Қазақстан халқы Ассамблеясы



Дата07.07.2016
өлшемі35.13 Kb.
#183779


Қазақстан халқы Ассамблеясы






Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2015 жылдың 20 қарашасында

Астана қаласында (Қазақстан)


ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және бұқаралық саясат: қоғамдық келісімді нығайтудағы басқару мен азаматтық қатысу технологияларын әзірлеу» атты ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛЕДІ
Конференцияның мақсаты – қоғамдық келісімді сақтау және ұлттық бірлікті нығайту саясатын жүзеге асыру үшін практикалық ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау.
Конференцияға қатысуға шақырылады:

этносаралық және конфессияаралық қатынастар және этносаясатты жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, мамандар-практиктер, гуманитарлық пәндердің оқытушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық тобы және кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу және әдістемелік орталықтары.


Конференцияда талқылауға мынадай негізгі тақырыптар ұсынылады:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы: нәтижелері мен келешегі (пленарлық талқылау)

  • «Қазіргі заманғы мемлекет барлығы үшін» 100 нақты қадам– Ұлттық жоспарды жүзеге асырудағы Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының негізгі бағыттары және келешегі (пленарлық талқылау)

  • Қазіргі қоғамда қазақстандық біртектілікті нығайту және өз-өзін сәйкестендіру ерекшеліктері (мемлекеттік, этникалық, діндік) (секция жұмысы)

  • қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудағы БАҚ-тың, саяси партиялардың, этномәдени және басқа қоғамдық ұйымдардың рөлі мен жұмысы (секциялық жұмысы)

  • қазақстандық қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрамы, этноәлеуметтік топтардың құрылуы және дамуы, олардың қазіргі заманда және келешектегі жай-күйі (секция жұмысы)

  • мемлекеттік қызметке және қоғамдық секторларға этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласы бойынша кадрларды даярлау (секция жұмысы)


Конференцияның жұмыс форматы: пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, талқылау, тәжірибе алмасу, этносаралық және конфессиаралық қатынастар және этносаясат саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, сарапшылар мен мамандармен кездесулер.
Өткізу қорытындысы бойынша Конференция материалдарының жинағы шығарылады
Конференцияның өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Абай көшесі, 33 А, 2-қабат, «Дөңгелек зал»

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 30 қарашасына дейін мына ғаламтор-порталдағы           http://pa-academy.kz/index.php/kz/instituty-2/etnosaraly-zh-ne-konfessiyaaraly-atynastardy-zertteu-ortaly-y/atysu-shin-tinim сайт арқылы тіркелу қажет немесе электрондық поштаға cmo.astana@mail.ru

Мақаланы дайындау талаптары



Мақаланың аты (бас әріптермен, жартылай қара қаріп, тасымалданбай, ортасында). Автордың аты-жөні, жұмыс орнының атауы және лауазымы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы (ортасында).

Файлдарды doc. немесе .rtf. форматтарда, сілтемелер — әр парақта автоматты түрде қойылуы қажет.

Парақтың форматтары — А4; жиектері — 2 см; түрі — кітапша; қарпі — Times New Roman, кегль — 14; жоларалық интервалы — 1 (бірлік); түзетуі — көлденең; — 1,25.

Мақаланың көлемі машинада басылған 8 беттен аспайтын болуы тиіс.
Конференцияны өткізгеннен кейін ғылыми сұрыптамадан өткізілген материалдардың жинағы ISBN нөмірі қойылып шығарылады. Сұрыптамадан өткізілмеген мақалалар енгізілмейді.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның жинағын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сайтында жариялауға құқылы.


Конференцияға қатысу және мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы алынбайды!
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай көшесі, 33А

Телефон: +7 (7172) 753223,

E-mail: cmo.astana@mail.ru

Конференцияның интернет-порталы: www.pa-academy.kz

Назгүл Балғабайқызы Досмағанбетова Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары, магистр, +7 (7172) 753223

Елеусізова Бахытгул ҚаржаубайқызыОрталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, экономика ғалымдарының кандидаты, +7 (7172) 753141

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет