«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
271
Қазақтың XX ғасыр басындағы тарихын Әлихан Бөкейхансыз елестету мүмкін емес. Ол-
ұлттық көшбасшы. Егер Әлекең болмаса, 1909 жылы Петерборда Абай шығармалары жарық
көрмес еді. Тұңғыш рет Абайдың шығармаларына көңіл аударған қазақ зиялысы Әлекең.
Абай дүниеден озғанда алғаш рет орыс тілінде қазнаманы жазған да осы кісі. Қысқасы,
Латынамерикалықта үшін Симон Боливар құрметті болса, қытай халқы үшін Сяопин қандай
қадірлі болса, үнді халқы үшін Махатма Ганди қандай болса, түріктер үшін Кемал Ататүрік
қандай құрметті болса, қазақ үшін Әлихан Бөкейханов сондай құрметті.
Егер де Әлихан болмаса, М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың қазақ тарихындағы орны
дәл бүгінгідей емес еді. Егер Әлихан болмаса, Орынборда «Қазақ» газетінің шығу-шықпауы
екіталай болар еді. Газеттің шығуына ол кісі тікелей араласты. Әлиханның, әсересе,
татар
зиялылары арасында беделі зор болды. Соның арқасында газет жарық көрді. Әрине, Ахмет
пен Міржақыптар – ұлы адамдар. Олар Әлиханның ұлт алдындағы дәреже-деңгейін бағалаған.
Тіпті мойындаған. «Қазақ» газетінің идеологиялық бағытын Ә.Бөкейхан зерделеп отырған.
Жалпы сол кезде қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының бағыт-бағдарын анықтады. Ұлт
зиялыларына ұстаз болған тұлға. Мәселен, 1905 жылғы Қарқаралы петициясын алаңсыз, оның
жазылуына тікелей Әлиханның өзі басшылық жасаған. Осы хатты тікелей патша өкіметінің
қаперіне жеткізген де өзі. Бұл петиция қазақ зиялыларының алғашқы бағдарламалық құжаты
болып саналады.
Ташкент қаласынан табылған атақты қазақ қайраткері, ІІ мемлекеттік думаның депутаты
Б.Қаратаевтың Ә.Бөкейханға жазған хатында көп нәрселер айтылған. Хатта Бақытжан былай
дейді: «Әлихан, арамыздағы жалпы ұлт мойындаған сенсің. Сен өз еңбегіңмен, қызметіңмен
ұлттың көшін бастайтындай деңгейге жеттің. Оны бәріміз мойындауымыз керек». Бақытжан
бұл сөзді 1911 жылы айтып отыр. Ал ол өмірінің соңына дейін Әлиханның оппоненті болған
адам. Ал енді одан кейін қарасақ, Әлихан 1917 жылы құрылған қазақтың тұңғыш саяси-
демократиялық «Алаш» партиясын басқарды. Партияның бағдарламасын даярлаумен бірге
«Алаштың» Семейдегі, Орынбордағы және Омбыдағы бөлімшелерін құрудағы жұмыстардың
басы-қасында өзі жүрді.
Елі үшін
құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,
Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде
Алаш үшін зарығып бейнет көрген,
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасыма Алашына қызмет еткен,
Болсада
қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын «бақ жұлдызына » көзі жеткен,
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған,
«Қайткенде алаш көркейер» деген ойдан
Басқа ойлы ойды өмірінде малданбаған,
Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді, – деді Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Әлекеннің асыл арманы, мұраты қазақ елінің тәуелсіздігі еді. Әлиханның тәуелсіздігі –
ғылымның дамуы, білімнің дамуы, қазақ қоғамының саяси дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: