«Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан «Сірко» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы 2014 жылғы 19 желтоқсан Алматы



Дата09.07.2016
өлшемі31.24 Kb.
#186217


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

95 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ



«Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан

«Сірко» ескерткіш монеталарын айналысқа шығару туралы

2014 жылғы 19 желтоқсан Алматы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 19 желтоқсаннан бастап «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапасымен күміс және нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік «Сірко» екі ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан (күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50») және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жағында бір-біріне қарама-қарсы ұлттық өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Сірко украин халық ертегісінің кейіпкерлері, «СІРКО» жазуы украин тілінде, соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бар (күміс монетада).

Монеталардың бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар:

1) 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана;

2) «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен және «нейзильбер» қоспасынан жасалған «Сірко» екі ескерткіш монеталары Қазақстан аумағын мекен еткен көпұлтты халықтың ертегілеріне арналған монеталар сериясының төртінші жұбы болып табылады.

«Сірко» – ит пен қасқыр туралы украин халық ертегісінің бас кейіпкері, иттің аты.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған «Сірко» ескерткіш монеталарының алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.



Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2704 639, +7 (727)  2704 585, +7 (727) 3302 497, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет