Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет64/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
97
еңбекшілерге қарсы мұсылман діні иелерінің қызметтерін «әшкерелеу» мен исламның ықпалын 
шектеуге қатысты нақты шараларды қабылдауға аударылды. Сондай-ақ бұрын дінге қарсы 
үгіт-насихатты партия ұйымдары мен мәдени-ағартушылық сипаттағы мемлекеттік органдар 
(Халық Ағарту Комиссариаты, Саяси-ағарту Басқармасы), қоғамдық ұйымдар жүргізсе, енді 
«діни қалдықтармен» күреске басқа да мемлекеттік органдар, соның ішінде күштеу аппараттары 
да тартыла бастады. 1926 жылдан бастап ресми құжаттарда мұсылмандықтың «кеңеске қарсы 
сипаты» туралы тезистер пайда бола бастады, ал 1927 жылы «ислам дінімен күрес шаралары» 
жүргізіліп, ислам дініне «еңбекшілердің таптық жауы» деген мәртебе берілді. Губерниялар 
мен уездерде мұсылман діні иелерінің қызметтерін «зерттеуге» қатысты арнайы комиссиялар 
жұмыс істей бастады. Ал мемлекеттік органдар халықты діни ұйымдар мен дін иелерінің 
ықпалынан оқшаулауға, сол арқылы еңбекші бұқараны «діни еліртпеден» құтылуға және де «бір 
ғана коммунистік сенімдегі идеологияны» қабылдауға көмектесуі тиіс болды. Бірақ та партия 
ұйымдарының дінге қарсы жүргізген ауқымды жұмыстарына қарамастан Қазақстанда діни 
мұсылмандық ұйымдардың саны өсе түсті. Өздерінің ықпалын бекіту мақсатында мұсылман 
діні иелері қандай жағдайға болса да баруға тура келді. Мысалы, әйел мәселесінде енді олар 
әйелдерді мешітке тарту бағытын ұстанды. Болашақ ана, бала тәрбиешісі ретінде дін иелері 
қыз-келіншектерге үлкен сенім артты. Әйелдердің арасында үгіт-насихат жұмысын имам мен 
муэдзиннің (азаншы) әйелдері жүргізді. Олар ауылдағы әрбір той мен жастардың ойын-сауық 
кештерінде құранның ілімдерін, ислам діні бойынша әйелдердің әрі құқығы, әрі міндеті болып 
саналатын екі негізгі шарт – еріне қызмет көрсету мен бала тәрбиесі, адамгершілік, ізгілікті 
қасиеттері жайлы әңгіме-дүкен құрды. Қыз балаларды имандылық мектебі – медреседе оқуға 
шақырды. Мысалы, Әулие Ата қаласындағы медреседе 514 оқушының 323-і қыз балалардың 
үлесіне тиеді [4]. Басқа жерлердегі медреселердегі қыз балалардың үлес салмағы да осы 
шамалас еді. Осы жағдайды ескере отырып, өкімет әйелдерді өз жағына тарту үшін олардың 
арасында саяси түсіндірме жұмыстарды жүргізуді қолға алды. Кеңестік биліктің мұсылман 
діні иелеріне қарсы үгіт-насихат жұмыстарына әйелдерді көптеп тартуының астарында да 
өзіндік сыр бар еді. Себебі әйел ұрпақты жалғастырушы, ұлттың ұйытқысы болды. Қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық деңгейі әйелдің қоғамда алатын орнымен анықталды. Өкімет 
әйелдерді басыбайлылықтан босату арқылы өз саясатын қолдайтын күшке ие болатындығына 
сенімді болды [5].
Діни ұстанымдарға қарсы күресті сауатты жүргізу үшін партия мен комсомол мүшелерінің 
өздерін дайындық курсынан өткізу қажеттілігі туындады. Себебі көптеген партия және 
комсомол мүшелерінің арасында әлі де болса «ескіліктің әдептерін» ұстаушылар бар еді. 
Бұл әсіресе оңтүстік аудандары мен Қара-Қалпақ автономиялы облысында қатты байқалды. 
Өйткені бұл жерлердегі өзбек ағайындарының арасында діни ықпалдың күшті болуы және 
Бұқара, Самарқанд сияқты діни орталықтарда жастардың білім алуы мұсылмандық көңіл 
– күйдің өсуіне өз септігін тигізді. Ал діни ұстанымдармен күресті жүргізу үшін партия мен 
комсомол қызметкерлерінің өзі «ескі әдеттерден» арылуы керек еді. Сондықтан да Өлкелік 
комитет үгіт-насихат бөлімдері мен аудандық комитеттерге «коммунистердің, әсіресе кеңес 
қызметкерлерінің арасында түрлі діни жораларды (сүндетке отырғызу, ораза ұстау, намаз оқу, 
зекет беру және т.с.с.) жасау кешірілмейтін болсын»,- деп тапсырды [6, 104 б].
Көп кешікпей-ақ дін иелеріне қарсы қуғын-сүргін науқаны да басталып кетті. Ауыл 
молдарына бала оқытуға, уағыз жүргізуге тыйым салынды. Мешіт, медресе сияқты діни 
орындарды жабу және діни әдебиеттерді жаппай жою науқаны басталды. Бұл жабылған діни 
орындары мәдени – ағарту мақсатында пайданылды немесе қойма, шеберханаларға айналды. 
Ал мұсылман діні иелерінің ең беделді және ықпалды өкілдерін халықтан аулақ ұстауға 
тырысты, жер аударды немесе абақтыға жапты. Сол кезеңнің тарихи құжаттарына үңілсек, 
ислам идеологиясының Қазақстандағы көрнекті өкілдерінің көздерін жою – кеңес өкіметі 
саясатының басты бағыттарының бірі екендігін байқауға болады. БОАК-нің Төралқасына және 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
98
И.Сталиннің өз атына жолдаған арызында Ақмола округінің азаматы Әділбаев Ахмед өзінің 
отбасымен Гурьев округіне «қауіпті антисоветтік элемент» деген жаламен жер аударылуының 
негізсіз екенін, хандар, сұлтандар тұқымына жатпайтынын, оның үстіне 52 бас қана ірі қара 
малы болғанын айта келе өзі жайлы мынадай мәлімет береді: «Мен жоғары мұсылман білімін 
алғаш Ақмола губерниясында, онан соң 2 жыл Мединеде, Арабиядағы «Ишфха» медресесінде, 
онан соң Египеттегі Каир қаласында «Жамие Асхари» медресесінде алдым. Отаныма араб 
тарихшылары: Ибн Халдунның, Ибн әл Асирдің, Талфикул Акбардың, Ибн Халекеннің және 
басқалардың еңбектерін алып оралған мен Исламның тарихын жаза бастадым. Осы тарихқа 
байланысты қабір ескерткіштерін және Қазақстанның өзіндегі исламның тарихына байланысты 
жазба құжаттарды зерттей бастадым. Осындайда қазақ байларын жер аудару және олардың 
мүлкін тәркілеу науқанында Ақмола ОГПУ-і менің 45 пұт кітаптарымды, соның ішінде 
жоғарыда көрсетілген араб тарихшыларының шығармаларын, сондай-ақ менің Мединедегі, 
Каирдегі курстарды бітіргендігім туралы дипломдарымды және Константинополда Шейх ұлы 
Ислам маған тапсырған дипломымды да алып қойды...» [7, 99-б]. Ислам қайраткерлерінен 
арылуды мақсат еткендіктен басшы органдар олардың арыз-шағымдарына құлақ аса қойған 
жоқ.
1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулері болды. 
Жылдарға шаққанда олардың 54-і 1929 жылы, 241-і 1930 жылы, ал 77-сі 1931 жылы орын 
алды. 1930 жылы көктемде болған Қарақұмдағы халық наразылығына қатынасушылардың 
республика басшылығы жіберген мемлекеттік комиссияға жазба түрде қойған талаптарында 
«дін бостандығын беру, мешіттерді қайтару, діни салттар мен шараларға кедергі жасамау» 
секілді мәселелерді көтерді. Яғни 1929-1931 жылдардағы көтерілістерге сипаттама бергенде 
назар аударатын елеулі нәрсе – кейбір көтерілістерде көтерілісшілердің хан өкіметін сайлауы 
немесе сарбаздар жасақтарын рулық негізде ұйымдастыруы және мұсылман дінінің дәстүр-
салттарын қорғауы. Мұндай әрекеттер әсіресе Созақтағы, Ырғыздағы, Қарақұмдағы, Адайдағы, 
Сыр бойындағы Ақмырза ишан бастаған және Батпаққарадағы көтерілістерде айқын байқалды. 
Қазақстандағы халық наразылықтарына тән осындай өзіндік, ұлттық сипаттағы ерекшеліктер 
олардың бүкіл Кеңес елінде болған басқа шаруалар көтерілістеріне қарағанда нақты 
өзгешеліктері бар екенін байқатады. Аталған көтерілістерде көптеген көрнекті діндарлар, 
молдалар көтерілістердің рухани жетекшілері болғаны белгілі. Бірақ бұған оларды емес, 
кеңес үкіметінің ислам дініне қарсы ашық жаулық саясатын, жергілікті жерлерде мешіттерді 
қорлау, дінге сенушілерді «әлеуметтік қауіпті элемент» деп қудалау әрекеттерін айыптаған 
жөн деп ойлаймыз. Сол жылдары большевиктер партиясы өздерінің идеологиясын қазақ 
ауылына енгізуге кедергі жасайтын ислам діні деп білгені де құпия емес. Сондықтан 1929-1931 
жылдардағы көтерілістерге байланысты жазалау көрнекті дін басыларды түгелдей қамтыды. 
Тұтқындалғандардан бірде-бір дінбасы ақталып босатыла қойған жоқ. Тек, Бостандық, 
Тақтакөпір, Созақ, Сарысу, Талас, Батпаққара, Балқаш және Шоқпар көтерілістеріне байланысты 
істерді қараған кезде ғана Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) үштігі 8 имаммен 
молданы ату жазасына кесіп, үкім шығарды. Ал 12 дінбасы әртүрлі мерзімдерге сотталды және 
жер аударылды [7, 141-б]. 
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек мұсылман діні иелері ғана емес, сондай-ақ 
басқа да діннің өкілдері жаппай қуғын-сүргіннің қармағына ілікті. 1937 жылы Қазақ өлкелік 
комитеті «діннің таптық мәнін түсіндіре отырып, дінге қарсы үгіт-насихатты кең құлашпен 
жүргізу» туралы шешім қабылдады. Осы кезден бастап «еңбекшілердің таптық жауы» ретінде 
дін иелеріне қарсы қатаң жазалау шаралары жүргізілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде 
молдалар мен имамдарға, тәуіптер мен бақсыларға қарсы қудалау науқаны басталды. 1937-
1938 жылдары қазақ ауылдарындағы дін иелерінің барлығы дерлік ұсталып, түрмеге жабылды 
не ату жазасына кесілді. Тек молда мен имамдар ғана емес олардың балалары мен немере-
шөберелері де молдалар санатына жатқызылып, жазалаудың құрығына ілікті. Бұл науқан 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
99
әсіресе Оңтүстік Қазақстан аймағында кең құлашпен жүргізілді. Айыптау істері сол аудан мен 
жекеленген ауылдық кеңестердің атымен атала берген. Біз тек бір ғана Қызылорда облыстық 
Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) тыңшыларының 1937-1938 жылдары қырық молданы 
ұстап, Қарауылтөбе, Тайшы құмына апарып атқан туралы мәліметті келтіре отырып [8], сол 
молдалардың бірқатарының аты-жөнін беруді жөн санадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет