Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет212/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
309
Қазіргі қайта құру заманында ашық айтылып, қайта көтеріліп жатқан мәнді, ұлттық әлеуметтік 
мәселенің қаламгер назарына ілігуі әрине құптарлық жағдай. Бір ауыл тағдыры арқылы автор 
барлық қазақ ауылдарының көкейкесті мәселелерін көтерген. 
Жазушыны ұлттық тұрмыс-салт, ауылдағы жақсы дәстүрлердің құрып, жойыла бастауы да 
қатты толғандырады. Бүгінгі ауыл адамдарының арақатынасының суысып кеткені, бұрынғы 
бауырмалдық сезімнің жоғала бастауы да қаламгер қабырғасын қайыстырмай қоймайды. Бұл, 
әрине, оқырманға ой салатын көріністер.
Біз ұзақ жылдар бойы тағдыр тақсыретін көп тартқан туған халқымыздың өткендегі 
өмірін көркем әдебиетте қанша жаздық десек те, нағыз ақиқатты айта алған жоқпыз. Көрсек 
те көрмегенсіп, білсек те білмегенсіп, жалаң саясат, жайдақ идеологияның дегенін істеумен 
дымымыз құрып келді. Енді, міне, сол солақайлықтың, сол олқылықтың орнын толтырар сәт 
туды. Жазушы К.Ахметбековтің романы осы реттен алғанда айы оңынан туған туынды деуге 
болады.
Соңғы жылдары қазақ әдебиетінде әсіресе проза саласында адамгершілік, мораль 
тақырыбында көптеген әңгіме, повестер дүниеге келді. Ішінара осы мәселені сөз еткен 
біраз романдар да баршылық. Солардың қатарынан орын алатын шығармалардың бірі – 
Б.Қыдырбекұлының «Алатау» романы.
Б.Қыдырбекұлының «Алатау» романының негізінде жатқан идеяны – гуманизм идеясы деп 
белгілеуге болады. Романның бірінші бетінен ең соңына дейін автордың позициясын толайым 
адамгершілік және адамға деген сүйіспеншілік деп түсіне білу керек. Романда сол кездегі 
сұрапыл заманның негізгі кейіпкерлері бойындағы моральдық жақсы қасиеттермен қатар 
адамгершілік, ар-ұждан нормаларына қайшы келетін мінездер едәуір көрініс тапқан.
Романда бұл идеяның шашбауын көтеруші деп басты кейіпкер Абақ Үйсінбаевты білеміз. 
Шығарма бір адам атынан баяндалғандықтан жалпы романның мазмұнын да, негізгі идеяны 
да, бәрін де Абаққа тән көзқарас арқылы қабылдаймыз, Абақпен бірге уайым-қайғы кешіп, 
Абақпен бірге қуаныш-шаттыққа бөленеді. Романда рухани тектілік, адамдық-азаматтық 
сана, зерде, сезім-күйдің толғаныстың, әр кейіпкердің өмір туралы ойлауы, табиғатты аялау, 
қоғамдағы әлеуметтік проблемалар әр деңгейдегі ұшар басында, орта белінде де, етегінде де 
кездесе береді. Ал кейіпкерлер бүкіл діл болмысымен көз алдыңызда қалып қояды.
«Мен болашаққа сенемін. Өйткені бүгін болмаса шындық ертең қап түбінде жатпайтын асыл 
кездіктей тесіп шығар деймін. Коммунистік идея бәрін жеңер деймін, шындықтың жеңгенін 
көргім келеді, бірақ мен күткен күн ұзап бара жатқаны есіме түскенде құйқам құрысып, кейде 
ұрысып, тарынып кетемін. Абақтың бұл айтуынан ол үшін коммунизм, жарқын болашақ ақиқат 
деген сөздер синоним екені айқынды. Тіпті коммунизм сөзіне шаң жуытқысы келмейді.
Бірақ көрген зорлық-зомбылық, бастан өткен қиыншылық өз мөрін басып та қойған. 
Ашаршылық туралы әңгімелеп отырған Абақ «көзінен жасы ағып, екі қолының сыртымен 
көзінің жасын ықтырды. Іштей солықтап қалды, сыртына шығара алмады. Булығып отыр, 
шамасы. Адамзат баласы қашанда өмірінің қайғылы шағын осылай қамыға еске алады» [9,18]. 
Бұл баяндауларда өмір көрінстері лирикалық кейіпкердің көзімен қаралып суреттеледі. 
Құлдық қамытындағы жұртыңыз өзінің құл екенін сезінбейтін жағдайға жетті, мазақ пен 
қорлық әдепкі өмір қағидасы болып көрінді. Отаршылдықтың тікелей геноцидке жалғас ең 
үлкен зардабы – рухтың езілуі болып табылады. Рухтың езілуі – әдебиеттің рухани кеңістігінің 
тоқтауы деген сөз. Дәл осындай әдеби кеңстікте тоқырау көрген М.Мағауиннің шығармаларына 
тоқталып өтсек.
Көрнекті жазушы М.Мағауиннің албырт, сезімтал, тәкәппар кезде яғни, жиырма жасында 
жазылған ең жақсы дүниелері – «Тіленші», «Бір уыс бидай», деген әңгімелері болатын.
«Бұл әңгімемді толық қамту үшін осы тақырыпта үлкенді-кішілі тағы қанша ма шығарма 
жазылуы керек. Бірақ біз жазбадық. Жарияға жол таппасы анық еді. Тіпті кішкентай «Тіленшінің» 
тағдыры басқашарақ болды. Кезінде ұсынылған жеріміздің бәрінен қайтты. Жай ғана қайтқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет