Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және



Дата17.06.2016
өлшемі204.14 Kb.
#141513
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.09.2012 11:13:06
Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және

өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру,

сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентi сақтауға

жататын талаптар туралы ережені бекіту туралы Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430 қаулысы

(2007.28.05. берілген өзгерістермен)



 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы және 35-бабы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тiркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептердi беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттерi сақтайтын талаптар туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Қазақстан депозитарлық қолхаттарын туынды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 24 қазандағы № 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 2072 тiркелген, 2002 жылғы 2-15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге, «Активтердi басқарушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне, кастодиандық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.



Ұлттық Банк

Төрағасы

Г. Марченко

 

 



Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының 2003 жылғы

6 желтоқсандағы 430 қаулысымен



бекітілген

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару,

орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын

мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы

есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын

талаптар туралы ереже

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру шарттары мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптарды белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтері шетелдік мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар;

2) шетелдік есеп ұйымы - қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтеріне құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;

3) қазақстан депозитарлық қолхаттарды өтеу - қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитенттерінің орналастырылған қазақстан депозитарлық қолхаттарын оларды базалық активке не қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығару проспектісіне сәйкес өзге активтерге айырбастау арқылы айналыстан алу.

2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активтері (бұдан әрі - базалық активтер) базалық активтерді шығарған елдің заңдарына сәйкес сақталады және есепке алынады.

3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелер, сондай-ақ дивидендтерді немесе базалық активтер бойынша сыйақы бойынша есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару,



орналастыру, айналысы және өтеу. Қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар

4. Қазақстан депозитарлық қолхаттары құжатсыздандырылған нысанда шығарылады.

5. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және айналысы бағалы қағаздар рыногында сауда-саттық ұйымдастырушының ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды орталық депозитарий жүзеге асырады.

7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының осы Ережеде реттелмеген бөлік бойынша айналысы Қазақстан Республикасының заңдарымен эмиссиялық бағалы қағаздарға арналған тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрады. Базалық активтермен мәмілелерді тіркеу жаңартылған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеу жаңартылады.

9. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

10. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын:

1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының жоғары санаттағы ресми тізіміне кіретін;

3) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған тәуекелдерді басқарудың және корпоративтік басқарудың жұмыс істеп тұрған жүйелері бар Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалар шығарады.

11. Базалық активтің эмитенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген аумақта тіркелген заңды тұлға не осындай заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып табылмауы тиіс.

12. Базалық активтің эмитентінің немесе қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылатын базалық активтің «ВВ-»-дан («Standard & Poor's» немесе «Fitch Rating Ltd» халықаралық рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «Ва3»-тен («Moody's Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен болмайтын рейтингтік бағасы болуы тиіс.

13. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару және айналысы процесінде эмитент:

1) орталық депозитарийді қазақстан депозитарлық қолхаттарына қатысты меншіктеу құқықтарын есепке алу және растау жөніндегі өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін оған қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді;

2) базалық активтің эмитенті қызметінің мониторингі және қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға, сауда-саттық ұйымдастырушыға және бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының құқықтарын және мүдделерін қозғайтын немесе әсер ете алатын ақпаратты оларды шығару проспектісінде көзделген тәртіппен ұсынуды;

3) егер қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару проспектісінде көзделсе немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының тиісті сенімхаттары негізінде базалық актив эмитентінің жалпы жиналыстарында қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларының мүдделерін білдіруді жүзеге асырады.

14. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті уәкілетті органға, орталық депозитарийге және сауда-саттық ұйымдастырушыға базалық активті жою және базалық активтермен мәмілелерді тіркеуді тоқтату, тоқтата тұру туралы шұғыл түрде хабарлайды.

3-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының

шығарылымын мемлекеттік тіркеу

15. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент уәкілетті органға:

1) өзінің толық атауын және орналасқан жерін, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының нөмірін және берілген күнін көрсете отырып қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын тіркеуге өтінішті;

2) қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін;

3) эмитенттің қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару шешімін;

4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің эмитенті тіркелген елдің және қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активін шетелдік бағалы қағаздар рыногына жіберу бойынша және базалық активте депозитарлық қолхаттарды шығару бойынша қандай да болмасын шектеулердің жоқ екені туралы ресми құжаттары;

5) қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мен орталық депозитарий арасында жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттары бойынша меншіктеу құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға шарттың көшірмесін;

6) шетелдік есеп ұйымындағы орталық депозитарийдің шотындағы базалық активтің болуын және олардың қазақстан депозитарлық қолхаттары айналысының барлық кезеңінде оқшаулануын растайтын құжаттарды;

7) орталық депозитарий мен қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің шетелдік есеп ұйымымен жасаған, оның есеп жүргізу операцияларын жүзеге асыруға лицензияны тоқтата тұру, оны қайтарып алу, тоқтату, қолдануды жаңарту немесе көрсетілген функцияларды басқа шетелдік есеп ұйымына беру туралы, сондай-ақ базалық активпен мәмілені тіркеуді тоқтата тұру (жаңарту) және тоқтату немесе базалық активтің шығарылымын жою туралы мәліметтерді орталық депозитарий мен қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне ұсынуы туралы шарттың көшірмесін;

8) базалық активтің эмитентін тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;

9) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі шығарылымының тіркелгені туралы куәландыратын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып, қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы тіркелген елдің бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын органның келісу (бекіту) туралы белгісі қойылған қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активінің шығарылымы проспектісінің көшірмесін (немесе оны ауыстыратын құжат);

10) базалық актив эмитентінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есебінің көшірмелерін;

11) базалық актив эмитентінің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жасалған, соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есебінің шынайылығын растайтын аудиторлық есептің көшірмесін;

12) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының қазақстан депозитарлық қолхаттарын сауда жүйесіндегі айналысқа жіберу мүмкіндігі туралы қорытындысын ұсынады.

16. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері эмитенттің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және оның мөрінің таңбасымен расталуы тиіс.

17. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар олар ұсынылған күннен бастап отыз күн ішінде қаралады.

18. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеген кезде уәкілетті орган осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес шығарылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді және эмитентке шығарылым проспектісінің оны тіркеу туралы белгі қойылған бір данасын қайтарады.

19. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентіне шығарылымды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді бас тарту жібереді.

4-тарау. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру

және өтеу қорытындылары туралы есептерді ұсыну

20. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті шығарылымды мемлекеттік тіркеген күннен бастап әрбір алты ай аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру аяқталған күннен бастап 30 күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есепті екі данамен;

3) орталық депозитарийдің қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің шоты бойынша есепті күнге орналастырылған және орналастырылмаған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны туралы мәліметтер бар үзінді-көшірмесін.

21. Егер есепті кезең ішінде қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға бұл туралы, орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесімен расталған жазбаша хабарлама береді.

22. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтелгеннен кейін бес күн ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есепті екі данамен;

3) орталық депозитарийдің есепті күнге өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны туралы мәліметтер бар үзінді-көшірмесін.

23. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап он төрт күн ішінде қарайды.

24. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарағаннан кейін уәкілетті орган эмитентке есепті қарау туралы хабарлама жібереді және қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есептің немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу қорытындылары туралы есептің уәкілетті органның оны қарау туралы белгісі қойылған бір данасын қайтарады.

5-тарау. Қорытынды ережелер

25. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын

шығару, орналастыру, айналысы және

өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік

тіркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу

қорытындылары туралы есептерді беру,

сондай-ақ қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға

жататын талаптар туралы ережеге

1-қосымша

Қазақстан депозитарлық қолхаттары

шығарылымының проспектісі

1. Проспектінің сыртқы парағында:

1) құжаттың атауы: «Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісі»;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес эмитенттің толық атауы;

3) базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі және санаты, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің ресми толық атауы;

4) проспектіні бекіткен эмитент органының атауы бар Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісін бекіту туралы жазба, бекітілген күн, уәкілетті тұлғалардың қолдары және Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті мөрінің таңбасы;

5) «Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған қазақстан депозитарлық қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және уәкілетті орган осы құжаттағы ақпараттың шынайылығы үшін жауап бермейді. Уәкілетті орган қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестілігін ғана қарады. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі эмитентінің лауазымды тұлғасы осы проспектідегі ақпараттың шынайылығы үшін жауап береді және онда берілген барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және қазақстан депозитарлық қолхаттарына, олардың базалық активіне не қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенттеріне және базалық активіне қатысты жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды» деген жазба;

6) Қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің лауазымды тұлғалары және уәкілетті өкілдері және оның проспектіні жасауға жауапты консультанттары туралы мәліметтер болуы керек.

2. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті туралы ақпарат:

1) эмитенттің жарғысына сәйкес оның толық және қысқаша атауы;

2) эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің күні және нөмірі;

3) эмитенттің почталық (оның ішінде электрондық) мекен-жайы және оның лауазымды тұлғаларының байланыс телефондары;

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05. № 155 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4) банктік деректемелері.

3. Базалық активтің эмитенті туралы ақпарат:

1) эмитент орналасқан ел, ұйымдық-құқықтық нысаны;

2) оған қатысты қолданылатын және ол қолданатын заңдар, оның ішінде ол шығарған барлық бағалы қағаздардың айналыс шарты бойынша;

3) барлық тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлімет;

4) дауыс беретін акциялардың бес және одан көп процентін иеленген акционерлер туралы мәлімет;

5) негізгі қызмет түрлерін сипаттау және қаржы-шаруашылық қызметтің соңғы үш жылдағы нәтижелерін талдау.

4. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымы туралы ақпарат:

1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

2) бір қазақстан депозитарлық қолхатына келетін бағалы қағаздардың саны;

3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын бастапқы орналастыру кезіндегі орналастыру бағасы, оны белгілеудің тәртібі;

4) қазақстан депозитарлық қолхаттарының айналыс мерзімі;

5) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға берілген құқықтар, осы құқықтарды жүзеге асыру тәртібін нақты сипаттау;

6) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың базалық активінің эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында олардың дауыс беру мүмкіндігі және тәртібі;

7) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларға базалық актив бойынша дивидендтер немесе сыйақылар төлеу тәртібі;

8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу немесе сатып алу тәртібі;

9) базалық актив жойылған жағдайда қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларына шығындарды өтеу тәртібі;

10) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушыларына, сауда-саттық ұйымдастырушыға уәкілетті органға қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті ұсынатын ақпаратты беру.

5. Базалық актив туралы ақпарат:

1) қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, үлгісі, санаты, бірегейлендіру нөмірі туралы мәлімет;

2) базалық активтің айналыс мерзімдері;

3) базалық актив бойынша құқықтарды есепке алуды және растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымы туралы мәлімет;

4) базалық активті ұстаушылардың құқықтары;

5) базалық актив бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және төлеудің тәртібі;

6) базалық актив эмитентінің ол шығарған бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді немесе сыйақыларды уақтылы төлемеу жағдайлары және осындай жағдайларда эмитент қандай шараларды қолданғаны туралы мәлімет;

7) листингтің санатын көрсете отырып базалық активтің листингі жүргізілген бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауы;

8) қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы шешім қабылданған күнге базалық активтің рыноктық бағалары.

6. Андеррайтердің (эмиссиялық синдикаттың қатысушыларының), маркет-мейкерлердің, брокердің атауы, орналасқан жері, телефондары немесе қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті қызметкерлерінің қазақстан депозитарлық қолхаттарын сатып алу үшін инвесторлар өтініш жасай алатын телефондары және аты-жөндері.

Қазақстан депозитарлық қолхаттары шығарылымының проспектісіне қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Қазақстан депозитарлық қолхаттары проспектісінің әрбір данасы тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын

шығару, орналастыру, айналысы және

өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік

тіркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу

қорытындылары туралы есептерді беру,

сондай-ақ қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға

жататын талаптар туралы ережеге

2-қосымша

[күн.ай.жыл. форматындағы күн] бастап

[күн.ай.жыл. форматындағы күн] дейінгі

кезеңдегі қазақстан депозитарлық қолхаттарын

орналастыру қорытындылары туралы

есеп

1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің атауы.

2. Бағалы қағаздарға қазақстан депозитарлық қолхаттары [шығарылым проспектісіне сәйкес базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, үлгісін және санатын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету керек].

3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.

4. Ұлттық бірегейлендіру нөмірі.

5. Шығаруға жарияланған қазақстан депозитарлық қолхаттарының жалпы саны (дана).

6. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару туралы ақпараттық хабар жарияланған баспасөз басылымының атауы және күні.

7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру туралы мәліметтер: 1) орналастыру басталған күн;

2) қазақстан депозитарлық қолхаттарын орналастыру бағасы (соңғы сауда-саттықтағы);

3) орналастырылған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

4) есепті күнге орналастырылмаған қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

5) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;

6) мерзімінен бұрын өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны.

8. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша төленген дивидендтер немесе сыйақы туралы мәліметтер.

9. Байланыс жасайтын адамның аты-жөні, байланыс телефоны, факс нөмірі, электрондық почтасының адресі.

Есепке қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы орналастырылған облигациялардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын

шығару, орналастыру, айналысы және

өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік

тіркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу

қорытындылары туралы есептерді беру,

сондай-ақ қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға

жататын талаптар туралы ережеге

3-қосымша

[күн.ай.жыл. форматындағы күн] бастап

[күн.ай.жыл. форматындағы күн] дейінгі

кезеңдегі қазақстан депозитарлық қолхаттарын

өтеу қорытындылары туралы

есеп

1. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитентінің атауы.

2. Бағалы қағаздарға қазақстан депозитарлық қолхаттары [шығарылым проспектісіне сәйкес базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, үлгісін және санатын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету керек].

3. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.

4. Ұлттық бірегейлендіру нөмірі.

5. Шығаруға жарияланған қазақстан депозитарлық қолхаттарының жалпы саны (дана).

6. Қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу туралы мәліметтер:

1) қазақстан депозитарлық қолхаттары өтелген күн;

2) есепті күнге өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны;

3) қазақстан депозитарлық қолхаттарын өтеу тәсілі;

4) қазақстан депозитарлық қолхаттарын ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;

5) айналыс басталған күннен бастап өтелген қазақстан депозитарлық қолхаттарының саны.

7. Қазақстан депозитарлық қолхаттарының базалық активі бойынша төленген дивидендтер немесе сыйақы туралы мәліметтер.

8. Байланыс жасайтын адамның аты-жөні, байланыс телефоны, факс нөмірі, электрондық почтасының адресі.

Есепке қазақстан депозитарлық қолхаттары эмитентінің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы орналастырылған облигациялардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі, тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының қолымен куәландырылуы тиіс.

Қазақстан депозитарлық қолхаттарын



шығару, орналастыру, айналысы және

өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік

тіркеу және қазақстан депозитарлық

қолхаттарын шығару немесе өтеу

қорытындылары туралы есептерді беру,

сондай-ақ қазақстан депозитарлық

қолхаттарының эмитенті сақтауға

жататын талаптар туралы ережеге

4-қосымша

Қазақстан депозитарлық қолхаттарының

шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы

куәлік

Уәкілетті орган (атауы) (тіркеген органның атауы, тіркеу нөмірі және күні) (қайта) тіркеген (заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес эмитенттің атауы) қазақстан депозитарлық қолхаттарының (реттік нөмірі) шығарылымын (тіркеген органның атауы және (бар болса) мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні) тіркеген (базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес базалық актив эмитентінің атауын және орналасқан жерін көрсету) бағалы қағаздарына мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

     Шығарылым  ______________________  ұлттық  бірегейлендіру     нөмірі

берілген  (санмен  және  жазумен)  қазақстан  депозитарлық   қолхаттарына

бөлінген.

Бір қазақстан депозитарлық қолхатқа (санмен және жазумен) дана (базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың түрін, базалық актив эмитентінің атауын көрсету) келеді.

Шығарылым Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне (эмиссияның нөмірі) нөмірмен енгізілді.

           Уәкілетті органның

           лауазымды тұлғасы            (аты-жөні)             (қолы)

           Мөр орны



           Орындаушы: _______________, телефон _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет