алыңдар, сонда Мен де сендерді есіме аламын.
Маған шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер»
(Бақара, 152).
Раббысы берген өмірге, денсаулығына, материал-
дық және рухани байлықтарына алғыс білдіріп,
лайықты түрде шүкір ету әрбір пенденің міндеті.
Ақиқатында,
Алла
Тағала
құлдарының
шүкірлігіне мұқтаж емес, керісінше, пенделер
Раббыларының рахымына зәру. Аятта былай делінген:
«Кім шүкірлік етсе, расында ол өзі үшін шүкірлік
етеді. Ал кім шүкірсіздік етсе, расында Раббым
Бай һәм Жомарт» (Нәміл, 40).
Алланың Елшісі (с.а.с.) өз үмбетіне нығметке
шүкір етудің сырларын анықтан түсіндірі берген.
Суһайбтан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар
(с.а.с.) былай дейді: «Мүміннің ісі неткен ғажап!
Шындығында оның барлық ісі қайырлы. Бұл мүміннен
басқаға жазылмаған. Егер оның басында қуаныш болса,
Аллаға шүкір етеді де, сонысына сауап-сый алады. Егер
оған бір жамандық төнсе, оған сабыр етеді де, онысына да
сауап алады. Алланың мұсылманға жазған әрбір тағдыры
қайырлы». (Мүслім риуаят еткен).
Шариғат пайымында шүкіршіл жүрек ең үлкен
байлықтардың бірі. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен
хадисте Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімге мына төрт
нәрсе нәсіп етілсе, оған дүниенің де, ақыреттің де игілігі
берілген болады: шүкір етуші жүрек, зікір етуші тіл,
сынаққа сабырлы тән және өз нәпсісінде де, жарының
малына да еш жамандық қаламайтын әйел», – деген.
(Бәйһақи риуаят еткен).
Пайғамбардың (с.а.с.) өзі шүкір етуде үмбетіне
үлкен үлгі болды. Ол (с.а.с.) түні бойы Раббысына
құлшылық қылып, табаны жарылып кеткенше намаз
оқитын. Сонда жұбайларының бірі: «Уа, Алланың
Елшісі! Неге олай етесіз? Бұрынғы да, кейінгі де
күнәларыңыз кешірілген жоқ па?» – дегенде, ол
(с.а.с.): «Олай болса, шүкір етуші пенде болуым керек
емес пе?» – деп жауап берген. (Бұхари мен Мүслім
риуаят еткен хадис).
Тіршіліктің түрлі кезеңдерінде бастағы бақтың
қадірін біліп, шүкір ету нағыз иманды пенденің
белгісі. Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына шығып:
«Уа, сахабаларым! Қалай тұрдыңдар?» – деп сұрайды.
Сонда сахабалар (р.а.): «Аллаға мүмін болып тұрдық,
уа, Расулалла!» – деп жауап қайырады. Пайғамбар
(с.а.с.): «Имандарыңның белгісі қандай?» – деп сұрайды.
22
23
Сахабалар (р.а.): «Бәле-жалаға сабырлылық, халімізге
шүкіршілік, тағдыр-қазаға разылық танытамыз», –
дейді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Олай болса, Қағбаның
Иесімен ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер», – деген
екен.
Расында, Алла Тағаланың адамзат үшін көк пен
жерден төгіп жатқан нығметтердің саны шексіз. Алла
Тағала былай дейді: «Сондай-ақ, Ол (Алла) сендерге
Достарыңызбен бөлісу: |