отбасы, нарық және мемлекет арасындағы кеңістік ретінде анықтайды; ол мемлекеттік емес ұйымдар мен арнайы топтардан құралып, өздері өкілі болып табылатын бұқара топтардың өмірін жақсарту мақсатында жұмыс жасайтын, ресми немесе бейресми, мүдделері бойынша,. Бұл жөнінде Дүниежүзілік банк азаматтық қоғамның динамикалық құрылымы зерттеулер және стратегияларды дамытумен айналысатын институттармен, кәсіподақ ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдар және қауымдармен, діни топтармен және осыған ұқсас көптеген ұйымдар арқылы берілген деп ойлайды.


Қор қызметтің қай түрлеріне қолдау жасайды?
Қор қоғамның осал және оқшау топтарының белсенді болуына азаматтық қоғамның қатысуына байланысты қызмет түрлерін қолдайды. Қызметтің мұндай түрлері сұхбат және ақпараттың таралуына көмектесуі тиіс және қауымдастықтың негізгі серіктестермен дамыту үдірістерін қолдау жолындағы байланыстарын нығайтуға бағытталуы тиіс. Мұндай серіктестер ретінде мемлекеттік билік органдары, қоғамдық ұйымдар, көпжақты және екіжақты агенттіктер, жекеменшік сектордың өкілдері болуы мүмкін.
Қоғамға қатынасу – бұл қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу мақсатында қоғамдық ұйымдардың мемлекетпен және дамыту үдірісінің басқа субъектілерімен қарым­-қатынас және өзара іс-әрекетке белсенді жұмылдырылатын үдіріс болып табылады.
Қызметтік бұл түрлері кішігірім ұйымдардың өз жеке бюджетінен қаржыландыруы әдетте қиын болып келетін ақпарат және білімді таратуға арналған механизмдерді жасауға қатысты семинарлар мен конференцияларды жүргізуді, арнайы аудио-визуалды материалдарды дайындауды және өзге шығармашылық шараларды ұйымдастыруды қамтуы мүмкін. Қор қаржыландыратын қызмет грант алынған күннен бастап бір жыл ішінде аяқталуы тиіс.

Қор қызметтің қай түрлеріне қолдау көрсетпейді?

Қордың гранттары келесіге бөлінбейді:



  • саяси бағдардағы кез-келген шаралар;

  • ғылыми-зерттеу бағдарламалары;

  • біліктілікті жоғарылатуға арналған академиялық бағдарламалар;

  • ағымдағы жұмыстық жобалар;

  • ұйымдардың ағымдағы институционалдық қолдауы (мысалы, жабдық және айлық жалақы);

  • студенттік стипендиялар, оқу және ғылыми бағдарламалар;

  • өз атынан хабарласқан жеке адамдарға және заңдық тұлға ретінде тіркелмеген бірлестіктерге қаржылай көмек.

Сипаты жағынан, ұсынылатын қызмет түрлері Қазақстандағы Дүниежүзілік банк бағдарламаларының бөлігі болмауы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (министрліктер мен мекемелер) қызметін ауыстырмауы немесе қайталамауы тиіс.


Бөлінетін гранттардың мөлшері қандай?
Қазақстандағы жеке гранттың сомасы 5000 АҚШ долларынан аспайды. Әдетте, қор белгілі бір қызметке белгіленген шығындардың жалпы кестесінің жартысынан артығын қаржыландырмайды. Сондықтан, қордың көмегі арқылы басқа көздерден қосымша қаражат тарта алатын жобаларға ерекше ықылас беріледі. Гранттар алуға тілек білдірген ұйымдарға Дүниежүзілік банктің гранты басқа донорлардан қаражат алуға қалай көмектесе алатынын сипаттау қажет.
Өтінімдер қалай бағаланады?
Таңдау комиссиясы қарастырғанға дейін, барлық өтінімдер бағдарлама шарттарына сәйкестікке тексеріледі.
Бағдарлама шарттары:

  • жоба сұхбат пен ақпараттың таралуына көмектеседі;

  • жоба қауымдастықтың негізгі серіктестермен дамыту үдірістерін қолдау жолындағы байланыстарын нығайтуға бағытталуы тиіс. Негізгі серіктестер ретінде мемлекеттік билік органдары, қоғамдық ұйымдар, көпжақты және екіжақты агенттіктер, қорлар, жекеменшік сектордың өкілдері болуы мүмкін;

  • грант бойынша ізденуші заңды түрде тіркелген үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым немесе қоғамдық бірлестік болып табылады;

  • қаржыландыру грант берілетін күннен бастап бір жыл ішінде аяқталатын белгілі бір қызметті орындау үшін сұралады;

  • өтінім өтінімді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін берілуі тиіс.


Қаржыландыру сұралып отырған өтінімдерді қарастыру үдірісі
Жоғарыда берілген шарттарға сай келетін өтінімдер алдымен Дүниежүзілік банк қызметкерлерінен тұратын ішкі бағалау комиссиясы тарапынан, бұдан кейін – донорлық және қоғамдық ұйымдар өкілдерінен тұратын сыртқы Гранттық комитетте қаралады және бағаланады. Жеңімпаздарды таңдау барысында, Гранттық комитет келесі факторларға аса назар аударады:

  • әлеуметтік және экологиялық мәселелерді, әсіресе ауылдық жердегі, шешу үшін азаматтық қоғамды, оның ішінде, оның аса осал және оқшау өкілдерін белсенді етуге ұсынылған қызметтің стратегиялық маңызы мен қажеттілігі;

  • жобаның техникалық орнатымдылығы (қаржының белгіленген мақсаттарға сәйкес болуы; жобаны сәйкес орындау үшін ізденушінің техникалық мүмкіндіктері);

  • ұйымның институционалдық әлеуетінің жеткіліктілігі (сәйкес біліктілігі бар тәжірибелі қызметкерлердің бар болуы);

  • ұсынылған қызметтің инновациялық сипаты.


Грант алуға қалай өтініш беруге болады?
Қор жүргізетін гранттық байқаудың әкімшілік мәселелері Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілдігіне жүктелген. Өтінімдерді Дүниежүзілік банктің штаб-квартирасына жолдамауды өтінеміз, себебі бағдарлама бір орталыққа бағынбайды, ал байқаудың қорытындысына қатысты шешім әр елдегі тұрақты өкілдік тарапынан дербес түрде қабылданады.
Барлық қажетті мәліметті қамтитын формаға сәйкес толтырылған өтінімдерді байқаудың басталуы жайлы хабарландырудан кейін, мүмкіндігінше қаражат сұралып отырған қызметтің басталуына дейін, Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілдігіне жіберу қажет. Өтінімді қарастыруға жіберуден бұрын, ізденуші ұйымдарға бағдарлама шарттары және бағалау және таңдау шарттарымен мұқият танысу қажет.
Қазақстанда 2009 жылға арналған өтінімдерді қабылдау 2009 жылдың 16-шы наурызында аяқталады. Өтінімдерді қарастыру үдірісі екі айға дейін созылады, ал нәтижелері әдетті мамыр айының екінші немесе үшінші онкүндігінде жарияланады. Өтінім санының көп болуына байланысты, байқау нәтижелерінің ресми түрде жариялануына дейін жеке түрде келмеуді мен қоңырау шалмауды өтінеміз.
Өтінімдерді пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы төменде көрсетілген мекенжайларға жіберу қажет. Егер өтінім электрондық пошта арқылы жіберілетін болса, тек төменде көрсетілген мекенжайға жіберуді сұраймыз:
Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілдігі

010000, Астана қ., Самал шағын ауданы, 12, 14-ші қабат

Тел: 7172 580-555, Факс: 7172 580-342

Эл. пошта: astana_office@worldbank.org


Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігі

050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 41-а, 4-ші қабат.

Тел: 727 298 0580, Факс: 727 298 0581

Эл. пошта: astana_office@worldbank.org


Қосымша ресурстар:
Қоғамдық ұйымдар мен МЕҰ арналған қосымша ресурстар жайлы ақпаратпен келесі веб-торап арқылы танысуға болады: www.worldbank.org.

Қазақстандағы 2008 жылғы азаматтық қоғамды әлеуметтік жағынан дамыту қорының қолдауына ие жобалар






Ұйым атауы



Жобаның қысқаша сипаттамасы

1



«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының жобасы, Өскемен қ.


Кепілдікті мемлекетттік қызметтер туралы әлеуметтік жағынан осал топтарды құлағдар етудің тиімді үлгілерін жасау.

2



«Томирис» Балаларды, жасөспірімдерді және әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ жобасы,Жезқазған қ.

Ауылдық жерлердегі әйелдердің жоғары сана-сезімін ақпараттық кампаниялар, семинарлар, ақпараттық бюллетендерді тарату арқылы қалыптастыру және Кеңгір ауылында ҚБ бөлімшесін құру



3



«ДОМ» ҚБ жобасы, Семей қ.


«Ата-аналар мектебі». Ата-аналар мен оқушыларға арналған мектеп комитеттерін білім беру саласындағы құқықтарды қорғау мақсатында тренингтер мен дөңгелек үстелдер жүргізу арқылы ұйымдастыру

4



«Благо» ҚБ қоғамдық қорының жобасы, Қарағанды қ.

Қазақстандағы өндіруші салалар қызметінің мөлдірлігі туралы бастаманы (ӨСҚМБ) жүзеге асыру аясында тұрақты даму принциптері мен шарттарына қатысты оқыту семинарларын жүргізу



5



«Исток» Балалар және жастар шығармашылық орталығы « ҚБ жобасы, Семей қ.

Мектептердегі орман шаруашылығы туралы ереже жасау



6



«Арал Тенизи» қоғамдық бірлестігі жобасы, Арал қ.

Арал балықшыларының еңбек құқықтарын заң туралы кеңес пен қызметтер ұсыну арқылы қорғау







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет