Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі


ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖЕТІСУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУІ



Pdf көрінісі
бет76/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   225
Память во имя будущего

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ЖЕТІСУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУІ
А.Е. Айтбаева,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
филология ғ.к.
А. Әділбек
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің студенті
Қызылорда қ., Қазақстан 
Ұзақ уақыттар бойы Отандық тарихтың ақиқатын айту, айғақтау, ашу бағытындағы зерттеу 
еңбектерге тосқауыл қойылып отырғандығы аса мәнді тарихи фактілерді ұрпақ зердесінен тыс 
қалдырды. 
Соңғы кезеңде айналымға түсіп отырған деректік тұрғыдан маңызды зерттеулердің бірі Ілияс 
Жансүгіровтің «Жетісу өлкесін орыстың алуы» атты мақаласы. Араб қарпімен жазылған мақала 
қолжазбасын ҚР Орталық мемлекеттік қорынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемелекеттік 
университетінің «Ілиястану» ғылыми зерттеу-орталығының мамандары қазіргі жазуға көшіріп, 
баспадан шығарды.
Әдеби шығармашылықта барлық жанрда көркемдік қуаты мығым туындылар жазған дүлдүл 
дарын Ілияс Жансүгіров өз уақытының өзекті мәселелеріне де қызу араласқан қайраткер тұлға. 
XX ғасырдың 20 жылдарындағы ұлт зиялысының қайқайсысының да бойындағы көпқырлылық, 
заман талабына орай шыңдала түскен әмбебаптық Ілиясқа да тән еді. Кенжелеу қосылғанымен 
аз ғана жылдар ішінде ол өзінің ұлттық сөз өнеріндегі эпикалық дәстүрдің озық үлгілерімен 
дамытқан әйгілі поэмаларын жазды. Көркем аударма жасады. Әдебиет тарихын зерттеуде, 
Абайтануда ғылыми негізді еңбектерімен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып, дамуына 
қатысты. 
Сан қырлы таланттың атқарған, араласқан қыруар шаруасының бірі оның қазақ тарихына 
қатысты деректік, құжаттық негізде зерттеу жүргізгендігі екендігін ендіенді біле бастадық. Бұл 
– заманалық тұлғаның елінің игілігі үшін жасаған және бір қайырлы еңбегі. 
Кішкенеден құйма құлақ болып өскен, кейін сауат ашып, оқуы кешеуілдегеніне қарамастан 
таңқаларлықтай құштарлықпен білімге ден қойған І. Жансүгіровтің аталған мақаласы Жетісудың 
Ресей патша үкіметінің қарарына өтуін нақтылы тарихи жағдай, Жетісуды қоныстанған 
қазақ руларының XIX ғасырдың орта тұсындағы қалкүйі туралы толымды, егжейтегжейлі 
сипаттаулармен басталады. 
Жетісу жерінің сол бір уақыттарда бөлшекбөлшек болып қалған жайын емісеміс 
болжағанымызбен Ілияс Жансүгіровтың аталған мақаласында жүрекке салмақ салар ауыр 
ақиқаттар қамтылғанын сезіндік. Бір қиыры Қытайға өткен, бір өңірін Қоқан билігі талаған, 
бір аумағы екпіндей жеткен Ресей әскерінің иелігіне өткен, «қырық ру» болып бөлінген, жері 
тілімтілім, тулақша талапайға түскен ел күйі соншалықты ауыр, шер, арпалыс заманымен бой 
көтерген осы көлемді мақалада мұрағат құжаттарымен салыстыра зерттеуді міндеттейтін, сол 
арқылы замананың кейінгі ұрпаққа бүркемеленіп, буалдыр күйде жеткен тарихи ахуалын ұғына 
түсуге септігін тигізетін мәнді, елеулі жинақтау, пайымдаулар бар. Бейтарап баяндалғандай 
тарихи фактілердің астарындағы қисапсыз қасірет, ұлт тарихының бұлт торлаған қаракөлеңке 
шақтарын Ілияс Жансүгіровтің жүрегінен өткізіп жазғанын, жаны қан жылап отырып 
баяндағанын сезінеміз. 
«Қоқан қазаққа да киіпжарып өкімет бола алған жоқ. Елі алым төлесе де, ішкі жұмысында 
өзі қожа еді. Қоқанның қолынан келгені елдің арасында жік салып, ру барымтасын қоздырып, 
түбі тоздырып алам ба деген ойы еді. Сондықтан Қоқан хандығы Іленің сол жағын қоныстанған 
Ұлы жүзді Іленің оң жағындағы Орта жүзбен ұстастырды. Арасына от салды. Неше аттаныс, 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
113
жортуылдар болды. Жетісу тарихында көрнекті орын алған «Үрістем қырғыны» осы Қоқан 
саясатының жемісі еді. Өйткені Іленің суағарынан солтүстікке қарай жатқан ел Қытайға 
қарайды деп есептелетін еді. Бұрын Жоңғарға қарап жүрген қазақтар Жоңғарды Қытай алғанда 
Қытайдікі болып шықты» [1, 403 б.]. 
Мақалада сол тұста қырық бөлшек болып таланған Жетісу өлкесіндегі әркелкі билік жүйесі 
туралы толымды мағлұматтар қамтылған. Келешек түбегейлі зерттеулер үшін қажетті деректер 
мол. Дәуірлік дүбірлердің тарихи алғышарттарын егжейтегжейлі баяндаған Ілияс Жансүгіров 
қазіргі отандық тарих ғылымы ескеріп отыратын деңгейдегі жинақтаулар мен саралауларға 
түпкілікті пайымдаулар жасайды. Көшпелі елдің құрылымдық, тұтастық қалпындағы 
рулық, ақсақалдық институттардың біртіндеп ыдырауындағы ықпалды билік жүйесі туралы 
ой толғамдарындағы тарихи ұстаным, пайымдау өресі назар аударады. Кеңестік кезең 
идеологиясындағы шетжағалап, қарайлап қойып айтқанның өзінде ішінен алып зерделеген 
сұңғыла пайымы бөлек көрінеді. 
«Қазақ ол кезде руға бөлінген, ақсақалға жүгінген, мал баққан көшпелі ел еді. Көшпелі 
қазақтар шаруа түрін Ресейден келген сауда айырбасына, тауар алысберісіне табан тіресе 
алмай, әлсіреген кезі еді. Қазақ ішінде бектің бір түрі де бар еді. Хандар, төре, сұлтандар
ақсүйектік, қара бауырлық, төлеңгіт дейтін сойлар – сол бектік құрылыстың бұтақтары еді. 
Бірақ бұларды жалпы қазақтың күшті қоғам түрі деуге болмайды. Қалың ел, көпшілік көбінесе 
аламан, ақсақалшыл дәуірде еді. Ескі билер, ақсақалдар, батырлар, ру басылары болатын. Ру 
мен бектер ашық, жабық аянбай тартысты. Ру құрылысын жаныштап, жарыққа шығатын бектік 
дәуірі қазақта қанша танылғанымен дәуірлей алмады. Өйткені оған қазақтың көшпелі түрі, өрісі, 
мал шаруашылығы, ру құрылысының күштілігі мойынсұнбады. Сондықтан қазақ ішіндегі әлсіз 
бектік құрылысы өзін көтеру үшін орыс өкіметіне қол артты. Ханы, төресі, сұлтаны орыстан 
шеншекпен алып, қазаққа орыс күшімен үкім етпек болды. Қазақ даласына тамыр жаю үшін 
орыстың сауда капиталы саяны қазақ ішіндегі бектерден тапты. Аға сұлтан, төре сұлтандар 
ауылдарына орыс саудагері малын сақтап, қойға салған Ащының науасындай құйылды. 
Орыстың саудасын қазақ даласына кіргізуге мұрындық болды. Орысқа «бағынамын» деп уәде 
бергендер қалай да қара қазақты орыс үкіметіне қарауға, орыс саудасын таратуға үндеді. Елдің 
орысқа шабатын шабуылдарына іріткі болуға, орыстың түскен қалаларына көмекші күзетші 
болуға қайрат қылды. Сауда керуендеріне жәрдем беріп, оларды қазақ даласына аманесен 
өткізіп, Қытаймен, Орта Азиямен тұтастануына көмегін көп көрсетті» [1, 404 б.]. 
Ілияс Жансүгіров қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты терең саясиәлеуметтік, 
экономикалық зерттеулерге негіз боларлық бастамашыл ойларды сол уақыттың өзінде биік 
қоғамтанушылық өремен айтқан.
«Кешегі Абылайдан кейін қазаққа белгілі, көпті бауырлап билеген хан болған жоқ. Қазақтың 
тұтас өзін билеген дәуірінің аяғы Абылай деуге болады. Одан кейінгі бектік талабы бытыраңқы 
болды. Әр төре, әр хан қазақтан өзіне бөлек үйір салып, жеке бек болмақ ниетінде болды. Әр 
жерде «алдияр» молайды» [1, 404 б.]. 
Ілияс Жансүгіров Жетісудағы Ұлы жүз, Орта жүзді орысқа бағындырған, өздерін елге 
«сұлтан» болдық деп санаған төрелерді түгендеп, атап шығады. 
Садыр төресі – Бөлек,
Матай төресі – Қарақ, Жанбөбек, Жәңгір.
Ұлы жүзде: Жалайыр төресі – Сөк.
Албан-Суан төресі – Тезек, оның інісі Әбілейіс.
Үйсін, Шапырашты, Дулат төресі – Әділ.
Хандық биліктің жойылу себептері, жөндері тұрғысында нақтылы алғышарттар мен іс-
әрекеттерге тұтас қазақ өлкесіндегі ахуал арқауында көз тоқтатып, мән-жайға баға беріп, төрелік 
айтып отырып автор біртіндеп өзі көтеріп отырған мәселеге Жетісудың орысқа қарауындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет