Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ұшақта күн көрініп тұрса да, кесте бойынша



Pdf көрінісі
бет26/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ұшақта күн көрініп тұрса да, кесте бойынша 
ауыз ашса, оразасы дұрыс па?
Жауап: 
Ханафи фиқһ кітаптарында келген бір деректе 
Әбу Мұса әд-Дарир есімді ғалымға мынадай сауал қойылады: 
«Әлдекім Александрия қаласындағы мұнаралардың біріне 
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


36
шыққан жағдайда қаладағылар үшін күн батып кеткенімен 
мұнараның төбесінде тұрған кісіге ұзақ уақыт күннің көзі 
көрініп тұрса, аузын ашуына рұқсат па?» – деп сұрайды. 
Сонда ғалым оларға: «Оған (мұнарадағыға) рұқсат жоқ. Қала 
тұрғындарына рұқсат. Өйткені әркім тұрған жеріне қарай 
жауапты болмақ», –
деген екен. Сондықтан, жергілікті 
халыққа күн батып тұрғанымен мыңдаған метр биіктікте 
ұшып бара жатқан ұшақтағы адамға күннің көзі көрініп 
тұруы мүмкін. Осыған орай, ұшақтағы жолаушылар кестені 
емес, күннің батуын негізге алады. Өйткені ауыз ашу 
үшін күннің батуы шарт. «Бақара» сүресінің 187-аятында: 
«Оразаны түнге дейін (күн батқанға дейін) толық ұстаң- 
дар», – делінген. Бұл сапарда ораза ұстағысы келген адам 
үшін берілетін үкім. Алайда, жолаушы адам сол күндері 
ораза ұстамауына рұқсат екенін ескерген жөн.
Сұрақ:
Арақ ішкен адам оразасын 40 күннен кейін 
бастауы керек пе? 
Жауап: 
Ішімдік ішу – үлкен күнә. Егер адам ішімдік ішіп 
қойған болса, есін жиысымен тәубе
етуі керек. Одан кейін 
намазын оқып, оразасын ұстай береді. Адамның ішімдік 
ішуі – өз алдына күнә, алайда сол үшін парызын тәрк етсе 
күнәнің үстіне күнә қосқан болады. Демек, намаз оқып,
ораза ұстау үшін қырық күн күтпейді. Әрине хадистерде 
ішімдік ішкен адамның намазы қырық күн қабыл болмай- 
тыны айтылады. Бұл риуаятты қырық күн намаз оқымайды 
немесе ораза ұстамайды деп қабылдау қате. Мұндағы
мағына басқа. Имам Нәуауи (Алла оны рақымына алсын) 
аталмыш хадисті түсіндіріп: «Мұндағы «қабыл болмайды» 
дегені – осы қырық күн ішінде оқыған намазы үшін сауап
алмайды дегені. Әйтпесе, намазы құлшылық ретінде 
есептеледі әрі қырық күннен кейін қайта оқуды қажет 
етпейді», – дейді. Сонымен қатар, мастық немесе басқа да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет