Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі20.55 Kb.
Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1526 Қаулысы

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                            К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен  
бекiтiлген     

Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары

      1. Осы Қағидалар Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi - Қағидалар).


      2. Мемлекеттiк органдар жыл сайын тиiстi жылдың 10 желтоқсанына төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органға Азаматтық қорғаныс  iс-шараларының орындалуы туралы есеп бередi (бұдан әрi - есеп).
      3. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 қыркүйектегi № 942 қаулысына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар жыл сайын тиiстi жылдың 25 қарашасына төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдарына есеп бередi.
      4. Төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын тиiстi жылдың 25 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының аумағында өткен жылы Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуы туралы есеп бередi.
      5. Есептер мынадай деректерден тұратын ерiктi нысанда берiледi:
      1) Азаматтық қорғаныс жоспарының болуы;
      2) Азаматтық қорғаныстың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерiн жаңғырту мен жетiлдiру және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау;
      3) Азаматтық қорғаныс күштерiн жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте ұстау;
      4) зақымдау құралдары қолданылған жағдайларда қорғаныс құралдары тәсiлдерiне және iс-қимыл жасауға басқару органдарын даярлау және халықты жаппай оқыту;
      5) Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте ұстау;
      6) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындау және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстарды, резервтердi құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;
      7) төтенше жағдайлардың қаупi және туындауы кезiнде эвакуациялау iс-шараларын жоспарлау және жүргiзу;
      8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргiзу;
      9) экономика салалары мен объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және орындау;
      10) проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
      6. Есепке мемлекеттiк органдар мен ұйымдарың бiрiншi басшылары қол қояды. Мемлекеттiк органдар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал ұйымдар - қағаз тасығышта есептердi ұсынады.
Каталог: npakz -> postanov -> doc
doc -> Мемлекеттiк резервтi сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою
doc -> Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының және мемлекеттiк меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбелерiн бекiту туралы
doc -> Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң және өрт-техникалық оқу орындары курсанттарының нысандық және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгiлерi мен тиесiлiлiгi нормаларын бекiту
doc -> Ұйымдарды, азаматтарды және басқа адамдарды қорғаныс сипатындағы жұмыстарды орындауға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектiлердi, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйесiн қалпына келтiруге, сондай-ақ өртке
doc -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қарашадағы №1184 Қаулысы «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы»
doc -> Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесi мен өлшемiн бекiту туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет