«Қазақстан 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»



Дата01.07.2016
өлшемі52.29 Kb.
#171368
«Қазақстан 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың желтоқсан айының 14 күнгі Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Жаңақорған ауданында жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар.

Аудан құрамына 24 азаматтан тұратын әр түрлі сала мамандарынан тартылған 8 ақпараттық – наихаттық топтар жұмыс жүргізуде. Кент, ауылдық округтер бойынша 29 ақпараттық –насихаттық топ жасақталған. Жасақталған топтар бекітілген кестеге сәйкес кентте, ауылдық округтерде, мекемелерде, ұйымдарда болып, Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан 2050- стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2012 жылдың желтоқсан айының 19 күні аудан әкімінің төрағалық етуімен аудан активі өткізілді. Бұл шараға барлық бөлім басшылары мен қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, саяси пария, БАҚ өкілдері, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары , барлығы 200 адам қатысты.

Қаңтар айының 14-19 күндері мен наурыз айының 11-12 күндері аралығында облыстық, аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері кент, ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер өткізсе, 2012 жылдың желтоқсан айында ауданымызда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттары Қ. Баймаханов пен М. Бақтиярұлы келіп, Елбасы Жолдауынынң басым бағыттары бойыынша түсіндірме жасап, аудан халқымен кездесу өткізсе, наурыз айында ҚР Білім және ғылым вице министрі М. Әбенов пен облыстық білім саласы бойынша бақылау департаментінің директоры М. Шермағамбетов, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры А. Қаржаубаевтар келіп, Сунақата, Төменарық және Сүттіқұдық ауылдық округтерінде болып, елдімекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.

2013 жылдың сәуір айының 6 күні ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Оразкүл Асанғазықызы келіп, кездесулерді Сунақата ауылдық округінен бастап, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық ауылынан аяқтады. Елдімекен тұрғындарымен кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып өтіп, тақырып аясында туындаған бірнеше сұрақтарға жауап берді.

2013 жылдың сәуір айының 7 күні ҚР Парламент Мәжілісі депутаты С. Әйімбетов келіп, жоғарыда аталған тақырып аясында Екпінді, Сүттіқұдық және Қыраш ауылдық округтерінде түсіндірме жұмыстар жүргізіп, елдімекен тұрғындарынан Қазақстан Республикасыының зейнетақы жүйесін дамыту мақсатында туындаған өзекті сұрақтарға толығымен жауап берілді.

Осы жылдың сәуір айының 9 күні Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттары Қ. Баймаханов пен М. Бақтиярұлы келіп, Аудандық мәслихат депутаттарымен және «Қожакент» ауылдық округі әкімінің «Нұрбол» шаруақожалығында болып, шаруақожалығының жұмысымен танысып, күріш ақтайтын цехты, мал сою алаңы мен мал болдарқылау орнын көріп, шаруашылық мүшелерімен кездесу өткізді. Мұнан кейін «Қаратөбе» ауылдық округінде жылыжай жұмыстарымен танысып, жұмысшыларымен пікірлесті. Осы кездесулер барысында Зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, пікір бөлісілді. Бұл шаралар аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетінің сәуір айының 13 күнгі № 29 санына «Қос сенатордың ауданымызға іссапары» тақырыбында жарияланды.

Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы бойынша орнатылған көрнекіліктер саны 123

ҮЕҰ-ң өкілдерінің ұйымдастыруымен 18 мәдени шаралар ұйымдастырылып, шара барысында биылғы Елбасы Жолдауының басым бағыттары насихатталды.



БАҚ-ы арқылы насихат жұмыстарын жоспарлау және жүргізу

Елбасы Жолдауы мен жалпы мемлекет саясатын ақпараттық қамтамасыз ету арнайы бекітілген медиа – жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Осы орайда, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде тұрақты «Жолдау бағытымен» «Жұмыспен қамту - 2020», «Біз болашаққа сеніммен қараймыз», «Халық пен билік», «Саламатты Қазақстан», «Қазақстнадық патриотизм», «Аудан әкімі есеп беруде», «Мықты мемлекет – нұрлы болашақ кепілі», «Нақты міндет пен мақсат табысқа жеткізеді», «Барша байлық – адам еңбегімен жасалады», «Елбасы Жолдауы – кемел келешек кепілі», «Ең бастысы - өмір сапасын қамтамасыз ету», «Жасампаздыққа жігерлендірген Жолдау», «Елбасы Жолдауы – қоғамды ұлы қадамға бастайды» айдарлары ашылып, онда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік топ өкілдерінің, мемлекеттік орган басшыларының, мамндарының Президент Жолдауы төңірегіндегі ойлары, пікірлері мен оны жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы, аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде бірнеше материалдар жарық көрді.


«Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жайлы

2012 жылдың шілде айының 10 күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына жолданатын дәстүрлі Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тақырыбында жарияланған тұжырымдамада Елбасы Үкіметке 20 тапсырма жүктеген. Осы тапсырмалардың бірі, яғни 8-ші тапсырмасында ҚР Үкіметі 2012 жылдың соңына дейін «Самұрық - Қазына» ұлттық әл –ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті минориторийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «Халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірбиесіне кең көлемді талдаулар жүргізу болатын.

Осы орайда, ауданымызға «Халықтық ІРО» бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен бірқатар жұмыстар атқарылуда.

- «Халықтық ІРО» бағдарламасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары мақсатында дайындалған ақпараттық – графикалық ролик аудан әкімдігінің веб – сайтына 2012 жылдың төртінші тоқсанында аудан әкімдігінің веб сайтына орналастырылды. Сондай – ақ Халықтық ІРО бағдарламасын елдімекен тұрғындарына ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы медиа жоспар әзірленіп, ақпараттық материалдар жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетіне бүгінгі таңда кезегімен орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

- Тақырып аясында сыртқы жарнаманы орнату жөнінде арнайы әзірленген эскиз бойынша Жаңақорған кентінде және ауылдық округтерде жалпы 5 билборд әзірленіп ілінді. (Жаңақорған кенті 2, Өзгент -1, Қыркеңсе -1, Байкенже -1)

- «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіру мақсатында 2012 жылдың қазан айының 18 күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында арнайы құрылған республикалық топ аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған шараға кент, ауылдық округ әкімдері мен пошта қызметкері, заңгер мамандар және жастар ұйымының жетекшілері қатыстырылды. Осы мақсаттта аудандық ақпараттық насихаттық топ аталған тақырыпты кеңінен елді мекен тұрғындарына түсіндіру мақсатында 26 кент, ауылдық округтерде кездесу өткізсе, осы тақырып аясында 6 елімекенде казпошта қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 2012 жылдың қазан айында КазТрансойлдың өткізген аккциясына ауданнан 19 адам қатысты.



Сонымен қатар , «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіру мақсатында 2013 жылдың ақпан айында аудандық ақпараттық насихаттық топ 26 кент, ауылдық округтерде кездесу өткізілді. Сондай – ақ келесі акция ағымдағы жылдың мамыр айының 13- не басталатындықтан аудандық ақпараттық – насихаттық топ мүшелері 26 кент, ауылдық округ тұрғындарымен кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында сәуір айының 23-24 күндері кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу кестесі аудан әкімімен бекітілді.


Зейнетақы жүйесін жаңғыртуды аудан халқына кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы аудандық ақпараттық – насихаттық топ құрылып, осы жылдың сәуір айының 23-24 күндері жергіілікті жердің депутаттарымен бірге барлық елді мекендерге түсііндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер болып өтті. Жалпы жиындарға 3000-нан тұрғындар қатысып, тақырып төңірегінде туындаған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Өткізілген шаралар аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде жарық көрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет