«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
45
заманында отаршылыққа бой ұсынып қалғандардың көбі орысша жазуды жақсы білсе де,
қазақшаны білмейді. Міне, осыған тығыз кірісулеріңізді өтінемін. Қазақ тілін сіздер шамамен
жоғары қарай жүргізіңіздер. Біз жоғарыдан төмен қарай жүргізейік» [3, 35].
Сәкеннің «Оқу-білім майданында» деген мақаласында жаңадан шығып, тілге еніп жатқан
сөздерді, терминдерді реттеу керек екендігін айта келіп, былай дейді: «Қазір сөз қолдану шатақ
болып барады. Мәселен, біреу «кіндік» дейді, біреу «орталық» дейді. Біреу «ортақшыл» дейді,
біреу «Коммунис» дейді, біреу «Халық ағарту комисариаты» дейді. Бұлар қазақтың тұрмысында
бұрын болмаған нәрселер болған соң, осындай әркім әр жерде әртүрлі атап жүрген сөздер көп.
Емле де, оқу кітаптары да даулы», – деп сол кездегі білім кеңесіне осы мәселелерді талқылауды
ұсынады [3, 285].
Сәкен еңбектернің ішінде сол тұстағы қазақ тілінің өмір салаларында қолданылу жайын
анықтайтын көптеген фактілер кездеседі. «Тағы да түрлі мекемелердің істерін көңілдегідей
жүргізіп кететін қазақ еңбекшілерінен шыққан адам аз болғандықтан, Қазақстан үкіметі керекті
қызмет қылатын адамдар даярлауға түрлі курстар, түрлі мектептер ашып жатыр. Мәселен:
1) баспа өнерінің курсы;
2) салық, қазына, ақша істерін жүргізетін
адамдарды шығаратын курстар;
3) кооперация ұйымдарының істерін жүргізетін курстар;
4) мұғалімдер даярлайтын институт һәм техникумдар, курстар;
5) адам дәрігерін шығаратын курстар;
6) мал дәрігерін һәм жер білгіштерін шығаратын техникумдар;
7) әскер
бастықтарын шығаратын школа;
8) милиция бастықтарын шығаратын курс;
9) сот істерін басқаратын адамдарды шығаратын курс. Бұл оқу ісін, қызметін қыларлық
адамдар 1923 жылдың басынан бері қарай бастап көтермелеп жүргізіп келеді [3, 163].
Дәл осындай мәліметтердің «Еңбекші қазақ жастарының есіне» деген мақаласында
да келтіреді. Мұнда ол осы оқу орындары мен курстарда оқитын қазақтардың сандық
көрсеткіштерін береді. «Екі мың Орынборда» деген еңбегінде: «Осы күні
Орынборда оқып
жүрген екі мыңдай қазақ балалары бар. Бұлардың көбі ержеткен балалар һәм бұлардың ішінде
әйел балалар да бар, – дей келіп – Менің айтып отырғаным қазіргі Орынборда көзге көрніп
жүрген екі мың жеткіншек, мың жігіт. Келешектегі Қазақстанның, бүгін болмаса, ертең бітіріп
шығатын қызметкерлері» – деп зор мақтаныш білдіреді [3, 278]. Бұл азаматтардың болашақта
қазақ тілін көркейтетініне сенім білдіреді.
С.Сейфуллиннің осындай еңбектері белгілі дәрежеде қазақ тілінің сол тұстағы және қазіргі
күндегі қоғамдық қызметінің өркендеуіне септігін тигізгені анық. Бұл мұралар – бүгінгі таңда
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде күллі өмір салаларын кеңінен қамтуына,
әрбір қазақ
азаматының өз үлесін қосуына үлгі боларлық дүниелер.
Достарыңызбен бөлісу: