Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет37/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай әулетінің қуғынға ұшырауы //М. Шоқай. Таңдамалы 
шығармалар. Үш томдық 3-т. – Алматы: «Қайнар». – 2007. – 384 б.
2. Ахметова Ж.Қ. Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметінің Түркістандық кезеңі 
(1917–1919 жж). Тарих. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 2006. – 147 б. 
3. Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. – СПб.: Тип. М.М. Стасюлевича, 1897. – Т.1. 
– 589 с.
4. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 188-іс.
5. Бартольд В.В. Туземцы и русская власть. Сочинение. – Москва: Наука, Т.2. 1963. – 358 с.
6. Шоқай М. Таңдамалы. Алматы: Қайнар, 1998. – 511 б.
7. Бәкірұлы Ә. Мұстафа Шоқай. – Алматы: Бастау, 1997. – 165 б.


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
55
Қ.ЖҰМАДІЛОВТІҢ «ДАРАБОЗ» РОМАНЫНДАҒЫ 
ҚАБАНБАЙ БАТЫР БЕЙНЕСІ
А.Е. Айтбаева,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті фислос.ғ.к,
П. Бижанова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті,
Қызылорда қ., Қазақстан
Қазақ халқы бүгінгі егемендігіміз жолында шаһид болған хандары мен билерін, батырлары 
мен баһадүрлерін ешқашан естен шығармақ емес. Сондай батырлардың бірі – Қаракерей 
Қабанбай. Сондықтан да қазақ әдебиетінде батыр туралы аңыз-әңгімелер, тарихи жырлар, 
тарихи романдар жетерлік. 
Қабанбай бейнесі алғаш рет фольклор қазынасында, ақын-жырау толғауларында
дастандардында жырланды. 
Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» романында фольклор мен ауыз әдебиетіндегі Қабанбай 
батыр туралы аңыздың асқақ әуенін төмендетпейді, әлсіретпейді. Эпостың героикалық 
пафосын, образдың халық тағдырымен кіндіктес рухын сақтап қалады. Қабанбай батырдың 
ауыз әдебиетінде бас батыр есебінде (Қабдешше – Дарабоз) ел, қоғам тағдырын шешетін 
тұлға боп аспандатылатына сөзсіз қосылады. Қабанбайдың қан майданға мініп шығатын 
тұлпары Қобыландының Тайбурылындай ерек жаратылған. Дей тұрғанмен, бұл ұқсастықтар 
сыртқы ұқсастық екенін ұмытпауға керек. Роман өз бейнелеу принципін фольклор мен ауыз 
әдебиетіндегіден мүлде басқа негізде құрады. 
Жазушы Қабдеш Жұмаділов роман жанрының типтендіру құралдарын барынша пайдаланып, 
кейіпкердің өсу, шыңдалу жолдарына егжей-тегжейлі үңіледі. Қабанбай батыр атағына адам 
айтқысыз қиыншылықтарды жеңе отырып ие болады. Өмір мен өлімнің арасындағы қыл 
көпірдің үстінде шынығады. Қас болаттай характері өмір сынағында суарылады.
Болашақ батыр жеті жасында әкесі Қожақұл батырдан, он алтыны жинап жүргенде әкесінің 
жоқтығын сездірмей, жетімдік көрсетпей еркелетіп өсірген Есенбай ағасынан айырылады. 
Екеуі де ата жау қалмақтың қолынан қаза табады. Әсіресе Есенбайдың өлімі аянышты. Жылқы 
күзетіп жүргенде қалмақтар қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Жас жігіт сүйікті ағасының кегін 
қайтармақты ойлайды. Алайда, ауыл ағайын азаматтың қанының текке кеткеніне тым бей-жай. 
Немқұрайды. Амалы құрыған жас жігіт не істерге білмей дал болады. Кекшіл ойы он саққа 
кетеді. Әдебиеттану тілімен айтқанда, ойы ішкі диалогқа түсіп, өзімен-өзі сөйлесуге көшеді. 
Қазақшаласақ, кейіпкер қабырғасымен кеңеседі. Сол толқыныс күй-жайын роман авторы 
ұтымды жеткізе білген. Ішкі диалог батыр характерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарады. 
Кейіпкерге тосын мінез бітіреді. Жас қайрат жүрегінде намыс оты тұтанады. 
«Намыс дегенді ұмытқан-ау бұл жұрт?! Сонда ер-азаматтың қаны есепсіз, сұраусыз кеткені 
ме? Ағасын атаусыз қалдырып, бұл қалай ел бетіне қарап, жер басып жүреді?.. Қанға – қан, 
жанға – жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын 
ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады – екінің бірі!»
/1.,50
Жазушы «намыс» сөзін кейіпкерінін аузына кездейсоқ салып отырған жоқ. Ерасыл ашу-
ызаға булықты демейді. Ашуға тығылған адам сөйлей алмай жағы қарысып та қалады ғой. 
Қазақ «ашу арзан, күлкі қымбат» дейді. Жоқ, бұл әлдекім бір жолға ашуыңды бер десе, лақтыра 
салатын құны шамалы сезім емес-ті. Рас, ағасы өлгеннен кейін Ерасыл көзге қамшы тигендей 
мәңгіріп қалады. – Өз ажалынан өлмей, зорлықпен, кісі қолынан мерт болғаны қандай қиын еді. 
Әсіресе қорлағаны, азаптап өлтіргені?!- деп қиналады жас жігіт. Бірақ бұл қиналыста тыз етпе 
ашудың ізі де жоқ. Жас ұлан есе-кек іздемеуді өзіне ар көреді. Намыс қысқан ол, ауыл-ағайынға 
ренжігеннен ештеңе өнбейтініне көзі жетіп, тәуекелге бел буады. Ағасының кегін алуға жалғыз 
аттанады. Бұл маңды қан қақсатып жылқы әкетіп, оның үстіне ағасының қарнын жарып, жаралы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет