Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


МЫҢ ТАМҰҚТЫ КӨРГЕН АДАМ НЕМЕСЕ



Pdf көрінісі
бет100/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   225
Память во имя будущего

МЫҢ ТАМҰҚТЫ КӨРГЕН АДАМ НЕМЕСЕ 
ИСА ТОҚТЫБАЕВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ХАҚЫНДА
Б.Б. Енсепов,
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
аға оқытушысы,. тарих ғ.к.
Астана қ., Қазақстан
Иса Тоқтыбаев Түркістан автономиялы кеңестік социалистік республикасы Орталық 
Атқару Комитетінің барлық шақырылымдары бойынша мүше болып сайланған белгілі қоғам 
қайраткері, республикалық Қырғыз Қазақ Ғылыми Комиссия мен көшпенді халыққа білім 
тарату жөніндегі комиссияның төрағасы, қазақ халқының тұңғыш ғалым философтарының 
бірі. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы болған «Ақ жол» газетінің редакторы, «Коммунист», 
«Шолпан», «Сәуле», «Сана», «Шаншар» журналдары мен жастардың «Жас қайрат» газетінің 
редакторлығы қызметтерін қоса атқарған белгілі журналист.
Иса Тоқтыбаев 1894 жылы 13 желтоқсанда бұрынғы Түркістан генерал губернаторлығы 
Сырдария облысының Перовск қаласы іргесіндегі Қараөзек бойында, қазіргі Қызылорда 
облысы Сырдария ауданының Қараөзек ауылында дүниеге келген. Әкесі Тоқтыбай Исаны сегіз 
жасында Перовскідегі саудагер Рафайл байдың жалшылығына береді. Рафайл байдың үйіне 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
144
жиі келетін Николай Щипков атты орыс мұғалімі Исаның зеректігін ескеріп Перовскідегі орыс-
қазақ бастауыш мектебіне оқуға қабылдайды [1]. 
Иса Тоқтыбаев 1957 жылы 28 қарашада өзінің өмір жолы атты естелігінде: «Менің жастық 
шағым Перовск қаласындағы Рафайл деген бұхарлық сәудагердің үйінде жалшылықта өтті. 
Ата-анам, туған-туысқандарым кедейлік жағдайында өмір сүріп, мені оқытуға жағдайлары 
болмады. Сондықтан олар менің жалшы болып мардымсыз болса да табыс тапқанымды жөн 
көрді. Менің білім алуыма ерлі зайыпты Николай Федорович Щипков пен Олга Давыдовна 
Щипковалардың көмегінің арқасында жүзеге асты. Олар 1904 жылы он жасымда орыс-қазақ 
мектебіне оқуға қабылдап, оның жанындағы интернатқа орналастырды. Олардың тарапынан 
қамқорлық болмаған күнде Иса Тоқтыбаев білім шыңына көтерілмей, сауатты адамдар санатына 
қосылмас еді. Бар білері мал бағу, егін өсіру, қара шаруа болу дәрежесінен аса алмай, ауылдағы 
қарапайым еңбеккердің бірі болып қалар еді. Әрине мен бұл арада малшы мен егіншінің рөлін 
төмендетіп отырғаным жоқ. Материалдық игіліктер жасау ел жұрттың, бала шағаның қарны 
тоқ болуын олардың еңбегінсіз мүмкін емес. Бірақ тұрмысты өзгертетін, жаңа дәуірдің есігін 
айқара ашатын кілт біреу ақ: ол – білім. Білімсіз болсаң табиғаттың дүлей күші алдында құлсың, 
адамзат тарихы алдында тұлсың» [1] деп жазады. 
Иса Тоқтыбаев орыс-қазақ бастауыш мектебін 1908 жылы бітіріп, шығады. 1912 жылы жоғары 
бастауыш орыс училищесін тәмамдап, сол жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына оқуға 
түседі [2]. Ол кезде Түркістан өлкесі бойынша Ташкентте ерлер гимназиясы, реалды училище, 
мұғалімдер институты, мұғалімдер семинариясы, 2 әйелдер гимназиясы және басқа қалаларда 
ұсақ кәсіптік мектептер жұмыс жасады [3, с.24]. ХХ ғасырдың басында патша үкіметінің 
Қазақстанды отарлауының тереңдей енуі және самодержавиялық жүйенің дағдарысы Исаның 
қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер етті. Әсіресе, патша үкіметінің 
бірінші дүниежүзілік соғыста қара жұмысқа Дала мен Түркістан өңірінен адам алу үшін 1916 
жылғы 25 маусым жарлығы жергілікті халық наразылығын туғызды. Қазақстанның барлық 
жерінде көтерілістер мен қозғалыстар бой көтерді. Патша үкіметінің бұл саясатын әшкерелеу 
мақсатында Пішпек қаласының шығыс жақ іргесіндегі Тоқмақ станциясында митингі болып, 
Иса Тоқтыбаев ашық платформа үстінде сөз сөйлеп, жиналған халық алдында патша үкіметінің 
25 маусым жарлығын сынап әшкереледі. Тоқмақ жандармы бұл митінгіні тоқтатып, Исаны 
ұстап Пішпек жандармериясының полковнигі Римшевичтің алдына апарады. Иса Пішпек 
жандармериясының тергеуінде еш нәрсені мойындамай, екі апта қамауда болады. Ташкенттегі 
мұғалімдер семинариясының оқытушыларының көмегімен Иса қамаудан босатылып, Ташкентке 
оралады. Ол 1917 жылы мұғалімдер семинариясын үздік дипломмен бітіріп шығады. 
Ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, патша тақтан құлаған кейін, Иса, М.Тынышбаев, 
С.Асфендияровтармен бірге 1917 жылы 2-5 тамыз аралығында Ташкент қаласында өткен 
Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының жалпы съезіне қатысады. Осы съезде олар Түркістан 
өлкелік қазақ-қырғыздардың орталық Кеңесін құрады. Жаңадан ашылған Сырдария облысының 
орталық атқару кеңесіне С.Өтегенов, Ә.Көтібаров, И.Қасымов, Т.Рысқұлов, С.Қожановтармен 
қатар И.Тоқтыбаевта мүше болады. Ал М.Шоқай осы Кеңестің құрметті төрағасы болып 
сайланып, оның жалпы жұмысына басшылық жасайды. Сүйтіп, олар Сырдария облысындағы 
ұлттық ұйымдардың атауын қазақ-қырғыз Кеңесі деп өзгертеді[4, 208-209 пп]. Ал 1917 
жылдың аяғында Иса Тоқтыбаев Қоқан қаласында өткен мұсылмандардың төтенше съезінде М. 
Шоқаймен бірге Түркістан (Қоқан) автономиясын құруға қатысады [5, с.185]. Бірақ, Иса күннен-
күнге күшейіп келе жатқан билеуші тәртіпке қарсы күрес жүргізу қажетсіз, тіпті зиян екенін 
түсінді. Сондықтанда, қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларымен тізе қосып, кеңес өкіметі мен 
коммунистік идеологияға қарсы күресті рухани салаға ауыстырып, күрестің «бейбіт» жолдарын 
таңдайды. 
Сонымен, Қазақстанда кеңес үкіметі орнағаннан кейін Иса сол кездегі қазақ зиялылары 
Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Сүлеймен Есқараев, Нәзір Төреқұлов, Бегайдар Аралбаев, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет