Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет160/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   225
Память во имя будущего

Список литературы: 
1. Экспрес К. 9 мая 1995 г. 4 стр.
2. Кривоносов А.Н., Исторический опыт борьбы с безпризорностью // Государство и право, 
2003, №7, 92-98 стр.
3. Рожков А.Ю., Борьба с безпризорностью в первое советское десятилетие // Вопросы 
истории, 2000, №11, 134 стр.
4. ГАКО фонд 268, опись 1, дело 2478.
5. ГАКО фонд Р-283, опись 1, дело 21.
6. Кусков С.А., Цены военного времени (сайт).
7. ГАКО фонд268, опись 2, дело 3450.
8. Козыбаев М.К., Казахстан-арсенал фронта, «Казахстан», Алматы, 1970.
9. ГАКО фонд 283, опись 1, дело 181.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ БҮКІЛОДАҚТЫҚ САНАҚ 
МӘЛІМЕТТЕРІНЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 
(ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Н.М. Серікбай,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің магистранты
Қызылорда қ., Қазақстан
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Сыр өңіріндегі демографиялық ахуал мәселесін зерттемек 
бұрын, Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы Қызылорда облысындағы этно-демографиялық 
ахуалды білген дұрыс болар. Соғыс қарсаңындағы бүкіл КСРО бойынша соңғы демографиялық 
халық санағы 1939 жылдың басында өткізілді. Бұл санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда 6 
151 002 адам тұрған, олардың 328067 адамы Қызылорда облысының тұрғындары деп берілген. 
Бұл облыс халқының 94593 қала тұрғындары 233474 ауыл тұрғындары болған, яғни облыс 
халқының 18.2% қала тұрғындары, 81.8% ауыл тұрғындары болған.
2005 жылдың 8-9 қарашасында Өскемен қаласында өткен «Этнодемографические процессы 
в Казахстане и сопредельных территориях» атты жетінші халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциясының баяндамалар жинағында жарық көрген Марк Толцтің мақаласында [1] 
1939 жылғы санақ мәліметтері КСРО бойынша, әсіресе Украина мен Қазақстан бойынша 
қатты бұрмаланған деген мәліметіне сәйкес біз 1939 жылғы Сыр өңірінің халқының нақты 
санын қайта қарап шыққанымыз дұрыс болар деп ойлаймыз. Марк Толцтің мәліметіне сәйкес 
1939 жылғы санақ кезінде Қазақстанда өткен халық санағының мәліметі екі рет бұрмаланып 
өзгертілген. Бірінші рет Қазақстанның ауылды елді мекендерінде тұратын халқының санына 
сол кездегі Сібірде лагерлерде отырған адамдардың саны қосылған. Ал кейін халық санының 
кеңестік дәуірде көбейгенін көрсету үшін тағы да бір пайыз мөлшерінде адам саны көтермеленіп 
көрсетілді. Украина мен Қазақстанның халқының санының бұрмаланып көбейтіліп көрсетілуінің 
негізгі себебі осы екі республикада ХХ ғасырдың 30-шы жылдардың басындағы ашаршылыққа 
байланысты миллиондаған адамдардың қырылып кетуі себеп болды. Аштыққа байланысты 
адам санының азаюының көрсетпес үшін керісінше бұл республикаларда адам санының өсімі 
бар екенін көрсету үшін Кеңес үкіметі осындай құйтырқы қулықтарға барды. 
1932-1933 жылдардағы аштықтың миллиондаған кеңес мемлекетінің азаматтарын алып 
кеткендігін көрсетпес үшін тікелей Сталиннің бұйрығымен деуге болады, 30 жылдары 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
237
статистика мәліметтері көп бұрмаланған. Партияның 17 съезінде Сталин 1933 жылдың соңына 
қарай КСРО халқы 168 млн жетті деп мәлімдеді. Бірақ біз көптеген жасырын мұрағаттарының 
ашылуына байланысты 1934 жылдың басына қарай КСРО халқы 160465,2 мың адамы болғанын 
білеміз [2,346 бет]. Алайда 1937 жылғы болған санақ мәліметтері Сталиннің сөзін өтірікке 
шығарды. Партия 1937 жылғы санақ материалдарын дұрыс емес деп мұрағатқа тығып тастап, 
санақты жүргізуге қатысқандардың басым бөлігін репрессиялап жіберді.
КСРО халқы 170 млн деген санақ мәліметтері КСРО-ның статистикалық мәліметтерін 
бұрмалау нәтижесінде алынды. Осы санды Сталин партияның 18 съезінде социализмнің оң 
саясатының нәтижесіндегі жемісі есебінде бүкіл дүние жүзіне жария етті. Бұл кезеңде санақ 
материалдары әлі толығыменен есептелініп болмаған еді [3,325-342 б.]. Шындығында 1939 
жылғы санақ КСРО территориясындағы халықтың саны 167,6 млн деген мәлімет берді. Бұл 
мәліметке санақ мәліметтерін сынама бақылау есебінде арнайы дайындалған төрт миллионнан 
аса қосымша бланктердің тура төрттен бір бөлігі қосылып жіберілді және санақ мәліметтері 
бұдан бөлек тағы бір пайызға көбейтілді. Алайда бұл технологиямен теріс қарай жүрсекте әр 
өңірдегі халықтың нақты санын тура таба алмаймыз. Себебі сол кездегі Қызыл әскердегілер 
саны жалпылама алынып әр өңірге түрлі деңгейде бөлініп қосылған. Бір қызығы санақ жүргізу 
кезіндегі осы саясатты Кеңес үкіметі тарағанға дейін пайдаланып келген.Оның айқын дәлелі Сыр 
өңіріндегі көп жылдар бойы жабық қала болып келген Ленинск қаласы картада көрсетілмеген, 
ал халқы бірнеше бөліктерге бөлініп Қызылорда облысының аудандарына қосылып есептелген. 
Тек Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Байқоңыр қаласының халқының 
нақты саны демографиялық есептерде жеке қала есебінде көрсетіле басталған.
Соңғы кездегі жарық көрген, НКВД-ның мұрағаттарынан алынған 1939 жылғы санақ 
кезіндегі хаттардан көргеніміз, Сібір лагерлерінде отырған адамдардың санын жергілікті елді 
мекендерге қосқанда халық санының көп болуы лагерде отырғандардың көп екенін білдіріп 
қоймас үшін 759550 сотталғандардың санақ парақтары басқа өңірлерге жіберілгені анықталды. 
Бұлардың көбісі екіге бөлініп, 30-шы жылдары аштықтан халқының көп бөлігінен айырылған 
Украина Кеңестік Социалистік Республикасына -383563 санақ парағы және Қазақстан Кеңестік 
Социалистік Республикасына- 375180 санақ парағы жіберілгені анықталды. Бұл 758743 санақ 
парағы Украина мен Қазақстанның ауылды елді мекендерінің халықтарына қосылды [3,18-25 
б.]. Бұл санақ парақтарының қалалық емес ауылды елді мекендерге қосылуының да өзіндік 
бір себебі бар сияқты. Өйткені ұшаң қиыры жоқ Украина мен Қазақстанның далаларындағы 
халықтың қанша екенін кім санап біледі деп ойлаған болуы керек. Украина мен Қазақстанға 
жіберілген санақ парақтарының үлесінде 92,3% еркектердікі және 7,7% әйелдердікі болған 
[4,416 бет]. Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін ресми мәліметтерде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары 
ГУЛАГ лагерлерінде жатқандардың 91,6 пайызы еркектер, 8,4 пайызы әйелдер болғаны 
жарияланғаннан кейін Украина мен Қазақстанға жіберілген санақ парақтарының пропорциялық 
үлесі ГУЛАГ мәліметтерімен шындыққа үйлесетіні көрініп тұр.
Бүкіл КСРО-мен салыстырғанда Қазақстан халқы санақ нәтижесінде нақты мәліметтерден 
13 пайызға асыра сілтеніп, халқы көп қосылған өңірге айналды. Осы асыра сілтеушіліктің 
арқасында негізгі ұлтының өкілдерінен 30-шы жылдардағы аштық кезінде көп айырылған 
халықтың үлесі қатты бұрмаланды. Біз осы қолдан жасалған асыра сілтеушіліктерді алып 
тастап Қазақстан халқынын және Қазақстандағы қазақ ұлты өкілдерінің нақты санын анықтап 
беруге тырысып көреміз.
1939 жылғы санақ кезіндегі дайындалған құпия нұсқаулардан біздің білетініміз 
Қазақстанның халқының нақты санына республикадан тыс лагерлерде жатқан 375180 адамның 
санақ парақтары қосылған және екінші кезекте республика халқының саны тағы да қосымша 
бір пайызға көбейтілген. Бұл сандардың өзгертілуі тек ауылды елді мекендердің санақ 
парақтарына қатысты қосылған, қалалық елді мекендердің көрсеткіштері өзгертілмеген. Бұл 
сырттан әкелінген санақ парақтары Қазақстанның ауыл халқының сандық және этникалық 
құрамының көрсеткіштерін қатты өзгертті. Себебі сырттан әкелінген санақ парақтарының ұлты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет