Сондай-ақ 2015 жылы «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл тұжырымдамада Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму жоспары айқындалған. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Жарлығымен
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп
бекітті [10].
2016 жылғы 26 сәуірде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан
Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Сессияның басты жетістігі «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін қабылдауы болды.
«Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жан-жақты әзірліктен өтіп барып қабылданды. «Мәңгілік
ел» Патриоттық актісін әзірлеу туралы мәселені Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 5
институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 85, 89 қдамдарында
нақтылап көрсетілген болатын «85-қадам. «МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісі жобасын әзірлеу;
89-қадам. «НҰРЛЫ БОЛАШАҚ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім
берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына МӘҢГІЛІК ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ»
[11].
Қорыта айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы 20-жылдық тарихында бірнеше даму
кезеңдерінен өтіп, қазіргі уақытта қоғамның саяси өміріндегі белсенді мүшесі ретінде
қалыптасты. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы татулық пен келісімді сақтауға
бағытталған маңызды инстиутқа айналып, Қазақстанның тәуелсіздігіне үлкен үлес қосып отыр.
Әдебиеттер тізімі: 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік // http://rukhanialem.
psu.kz/index.php/ru/etnokultura/istoriya-sozdaniya-assamblei.
2. ҚР Президентінің Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы қаулысы
3. http://assembly.kz/1-kuryltay-sessiyasy-1995zh-nauryz-bizdin-ortak-uyimizdegi-beybitshilik-
pen-kelisim-ushin.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы // http://www.akorda.kz/kz/national_projects/page_kazakstan-
khalky-assambleyasy_1352453861.
5. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік // http://rukhanialem.
psu.kz/index.php/kz/etnokultura/istoriya-sozdaniya-assamblei.
6. Қазақстан халқы Ассамблеясы: жиырма жылдық тарих. Алматы, «ҚАЗақпарат», 2015. –
342.
7. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20
қазандағы N 70-IV Заңы.
8. Национально-культурные центры в Казахстане Источник: http://e-history.kz/ru/contents/
view/740.
9. ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесі // http://assembly.kz/kk/kazakstan-halky-assambleyasy-
kogamdyk-kelisim-kenesi.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» 281
10. Алғыс айту күні //http://assembly.kz/kk/press/algys-aytu-kuni.
11. Ұлт жоспары – Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың
100 қадамы // http://www.inform.kz/kaz/article/2777949.