Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған шаралар туралы АҚпарат



Дата29.02.2016
өлшемі25.14 Kb.
#30583
Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған шаралар туралы

АҚПАРАТ
Теміртау қаласының мәдениет ұйымдарында келесі іс - шаралар өтті:

23 мамырда Теміртау қаласының мәдениет сарайында «Глория» би ансамблінің «Менің арманымның қаласы» атты концерті болды.

30 мамырда Теміртау қаласының мәдениет сарайында «Вдохновение» ән – би үлгілі ансамблінің «Сағыныш» атты тақырыппен концерті өтті. Репертуарға жаңа қойылымдармен бірге бұрынғы әндер мен билер де енгізілді. Барлығы 40 номер көрсетілді. Концертке үш жүзден астам балалар қатысып, шараны мыңнан астам көрермендер тамашалады.

1 маусымда қалалық мәдениет және демалыс саябағында қаладағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт қойылды.


Тарихи - өлкетану мұражайы.

16 ақпанда Қарағанды облысындағы ең байырғы әдеби бірлестіктің бірі «Магнит» әдеби бірлестігіне топтасқан теміртаулық ақындар мен жазушылар шығармашылығына арналған «Өлең жолдарына өрілген тағдыр» атты экспозиция ашылды. Оған Қазақстан Магниткасынының мерейтойына арналған әдеби бірлестіктің материалдары мен жұмыстары қойылды.

26 ақпанда «Сплав» халықтық фотоклубтың «Мен осы өлкемді сүйемін. 2010» көрмесі ашылды.

19 ақпанда қала жастарымен «Магнит» поэзия клубының ұйымдастыруымен «Поэзияның алтын арқауы» атты шығармашылық кеш өтті. «Магнит» клубы мен Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған бұл кездесу кешіне «Т – АРТ» клубының, «Орфей» бард клубының, «Сплав» фотосуретшілер клубының және қаладағы өзге де шығармашылық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

29 мамырда қалада Қазақстан мүсіншілері мен суретшілерінің халықаралық симпозиум – пленэрі өтті.
Қалалық кітапханалардың орталықтандырылған жүйесі

10 мамырда Орталық кітапханада «Менің қалам – бүкіл Отанның бір бөлшегі» көрмесі безендірілді. Бірінші бөлімі «Қазақстан Магниткасы – бүкіл ел назарында» тақырыбына арналды, оған 32 басылым қойылды: кітаптар, мақалалар, фотосуреттер, «Теміртаулы қала» және «Бұл – бәріміздің өміртарихымыз» электронды басылымдар.

17 мамырда Теміртау мен Қарағанды институттар студенттері арасында облыстық теледидарда Қазақстан Магниткасының тарихынан телеконкурс өткізілді, онда Орталық кітапхананың топтама материалдары пайдаланылды.

№3 кітапханада «Қазақстан Магниткасына 50 жыл» фотовернисажы өтті. Орталық балалар кітапханасында «Теміртау – болат батыры» саяхат – ойыны ұйымдастырылды.



10 маусымда Орталық кітапханада «Мерейтой жылы. Қазақстан Магниткасының маңызды оқиғалары» атты ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Магниткасының 50 жылдық тарихының маңызды беттерін көпке жария ету және металлургия алыбының кітап коллекцияларын таныту.
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры

Үстіміздегі жылдың 8 – 12 маусымы аралығында театр ғимаратында Қазақстан Магниткасының 50 жылдығы ұранымен қаладағы жастардың би және музыкалы ұжымдарының хип – хоп, рэп және рок бағыттары бойынша фестивалдік концерттері өтті. Ұйымдастырушылар болып аталмыш театрдың қолдауымен Теміртау қаласы ішкі саясат бөлімі, «Қазақстанның азаматтық альянсы», «Жас Отанның» жастар қанаты, «Теміртау жастар клубы» шықты. Тізбекті шараларға «Арселор Миттал» қосылды. Ол «Біз бір командамыз!» ұранымен өтті және қала жастарының шығармашылық жұмысқа құлшынысын, салауатты өмір салты мен өмірлік белсенді ұстанымын насихаттау идеясына жұмылдыруды көздеген. Фестивальге қаладағы рок, хип – хоп және рэп топтары, Көкшетау, Астана, Балқаш, Қарағанды қалаларынан қонақтар қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет