«Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы Лилия Михайловна Ким «Қазақстан кәрістері Ассоциациясы»



Дата27.06.2016
өлшемі28.5 Kb.
«Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы

Лилия Михайловна Ким - «Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, экономикалық ғылымдар кандидаты, «Достық» ордені ІІ дәрежесінің иегері.
Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы 1989 жылдың қыркүйегінде құрылды. Осы жылдар аралығында кәріс ана тілін, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін дамыту жұмыстарында қыруар жұмыстар атқарылды.

Қоғамдық ұйымның басты міндеттері – корей тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытып, қайта жаңғырту, қоғамның демократиялық жаңашылдығында этнос белсенділігін арттыру.

Орталықтың негізгі жетістігі – оның беделі, мол тәжірибесі, ана тілі мен мәдениетіне баулитын, үлкендерге ұлағат көрсететін өскелең ұрпақтың тәрбиелеп өсіру.

Кәріс дәстүрлі соқпалы музыкалық аспаптарында өнер көнерсететін «Самульнори» ұжымы өз тыңдармандарын жинап, танымалдығы күннен күнге артып келеді.

Орталық республика, облыс және қала көлемінде өтетін шаралардың белсенді қатысушылары, қоғамда орын алпы жатқан өзгерістердің өзекті мәселелерін талқылауға да атсалысады. Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан кәрістер Ассоциациясы атынан мемлекеттік органдармен де тығыз байланыс орнатылуда.

Филиалда және Қарағанды мектептері мен жоғарғы оқу орындарында Қазақстан кәрістері Ассоциациясының Қарағанды филиалы демеушілігімен кәріс тілін оқытылады. Осы мақсатта филиал белсенділері арасынан Корея Республикасы Елшілігінің Ағарту орталығында дәріс алған 4 мұғалім дайындалды. Сондай-ақ, Корея республикасынан тіл оқытуға еріктілер де тартылуда.



Филиал жанынан ардагерлер хоры, «Киппым» би тобы құрылып, қызметін табысты жалғастырып келеді. Филиал жанында жұмыс істейтін көркемөнер ұжымдары республикалық, облыстық, қалалық ұлттық мәдениет фестивальдерінің талапты қатысушылары. Орталықта дәстүрге айналған іс-шаралар мерзімді өткізіліп тұрады. Олардың ішіндегі ең белсендісі ай күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жыл, «Өмір күзі» аталып кеткен Қарттар күні мерекесі.
Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет