Қазақстан биоресурстары пәнінен обсөЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Мамандық: 050113 “Биология ” 3-курстарға арналған Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т. Жетісай – 2007ж Пәннің мақсаты



бет5/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.81 Mb.
#12826
1   2   3   4   5   6   7   8

Глоссарий:


Бекірелер, Майқап, Табан балық, Майқап, Сазан, Каспий тілтісі, Қара балық немесе шармай.

ОБСӨЖ № 26

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жұпар.


2.Жұпардың тіршілігі.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның су жануарлары мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Бұл аң осыдан 30 млн. жыл бұрын пайда болған. Ерте заманда жер бетінде жүндес алып мамонттар тірщілік еткен дәуірде қазіргі кезде Европаның барлық су қоймаларында жұпар тіршілік еткен. Дене тұрқы егеуқұйрықтай онша үлкен емес бұл аң насеком қоректілерге жатады.

Ұзындығы 18-22 см, құйрығы 12-20,5 см, 320-480 гр ғана. Барлық дене құрылысы суда тіршілік етуге бейімделген. Құлақ қалқаны болмайды, көзі өте кішкентай, түйме сияқты жылтырап тұрады. Аяқтарының башай араларында жүзу жарғақтары бар. Құйрығының үсті мүйіз тәрізді қабыршақтармен жабылған.

Ал енді жүні тығыз, жылтыр, жібектей жұмсақ, түсі сұр бурыл күміс тәрізді немесе ақшыл болады. Терісінен су өтпейді.Арқасының түсі шым қоңыр, өте жылтыр келеді. Арқасына қарағанда бүйірі ақшыл болады. Тамағы, кеудесі және құрсағының барлық жері ақшыл сары күміс реңді. Құйрығының түбінің астыңғы жағында тері безі орналасқан. Осы безден май тәрізді иісі күшті сұйық зат бөледі. Сол иіс арқылы еркегі мен ұрғашылары бір – бірін тез тауып алады.

Енді бір қызығы – мамонт сияқты ірі жануарлар табиғи өзгерістерге шыдай алмай жер бетінен құрып кеткенін білеміз. Ал жұпар болса, су астында тіршілік етуге бейімделіп, қазіргі уақытқа дейін ешбір өзгеріссіз сақталып қалған.

Біздің республикамызда жұпар негізінен Батыс Қазақстанда кездеседі. Бұл өңірде ол жайық өзенінің бойын мекендейді.

Жұпар – жартылай суда тіршілік ететін жануар. Орал өңірінде жұпар өзендердің сағасында және су айдындарында мекендейді. Су жағасынан олар қиындау жерден ұзынша етіп ін қазады, інің ауызын су астынан шығарады. Іннің ауызы әр уақытта су деңгейінен 10-40 см төмен орналасады. Ін жолы су деңгейінен жоғары көтеріліп, ұя камерасынан қосылады. Жалпы олардың індерінің ұзындығы су жағасының ерекшелігіне байланысты. Мәселен, тік жарлы жерде оның ұзындығы 2-3 метрге, ал жайпақ жағада 20 метрге дейін барады. Су ішіндегі іннің ең түпкі ұя камерасы жазда су деңгейінен 20-30см жоғары орналасады. Ал кейде жазғы ұя камерасы 5-20, қыста 50 сантиметр тереңдікте жатады.

Жұпар көбіне тереңдігі 1-2 метр суда тіршілік етеді. Бұдан тайыз өзендер қыста қатып қалатын болатындықтан жұпар тіршілік етуге қолайсыз келеді.

Қыс айларында ол жер бетіне мүлдем шықпайды: су түбінде немесе мұз астында жүзіп жүріп күнелтеді.Сол себептен де өте терең суларда тіршілік ете алмайды, өйткені мұздың астында аз да болса ауа болады.

Жұпар- семьясымен бірге тұрып тіршілік ететін аң. Жазда бір семьяда төрт-бес аңнан болса, ал қыста бір ұяда оның саны 12-13-ке дейін жетеді. Кейде жаз айларында жеке-жеке жүрген жұпарлар де көзге шалынып қалады.

Жұпар азықтануға ымыр жабыла шығады да, түні бойы қорек іздеумен болады. Оның тағы бір ерекшелігі –қорек талғамайды. Ғалымдардың есебі бойынша суда кездесетін жәндіктер және өсімдіктердің 90 түрімен азықтанады. Оған инелік, маса, шыбынның личинкалары, көбелек құрт, сүлік, құрақ, қоға секілді өсімдіктер жатады.Жұпар сондай –ақ бақаны да жақсы жейді . Кейде ұсақ балықтармен , әсіресе судың жағасына шығып қалған өлекселермен азықтанады. Бұл аң сөйтіп күн сайын өз салмағына пара – пар , яғни 450 грамға дейін қорек жейді .

Жұпар жылына бір рет балалап, 1-ден 5-ке дейін , ал орта есеппен 3-4 –тен туады. Шілденің екінші жартысында немесе тамызда туады. Балалары жай өседі, тек бір жылдан кейін ғана ересектердің қатарына қосылады.

Ересек жұпарлардың жұптасып , жаппай шағылысу кезеңі – көктемгі су тасыған кезде басталады.Ұрғашы жұпарлар балаларын 45-50 күндей көтереді. Балаларына негізінен ұрғашы жұпарлар қамқорлық жасайды .

Жұпарлар су тасыған уақытта қорғансыз , баспанасыз қалғанда оларды түлкі , жанат тәрізді ит , ақкіс дала күзені сияқты аңдар мен басқа да жыртқыш құстар оңай – ақ олжа етеді. Көктемгі су қоймаларының суға толатын шағында жұпарлар жаңа қоныс іздеп , көрші су қоймаларына көшіп , қоныстарын кеңейтеді. Олар негізінде көше беруді ұнатпайды, сондықтан үйренген жерінен әрі кетсе 5-6 шақырым қашықтыққа ғана ұзайды.

Жұпар терісі бағалы аңдардың қатарына жатады. Жұпардың терісі аң терісінің ішінде ең таңдаулы сорттарына жатады. Оның терісінен басқа ұрық безі де пайдаға асырылады. Жұпар осы безден хош иісті зат бөледі Сондықтан бұл аң жұпар деп аталады.Ол зат парфюмерия өнеркәсібіне керекті бағалы шикізат болып есептеледі . Бұдан әр түрлі хош иісті сабын , әтір дайындалады.



Бақылау жұмыстары:

1.Қазақстанның су жануарлары.

2.Қызыл кітапқа енген балықтар. Арал қаязы немесе теңге балығы.

3.Шөл мен шөлейт омыртқасыздары.

4.Балықтар. Майшабақ тәрізділер.

ОБСӨЖ № 27

ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның су жануарлары. Жанат.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Жанат.

2.Шайқағыш жанат.

ОБСӨЖ мақсаты: Қазақстанның су жануарларымен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстан территориясында бұл аңның екі түрі – жанат немесе жәнәті (енотовидная собака) және шайқағыш жанат (енот-полоскун) кездеседі. Бұл аңдар бір-біріне өте ұқсас келеді. Олар – терісіне бола ауланатын және жерсіндірілген жыртқыштар.

Жанат – иткеөте ұқсас аң. Сондықтан да бұл аңды кейде жанат тәрізді ит деп те атайды. Бұл аңның денесінің ұзындығы 65-80, құйрығы- 15-25 см-дей, жазда салмағы 4-6, күзде 6-10 кг-дай болады. Жүні ұзын, жұмсақ қылшықты болып келеді. Әсіресе қысқы жүні өте түбітті, түрі жылтыр қоңырқай, қылшығының ұшы қара болады.

Жанат оңтүстік – шығыс Азияда, Жапонияда, Қытайда, Кореяда және СССР-дің Уссурий өлкесі мен Амур аймағында таралған.

Жанат қазіргі Гурьев облысында Еділ атырауында, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің сағасына дейін кездеседі. Гурьев облысына көршілес Астрахань облысынан келсе, ал Орал облысына Саратов облысынан таралып отыр.

Жанат негізінен өзен-көл жағалауын, балшықты жерді мекендейді. Олар көбінде жан-жағында орман не қалың ағаш өскен ашық алаң, өзен бойы және таудың құлама беткейінде тіршілік еткенді ұнатады. Мұндай жерлерде жанат қоек ететін түрлі жеміс ағаштары мен шөптесін өсімдіктер және осы аң иеленетін борсықтың ескі індері көп болады. Кейбір жерлерде өзен аңғарларында, қалың шөпті және тоғайлы жерлерде жүреді. Әсіресе тоғайлы жерлерде оның жейтін қорегінің бірі - әр түрлі құстар жиі кездеседі.

Жанат терең інде жатады. Інді ағаштардың тамыры не түбірінің астынан немесе қамысы қалың өскен жерден қазады. Кейде олардың індері үлкен тастың асты мен тау жыраларында да кездесіп қалады.

Бұл аң қорек іздеуге ымырт жабыла шығып, түні бойы кезіп жүреді. Жаз бойы семірген жанат қалың қар жауысымен аю және борсық сияқты қысқы ұйқыға кетеді. Қысқы ұйқы оның тіршілігіндегі бір ерекше қасиеті. Жанат күн жылына, қар ери бастағанда інінен қайта шығады.

Бұл жыртқыш негізінен қосмекенділермен қоректенеді. Және де әр түрлі ұсақ кеміргіштерді, құстарды (әсіресе шіл, құр), сондай-ақ ағаш жемістерін азық етеді. Сонымен қатар ол құрт-құмырысқа, ал кейде балықты да ұстап жейді.

Жанат жылынабір рет туады. Оның буаздығы, орта есеппен, екі айға созылады. Жанат 6-дан 8-ге дейін күшік табады. Күшіктерін өсіру кезінде жанаттың сырттаны мен қаншығы бір інде жатады. Күшіктері майдың аяғында жетіліп, іннен шыға бастайды. Жас күшіктер август айында кешкі уақытта ересектерімен бірге қоек іздеуге шығады.

ОБСӨЖ № 28

ОБСӨЖ тақырыбы: Эфир майлы өсімдіктер.

ОБСӨЖ жоспары:

1 Ломонос кодонопсисі.

2.Самарқан салаубасы.

3.Қаратау сасыры.



ОБСӨЖ мақсаты: Эфир майлы өсімдіктер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Ломонос кодонопсисі (Қоңыраугүлділер тұқымдасы) – туыстыңҚазақстандағы жалғыз өкілі Тянь-Шаньға, Жоңғар Алатауы және Тарбағатайға тән әдеттегі түр. Өзендер мен бұлақтардың жағасында, орман алаңқайларына және шалғындықтарда ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі кесілген шырша және арша түптерінде өседі. Шөптесін көп жылдық шырынды цилиндр тәрізді биік бұтақтанған сабақты. Жапырақтары жұмсақ, нәзік қысқа сағақты және жұмыртқа тәрізді тақталы, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері бас жағында, гүл табанында сәл ғана еңкейген. Тостағаншасы 5-еу. Тісшесі тілінген, ұзарып өсіп, гүлдеу мерзімі біткен соң шалқайып кетеді. Күлте қоңыраулы үшкірлеу 5 бөлікке тілімделінген, барынша ірі. Күлтенің түсі көгілдірлеу немесе көкшіл, ішкі жағында қара-көк немесе қызғылт-сары сурет бар. Аталықта және үш бөлікті бағана күлтеден шықпайды. Кодонопсис маусым-тамызда гүлдейді. Гүлдері мен жапырақтары шектен тыс жағымсыз иіс шығарады, сондықтан халық арасында оны “аю қоңыраушасы” деп атайды. Жемістері құрғақ қорапшалар, жоғарғы жағынан 3 жерден қақырайды. Шілдеден бастап қыркүйекке дейін піседі. Тұқымымен көбейеді.

Өсімдіктердің барлық бөлігі әсер етуші заттардың топтамасын бөледі, эфир майы, С-дәрумені, иілік заттар және т.б. Эксперименттік зерттеулер олардың жалпы адам ағзасын әлдендіретін және жүректің жұмысын реттейтін, сондай-ақ қан қысымын түсіретін пайдасы бар екенін анықтап берді. Өзбек халық медицинасында жер үсті бөлігін басқа да шөптермен қосып бауыр ауруын емдеуге пайдаланады. Бірінші рет мәдени түрде ХІХ ғасырдың аяғында Петербургте байқаудан өткізілген. Алматы ботаникалық бағындағы тұқымынан өсіріледі. Екінші жылы гүлдейді.



Самарқан салаубасы (Күрделігүлділер тұқымдасы) – Қазақстандық үш түрдің тау етегінен бастап, ортаңғы тау белдеуіне дейінгі Батыс Тянь-Шань жоталарына таралғандардың бірі. Құрғақ ұсақ, қиыршық тасты беткейлерде, далалы және бұталы бірлестіктерде, сондай-ақ аршалы сирек ормандарда кездеседі. Шөптесін көп жылдық. Ағаштанған шашақ басты тамырымен, тамырдан бірнеше гүлдейтін және ұрпақ бермейтін өркендер бастау алады. Жапырақтар мен сабақтарды шатасқан өрмекшінің торындай түк басқан. Осыдан бүкіл өсімдік күміс түстен тұрады. Ұрпақсыз түбіртектің жапырағы ұзын сағақты. Таспа қалақшалы бас жағы шеңберленген. Сабақтағы жапырағы таспа тәрізді отырыңқы. Түбінде үшбұрышты ойығымен. Сабақтары қатайған, биіктігі 75 см, күрделі қалқан тәрізді гүлшоғырымен безендірілген. Себеттері басқа түрлердікіне қарағанда ірілеу, диаметрі 1см, жапырақшалар орамдары ашық-сары түсті, көп санды, 5 қатарға орналасқан, бір-біріне қатпарлана қабаттасқан. Гүлдеп болған соң тостағанша тәрізді орам болып жазылады. Гүлдері түтікті, ұшында 5 тісшесі бар, ашық сары түсті, гүлдеу мерзімі маусым-тамыз, тамыз-қыркүйекте жеміс салады. Тұқымдары ұсақ, сопақ пішінді, көптеген жәй түтіктерден тұратын айдармен қамтылған.

Гүл себеттерінің құрамында ащы иілік заттар, бояғыш заттар және эфир майы болады. Олар өт ауырғанда жақсы көмектесетін болғандықтан, ғылыми және халықтық медицинада бауыр ауруын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Ал халық арасында сары бояу алу үшін және киімді қара күйеден қорғау зат ретінде қолданылады. Құрғақ гүл шоқтарын жасауда пайдалы. Ерекше сәндік өсімдік, құрғақ және кептірілген күйінде де түсін, сәндік сапасын сақтап қалады. Сондықтан да халық “бессмертник” – “мәңгілік” деп атайды.



Қаратау сасыры (Шатыргүлділер тұқымдасы) – Қазақстан эндемигі, Тянь-Шаньда (Іле Алатауынан Талас Алатауына дейін) және Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінде кездеседі. Жусанды – астықты және бұталар бірлестіктерінде құрғақ аңғарларда, батпақты қиыршықты топырақтарда өседі.

Бұл көп жылдық шөптесін өсімдіктің ерекше тіршілік циклі бар. Бұның негізгі өкілдері көп жылдық бойы вегетативті өркендері жетіледі, өмірінде бір-ақө рет гүлдейді және жеміс береді де бірден өледі. Мұндай өсіміктерді монокарпиктер дейді, олар шатыргүлділер арасынан жиі кездеседі. Қаратау сасырының жер асты мүшесі шар тәрізді үрілген түйнекті тамыр. Сабағы (кейде олар 2-3) жұқа, аласа, жоғарғы бөлігі қалқан түрінде тармақталады. Жапырағы қаттылау, ұзақ солмай сақталады. Жапырағының сабақтары кемейіп қабықты қынапқа айналған, ал тақьалары бірнеше жерден қандауыр тәрізді үшкір бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры осы түрдің басқаларыныкі сияқты күрделі шатырша. Орталық шатыры біреуден, ал жанындағылары 2-3-ден бірге жиналған. Шатыршалар 5-10 ұсақ сары гүлдерден тұрады. Тостағаншалары онша көрінбейді, ал жапырақшалары ұш жағынан ішке қарай оралған, жатын екі ұялы, екі бағаналы. Сасыр мамыр-маусым айларында гүлдейді, ал жемістері маусым-шілде айларында пісіп жетіледі.

Ауыл шаруашылығында мал азықтық және омарталық өсімдік ретінде бағаланады. Тамырларында 40 пайызға жуық крахмал, қарашайыр және эфир майы бар. Қарашайыр мен эфир майының құрамымен әсері жете зерттелмеген. Феруладан жасалған препараттардың емдік қасиеттері болуы мүмкін.

Реферат тақырыптары:

1.Илік заттары өсімдіктері.

2.Балды өсімдіктер.

3.Улы өсімдіктер.

4.Витаминді өсімдіктері.

5.Жұқа жапырақты көкбас.(дәрілік өсімдік)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет