8. Бақылау (тесттер,сұрақтар,есептер):
1. Аусылдың инкубациялық кезеңі:
3-4 күн
5-8 сағат
1 ай
3 ай
6 ай
2.Аусылдың берілу жолы :
аэрогенді
ауыз-нәжіс
трансмиссивті
трансплацентарлы
парентеральды
3.Аусылда кіру қақпасы :
тері беті және тыныс алу жүйесінің шырышты қабаты
мұрынның шырышты қабаты
көз конъюнктивасы
жыныс мүшелерінің шырышты қабаты
асқазанның шырышты қабаты
4.Ену қақпасында ... пайда болады.
карбункул
бубон
жара
тыртық
везикула
5.Аусылда диагностикалық тест :
биологиялық сынама
серологиялық сынама
инструментальды әдіс
аллергиялық сынама\
биохимиялық әдіс
6. Аусыл ... жатады.
облигаторлы табиғи-ошақтық зооноздарға жатады
антропоноздарға
жіті ішек инфекциясына
трансмиссивті ауруларға
тері инфекцияларына
7.Табиғи шешектің емі :
цидофовир, рибовирин
бактериофаг
интерферон
сарысу
вакцина
8.Табиғи шешектің инкубациялық кезеңі ... күн.
5-50
10-12
6-14
45-180
30-60
9. Табиғи шешектің диагностикалық маңызды симптомы:
лимфоаденопатия, артарлгии, спленомегалии
қызба, мономорфты бөртпе
азотемия, қызба
сарғаю, геморрагиялық синдром, гепатомегалия
5 күннен артық қызба, геморрагиялық синдром
10.Табиғи шешекті алғашқы ғалым:
Мечников
Пастер
Дженнер
Боткин
Кох
Есептер :
1.Науқас К., аңшы, үш апта бұрын құндыз етін өңдеген. 5 күн бұрын дене температурасы көтеріліп, қалтырап басы ауырған. Аурудың 2-ші күні сол жақ қолтық астында ісік болған соң дәрігерге келген.
Объективті: Т – 37,5ºС. Жағдайы орта ауырлықта. Сол жақ қолтық астында көлемі тауық жұмыртқасындай лимфа түйіні пальпацияланады, ептеп ауырады, орта тығыздықта, қоршаған ұлпамен жабылған, айналасындағы терісі сәл қызарған. Ішкі мүшелерде патология жоқ.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары.
Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?
2.Науқас Д., 25 жаста, ауруханаға 13.08. күні ауруының 2-ші күнінде түсті. Шағымдары: дене қызуының көтерілгендігі, әлсіздік, бас ауруы, өне бойының қақсауы, жөтел. Ауырғандығы кеше кешке қалшылдаудан, ыстығының көтерілуінен, оң бүйрегінің шаншуынан басталған.
Объетивті: Т – 39,7ºС. Жағдайы ауыр. Ыңыранады. Тітіркенгіш, беті іскен, қызарған. Менигеальды симптомдары жоқ. Склера конъюнктиві тамырларының айқын инъекциясы, ылғалды тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚ – 85/60 мм сын. бағ., пульсі минутына 100 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, жұмсақ, ритмді, өкпелердің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы – брохтық реңде, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырыл. Қан аралас қақырық тастайды. Тыныс алуы мин. – 40 рет. Іші қалыпты конфигурациялы, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Үлкен дәретке шықпайды. Тәбеті нашар. Бұдан 2 кұн бұрын киіз үйдегі көршісі белгісіз қызба ауруынан шейіт кеткен, дәрігерді шақырмаған, өздері жерлеп көмген.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары.
Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет
3.Тамыз айында бір ауданда 6 жастан 12 жасқа дейін бірнеше бала ауырған.Шағымдары:бұлшық еттің ауырсынуы, дене температурасының жоғағарылауы 38,0-39,0°С,басының ауыруы.Барлық науқастың аурыу жіті басталған.Катаральды белгілері жоқ. Эпиданамнез : қызбасы бар науқастармен қатынаста болмаған. Жеке бас гигиенасын сақтамаған.Ашық су қоймаларынан, қайнапай су ішкен.Жағалауында сүт фермасы бар суда көптеп шомылған. Объективті : 4-5 күннен соң : 5 науқастың беті қызарған, уш баланың денесінде азлаған бөртпе байқалады.Біреуінде геморрагиялық бөртпе.Жүрек тондары анық,ырғақты.Өкпеде везикулярлы тыныс.Бауыры қабырға астынан 4+-5 см шығыңқы. Зәрі қоңыр түмті.
1. Сіздің диагнозыңыз
2.Ажыратпалы диагностикасы
3.Тактика
4. 30.07-13.08 совхоздың ФАПында бір түсті шағымды,қызбамен науқастар тіркелген. Ауру температурасы жоғарылаған,бас ауру,құсу, кейде сұйық нәжіс тіркелген.Бұлшық еттердің жіті ауырсынуы байқалған.Пульсы жиілеген, бауыры 1-2 см ұлғайған.
1. Сіздің диагнозыңыз
2.Ажыратпалы диагностикасы
3.Тактика
Достарыңызбен бөлісу: |