«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
67
делегаттарға Түркістан автономиясымен бір шаңырақта болуын үгіттеп, қазақ автономиясының
құрылуына өз қарсылығын білдірді.
Алайда, азаттықты аңсаған Алаш арыстарының бір автономия болып шаңырақ көтеруінде
көзқарастары сәйкес келмегенімен, мақсат-мүдделері бір арнада толысқан [2, 28 б].
Мұстафа Шоқай тек қазақ халқының
азаттығы жолында ғана емес, күллі түркі
жұртының бірлігі, тәуелсіздігі мақсатында күрес жүргізген жандардың бірі. Өмірі Түркістан
халықтарының кеңес билігіне қарсы жүргізген демократиялық күрес тарихының маңызды
бір бөлігі болып табылады. Оның жан дүниесі, дүниетанымдық көзқарасы, ақыл-парасаты
дәстүрлі дала мәдениеті мен батыс мәдениетінің өзара тоғысында, ұлт-азаттық қозғалысының
өрлеуі жағдайында қалыптасады. М.Шоқай үшін студенттік шағынан неміс ауруханасында көз
жұмғанына дейін тәуелсіздік идеясы – басты мәселе, ұлттық бостандық – ең жоғары құндылық,
өмірінің мән-мағынасы, халыққа қызмет ету жолындағы шығар биігі болып қалады.
Қазақ халқы М.Шоқайды мақтан тұтады, оның сіңірген еңбегін жоғары бағаламау мүмкін
емес. Дегенмен де, Мұстафа Шоқай тек қазақ халқының ғана емес, барлық түркі халықтарының
жүректерінен орын алған оның идеялары мен күресі қазіргі заманғы барлық түркі
әлемі
қайраткерлері үшін үлгі болып, оны өз өмірін қазақ халқы мен басқа да түркі халықтарының
бостандығына арнаған нағыз көрнекті тұлғаға айналдырады. Тәуелсіз мемлекетіміздің көк
байрағы төбемізде нұрын желбіреп шашып тұрғанда, тәуелсіздіктің қайтпас күрескері Мұстафа
Шоқайдың уақыт өткен сайын рухы ашыла түсіп, жоғарылай беретіні анық [2, 29 б].
Ел тағдырының мәні азаттыққа қол жеткізіп, тәуелсіздігімізді сақтау жолында қаншама
алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Тарих толқынында» атты кітабында «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын
алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына
алды...», – деп жазады.
Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп
өткен жол, олардың күресі,
қаламгерлеріміздің жүрегі мен ақылынан туған көркем ой- тәуелсіз мемлекет құрған, егемен
ел болған қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де үлгі болмақ. Өздерінің алдына қойған
елдің болашағына байланысты қойған мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары мен
интеллегенциялары сол жолда құрбан болды. Дегенмен де, «Алаш»
партиясы және оның
зиялылары жасаған еңбектері төл тарихымызда мәңгі есте қалды. Бостандық жолында құрбан
болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі
күні орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан соның дәлелі іспеттес.
ХХ ғасырдың басында саяси сахнаға шыққан Қазақстандағы Алаш қозғалысы алдына қойған
мақсаты және қамтыған аумағы жағынан қазақ тарихындағы қозғалыстардың ең маңыздысы әрі
жоғары деңгейде ұйымдасқаны еді. Бұл қозғалыстың басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан басты
артықшылығы ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтау және оларды заман талабына сәйкес
етіп бейімдеу мәселесін көздеуден саяси демократиялық партия мен ұлттық дербес мемлекет
құру деңгейіне шейін көтерілді.
Алаш қозғалысы жетекшілерінің сол кездегі адамзат баласының қолы жеткен тарихи және
әлемдік, әлеуметтік-саяси мұраларынан толық хабардар болуы олардың рухани қуат-қарымы
мен өресінің биіктігін аңғартады. Олар қазақ еліне тәуелсіздік жолды таңдайтындықтарын
жасырмады, демократиялық дамуды жақтады [1, 107 б].
Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интеллегенциялары сол жолда
құрбан болды. Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның қайраткерлері төл тарихымыздан үлкен
орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен
тарихи сынның алдында тұр. Ол – ата-бабаларымыз аңсаған
тәуелсіздігімізді баянды ету,
мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру [2,13 б].