«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
110
көзқарастары бірге, пікірлес жандарға да күдіктеніп қарап, сенімсіздік білдіру фактілері орын
алғанын, негізсіз жазаланғанын атап көрсеткен. Істің байыбына барып, ақ-қарасын айырып
зерттеместен
дереу жиналыс өткізіп, партиядан шығарып газетке жариялап, отбасы мен
баласы оқитын сыныпта да, «халық жауының баласы» деп хабарлаған. Жұмыстан босап, бүкіл
қоғам алдында «халық жауы» қамытын киген ол барлық инстанциялардан апелляция жөнінде
шағымданғанмен еш
нәтиже шықпағандығын, мекен-жайын өзгертіп Куйбышев облысының
Сызрань қаласына көшуге мәжбүр болғанын, алайда мынандай
айып-жаламен еш жерге
жұмысқа қабылданбай, өмір сүру мүмкіндігінен айырылғанын ашына баяндаған [268 қор, 1 ж.
тіз. 10775 іс].
Қазалы ауданы «Дихан» колхозының басқарма бастығы Қазалы аудандық партия комитетінің,
1937 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен партиядан шығарылған.
С. Дүйсенеевке тағылған
басты айып та осы негізде болған, яғни, ол «халық жаулары аудан басшылары Досымбаев пен
Худайбергенов сынды ұлтшылдармен тығыз идеологиялық байланыста болғандығы, зиянкестік
әрекет ретінде 150 бау шөпті әдейі өртегені үшін, 450 сом колхоз мүлкін иемденгені үшін» –
деп айыпталған.
Дүйсенеев Сермағанбеттің ісі қайта қаралып, Қызылорда облыстық партия комитеті
28.08.1938 жылғы №18 бюро қаулысымен партиялылығы қалпына келтірілген [268 қор, 1 ж.
тіз. 10780 іс].
1936 жылы Қазалы
Ветзоотехникумының директоры Нұрымов Есказы партияға қарсы
контрреволюциялық троицкистік-зиноньевшілдік идеологияны жақтағаны үшін Қазалы
аудандық партия комитетінің бюро мәжілісі қаулысымен партиядан шығару жөніндегі қаулысын
1937 жылғы 3 ақпандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде
мақұлдап, бекіткен, ісі сотқа беріліп, 1937 жылдың 19 желтоқсанынан 1939 жылғы 9 желтоқсан
арасында
екі жыл қамауда ұсталып, қылмысы дәлелденбегендіктен босатылған. Түрмеден
босатылған соң Алматы кітапхана техникумының оқытушысы қызметіне қабылданған.
Қызылорда облыстық партия комитетінің 1940 жылғы 23 қыркүйектегі бюро мәжілісінің
қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының 1937 жылғы 3 ақпандағы бюро мәжілісінің шешімі
өзгертіліп, партия қатарында қалдырылған [268 қор, 1 тіз. 686 іс, 36 бет].
Достарыңызбен бөлісу: